Право/5.Уголовное право и криминология
Ю-11 топ ст. Калгужинова
А.М.
з.ғ.к., доценті Өзбеков Д.Ө.
аға оқытушысы Жұмашева А.Т.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті,
Қазақстан Республикасы
Қазақстан
Республикасының қылмыстық кодексінің баптарына
ескертудің сипаттамасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттің бағдарламалы
құжатына сәйкес, қылмыстық заңның
дамуындағы маңызды бағыттың бірі -заңи техникаларды
жүзеге асыру болып табылады. Осыған орай, арнайы әдебиеттерді
зерттеулер көрсеткендей, қазіргі қылмыстық заңда
аса үлкен заңи техникалардың ішінде - Қылмыстық
кодекстің баптарына ескертулер ғылыми
қызығушылықты тудырады. Баптарға ескертулер
алағашқыда РКФСР-дің Қылмыстық
кодексінің құрамынан көрініс тапты 1926 жылдары (58.10,
109, 118 ҚК баптары) және ҚазССР-дің
Қылмыстық кодексінде 1959 жылдары (ҚК 76, 143 баптары).
Ескертулер кеңінен қазіргі қолданыстағы Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінде кеңінен және
жан-жақты қолданылады.
Бұл зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігі
Қылмыстық кодекстің жаңа өңдеуден
өтуіне байланысты зерттелуі, онда ескертулердің
құрылуында және мазмұнында белгілі бір ерекшеліктер
бізбен анықталды.
Арнайы әдебиеттерді
зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, қазіргі
таңға дейін талқылауды қажет ететін арнайы
сұрақ ол ескертулердің қажеттілігі.
Мысалы,
құқықтық нормаларды қолданудағы
ескертулердің мақсатсыз бағыттылығын И.Л.Брауде,
Д.А.Керимов, И.Я.Семенов, И.С.Перетерский, Т.В.Кашанина атап өткен, ғалымдардың
пікірінше: «ескертулердің болуы кодекстердің құрамын
едәуір нашарлата түседі», [1, 68; 2, 131]; «ескертулер
баптардың негізгі мазмұнына қарағанда теңсіз»
[3], «ескерту стилистикалық жаттығудың бір түрі ғана»,
«ескертулерді қолдану заңды түсінуге және оның
айтылуына кедергі жасайды» [4, 69-71], «ескертулер заңи құжаттарды
ауырлатады және шатастырады, орындаушы тұлғалардың
назарын сейілтеді» [5, 118].
Өзге топ ғалымдары ескертулердің қолдануына жағымды
баға береді. Өздерінің басты себебі ретінде: «ескерту,
қылмыстық құқық қызмет
атқаратын ауыспалы, жан-жақты ортаға жауап болы табылады» [6,
62, 65], «ескерту түсіндіру мақсатына қажет, кейбір
мәселелердің басын ашуға, алынып тасталған немесе
кең құқықтық салада қолдануға
бағытталған алғышарт» [7, 87].
Біздің пікірімізше, А.П.Кузнецовтың және Е.Л.Лобовойдың
пікіріне қосылу керек, «бұл жайында сөз көтеру орынсыз,
бұл әлде заңи техникалық тәсіл ме, жоқ па
әлде, заңи техниканың қажетсіз бөлігі ме,
бұл бұрыннан де-факто, де-юре болып танылған технико-заңи
тәсіл болып табылады. Ол құқықтық
құбылыс ретінде танылған, ендеше біз оны мойындап, талқылап,
зерттеуіміз қажет» [8].
Бөлек тарау
ретінде оның құқықтық табиғаты мен
ескертудің сипатын қарастыру қажет. Көп
ғалымдардың пікірінше, олардың ішінде, Панько К.К., Войтович
А., Рарог А.И., Туллиглович М.А., Бойко А.И. және т.б. ескерту
құқықтық нормалардың бір бөлігі деп
қарастырған. Сонымен қатар, ескертуге келесідей
анықтама берілген
«көтермелеу сипатына ие жеке қылмыстық құқықтық
норма ретінде көрініс тапқан» [9, 147], «анықтамалық
нормалар мен алдын-ала жазылған нормалар делінген» [10, 455-456],
«аутентикалық бағалау белгілерінің талдауы» [11, 378],
«нормативтілікке жатпайтын алдын-ала жазылған нормалар» [12, 49-50].
Біз А.Н.Классен, М.С.Кириенконің
пікірімен келісеміз, «ескерту ұғымын бір ғана мазмұнмен
қарастырмайық. Ескерту өзінің қылмыстық
құқықтық маңызы жағынан әр түрлі және Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімнің құрамдас элементі ретінде әр
түрлі рөлді атқарады» [13, 131].
Ресей зерттеушісі
К.К.Панько ескертуді заңи техника деп таниды, мемлекетпен белгіленген қосымша
ережелер мен (ақпаратты) жалпы жазылғанға таралатын,
қоғамдық қатынастарды реттейді. Автордың көрсетуі
бойынша, ескерту
қылмыстық заңшығармашылықтағы
қолданыстағы тәсілдерден тыс тәсіл, себебі
олардың өздігінен әрекет етуі олардың
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміне табиғаты
бойынша кіреді, олар Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінде орналасқан, бөлек баптарда гипотезасында немесе
санкциясында. Ескерту Ерекше бөліміндегі абстрактілі талаптардың теориялық
тұрғыдан практикалық әрекетке өтуіне
құқықтық қарым қатынастардың қатысушыларына мүмкіндік
береді.
Бірақ,
К.К.Панько ескертудің генезисі қылмыстық заңда
қоғамның заңи қажеттілікті түсінуіне,
ортақ ойды қалыптастыруға, сонымен қатар,
қоғамдық қажеттіліктердің арнайы ерекше
құқықтық формада болуына, ортақ шекте жалпы
қабылдана алмайтындығына көз жеткізді. Ескерту заң
шығарушыға сол бапты терең зерттеуге, қоғамдық қатынасты
толықтай реттеуге, қоғамдық өмірдегі
құқықтық аяның шынайы процесстерде
орындалуын жеткізу [14].
Бұндай
ескертуге берілген анықтама орыс тілінде де кездеседі. Талдаулы сөздіктерде
ескерту деп «қосымша ескертпе, мәтінге түсініктеме» ретінде
көрсетеді [15, 593; 16]; «қосымша түсінік, мәтін
соңындағы ескертпе және мәтін астындағы
тізімдеме; ескерту, назар аудару» [17].
Ескертудің
тақырыбының аясындағы қызығушылықтар
оның түрлеріне талдау жасауға мүмкіндік береді.
Г.М.Намның
пайымдауынша, қылмыстық кодекстің баптарының жіктелуіне
байланысты ескертулердің бірнеше түрлерін бөлген. Біріншісі, әрекеттің көлеміне
байланысты ҚР ҚК бекітілген ескертулерін шартты үш топқа бөлуге
болады: 1) ҚК Ерекше бөліміндегі барлық баптарға
тиесілі (ҚР ҚК 307 бабының 5 б. ескерту,
ҚР ҚК 175 бабына ескерту); 2) өз әрекеттерін осы не
өзге тарауға сілтеме жасайтын (ҚР ҚК 288, 289 баптары,
ҚР ҚК 307 бабының 1-4 б. ескерту);
3) нақты сол бапқа бекітілген (ҚР ҚК
125,190,192,193,310-1,311 баптарына ескерту және т.б.).
Екіншісі,
қызметтік сипаттарын бөлек, олар: сипаттаушы, нақтылаушы
және нормативті ескерту деп бөлінеді [18, 4]. Айту керек,
ескертулердің қызметтік сипаты бойынша бөлінуін басқа да
зерттеушілер қолдап отыр
[19, 158-159].
Сипаттаушы
ескертулер түсініктің белгілі бір мазмұның ашады (п.2 ҚР ҚК 192-бабының 2 б. құқыққа
қарама-қайшылық сиапаттағы келісімге сипаттама береді).
Нақтылаушы ескертулер
сандық және сапалық дәрежесін көрсетеді
«маңызды, үлкен зардап,
зиян». Мысалы, ҚР ҚК 190, 193, 208, 209, 214, 222, 310, 311 баптарының ескертулерінде табыстың
көлемінің мазмұны ашылады, ірі (аса ірі) мөлшерде,
елеулі зардап. Нормативті ескертулер (немесе амнистиялық) арнайы шешіммен қылмыстық
жауапкершіліктен босатудың негізін көрсетеді. Мысалы, ҚР
ҚК 193, 208, 214, 312 баптырына
ескертулерінде қылмыстық жауаптылықтан босатудың арнайы
түрлері қарастырылған. Бұлардың ерекшеліктері тек белгілі бір арнайы баптарға
ғана қолданылады, оның ішінде көтермелеу шаралары,
санкциялары немесе қылмыстық жауапкершіліктен босату.
А.Г.Антоновтың
пікірінше, үшініші топтағы ескертулер криминологиялық есеппен
бірізді, бұл ескертулер тек таза компромисстікке негізделген; әрекеттің өкіну сипатымен
компромисстік элементтермен; компромисстікке де өкінуге де жатпайтын
ескертулер [20].
Арнайы әдебиеттерде өзге
ескертулердің түрлері көрсетілген. К.К.Панько барлық
ескертулерді үш жіктемелі топқа бөлуді (біріктіруді)
ұсынады:
ескерту-түсінік; ескерту-шығарып тастау; өзге де ескертулер.
Өз кезегінде, әр топты топ астындағыларға бөлуге болады.
Ескерту-түсінікті: а) дефинициялық ескерту; б) терминдерге
түсінік беру ескертуі; в)
өлшемді ескерту. Ескерту-шығарып тастау: а) қылмыстық
жауапкершіліктен босату ескертпесі; б) қылмыстық жауапкершлікке
тыйым ескертуі (қылмыстық нормалардың қолданылмауы).
Өзге де ескертулерге: а) процедуралық ескертулер; б) шығарып
тастаудан алып тастау ескертуі; в) жіберу ескертуі [15].
Заңи
техникаларды және олардың амал-тәсілдердің
дамытудың жолы Қазақстан Республикасының
саяси құқықтық тұжырымдамасы 2010 жылдан 2020
жылға дейінгі:
Қылмыстық кодекстің нормалары: «жеткілікті дәрежеде нақты
тұжырымдалуы және құқықтық
іс-әрекетті құқыққа қайшы
іс-әрекеттен айыруға мүмкіндік беретін ұғымды
өлшемдерге негізделген болуы тиіс, бұл ретте заң
қағидаларын өз бетінше түсіндіру мүмкіндігін
болдырмау қажет».
Сонымен
қатар, жаңа өңдеуден өткен Қылмыстық
кодекстің 9-бабында «қазіргі кодексте қолданылатын кейбір
түсініктердің мағынасы» енгізілген. Жобаны
құрастырушылар заңнамадағы қолданылатын
терминдерге түсінік берудің маңыздылығын айтады,
түсініксіз, нақтылықсыз, кейбір соттық-тергеу
практикасында және қылмыстық
құқықтық заңнамада соңғы
жылдары тергеу әркеттерінде көрініс табады. Жобада ҚР
ҚК 9 бабында қазіргі кодексте қолданылатын теминдерге
анықтама берілген (қатысушылық нысаны, билік өкілі,
лауазымды тұлға, жемқорлық, террористік, экстремистік
қылмыстардың тізімі, әскери қылмыс түсінігі
және т.б.). Жаңа ұғымдардың ішінде атап көрсететін
«денсаулыққа зиян келтіру» (ауыр, орташа ауырлықтағы,
жеңіл), «отбасылық-шаруашылық қатынас»,
«жасөспірім». Оған қоса, қылмыстық кодекске жеке
бап ретінде терминдерге анықтама беру ескертулері де көзделген
(жаңа ҚР ҚК жобасында 125, 162, 165 баптарына ескерту
және т.б.).
Ауқымды емес
сауалдарды қарастыра отырып, Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексіне ескертулердің қолданылуы туралы,
өзге де заңи техникалық тәсілдерді заманауи қолдану
қылмыстық заңнаманы нақты және түсінікті,
қолжетімді, мүмкіндігінше практикада рационалды
қолдануға үлкен серпіліс береді. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің
құрылымы мен құрамы, жіктелуін анализдеу үшін
әрі қарай зерттеу қажет.
Әдебиет:
1 Брауде И.Л.
Очерки законодательной техники. - М.: Всесоюзный институт юридических наук,
1958.
2 Керимов Д.А.
Законодательная деятельность советского государства. - М.: Юрид.лит., 1955.
3 Семенов И.Я. Законодательная
техника в уголовном праве. Диссертация на соискание ученой степени кандидата
юридических наук. – Челябинск, 2007.
http://www.dissercat.com/content/zakonodatelnaya-tekhnika-v-ugolovnom-prave#ixzz2JuDmK34A
4 Перетерский И.
Примечания в законе (один из вопросов законодательной техники) //Советское
право. - 1928. - №2.
5 Кашанина Т.В.
Юридическая техника. Учебник. - М.: Статут, 2008.
6 Бойко А.И.
Система и структура уголовного права: в 3-х т. - Ростов-на Дону: ЮФУ, 2007.
7 Дурманов Н.Д.
Советский уголовный закон. - М.: Изд-во Моск.ун-та, 1967.
8 Кузнецов А.П.,
Лобова Е.Л. Особенности построения и содержания примечаний к статье 158 УК РФ
// www.unn.ru/pages/issues/vestnik/99990195_West.
9 Зубкова В.И.
Поощрительные нормы в уголовном законодательстве России и некоторых зарубежных
стран: сравнительный анализ //Материалы II Российского конгресса уголовного права. -
М.: Проспект, 2007.
10 Хатеневич Т.Г.
Примечание как форма выражения уголовно-правовых ном и средство обеспечения
системности в уголовном праве //Материалы II Российского конгресса уголовного права. -
М.: Проспект, 2007.
11 Кузнецов А.П.,
Изосимов С.В., Бокова И.Н., Кондакова Д.С. Примечания в уголовном
законодательстве России: эволюция правовой природы, модификаций функций,
техника эффективного использования //законодательная техника современной
России: в 2-х т. Т.2. - Н.Новгород,
2001.
12 Кругликов Л.Л.,
Спиридонова О.Е. Юридические конструкции и символы в уголовном праве. - СПб.:
Юридический центр Пресс, 2005.
13 Классен А.Н.,
Кириенко М.С. Внутренняя среда системы Особенной части УК РФ //Проблемы права.
- 2012. - №5 (36).
14 Панько К.К. Основы законодательной техники в уголовном
праве России: теория и законодательная практика. Диссертация на соискание
ученой степени доктора юридических наук. - Воронеж, 2006. http://www.dissercat.com/content/osnovy-zakonodatelnoi-tekhniki-v-ugolovnom-prave-rossii-teoriya-i-zakonodatelnaya-praktika#ixzz2JuDauaie
15 Ожегов С.И. Словарь русского языка. 22-е
издание. - М.: Русский язык, 1989.
16 Ефремова Т.Ф. Новый
толково-словообразовательный словарь русского языка - М.: Дрофа, Русский язык,
2000.
17 Толковый словарь русского языка. Том I. /Под
ред.Д.Н. Ушакова. - М.: ООО
«Издательство Астрель», ООО «Издательство АСТ», 2000.
18 Нам Г.М.
Вопросы без ответов //Юридическая газета. - 26 ноября 1997 г. - №48.
19 Фокин М.С. Примечания к
статьям Особенной части УК РФ //Проблемы уголовного права, уголовного процесса
и криминалистики. Сб.научн. работ. Вып.7. - Омск, 2003.
20 Антонов А.Г. Классификация специальных
оснований освобождения от уголовной ответственности и их соотношение с
основаниями, предусмотренными ст. 75 УК РФ. //Сибирский Юридический Вестник. -
2002. - № 1. http://www.lawinstitut.ru/ru/science/vestnik/20021/antonov.html