УДК 18'367.624=512.122

Неміс және қазақ тілдеріндегі бір өлшемді кеңістікті білдіретін сын есімдер

А.К.Қалдыбаева

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

Қазақстан Республикасы, ОҚО. Шымкент қаласы-2014ж.

 

Әрбір мұғалім оқытудың мақсаттарын, оқу-әдістемелік кешеннің (ОӘК) мазмұнын оқыту жүйесі мен тәсілдер жиынтығын, білуі, білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін шығармашылықпен пайдалана білуі керек. Яғни мұғалім шет тілін қазіргі заманғы әдістемелік теориясының деңгейінде оқыту үшін әдістемелік шеберлікті меңгеруі тиіс. Оқу тәрбие процесін жетілдіру қоры деп әрбір мұғалімнің өзінің пәннің маңызын, ерекшелігін, мектептің стратегиялық міндетін шешу үшін осы мектеп пәнінің негізіне қаланған әлеуетті білуі мен түсінуін есептеген орынды. Қазіргі қоғамның практикалық қажеттіліктеріне негізделген шетел тілін оқыту әдістемесі бірауыздан оқыту өнімділігін арттыру жолдары мен тәсілдерін қарастыруға бағытталып отыр. Егеменді Қазақстан шетел тілін жетік білетін мамандарға үміт артып отырған кезде, шетел тілін оқыту әдістемесінің алдындағы міндеті де орасан зор.

         Бүгінгі таңда шетел тілі барлық оқу мекемелері мен жоғарғы оқу орындарында оқытылады, дегенмен бұл оқу орындарының түлектерінің барлығы бірдей қатесіз сөйлей алады деп айту мүмкін емес.

         Шетел азаматтарымен коммуникативтік қарым-қатынасқа түскен кезде көптеген студенттер грамматикалық қате жіберіп, өздерін еркін ұстай алмайтыны анық нәрсе. Ал оқушыларды немесе студенттерді осылайша іріктеу, олардың грамматикаға деген жағымсыз көзқарастарын қалыптастырады және де олардың оқу мотивациясына психологиялық тұрғыдан кері әсер ете отырып, олардың шетел тіліне деген қызығушылықтарын тежейді. Бұндай мәселеге байланысты мынандай сұрақ туындайды: «Грамматикалық ережелерді жалпыға бірдей ұғынықты етіп түсіндірудің қандай оңай жолдары бар ма?» Бұл сұраққа бір жақты жауап табылмайынша, ғылыми ізденіс жұмыстары өз жалғасын таба бермек.

         Сондықтан да шетел тілін оқыту әдістемесі салаларының ішіндегі грамматиканы оқыту көптеген жылдар бойы қарқынды талқылау пәні болып келе жатыр. Түрлі кезеңде грамматиканы түрліше түсініп келеді. Шетел тілі грамматикасын оқыту мәселесін шешу үшін, ең алдымен «грамматика» деген сөздің мағынасын анықтап алу қажет.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.

Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың тарихи тәсілдері мен оның негізгі тенденцияларын жетілдіру жүйесіне орала кету орынды. Қазір шетел тілін оқыту методикасы ғылым болып қалыптасып келе жатқанына ешкім күмән келтіре қоймас.

         Логикалық философиялық сұрақтар синтаксиспен бөлініп шығып, грамматикада біздің дәуірімізден бұрынғы кездің өзінде-ақ ғылымның дербес саласына айналды. «Грамматика» ұғымын алғашында «оқу және жазу өнері» дегенді білдіреді. Орта ғасырда «еркін өнер» ретінде Grammatik (lat) берілді.

Қандай да болмасын құрылымның құрамдас бөлігі болып табылып, өз алдына мынандай мақсат қойды: латын тілін (кез-келген де басқа тілдерді) меңгеруге үйрету, философия туралы мағлұмат беру, миды шынықтыруды іске асыру.

         XІX ғасырдан бастап «грамматика» ұғымы тілді оқыту да жаңа мағынаға ие болды. Лингвисттердің анықтамасы бойынша грамматика төмендегілерді білдіреді.

·        Тілдің грамматикалық құрылымын,

·        Осындай құрылымды зерттейтін тіл білімі саласын,

·        Сөздің өзгеруі туралы ережелердің жиынтығы, олардың сөз тіркесіндегі бір-бірімен бірігуі (кей кезде мәтіндегі),

·       Ереже сипаттаманы қамтитын оқулық.

XX ғасырда лингвистер мен әдіскерлер «грамматика» ұғымына ғылымның түрлі тарауларын енгізе бастады, мысалға алсақ, фонетика, орфография, лексикология бөлімдерін, фразеология, стилистика «семантика» тарауларын және прагматика т.б. Сондықтан да неміс тілі және қазақ тілі грамматикасында сын есімдердің бір өлшемді кеңістіктік қатынаста қолдануы антоним сөздермен салыстырып көрейік. Мысалы, бір өлшемді кеңістіктік қатынас неміс және қазақ тілдерінде антонимді сын есімдер түрінде беріледі:  lang-kurz-(ұзын-қысқа). Wir haben warme Mutzen und Handschuhe, lange Pelzmantel. (Біздің жылы малақайларымыз және қолғабымыз, ұзын ішіктеріміз болды).

Ұзындыққа байланысты кез келген затты білдіретін қазақ тіліндегі ұзын-қысқа конструкциясына сәйкес келетін неміс тіліндегі зат есімдер, әдетте lang-kurz  сын есімімен үйлеседі.

Мысалы:

Неміс тілі

Қазақ тілі

Das Madchen sitzt allein. Hans steht neben dem Bett. Im Gepacknetz lag Papkers Panamahut.

Қыз жалғыз отыр. Ганс төсектің жанында тұр. Жүк салатын орында Папкенің қалпағы жатыр.

 

б)Бір өлшемді кеңістік ендік салыстырылып отырылған тілдерде breit –eng- (кең –тар) сын есімдері арқылы беріледі.

1.Er dehnte sich auf dem breiten Soffa.  (Ол ұйқтайтын бөлмедегі кең  диванда керілді).

2.Da war der Fluss und die breite Furt. (Ол жерде өзен және тар өткел бар еді).

в) Жердің бетінен вертикальді жоғарыда созылуды білдіретін заттарды айқындайды.

Мысалы: Die Schuhe – ein Paar mit flachen ein Paar mit hohen Absatzen- fand sie schnell.

( –Ол бір пар жай өкшелі және бір пар биік өкшелі аяқ киімді тез тапты).

Зерттеу барысында анализ жасалып отырған сын есімдері неміс және қазақ  тілдерінде кейбір жағдайларда ұқсастық ғана емес, семантикалық айырмашылықтар болатын структуралар (құрылымдар) бар екендігін келесі мысалдар арқылы байқауға болады. Олар адамның бойын суреттеу барысында неміс тілінде hoch  немесе klein сын есімдері қолданылатын болса, қазақ тілінде ұзын немесе қысқа (кішкене)  сын есімдері арқылы суреттелетіндігі арқылы салыстырылады. Ein hoher dicker Mann kam mit zwei hohen Frauen. (Үлкен бойлы семіз ер адам екі ұзын бойлы әйелмен келді).

Мұндай айырмашылықтар адамның бет-әлпетін вертикальды суреттеу барысында қолданылатын сын есімдерде байқалады:

“биік”-кең деген мағынада. Мысалы: Er sah ihr Profil, hohe Stirn, kleine gerade Nase.(-Ол оның бет- жүзін, кең маңдайын және кішкене қыр мұрынын көрді).

Екі өлшемді кеңістікті бірдіретін сын есімдер, екі өлшемді кеңістік қатынастар неміс және қазақ тілдерінде бір өлшемді семантикамен үйлесетін зат есімдермен белгіленді.

Мысалы: Am Fenster stand ein hoher und breiter Stuhl. (Терезенің жанында биік те кең орындық тұрды).

Әдетте екі өлшемді кеңістік адамның немесе аңдардың дене мүшелері немесе киімдер жөнінде сөз болғанда lang және breit сын есімдері арқылы беріледі.

 Мысалы: In dem langen und breiten Vorraum gab es keine Menschen. (Ұзын да кең ауыз үйде ешқандай адам болған жоқ).

Екі өлшемді кеңістікті горизонтальды жән вертикальді жағдайда анықтау үшін зерттеліп отырған тілде gross немесе klein, үлкен немесе кішкене сын есімдерді қолданылды.

Мысалы: Das steht vor dem kleinen Bild. (Ол бұл жнрде кішкене суреттің алдында тұр). Die Studenten sitzen am grossen Fenster. (Студенттер үлкен терзе терезе түбінде отыр).

Бұл жағдайларда сын есімдердің екі өлшемдік мағынасы заттың (сурет, терезе ж.т.б.) өзінің объективті белгісі арқылы анықталып (суреттеліп) отырғандығын дәлелдей кетеді.

Ғалымдардың пайымдауынша, грамматикамен жаңа грамматиканың айырмашылықтарын көрсете отырып, мысалы, үстеуге қатысты бірқатар терминдердің енгізілуін көрейік.

           Бұрын үстеулер атанған сөз таптарын алсақ, бір сөз табына сыйысатын нәрселер емес, мысалы, жақсы бала дегенді жақсы-ны сын есім деп, екі бала дегенді сан есім деп тұрып, жақсы келдің, екі кеңелді дегенді сын есім, я сан есім демей үстеу деуші еді. Әрине бұл дұрыс емес еді. Өйткені жақсы сөзі бір-ақ түрлі сөз табы бола алады да, бір сөзі екі бірдей сөз табына жата алмайды.

         Онан кейін, ең, нақ, тым- деген сөздер сияқты сөз мүшелерін бұрынғы грамматикада үстеу табына жатқызған. Үстеудің ішінде нақтаулық үстеу деп атаған. Бұлардың үстеу табына қосқан сөздердің барлығын алып қарағанда, мұның үстеу деп отырғаны- орыс тілінің наречиесі болады да, өзі сөйлем мүшесі бола алатын сөз табы. Мысалы; орыс тіліндегі очень, точно сияқты формалар осындай наречие болады да, өзі сөйлем мүшесі болады. Бұрынғы үстеу тап атанған сөздерінің көпшілігі, мысалы, жақсы, екі, мана, шалқасынан деген сияқтыларының бәрі де сөйлем мүшесі бола алатын сөздер. Ал, мына нақтаулық үстеу деп атап отырған тым, ең, нақ сияқтылар сөйлемде өз алдына мүше бола алмайтын, тек басқа бір түбір сөзге онсыз мүше болып тұрған сөзге қосылып қана жүре алады. Сондықтан бұлар үстеулер категориясынан шығып қалынған.

         Сөйтіп, бұрынғы грамматика авторының үстеу деп атаған категориясында қалып қойған сөздер мана, әлі, енді, кешкі сияқтылар ғана. Әрі, бері, ілгері, кейін сияқты сөздері үстеу категориясына қосылды.     

         Біздіңше үстеу деп атаудың түк мәнісі жоқ сияқты. Үстеу деп аталғаны- орыс тілінің наречие дегенін тікелей аударып алғаны ғана болады. Орыс тілінде бұл терминді жасағанда, мұнымен атаған категориясының сырына түсінгедіктен емес, бұрынғы латын, гректің  epire-ма дегендерінің тура аудармасы болатын. Вербум, рема деген сөздер жәй қолдануда сөз, сөйлеу деген мағына береді.

           Әр категорияны атайтын термині сол категорияның өзін бірқатар түсіндіріп, туралағандай болуы керек. Мұндағы үстеу еншісіне тиген категория етістікпен алатын істің не мезгілін, не мекенін көрсететін сөздер. Сондықтан, бұл мағына  үстеу деген термин бере алмайтын болады. Бұл категорияны мезгіл-мекен есім деп атады. Өйткені бұл сөздер қосалқы емес, түбір сөздер.

Қорыта келгенде, екі өлшемді кеңістікті горизонтальды жән вертикальді жағдайда анықтау үшін зерттеліп отырған тілдерде сын есімдердің,үстеу сөздердің екі тілде    қолданылу тәсілдерін анықтау болып табылады.

 

Қолданылған әдебиеттер:   

 

1. Аухадиева З.С. фил.ғ.кан. диссер«Выражения пространственным отношений в немецком и казахском языках» А.1993

2. М.Ғ.Арынов «Неміс тілінің грамматикасы» А.1986

3. Қ.Жұбанов «Қазақ тілі бойынша зерттеулер» А.1986

4.  Ред.алқасы Ербол Жанпейісов «Қазақ грамматикасы» А.2002 ,502 бет

5. Ә.Төлеуов «Сөз таптары»А.1982,134-141 бет

6. А.Г.Спиркин «Произхождение категории пространства»// Вопросы философии М.1956 №2. 91 бет

7. И. П. Иванова «Теоретическая грамматика современного английского языка», Москва, 1988 г. стр. 232-337.
8. Л. С. Бархударов «Грамматика английского языка», Москва, 1986 г., стр. 310.
9. 1. Иманқұлова С. «Жаңаша оқыту әдістемесі», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы, Филология сериясы, 97-98 беттер, №1, 2006 ж..
10. М. С. Сақтағанова, Н. Қ. Алиева, Н. Қ. Айтбаева «Ағылшын тілін оқытудың әдістері», Білім, 43-бет, №3, 2006 ж..
11. Г. Ботағарина, «Ағылшын тілін оқытудағы бүгінгі белес», Білім, 70-бет, №3, 2006 ж..
12. Г. Шамшырақова «Ағылшын тілін оқытудың құрылымы», 12-бет, Кәсіптік мектеп, №3, 2007 ж..