А.Қайыпбаева. ф.ғ.к доцент. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Қостанай.Қазақстан.
Сөздің семантикалық табиғаты.

       

            Сөз өнеріне жұмсалатын зат-сөз.Сөз шумағы тіл деп аталады.Сөз өнеріне жұмсалған сөз шумағы да тіл , лұғат деп аталады,дейді лингвист ғалым А.Байтұрсынов.Бір нәрсе турасындағы пікірімізді,яки қиялымызды,көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады.Ішіндегі пікірді,қиялды,көңілдің күйін тәртіптеп,қисынын,қырын,кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару-сөз шығару болады. [1,131б.]Лексикамызда бірқатар сөздер мағынаның кеңеюі арқылы жаңа мағынаға ие болады.

     Ерте кезде құрылыс деген құру, құрылу деген етістіктер мағынасында ғана қолданылса, кейін Совет елінде социалистік құрылыс қанат жая бастағанда, ол сөздің мағынасы кеңейіп, құрылыс, құрылым дегенді туғызды. Мысалы, Бүкіл елімізде өнеркәсіптің жаңа алып құрылыстары жүргізілді. («Социалистік Қазақстан» газеті).   Өнім деген сөз бұрын малдың төлдеп өсуіне ғана қолданылса, осы күнде оның мағынасы кеңіп, сан түрлі табыстың өнімін білдіретін болды. Мысалы: Мақсат – ауыр еңбекті жеңілдетіп, өнімсіз еңбекті өнімді етпек қой.(Ғ.Мұстафин). Әкесі адаспай  өткен жылы егіннен  мол өнім алған .

     Мағынаның тараюы мағынаның кеңею заңына қарама-қарсы келеді. Мағынаның тараюы – адам ұғымының жалпылықтан жалқылыққа қарай бейімделуінен болады. Мысалы, көне түркі тілінде тон, тары, қол деген атаулар тым кең мағынада қолданылған. Тон жалпы киім деген ұғымды білдіріп, сырт киім, іш  киім – бәрі де осы сөзбен қамтылатын болған. Тон тозар, көңіл тозбас (мақал); Тонға қара жағылды (яғылды). Бұл тон деген сөз киім мағынасы. [2,97б]

     Қазақ тілінде сөздің белгілері туралы да көптеген ғылыми пікірлер қалыптасқан (К. Аханов, Ғ. Қалиев, Ә. Болғанбаев, Ә. Хасенов, М. Оразов т.б.) Соларды жинақтай келе, мына белгілерді атап көрсету ләзім:

      Сөз – номинативтік бүтін бірлік, қанша тұлғадан құрылса да, тұтас, бүтін бірлік ретінде танылып, бір екпінмен айтылып, бір ғана заттың атауы болады:

      Сөз – дыбыстық құрылымнан тұратын бүтін бірлік; яғни бір не бірнеше дыбыс сөздің таңбалық сипатын жасайды, бүтіндігін қамтамасыз етеді. Мұның өзі оның лебіздегі ым мен ишарадан айырмашылығын танытады. Яғни ,сөзбен берілетін ақпарат – дыбысталады, ыммен, ишарамен берілетін ақпарат қимылмен, жестпен көрсетіледі;

      сөз – дербес мәнді бүтін бірлік, қазақ тіліндегі әрбір сөз болмыстағы жеке ұғымды анықтайды, бір ұғымды екі сөзбен атау (кейбір жергілікті тіл ерекшелігі ретінде танылатын говорлық бірліктерді есептемегенде: әтеш - қораз) кездеспейді;

      сөз – даяр қалпында жұмсалатын бүтін бірлік, лебізде сөйлемді ойланып айтамыз, әр сөзді талдап-таңдап пайдаланамыз, ал сөз даяр қалпында қолданысқа ие болады, сөздің жасалуы ұзақ тарихи процесс, ол сәтте жасалатын құбылысқа жатпайды:

    сөз – семантикалық валенттілікке ие бүтін бірлік, яғни тілде және лебізде сөздердің тіркесуін, сөйлемнің құралуын ішкі мағыналық құрылымы мен мазмұны реттеп отырады. Тұлғалар  өзара ішкі мәні мен мағынасына байланысты ғана тіркесіп, қарым-қатынас жасаудың негізгі құралына айналады. Егер сөзде мұндай қасиет борлмаса, лебіз мәнсіз болар еді;

     сөз ішкі мағыналық тектілікті сақтаушы бүтін бірлік.  Бір буынды сөздерден жасалатын кез келген  лексикалық мағына беретін номинативті бірліктер өзінің ішкі мағыналық құрылымында әуелгі мағынаға сіңген  тектілікті, генетикалық архисеманы сақтаушы. Бас-басшы-басшылық-басшылықтар;

     Сөз дыбыстық жамылғыш пен мағынаның бірлігінен құралады. Ф. де Соссюр сөздің бұл қасиетін бір парақ қағазбен  салыстырады, парақ қағаздың бір бетін екінші бетінен ажыратып бөлуге, жыртуға, қиюға болмайтыны сияқты, дыбысты мағынадан, мағынаны дыбыстан ажыратуға болмайды деп түсіндіреді.

     Сөз – сөз жүйесінің негізгі бірлігі, сондай-ақ оның кіші элементарлық бірлігі санатына лексика-семантикалық варианттар жатады. Лексика-семантикалық варианттар дегеніміз – бір сөздің грамматикалық  тұлғалануы нәтижесінде жасалатын сөзтұлғалар.  Лексика-семантикалық варианттар – мағыналары бір, тұлғалық өзгешелікке түсіп, сөзтұлға құраған лебізге  тән бірліктер.[2,101б]

     Тілдегі тұрақты сөз тіркестері тілді көркем, айшықты айтудың бір тәсілі болса,  ендігі бір артық белгісі сөзді неғұрлым дәл нақты береді. Мысалы:  «тез» деген мен «көзді ашып-жұмғанша» тіркесінің мағынасын бірдей дей алмаймыз. Жылдамдықтың соншалықты күштілігін сөзден гөрі тұрақты сөз тіркесі дәл ашып тұр.

    Жаугершілік заманда жауынгер ұрыста өзі жеңген жауларының басын кесіп, қанжығасына байлап алатын көрінеді. «қанжығаға байлады», «қанжығасында кетті», «қанжыға майланды», «қанжығаң қан болсын», «қанжығада жүрді» тіркестерінің тарихын  аңыз осылай шертеді.[2,125б.]

    Әр істің,  әр заттың қадір-қасиеті болады деген  халық нені болсын қадірлеуді қалап, қиратып, жоюды,  сындырып , шағуды хош  көрмеген. Бұдан «киесі ұрады», «киесі атады» деген тіркес қалған.

     Берілген тірек сөздерден  қандай  адамдар  сипатталып тұрғанын анықтау қиын  емес.

1.     Тілдің майын тамызу, аузының желі бар, тілі мірдің оғындай, тілінің уыты бар, ауызы дуалы, аузын айға білеген, аузымен құс тістеген, топ жарған.

2.     Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен, аузын буған өгіздей, жұмған аузын аша алмау, қой аузынан шөп алмау.

3.     Аузына құм құйылу, үні өшу, дымы құру, тілі байлану.

4.     Сөзге қонақ бермеу, сөзге дес бермеу, ұйып тыңдау, сөзге тоқтау.

5.       Тілі мен жағына сүйену, сөзінде пәтуә болмау, аузымен орақ ору, тілін безеу, сөзді көпірту, көк езу болу.

6.     Аузы-мұрны қисаймай сөйлеу, су жұқпас болу, бет-аузы бүлк етпеу, сөзді судай сапыру,  жүзі жанбау.

7.     Бет жырту, ә десе мә деу, бет бақтырмау, тілін безеу, қара аспанды төндіру, қызыл өңеш болу.

8.     Қаңқу сөз, алып-қашпа сөз, қауесет сөз, сыпсың сөз, суық сөз. /Р.С./
Лексика –семантикалық варианттарды пайдалана отырып,тұлғалық өзгерістерге түсіріп,бір ғана «сөз»есімімен байланысты адамның бірнеше жағымды,жағымсыз қасиеті анықталады.Экстралинвистикалық күштердің ықпалымен лексикалық өзгерістердің оның ішінде прогресстік/ілгері,оң/ дамудың да, регрестік көріністердің де  болып жататын тұстары сол тілді  пайдаланған  қоғамның өміріндегі әлеуметтік,саяси,мәдени өзгерістерге ,тіпті саяси әлеуметтік дүмпулерге қатысты болып келетіндігі айтылады. Тілдің лексикалық құрамының толығу,молаю процесіне негізінен екі түрлі  фактор себепкер болады. Бірі-сыртқы, яғни, тілдің құзырынан тыс факторлар,мұны тіл білімінде экстралингвистикалық факторлар деп атайды.                                                                                                                                  

      Тіл маманының тілдік қоры мол, жан-жақты білімді, ұтымды пікір, ойға тоқтай алатын,шыншыл,ізденгіштік  қасиеті болса,кез келген аудиторияны игеріп алатыны сөзсіз. Тіл маманы сөзі монологтардың бірі. Бұның өзі  іскерлік,ғылыми,көркем стильде болуы мүмкін. Ойды жеткізуде тақырып пен ортаға қарай анықталған стиль оның амал тәсілдерін де ашады. Қажетті жағдайға  қарай диалог құра білу аудиториямен қарым-қатынас жасауға қатысты. Аудиториямен қандай формада әңгімелесуге болады, қай уақытта екенін де білудің маңызы зор екені белгілі. Ендеше  тіл маманына қойылатын басты талап-қабілет –қарымын, білім-білігін шығармашылықпен байланыстыра алуында. Оған қойылатын басты талаптар- Белгілі  бір тақырып бойынша білім жинау,қажетті әдебиеттер іріктеу, жинақталған әдебиеттерді оқып игеру, жоспар жасау, сөздің жазбаша мәтінін әзірлеу, аудиториямен  жұмыс істей білу, уақытты дұрыс пайдалана білу, тыңдаушылар сұрақтарына жауап беру, қазіргі техника құралдарын қолдана білу. Ол терең білімді,ақпаратты игеруші әрі оны талдап,тыңдаушыға   қажеттісін ,сұранысына қарай талқылап жеткізуші .Сондай-ақ даусы жағымды, сөз арасындағы екпін, кідірістің дұрыс қойылуы,ым-ишараны  орнымен қолдана алуы, өзін-өзі  әдепті ұстай білуі де шешеннің тыңдаушылармен арасын жалғастырады Осы аталған ерекшеліктерді толығымен игеру еңбекті,төзімділікті, ақылды,білімді қажет етеді.

                                               Әдебиеттер:

1С.Мақпыров.Әдебиеттануға кіріспе.—Ана тілі,1991.—184б.
2.Ә.Қайдар.Тіл білімінің өзекті мәселелері.Алматы.1998ж.314б. 3.К.Аханов.Грамматика теориясының негіздері.Алматы./Санат/1996.240б.