Қарабалаев Қ.
магистрант 1 курса кафедры международного права
Досымбекова М.С.
научный руководитель к.ю.н., доцент
кафедры международного права
КазНУ им.
аль-Фараби
Ресей
Федерациясы, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы
арасындағы Кеден Одағының
құқықтық мәселелер қызметі
Қазақстан
Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012
жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050»
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында, «Біз
Кедендік Одақ пен Біріңғай экономикалық
кеңістікті нығайтамыз. Біздің алдағы мақсатымыз –
Еуразиялық экономикалық одақ құру». [1]
Қазіргі
таңда ЕурАзЭқ мақсаттарының іске асыру жолында
бірқатар қиыншылықтардың көрінісі аясында тыс
мемлекеттерге теріс ықпалының күшеюі болып табылады.
ЕурАзЭқ
мемлекет-мүшелерінің өзара экономикалық және
кедендік қатынастарының дамуын
анағұрлым ұстап тұрған мәселе, ол кеден
одақ мүшелерінің интеграциялық процесске байланысты
ДСҰ-на қосылу негізінде, сан-алуан көлемдегі СЭҚ
ұлттық жүйесінің реттелуі мен біріңғай,
келісілген сыртқы сауда
және бірлестік деңгейіндегі кеден саясатын реформалау. [2, с. 1]
ЕурАзЭқ
міндеттерін іске асыру кезінде кедендік саясат щеңберіндегі нормативті-құқықтық жағдайды біріңғай кедендік
аумақ пен Бірлестіктің мемлекеттер арасындағы кедендік
саясатты үшінші мемлекеттермен қатынасын үйлестіруді
құрайтын “ЕурАзЭқ заңнамасының кедендік негізі” атты
біріңғай, өңделген кедендік реттеме ерекеше мәнге
иемденеді. [3, с. 42]
Ең
бастысы, одаққа қатысушы мемлекеттер тауардың
біріңғай шығару тәртібі анықтамасын бекітті,
халықаралық келісімдер мен отандастық
құқықты барлық
құқықтық норма бойынша есепке алды және
ЕурАзЭқ шегіндегі Кеден одағының Кедендік кодекс
мәтінімен кедендік заңнаманы біріңғайлады.
Мамандардың
белгілеуі бойынша, егер Ресей мен Беларусьтің кедендік тарифтарды
біріңғайлау дәрежесі 95% (5% проблемалық)
арттырылған, ал Қазақстан мен Ресей қатынасындағы
жағдай 38-40%-ға біріңғайланбаған болса,
біріңғай кедендік тариф қалай жұмыс істемекші,
бұл сұрақ түсініксіз жәйтта қалды.
Сонымен
қатар, егер Ресей ДСҰ-на кіру үшін оның Кедендік
кодексі көбінесе халықаралық стандарттарға сай болса,
онда одақтың Кедендік кодексі бірталай
құқықтық ашшылыққа тап боп отыр.
ЕурАзЭқ
шегіндегі Кедендік одақты құру үдерісі көптеген
байыпты мәселелермен бетпе бет кездесуде. Олар:
1.Кедендік
одақ мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында негізгі
өзгешелікті сақтау
2.Біріңғай
кедендік тарифті енгізу кезіндегі өтемақы механизмінің
болмауы
3.Тауарлардың
шығу сертификаттарының
қолдану бойынша екі жақтың келіспеушілігі
4.Кедендік
одақтың сыртқы шекараларының нығайуы
5.Кедендік
одақ мемлекеттерінің сыртқы сауда саясатын іске асыру
кезіндегі біріңғайлық нормалардың болмауы
Менің
ойымша, жүзеге асырылу процессі келесі бағыттар бойынша
өзекті мәнге ие.
1.Кедендік
одаққа қатысушы мемлекеттердің ұлттық
заң шығарушыларды үндестіру.
2.Кедендік
одақ мемлекеттеріның үшінші мемлекеттерге қатысты
біріңғай сауда саясатын қалыптастыру.
3.Біріңғай
кедендік тарифті енгізу кезінде өтемақы механизмін дайындау.
4.Тауарлардың
шығу сертификаты бойынша біркелкі нысан енгізу.
5.Кеден
одағының сыртқы шекараларын нығайту бойынша қаржы
механзимін дайындау.
6.Кеден
одағы шегіндегі инвестициялық ынтымақтастықты дамыту.
Кедендік
одақтың құрылуы қатысушы мемлекеттерге
нақты экономикалық-құқықтық пайда
әкелуі тиіс.
Біріншіден, үшінші
мемлекеттерге қатысты жалпыға бірдей кедендік тарифтік енгізулер,
сыртқы нарықтағы бәсекелестерге берік тірек
қамтамасыз етеді және контрабандалық мәселелерге жол
бермейді.
Екіншіден,
Кедендік одақ шегіндегі сыртқы экономикалық заңнамалар
мен шаруашылық әрекеттердің біртіндеп
біріңғайлауы мен түзелуі, Кедендік одаққа
қатысушы арасындағы
мемлекеттік құрылым кәсіпкерлерінің
ынтымақтастығы қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді. [4, с. 155]
Үшіншіден,
Кедендік одақтың дамуы артқан сайын, одаққа
қатысушы мемлекеттер арасында машина-техникалық өнімдер,
шикізат ресурстары, тұтыну тауары және т.б., сауда айналымын дамыту
бойынша шынайы алғышарттар құрылады.
Халықаралық
тәжірибеге сүйене қарасақ, Кедендік одақ ол одаққа қатысушы
мемлекеттердің өзара жеке
мақсаты емес, алдағы интеграция жолындағы бір кезеңі
негізінде көрініс табады.
Қорытындылай келе,
Кедендік одақтың экономикалық-құқықтық
нормативтері дұрыс бағытталса, онда болашақта саяси арена мен экономикалық жүйеде
мәртебелі орынға ие бола алады. Кеден одағы арқылы біз
Біріңғай экономикалық кеңістікті құра
аламыз, ал ол деген Қазақстан Республикасының
өркендеуіне алып келердің бірде-бір жолы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан
Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012
жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050»
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы.
2. Мансұров Т.
Кедендік одақ –
шынайы интеграция //Известия,
2008. - №3.-4 с.
3. Кембаев Ж. Белоруссия,
Қазақстан және Ресей Кеден одағы
(құрылған Еуразиялық одақтың
мәселелері мен келешегі) //Юрист. – 2011. -№1-12-19 с.
4. Белоруссия, Қазақстан
және Ресей Кеден одағы: жағдайы, мәселелері, келешегі- Жалпы
ред. Б.К. Сұлтанова – Алматы. – 2009. – 155 с.