Право/6.Борьба с экономическими преступлениями
Искакова Ж.А., м.ю.н., ст.преподававтель
Аманбаева А., студентка группы Ю-31 к
Карагандинский Экономический Университет
Казпотребсоюза,Караганда
Заңсыз жолмен алынған қаражатты немесе өзге
мүлікті заңдастыруға(жылыстатуға) қарсы
күрес процесіндегі кейбір өзекті мәселелер...
Елімізде нарықтық экономика орнағалы бері
әркім көбірек пайда табудың жолында кетті,сол себепті
заңсыз жолмен алынған қаражатты және
заңдастырылмаған мүлікті пайдалану қоғамда
белең алып отыр,осыған байланысты елімізде
заңдастырудың жүргізіліп жатқанына елеулі уақыт
өтіп, көзге көрінерлік нәтижелерге қол жеткіздік. Ол
еліміздің экономикасына оңтайлы әсерін тигізіп, тіркелмеген
мүліктер заңдастырылып, қазіргі таңда
мемлекетіміздің экономикасын жедел дамытудың жаңа міндеттері
ел алдына қойылып отыр.Алайда әлі де болса халық
қолында жасырып, тіркелмеген тиісінше заңдастырылмаған мүліктер
жеткілікті. Елді мекендерден, ауылдан қалаға, қала
маңына қарай қоныстанып жатқан жандар қазіргі
таңда аз емес, ол көшкен ауыл тұрғындарының
қала маңындағы жерлерге өз бетімен орналасып
алғандары да жеткілікті. Дегенмен,
бұндай «ұсақ-түйек» мәселелерден гөрі
маңыздырақ сұрақтарды шешуіміз қажет.
Қылмыстық табыстарды
заңдастыру мәселесі,соңғы он жылда
халықаралық мәселеге айналып отыр. Әлемдегі
қылмыстық немесе басқа заңсыз әрекеттер
нәтижесінде алынған табыстарды заңдастыру экономикалық
қауіпсіздіктің ғаламдық қауіп-қатеріне
айналды,сондықтан да кез-келген мемлекеттің осы аса қауіпті
әрекетпен ұлттық және халықаралық
деңгейде күресу шараларын қабылдау талап етілуде.1Осыған
орай алаңдататын мәселе ол-
заңсыз жолмен алынған
кірістерді заңдастыру(жылыстату) және терроризмді
қаржыландырудың елімізде де кең етек жаюы. ТМД елдеріне, оның ішінде
Қазақстан Республикасына заңсыз жолмен табылған
ақшаны заңдастырудың бір ғана тәсілі
болғаны қызықты. Олар көлеңкелі жолмен
табылған ақшаны шет мемлекеттерге банктер және офшорлық
зоналарда тіркелген серіктестіктерін пайдалану арқылы аударуымен
байланысты.2 2011 жылғы ақпарат бойынша,яғни
осыдан 3 жыл бұрын елімізде заңсыз жолмен алынған
кірістерді заңдастыру(жылыстату) әдістері дами
қоймаған, бұл күрес жүргізуді едәуір
деңгейде жеңілдеткен-ді. Алайда жаңа технологиялардың
дамуына байланысты ақшаны жылыстату әдістері өзгеруде,
сондықтан осы саладағы заңнаманың жетіліп,
өзгеріп отыруы – заман талабы. Қазіргі кезде заңсыз жолмен
алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді
қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы
ұлттық жүйені жетілдіру бойынша бірнеше сұрақтар
туындайды:
-қазіргі
кезде заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға
және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл
саласындағы ұлттық жүйені қалай жетілдіруге
болады?
-заңсыз жолмен
алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға)
және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл
жөніндегі Еуразиялық топпен өзара байланыстың
нәтижелілігі?
-«Заңсыз жолмен алынған кірістерді
заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға
қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының заңсыз
жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға)
және терроризмдi қаржыландыруға қарсы күресудегі
маңыздылығы?
Алдымен,сұрақтарға
жауап бермес бұрын заңсыз жолмен алынған кірістер
сөзіне анықтама берсек: заңсыз жолмен алынған кірістер
- қылмыс және (немесе) әкімшілік
құқық бұзушылық жасау нәтижесінде
алынған ақша және (немесе) өзге мүлік, ал
заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату)
дегеніміз- заңсыз жолмен алынған ақшаны және (немесе)
өзге мүлікті мәмілелер жасау арқылы заңды айналымға
тарту, сол сияқты көрсетілген ақшаны және (немесе)
өзге мүлікті пайдалану.3 Сонымен қатар, ҚР «Заңсыз жолмен
алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді
қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңына»
сәйкес заңсыз жолмен алынған кірістер – қылмыс және
әкімшілік құқықбұзушылық жасау
нәтижесінде алынған ақша және өзге мүлік,
ал оны заңдастыру заңсыз жолмен алынған
ақшаны және өзге мүлікті мәмілелер жасау
арқылы заңды айналымға тарту, сол сияқты
көрсетілген ақшаны және өзге мүлікті
пайдалану болып табылатындығын айта кеткен жөн. Осы Заң
заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға
және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылдар
құқықтық негiздерi мен қағидаттарын,
Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған
кiрiстердi заңдастыруға және терроризмдi
қаржыландыруқа қарсы iс-қимыл саласындағы
қаржы мониторингі субъектiлерiнің, өкiлеттi органның
және басқа да мемлекеттiк органдардың
құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды.
Заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастыруға
қарсы әрекет жасаудың ең бай тәжірибесі
АҚШ-та, өйткені 1970-ші жылы дәл осы елде, "кір
ақшаны" заңдастыруымен белсенді күрес басталды. Ресей
және басқа да ТМД елдері үшін ұлттық заң
шығару жүйесін жетілдіруде,табыстарды заңдастырумен
күресуде пайдаланылатын
қылмыстық-құқықтық шараларды пайдалануда
Қытай тәжірибесі өте маңызды.4 Заңсыз
жолмен табылған ақшаны заңдастырылуымен күреске
бағытталған заң құжаттарын құрастыру
ең алдымен, осы мәселенің маңыздылығын бірінші
түсінген мемлекеттерде(мысалы АҚШ-та, Ұлыбританияда), ал
содан кейін халықаралық-құқықтық
деңгейде де іске асырылып отыр. Оған мысал, ФАТФ-тің
аумақтық 9 тобы бар, соның біреуі – заңсыз жолмен
алынған кiрiстердi заңдастыруға және терроризмдi
қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі
Еуразиялық топ (ЕАТ).5 Қазақстан 2004 жылы осы топтың
мүшесі болды. Осы топ аясында еліміз Ресей, Беларусь, Үндістан,
Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан
және Түрікменстан елдерімен ақшаны жылыстатуға
қарсы күрес аясында ақпараттар мен мәліметтер алмаса
алады.6 Еуразиялық топ
үкіметаралық ұйым болып, халықаралық орган
ретінде жұмыс атқаруда. Бұл топтың басты мақсаты
– мүшелігіне кірген мемлекеттер терроризмнен төніп
тұрған қауіптен ұлттық қаржылық
жүйелерінің ашықтығын және қауіпсіздігін
бірлесіп қамтамасыз етеді, сонымен қатар халықаралық
стандарттар бойынша жұмыс атқарады. Еуразиялық топқа
мүшелік Қазақстанға заңсыз жолмен алынған
кірістерді заңдастыруға және терроризмді
қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы
жүйесін халықаралық стандарттарға сай жетілдірумен
қатар, ФАТФ тобына ЕАТ тобының толыққанды мүшесі
ретінде қатысуға мүмкіндік береді. Осының негізінде біздің мемлекет заңсыз жолмен
алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді
қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы
ұлттық заңнаманы сәйкестендіруі қажет.
Біздің
мақсатымыз – көлеңкелі экономиканың «нәтижелерін»
айту емес, оның көлемін одан әрі арттырмау үшін
тосқауыл қою шараларын жетілдіру. Істелген қылмыстың
нәтижесімен күресуден гөрі, қылмысты болдырмау,
яғни алдын алу жұмыстарын жүргізу керек.7
Қазіргі таңда көлеңкелі экономиканың
деңгейін анықтайтын есептеудің бірыңғай
әдістемесі жоқ, сондықтан да алдыменен мемлекеттік
деңгейде көлеңкелі экономиканы дәлме-дәл
бағалау мәселесін шешу қажет.Қазақстан экономикасын жедел
дамытудың жаңа міндеттері ел алдына қойылып отыр. Оны
талапқа сай жүзеге асыру, мемлекет қорларын реттеу,
бөлу мен болашағын бағдарлау және оның
нақты мақсатын айқындауға байланысты. Заңдастыруды жүргізу ол
тек жеке адамдар үшін ғана емес, сонымен қатар
жалпы мемлекет үшін де оның тиімділігі орасан зор. Әлемдегі
қаржылық операцияларына бақылау қатайған
уақытта меншік иелігі менқаржы активтерінің
мөлдірлігіне деген талаптар күшейе түсетіні анық.
Сондықтан, Қазақстан қоры туралы нақты
ақпарат көздерінің барлығы да жоғары
маңызға ие.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1) «Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси газет.
2013 жыл 11-мамыр. «Қазіргі
таңда көлеңкелі экономиканың деңгейін
анықтайтын есептеудің бірыңғай әдістемесі
жоқ» Автор: Салтан
СӘКЕН, Астана.
2) Иванов.Э.А. «Отмывание денег и правовое регулирование борьбы с ним».
М.:Российский Юридический издательский Дом,1999.С.24
3) «Заңсыз жолмен
алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді
қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»
Қазақстан Республикасының
2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV Заңы
4) Алпысов С.М. Методические
рекомендации по выявлению и расследованию преступлениий в сфере экономики.
А:ТОО «Искандер Компании»,2005. С.146
5) Джуманазаров А.А. «Заңсыз
жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру
әрекеттерінің пайда болу тарихы».
The scientific world of Kazakhstan .
№4(38)2012
6) http://www.elarna.com
7) http://massaget.kz