Ныязбекова К.С., п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценті
Kulyanda2009@mail.ru
famous-scientists.ru /11624/
ТҰРАҚТЫ
СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНДЕГІ САН ЕСІМДЕР
Қазақ
тiлiнiң рухани мәдениет лексикасын құрайтын бiр
бөлшегi – сан есiм қатысқан сөз тiркестерi,
тұрақты тiркестер. Сан есiм қатысқан фразеологизм
деп ұйытқы сөзi сан есiмнен келетiн фразеологиялық
бiрлiктi айтамыз.
Сан есiм
қатысқан фразеологизмдер, жалпы сөз тiркестер қаншама
зерттелiп келе жатса да, оның күрделi табиғатына тән
заңдылықтардың қыры мен сыры қазақ тiлiнде
түгел ашылды деп үзiлдi-кесiлдi тұжырым жасауға
болмайтын секiлдi.
Оның бiр
қыры – сандардың өзiндiк қасиетiне – киелi
сандарға байланысты екенi анық көрiнедi. Тіл мен
мәдениет, тіл мен ұлт, тіл мен таным, тіл мен ойлау
сабақтастығының бәрі лингвомәдениеттану
ғылымында зерттеледі. Лингвомәдениеттану саласындағы
зерттеулер – қазақ тілінде жас арна. Жалпы бұл арнада
әлі атқарылатын жұмыстардың саны орасан.
«Сандар –
әлемді суреттеуге қолданатын ерекше кодтың элементтері».
Сандарға деген
қызығушылық адамзат тарихында ежелден белгілі. «Эволюция
числа в мышлении человека представляет собой интерес для различных наук,
поскольку числа являются одной из наиболее удобных форм выражении конструкции
мира».
Демек,
сандарды таңбалау арқылы оған белгілі бір ұғым
енгізуге болады. Қазақ тілінде лингвомәдениеттану
саласындағы символдарға қатысты зерттеулер әлі де аз,
бірақ болашағы зор. Қазіргі кезде сандар семантикасы
жағынан, концептісі жағынан, семиотика тұрғысынан,
лингвомәдени тұрғыдан, символиканың ішіндегі
таңба ретінде де зерттеліп жүр. Сан атауларының
символдық мәні жайында қазақ тілінде І.Кеңесбаев,
Қ.С.Дүсіпбаева, Р.Ә.Аваковалар жазған.
Тіл білімінде
сандардың тек сандық мағынаға ғана ие болып
қоймай, белгілі бір ұғымға ие болатын сандарға
терминдік атау берілуі жайлы ғылыми ортада пікір қайшылықтары
кездеседі. Мысалы, Дмитриев нумеративтер деген атау ұсынса,
Дыренкова счеттік сөздер, ал Кононов түсіндірмелік немесе штучные
числительные деп атауды дұрыс санайды. Осы
аталғандардың ішінде ең көңілге қонымдысы –
нумератив термині. Себебі, numerate деген сөз ағылшын
тілінен аударғанда санмен белгілеу немесе таңбалау деген
мағынаны береді.
Жалпы таным
проблемасымен байланысты ескiлiктi наным-сенiм түрлерiнiң тiлдiк
көрiнiстерi әсiресе сан атауларымен келген тұрақты
сөз оралымдарында өте көп кездеседi. Байырғы кездерде
халық әр алуан құбылысқа нәзiк
бақылау жасай келiп, олардың ортақ қасиеттерi мен
сипаттарын санмен түйiп, санамалап айтып отырған екен.
Мысалы, 3 санына байланысты:
·
Үш қуат: ақыл, жүрек, тiл.
·
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз,
Кiшi жүз.
4 санына байланысты:
·
Төрт кiтап: Мұсаның кiтабы –
Тәурет, Дәуiт кiтабы – Забур, Исаның кiтабы – iнжiл,
Мұхамбет пайғамбардың кiтабы – Құран.
·
Төрт түлiк: жылқы, түйе, сиыр,
қой.
·
Төрт тұрман: ер тұрманы,
мұкәммалы, жаужарағы, бес қаруы.
5 санына байланысты:
·
Бес қару: тартыспақ, атыспақ,
шанышпақ, шабыспақ, салыспақ.
·
Бес анық: тiл, дiн, тарих, дәстүр, ата
мекен.
6 санына байланысты:
·
Алты парыз: бiр-бiрiне сәлем беру, шақырса –
бару, кеңес сұраса – ақыл қосу, сұрағына
жауап беру, ауырып қалса – көңiл сұрау, қайтыс
болса – жерлеуге қатысу.
7 санына байланысты:
·
Жетi қат жер: тұңғиық,
жылан, су, қос балық, қара тас, көкөгiз жер.
·
Жетi жан: қызыл түстi жан, сарғыш
түстi жан, сары түстi жан, жасыл түстi жан, көгiлдiр
түстi жан, күлгiн түстi жан.
·
Орта ТОРЫЗ: бестi ат, екi құнан, екi тайынша,
төрт қой.
12 санына байланысты:
·
Он екi мүше: бас (1), омыртқа (1), жамбас
(2), жауырын (2), тоқпан жiлiк (2), асық жiлiк (2), қара жiлiк
(2), т.с.с.
Сан атауы сәбидiң ана құрсағында болу
уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған.
Сандар адам баласының ертедегi өмiрiнде уақыт өлшемi,
көлемдiк өлшемi жағынан ерекше қызмет
атқарған. Мысалы, о баста – «бескүндiк» апта, кейіннен,
бертiн келе, «жетi күндiк» апта болған.
Сан есiмдердiң фразеологиялық бiрлiк жасаудағы
деңгейi бiрдей емес. Бiрiншiден, есептiк сан есiмдер өте жиi
қолданылады. Екiншiден, сан атаулының бәрi бiрдей
қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын "төрт",
"жетi", "тоғыз", "қырық"
сандары.
Сан есiмдердiң iшiнде кейбiр сандар сандық мәнiмен
қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленедi.
Бұндай жағдай, әсiресе осы сандардың
тұрақты тiркестерде, аңыз-әңгiмелерде,
жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа
дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге
анық түседi. Сонымен бiрге бұл құбылыстың
тарихы да арыда жатқаны байқалады.
Ж.Қоңыратбаеваның
зерттеу жұмысында ХХ ғасыр басындағы қазақ
прозасы тіліндегі фразеологизмдердің жалпы сипаты,
тақырыптық-семантикалық,
кезеңдік-құрылымдық, стилистикалық қолданыс
ерекшеліктері қарастырылады. Автор ХХ ғасыр басындағы
қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдерді жалпы мағынасына
қарай және ұйытқы болатын сөздерге қарай
тақырыптық топтарға жіктейді. Фразеологизмдерді жалпы
мағынасына қарай:
·
Адамды сипаттайтын фразеологизмдер;
·
Алғыс және қарғыс мәнді
фразеологизмдер;
·
Қоғамдық-әлеуметтік
факторға байланысты туындаған фразеологизмдер;
·
Діни наным-сенімге, салт-дәстүрге байланысты
туындаған фразеологизмдер;
·
Өлшемдік ұғымдарды білдіретін
фразеологизмдер;
·
Табиғат құбылыстарына байланысты
фразеологизмдер деп бөледі.
Ал, ғалым Р.Авакова фразеологизмдерді ішкі формаларының
туындау көздеріне байланысты шартты түрде төмендегідей
топтастырады:
·
Адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер) мен қимыл
қозғалыстарына байланысты туған фразеологизмдер;
·
Жануарлар (зооморфтық
фразеологизмдер) әлемі;
·
Өсімдіктер (флора)
әлемі;
·
Табиғат құбылыстары;
·
Өлшем бірлік (метеорология);
·
Сандық (нумеративтік)
фразеологизмдер;
·
Түр-түстік және сындық;
·
Алғыс және қарғыс мәнді;
·
Мифтік және діни;
·
Тарихи кезеңдермен және
тұлғалармен байланысты туған фразеологизмдер.
Фразеологизмдердің жасалуына ұйытқы болатын
сөздердің бір тобы – сан есімдер. Фразеологизмдер
құрамындағы сан есімдердің қолданысына
І.Кеңесбаев: «Бұл сөздердің белгілі бір тізбек, тіркестерге
түп қазық болу себебі халықтың ежелгі
дәуірдегі ұғым-түсінігімен, салт-санасымен
ұштасып жатыр. Фразеологизмдер ішінде бұл сөздер
нақтылы сан мағынасында қолданылуы шарт емес», – деп ойын
түйіндейді.
Сонымен, сан есімдер жеке дара айтылған кезде, абстракт
сандық ұғымдардың атаулары ретінде қолданылады.
Олардың нақты мағыналары өзге сөздермен
қарым-қатынасқа түскенде ғана айқындалып
отырады.