З.Шашкиннің
«Доктор Дарханов» романында
қолданған
сөз айшықтары
Нарын А.С., жетекші Боранбаева Ж.К.
Астана қаласы, «Астана» университеті
«Тіл –
әдебиеттің бас мүшесі»,-дейді әйгілі М.Горький.
Шығарма тілі қандай болса, шығарма соншалықты
қызықты, тартымды, бояуы қанық суреттей болады. З.
Қабдолов: «Тілі нашар шығрма ешқашан жақсы
шығарма болған емес және бола алмайды. Демек сөз
өнерінде тілдің атқарар қызметі бәрінен ерекше,
бөлек һәм биік»,-дейді(194). Сан қырлы, алуан
түрлі көл-көсір сөздерді шығармаларында пайдалану
– әр жазушыға тән қасиет. «Тіл байлығын игеру,
сөз қорын молайту бір бар да, сол бай тіл мен мол сөзді
әдеби шығармада суреткерлік шеберлікпен қолдану бір
бар»(213б). Ендеше шығармаларында сөз айшықтарын орынды
пайдалана білетін, сөз маржандарын тізбекке тізе білетін тапқыр
жазушылардың бірі – З.Шашкин. Ал оның кермет сөздермен
өрнектелген, шыншыл да, сыршыл туындысының бірі - «Доктор
Дарханов» шығармасы. Жазушы
дәрігерлер өмірі жайлы өрілген шығармасында
көптеген айшықты сөз тіркестері мен керемет теңеулерді
пайдалана білген. Оған дәлел шығармадан мына бір
үзінді: « Нияз сағатына қарады: сегізге таянып қалған.
Күнде бұл кезде корпустарды аралап, қатты аурулар палатасына
кіріп те шығатын мезгілі. Топтың арт жағын ала келе
жатқан – кешегі бота көз, аққұба
қыздың ағасы Асқар Сағатовты Нияз салғаннан
таныды»(108б). Осы мысалдағы «салғаннан таныды» тіркесінің мағынасы
Қазақ әдеби тілінің сөздігінде - кіріскеннен,
ә дегеннен, алғаш бастағаннан дегенді білдіреді делінеді.
(590-бет) Яғни еш қиындықсыз, бір көргеннен таныды
дегенді білдіреді. Егер біреуді немесе бір нәрсені бұрыннан танитын, білетін болсаң оны кезіктіргенде көзіне
оттай басылатыны анық. Сол секілді Нияз да Асқарды бірден таныды,
бірден білді, яғни салғаннан таныды. Осы тұста
салғаннан таныды тіркесін өлеңмен былай жеткізсем:
Өткен шақ елесі бұлдырап,
Есіңе салады көп жайды.
Кетсе де хабарсыз тым ұзап,
Көріппең сен өзі мұндайды?!
Нияздың санасы зор әркез,
Салғаннан таныды
демек ол.
Сананда сайратып жаттап
ал,
Және де ұмытпа, бекем
бол!
Тағы да мына
мысалға назар аударсақ: «Неғұрлым мен
бұлқынсам, соғұрлым ол қаттырақ
қысып, тырнағын батыра береді...» делінген. Бұл жерде
қолданылып тұрған тырнағын батыру – адамға
әсер ету, ықпал етіп мазалау, қытығына тию. Яғни
адамға қиянат жасау, өз күшін, не дәрежесін
пайдалану арқылы адамға зиянын тигізу. Бұл сөзді де
өлеңмен өрнектесем:
Денеге дақ салу
тым бөлек,
Көңілге
тигеннің жанында.
Тырнағын батыру
шын демек,
Адамдық ар-ождан
хақында.
Ертерек кешірім
сұрасаң,
Жайылмас жаман боп атың да.
Алла да кешірім береді,
Бір оқпен екі атып
жақын да.Тағы да: «Сол күндері менің басыма қара
бұлт төніп, тағы да жалғызсырап, сырлас адам
іздедім»,-деген сөйлем кездеседі. Осы сөйлемдегі басына қара
бұлт төну сөзінің мағынасы – басына бұлт
үйірілу, қиындыққа тап болу, жағымсыз күй
кешу. Өлеңмен:
Басына қара
бұл төнгені –
Таңдарың
арайлап атпаған.
Сәтсіздік
күндерге тап болып,
Маңайға
мұң мен сор қаптаған.
Басыңа қара
бұлт төнгендер,
Жанына еш сая
таппаған. Осындай басына қара бұл төнген сәтте
адамдар қайсарлық танытып, өмір ағысына қарсы
жүзу керек.
Аз қалды шыдышы,
аз қалды,
Төбе деп
көреміз шындарды.
Алдында
уақыттың еншісі,
Алланың бітпес пе
сынағы?!,-деп өз-өздерін жұбату да артық етпес.
Шығармада: «
Ақырында мінбеге бас дәрігердің өзі көтеріліп,
у-шуды басып, тоқтау сөз айтады:
Айғай шудан
түсетін пайда аз. Ақылды орнына түсірейік, жарандар!..
Шортанбаев бұл аудан, облыс, көлемінде қызмет істеп
үйреніп қалған белсенді, құлаш сермесі де
бөлек, сондықтан бүған басқаша талап
қойған жөн... Егер облыс көлемінде пәлен
жүз кісі болса, оның бәрін біле бермейсің
ғой. Көп адамның
ішінде жауы да, досы да бар дегендей... Ал алақанның
аумағындай санаторий көз алдымызда, қандай адам бар, не істеп
отыр, - бәрі белгілі...-дейді бейнелеп. Әркім өзінше
түсінеді де, қасқыр да тоқ, қой да аман,
жұрт тарайды...
- - Йә, доктор, сенің халің мүшкіл.
Сусанна Михайловна жаны ашып жүдеп, қамығады. Сені айналдыра
бастаған. Шортанбаевты біреу айтақтап отыр, әйтпесе, өз
бетімен айтысарлық онда дәрмен жоқ».»(103),-деген мысал
кездеседі. Бұл сөйлемде кездесетін құлаш сермесі, халі
мүшкіл, алақанның аумағындай, қасқыр да тоқ,
қой да аман, көз алдымызда сөздерінің мағыналарын
жеке-жеке ашып, әрбір сөзге тоқтала кетсек.
Құлаш сермесі бөлек
сөзі аяқ басар жері үлкен, алды ашық, қолынан
көп нәрсе келеді, алдында тосқауыл жоқ деген мағынада қолданылады. «Аяз
би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл»
дегендей, әр адамның құлаш сермесі, алар асуы
бөлек болады. Осы сәтте:
Біреудің
бағыты тым өрен!
Бөлектеу сермейді
құлашын.
Жасаған ісіне
тәнті боп,
Тандана қараумен
тұрасың,-деп бір шумақпен жеткізуге болады. Ал енді халі
мүшкіл(104б). сөзі –
жағдайы мәз емес, қиындыққа түскен, уайымы
көп деген мағынаны білдіреді.
Қалауын тауып қар жауғыза алмай,
тығырыққа тірелген адамның жайы осындай болады.
Осындайда адам өзің бір терең құдыққа
түсіп кеткендей, биік шыңнан құлағандай күй
кешеді. Осындай шешуі жоқ қиынға тап болған
адамның халі мүшкіл болады. Осы сөйлемдегі
Алақанның аумағындай теңеуі – кішігірім дегенді
білдіреді, яғнни көлемге қатысты айтылады. Бір уыс дегенге
кеп саяды. Осы кездегі Қасқыр да тоқ, қой да аман
тіркесі – екі жақ та разы мағынасында. Былай тартсаң арба
сынады, былай тартсаң дегенде шешімін қиыннан қиыстырып
жоқ жерден амалын тапсаң, және сол арқылы екі
жақты да риза етсең, осы жағдайда қасқыр да
тоқ, қой да аман деуге әбден болады.
Шығармада: «Қазақ ауылының
әдет-ғұрпын көріп отырып, дәрігер адамның
ары қалай шыдайтынына таңым бар...
- «Не болып қалыпты сонша жан
түршігетіндей»? – Нияз шамдана сұрады.
- «Не болып
қалыпты?»... Шың айтасың ба?.. Қой, қалқам,
сен мысқылды жақсы көретін жігіт көрінесің,
әзілің өзіңе, шың сұрасаң, мен
сенімен айтысу түгіл, шешініп төбелесуге бармын.
«Нияз көңіліне секем алып,
әлдене боп қалды дегендей, қобалжи бастады(109б).
Осындағы жан түршігу сөзі аяу, адамға әсер ету,
таң қалу мағынасында қолданылған. Секем алу –
әлденеден сезіктену, қауіптену дегенді білдіреді. (131-бет
Қазақ әдеби тілінің сөздігі с-т)
« Мен өзім
қазір өндірісті жерде істеймін, кеше айттым ғой, Теміртауда
деп, сөйтсе де қалада алдын ала сақтандыру жағын
жолға қойдық. Ат аунаған жерге түк қалмай
ма. Ревалюциядан бұрынғы «Земский врач» атанған
дәрігерлерден үйрену керек. – Суға күмп беріп
түсіп кетіп, бір сүңгіп қайта шықты. – Ух,
суың қандай суық.
- Ақыл үйрете келген дәрігерлердің
қызуын басып, денесін мұздатып, ақылын орнына
түсіреді! - Нияз мысқылдап
күлді.
- Торғын су деп
осыны айт, шіркін! – Асқар орамалмен етін сүртіп, киініп жатып,
үзілген әңгімені қайта жалғады: - Сен ақыл
айтты деп шамданба! Бұл – біздің медецинадағы принцип,
бұдан тайса, дәрігер деген атақ алып, адам емдеудің
қажеті жоқ. Мен өзім солай түсінем...
Қазақ ауылының
әдет-ғұрпын көріп отырып, дәрігер адамның
ары қалай шыдайтынына таным
бар...»(109б). Осындағы торғын су – өрмекшінің
өріміндей өрілген су дегенді білдіреді. Сәкен Сейфулин
осындай кесеге құйылғандай мөлдір суды өз
өлеңінде былай суреттеген:
Саяда бір көл бар
еді,
Сырлы кесе аясы.
Маржан құмы,
күміс суы,
Көл еді кең
айнадай.
Мұнарытқан
торғын буы,
Көк кестелі
айна...
Әдемі еді
мөлдіреген
Айна көлдің
өрнегі.
Су бетінде
үлбіреген
Ақ шашақтар
өрнегі.
«Осы ой бұдан бұрын Нияздың есіне неге келмеген? Сумен
аққан жаңқадай өмір ағысымен жылжып
аға берген бе? Бұқпантайлап, өз басының
қамын ойлап қана күн көру деген сұмдық-ау!
Бұқпантайлап сөзі – бұғып қалу, жасырыну
дегенді білдіреді.
- Қазақ арасында
істеген дәрігердің міндеті өзгеше екенін, қарағым
сен де түсінбейсің бе деймін, - Асқар тоқпақпен
қарақұстан ұрғылағандай өзі
опық жеп келе жатқан Ниязды
онан да бетер тұқырта берді. – Емдеумен қатар
сақтандыру жағын қоса алып жұрмесе, еңбегі еш
олардың. Бір жағынан емдеп жатса, екінші жағынан ауырып
жатады, дәрігерлік намысқа тимей ме осы?.. Халықтың
дәрігерлерге кейде сенбей, теріс
қарайтыны да осыдан!»(110б). Тоқпақпен
қарақұстан ұрылғандай дегені шаршаған,
опық жеген, өмірден таяқ жеген адам кейпі дегенді білдіреді.
Сумен аққан жанқадай сөзі – жеңіл дегенді
білдіреді. Өмірдің ықылымына көніп жүре беру.
Осылайша дарынды қаламгер шығармасында тұрақты
сөз тіркестерімен, сырлы сөздерімен, мақал-мәтелдерімен
саналы ой айта білді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. «Нақыл
сөздер». Жинақтаған:
Төребек Төрекелдіұлы. «Алтын алқа» баспасы.
Шымкент.2010ж,64бет.
2. «Мыңжылдық
мақал-мәтелдер» Алматы: «Өнер» баспасы, 2009ж.-216бет.
3. «Қазақ
мақал-мәтелдері» .............
4. З.Қабдолов
«Таңдамалы шығармалар» 2-ші том. Алматы 2003. «Санат» баспасы.
5. Абай сөздігі.
6. З. Шашкин «Доктор Дарханов».
Алматы «Раритет» 2006. 16-бет.