Бір ежелгі көктем мерекесі
Давид
Дьорфи
Мажарстан,
«Eotvos Lorand» университетінің түлегі
(Түркітанушы МА),
әл-Фараби
атындағы КазҰУ, ЖОО дейінгі
білім беру факультеті
Ғылыми жетекшісі:
ф.ғ.к. доцент Г.А. Машинбаева
Көктем
келгенде ауа-райы
жылынып, астық салынып,
өсімдіктер бүршік атып,
далада шаруашылық жұмыстары басталады. Жан-жануарлар оянып, үңгірлерінен
шығады, табиғатта тіршілік басталады. Бұл мезгілде тек жануарлар
емес, адамның ағзасы да өзгерістерге түседі. Тірі
организмде болатын Көктем
жалқаулығы деген құбылыс жасушалар тездете
жұмыс істеуінен уақытша дәрумен тапшылығынан
болатын жағдай. Бұл мерзім
барлық адамзат үшін маңызды кезең болғандықтан,
халықтар мен мәдениеттердің көбінде белгілі бір
мерекелер бар және әр халық оларды өзіндік ерекшелікпен
тойлайды. Қытайдың Жаңа жылы, славян халықтарының
Пасхасы, мұсылман халықтарының Наурызы, Жапониядағы
Һоһен Мацури немесе Ирландия мерекесі Иболк (Imbolc,) сынды мейрамдардың атаулары басқа болса да, түпкі
негіздері ұқсас екеніне күмән жоқ. Тек
олардың идеологиясы мен дәстүрлері мәдениет, дін яки
саяси себептердің әсерінен әртүрлі болып келеді.
Енді
Христиан мен Ислам мәдениеті үшін де маңызды еврей
дәстүрі туралы қысқаша айтып кетсем, Песах деген еврейлердің көктем мейрамының
идеологиялық негіздерін Библиядан, Тәуреттің екінші кітабынан
іздеуіміз керек.
Бұрынғы
мыңжылдықтарда еврей халқы Мысыр мемлекетінде құл
шылықта жүргенде, Мысыр
патшасы Паро бір күні сәуегейлердің
жасаған болжамын естіпті.
Сәуегейлік болжам бойынша, жақын жылдарда еврейлердің бір
үлкен басшысы туылғалы жатыр екен, сондықтан Паро ер балалардың бір
жастағысынан бастап барлығын қалдырмай, өзенге тастап, көзін жою керек
деген бұйрық береді. Бір, Йохебед
есімді әйел осы хабарды естіп өзінің баласы Мұсаны
бесікке салып, өзенге ағызып жібереді. Өзенде ағып бара
жатқан бесікті Пароның бедеу қызы тауып алады. Сөйтіп,
жылдар өте келе Мұса Мысырдың және Пароның
ақсүйек кеңесшісі болады. Бірақ бір кезде ол бір
еврейді аяусыз ұрып жатқан мысырлық адамды көріп
оған аратүсем деп абайсызда
ол адамды өлтіріп қояды да, ақырында Мысырдан қашып кетуге
мәжбүр болады. Осы оқиғадан кейін біраз уақыттан
соң бір күні Мұса мал
бағып жүріп Һореф тауынан
шыққан шуды естіп тауға шығып, бір жанып
жатқан бұта көреді. Бұтадан Құдай дыбыстап,
оның Мысырға қайтып еврей халқын сүт пен-балға малып толыққанды мемлекет етуін жүргізуін
бұйырған. Осыдан кейін Мұса Мысырға қайтып,
ағасы Һарұнды
ертіп Паро патшаға барып, Құдайдың
айтқанын айтып жеткізеді. Алайда Паро оған сенбей оларды қуып жібереді.
Сөйтіп, Құдай Мысыр халқына он қасірет (отты жаңбыр, оба,
қараңғылық, сулардың қанға айналып
кетуін т.б.) жіберген екен. Паро сонда да Мұсаның айтқанына
сенбейді ,сонда Құдай соңғы қасіретті жіберетін
кезде Мұсаға айтады: «Бүгін Мысыр мемлекетіне Өлім Періштесін жіберемін. Ол
жерді аралап, барша тұңғыш балалардың көзін
жоймақ. Мысырлықтың баласы болса да, еврейдің баласы
болса да, сиырдың немесе мысықтың тұңғыш
баласы болса да барлығы өледі. Өлім
Періштесі хабардар болсын деп, еврейлер бір қой сойып,
үйлерінің есігіне қанмен нышан қойсын!»-деп айтады.
Еврейлер сол күннің кешінде Мысырдан шығып кетеді. Жолды
Құдай жіберген бір құйын көрсетеді. Қызыл Теңізге жеткенде
уақыттың тығыз екендігіне көздері жетеді, өйткені
арттан Мысырдың әскері келе жатқан еді. Сонда
Құдай суды екіге бөліп, еврейлерге жол ашады, бірақ
мысырлықтар арттарынан өте алмайды. Қырық тоғыз
күннен кейін Синай Тауында Құдай
Он Бұйрықты айтып береді.
Алайда, қырық жылдан кейін ғана еврей халқы Қанаанға, бүгінгі
Израиль мен Йордания жеріне жетеді.
Осы жылы
Песах мейрамы сәуірдің 14-іне түседі. Мерекенің бір ерекшелігі ашытқан нанды жеуге тыйым салынуы. Тәуретте
жазылғандай, еврейлерге Мысырдан асығыс кету керек болғандықтан,
нанды ашытуға уақыты болмай, қамырды жіңішкелеп
кептіріп маца деген нан
жасаған. Сондықтан 49 күн бойы еврейлер нан, макарондар, печенье, сыра
және тағы сол сияқты, бидай, тары, арпа және тағы
басқа астық өнімдерін және олардан жасалған
тағамдарды жеуден аулақ болады. Мерекеден бір-екі апта бұрын
үйдің айналасын түгелдей тазалай бастайды. Үйде тіпті
бір түйір нан қалдыруға болмайды. Тазалау барысында ата-анасы тек бірнеше нан
бөлігін сақтап қояды және балалар оны тауып алса,
кішкентай сыйлық алады. Сегіз күндік мерекенің бірінші
күнгі кешінде Седер Кеші тойланады.
Бұл сөз иврит тілінде «жүйе, тәртіп» деген
мағынасында, өйткені тойда Һагада
шел песах деген тойды жүргізетін бір кітапты қолдану керек.
Кітапта кештің жүргізілуінің барлық реті және мерекенің туралы әңгімеленген. Той
басталғанда, отбасы және достар жиналып, үстелге отырады.
Ең алдымен, тойды ең кішкентай (сөйлей алатын) бала бір
әнмен бастайды: «Ма ніштана
һа’лайла
һа’зе мін кол
һа’лейлот? – Осы және басқа
кештердің арасында айырмашылық қандай?» Асаба
сұраққа жауап беріп, әңгімелей бастайды.
Әңгіме барысында, кейде дұға не ән айту, кейде
қол жуу, кейде бір тамақты жеу керек. Бүкіл тойдағыдай
тамақ жеудің де жүйесі бар. Алғашқыда
символикалық тамақтарды жейді, ал басқа күнделікті
жейтін тамақ тек содан кейін ұсынылады.Үстелге барлық
адамдардың алдында үш дана маца
және Седер Табағы,
алты бөлікке бөлінген өзіндік орны бар табақ
қойылады. Табақта салат немесе петрушка, бір жұмыртқа,
картоп немесе басқа көкөніс, шалғам, харосес деген алмадан жасалған
крем және бір қуырылған тауық
мойны болады. Тауық
мойны шөлде жүргенде жолды көрсеткен құйын, Құдайдың саусағының
белгісі болғандықтан, оны жемейді. 1) Біріншіден, шарапқа
дұға оқылады 2) Кейіннен қолды жуады 3) Үстелге қайта
оралып, бір бөлік картопты тұзды суға батырып жейді.
Көкөніс көктемнің, ал тұзды су
құлдардың көз жастарының белгісі 4) Кейіннен үш дана мацаны алып келіп, шарап ішеді.
Әңгімеде он қасірет туралы баяндайды, әрбір
қасіретті естіген сайын кіші саусақпен шараптан бір тамшы алып
жерге тамызу –
қасіретте қайтыс болған адамдардың белгісі ретнде
істелінеді 5) Қайтадан қол
жуып, бір дана мацаны алып, ортасынан
сындыру керек. Бұл – теңіздің екіге бөлінгенінің белгісі 6) Енді қышқыл шөпті (салат не петрушка) жейді, себебі
құл жұмысы да ащы болған дегенді білдіреді 7) Содан кейін харосет деп аталатын
алмадан жасалған бір кремді жейді. Бұл үй салуда
қкірпіш қалағанда кірпіштердің арасына
жағылған балшықты белгісі ретнде желінеді. 8) Келесіде жұмыртқаға көшеді.
Жұмыртқа, негізінен, жаңа өмірдің белгісі,
бірақ бір романтикалық ұғым бойынша
«Жұмыртқа еврей халқы тәрізді. Неғұрлым
көп пісірілсе, неғұрлым көп қиындық
көрсе, соғұрлым қатты болады» 9) Ендігі кезекте кәдімгі
тамаққа көшеді. Тойдың соңында тағы да бір
рет маца жейді, және
балаларға сыйлық беріледі.
Әлем
халықтарының көптеген табиғат мерекелеріне
ұқсас, бұл мереке де өмірдегі бір көктем мерекесі, және де діни
ең маңызы бар мереке болып табылады. Еврей діні тарихының
ең түпкі нұсқасын тойлағаннан кейін, адамдар бір-бірімен Ба’шана
һаба’а бі’Йрұшалайім – «Келесі жылы Иерусалимде
кедескенше» деп қоштасады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Sue Levy Elwell, Ruth Weisberg: The
open Door: A Passover Haggadah.2002.
2. Ann
Morrill: Easter, Passover and Other Spring Festivals. 2009, Kar-Ben
Publishing.