п.ғ.к., Кансеитова
Улбосын Рахымбериевана
Қазақ мемлекеттік қыздар
Педагогикалық университеті
практикаклық шетел
тілдері
кафедрасы ның
меңгерушісі
Шетел тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізісімен, ағылшын
тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ағылшын тілінің
қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің
бірі болды. Оқытушылардың алдында тұрған мақсат –
оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, олады түрлі өмірлік
жағдайда қолдана білетін, ақпаратты өзі іздеп тауып,
ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған білімді, өз
ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын
шығармашылық бағытта жұмыс істейтін жеке
тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Жоғары оқу орындарында оқыту үдерісін технологияландыру
мәселелеріне айрықша көңіл бөлінуде. Ақпараттық технологияларды
қолданудың басты бағыттары қатарына студенттерге білім
беру сапасын арттыру, білім саласындағы жаңашылдықтарды
саралау, білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды
кеңінен пайдалану, ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды, электронды оқулықтар мен интернет арқылы
ақпарат кеңестігінен білім алуға қабілетті
тұлға қалыптастыруды айтуға болады.
Осы орайда білім беру орындарында
ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан
жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері,
жаңа технологиялар бойынша зерттеу жұмыстары, оларды
тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды. «Қазіргі ақпараттық
құралдар – бұл тек спутниктік және кабельдік
телевидение, бейне және дыбыстық жүйелер, электрондық
ойындар емес, сонымен бірге тілді окытудың жаңа жүйесі,
ерекшелігі және тәсілін атқаратын негізгі бағыты болып
табылады».
Бұл жаңа техникалық құралдар
ғана емес, сонымен қатар, оқытудың жаңа формалары
мен әдіс-тәсілдері, оқыту процесіне жаңаша қарау.
Оқытудың ақпараттық технологиясы
мультимедия, интернет. Бұлар студенттердің білім алу ауқымын
кеңейтеді. Олар: мәтінмен жұмыс, мәлімет іздеу,
кестелерді пайдалану, сызу, сызбалар, үлгілер, суреттер, бейнелеу
өнерінің элементтері т.б.
Ақпараттық технология
студенттердің оқу мотивациясын күшейтеді, танымдық
қызығуын арттырады, өзіндік жұмыстың тиімділігін
жоғарылатады.
Қазіргі
таңда адам іс-әрекетінің барлық саласына жаңа
технологияларды енгізу басты мақсат болып отыр. Сол себепті жоғары
оқу орны білім берумен қатар, студенттерді жан-жақты
дамыған, өзі таңдаған ісінің маманы болып қалыптасуы мен жетілуіне
мүмкіндік жасауы қажет. Ақпараттық технологияларды
ағылшын тілін оқыту үдерісінде пайдалану студенттердің
білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл
саясатына сай жан-жақты дамыған маман иесі ретінде танылуларына
негіз бола алады. Осы орайда осы мақсатты іске асыру барысында,
пәнге деген қызығушылықты арттыру үшін
оқытушылар дәстүрден
тыс әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында пайдалануда.
Қазір біз
заманауи сабақты ақпараттық технологияларсыз елестете
алмаймыз. Ақпараттық
технологиялар оқушылардың қызығушылығын арттырып
қана қоймай, олардың жан-жақты білімі мен
іздемпаздығын, алған білімін өз заманына сай жаңартып
отыру қажеттілігін жетілдіреді және ойлау қабілетін дамытады.
Білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды
пайдалану бәсекелестікке
қабілетті тұлға дайындауда және әлемдік білім
кеңестігіне кірудің бірде бір жолы. Тілдік емес жоғары
оқу орындарында ағылшын тілін оқыту үдерісінде
ақпараттық білім беру технологияларын қолдану студенттердің
ағылшын тілін меңгеруге деген ынталарын арттыруға ықпал
етіп, оқыту барысындағы мәселелердің оңтайлы
шешімдерін табуға мүмкіндік береді. Сондықтан ағылшын
тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану тек
маңызды ғана емес, сонымен қатар қолайлы болады. Білім
беруді ақпараттандыру нәтижесінде
әрбір оқушы ақпаратты еркін пайдалануға, оны
қажетіне қарай талдай білу мүмкіндігіне ие болуы қажет. Ақпараттық технологияларды
қолдану арқылы тілдік емес жоғары оқу орындарында
ағылшын тілін меңгертуге
әртүрлі жолмен жетуге болады.
Сабақ барысында компьютерді қолдану арқылы жеке,
жұппен, топпен жұмыс істеу формаларын ұйымдастыру тиімді
болады. Бірақ копьютер оқытушының орнын баса алмайтынын
ескеру қажет. Сондықтан компьютермен жұмыс уақытын
жоспарлап, оны тек қажеттілік туындаған кезде қолдану керек. Ағылшын тілін оқытуда жаңа
технологияларды, техникалық құралдарды сабақта
жан-жақты қолданып, сабақты тартымды, қызықты,
сапалы ұйымдастыру пән оқытушыларының білім
деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Олай болса сабақ мақсаты айқын
әрі тартымды, әсерлі, қызықты және толық
мәнді болуы керек. Себебі ол басқа ұлт
өкілдерінің әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, әдет-ғұрыпын
дәріптейтін пән. Оқытушы
сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп
алмайынша дегеніне жете алмайды.
Сабақтың мазмұнын, құрылысын,
дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият
ойластыруы қажет. Қазіргі кездегі шетел тілін игеруге
қойылатын талап – шетел тілінде сөйлей алуға үйрету,
оны күнделікті өмірде қолдана білу.
Интернет
ресурстарын қолдану мүмкіндіктері өте үлкен және
оқушылар мен оқытушыларға қажетті кез-келген
ақпараттарды, жер шарының қай жерінен болса да алуға
мүмкіндік береді. Мысалы елтану бойынша материал, жастар өмірінен
жаңалықтар, газеттерден мақалалар, қажетті
әдебиет және т.б. Сонымен қатар студенттер интернет желісі
арқылы өткізілетін тестілеуге, викториналарға,
конкурстарға, олимпиадаларға қатыса алады.
Ағылшын тілін
оқытуда Интернет ресурстары
беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге толығырақ
тоқталсақ, төмендегі мысалдарды атауға болады.
- оқушылар Интернет топтарында берілетін
құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай
алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат
алысып, виртуалды қатынас клубтарына, телеконференцияларға
қатыса алады және нақты уақыт тәртібінде
мәтіндік хабарламалармен алмасуға, радиобағдарламаларды
тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни
ақпараттың қандай да түрлерін қолдануға
мүмкіндіктер бар;
- ақпаратты қандай да
арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы
ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі, интерактивтілік
(жылдам кері байланыс пен сұхбат мүмкіндігі), іздеу жүйелері
арқылы және өз бетімен іздеу, алынған материалдарды
түрлі тасушыларға ауыстырып салу және т.с.с.
Интернеттің артықшылықтары пайдаланылады;
- Интернет ШТ (шетел тілін) үйренушілерге аутентті
мәтіндерді қолдануға, табиғи тіл иелерін тыңдап,
олармен қарым-қатынас жасауға қайталанбас
мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік ортаны
қалыптастырады;
Ақпараттық технологияларды ағылшын тілі
сабағында қолдану оқушылардың ойлау және
өздік жұмыс жасау
белсенділігін арттырады, сөйлеу мен шығармашылық
қабілетін дамытады. Жаңа технологияларды қолданған
оқытушы сабағын көрнекі және белсенді ете алады.
Resume
The article deals with
the importance of using information technology at the foreign language lesson.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Роберт И.В. Новые информационные технологии в обучении: дидактическая
проблема, перспектива использования // Информатика и образование. 1991, №4,
18-25 б.
2. Бидайбеков Е.Ы.
Білімді ақпараттандыру мектептерде мамандар дайындау бағыты ретінде
// «Үздіксіз кәсіби білім беру жүйесінде
ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалану»
халықаралық ғ.-тәжірибелік конф.– Қызылорда:
Эверо, 2007.- Б.12-18.
3.
Личностный
подход в образовании: от концепции к технологии и опыту:
Тез.докл.гор.науч.-практ.конф., г.Волгоград, 1998
4.
Johnson L. Internet Optionsin the Classroom.//www.clta.Net/lessons / class. html.
5.
Поляков
Т.Ю. Английский язык для диалога с компьютером. Совет по культурному
Сотрудничеству; Совет Европы Пресс, 1995.