Тренингтік жаттығулардың әртүрлілігі
П.ғ.к.,доцент Танирбергенова А.Ш.,
Психология
мамандығының студенттері Алтынбекова Ә., Смайл А.
«Тұран-Астана» университеті Қазақстан Республикасы
Тренингтік
жаттығулар өзіндік мағыналық және мәндік
жағынан жұмыс блогын құрып, белгілі бір әрекеттер
мен міндеттерге бағытталып, оларды шешуге арналған. Кейде осындай
блог үшін арнайы «реттік
нөмір» (Растиников, 1994 жыл) деген ұғым қолданылады.
Әдетте
жаттығулар әртүрлі әдістермен толықтырылады. Олардың
ішіндегі ең негізгілері – коммуникативті ойын және оған
сипаттама беру.
Тренингтік
жаттығулар көп болғандықтан, кей кезде қай
жаттығуға тоқталатындығына білмей қаласын.
Осыған қарамастан, осы салада тәжірибесі мол психологтар
өзінің жеке (авторлық) жаттығуларын дайындайды.
Тренингті әсерлі әрі нәтижелі жүргәзу үшін,
берілген жаттығулардың кең ауқымына қарамастан,
арасынан ең қажеттісін, маңыздысын таідау тиіс.
Таңдауды
дұрыс жүргәзу үшін жүргізілетін тренингтің
классификациясына сүйену керек. Бірақ та жалпы
қабылданған ереже жоқ. Әр кітаптар мен
әдіснамаларда бір-біріне ұқсамайтын схемалармен
келтірілген.
Келесі ең маңызды тренингтік
жаттығуларды қарастырайық:
Орындалуына байланысты өз ішінде бөлінеді:
Әрбір жеке адамға немесе топтарға. Осы жаттығу фронтальды
өткізілуі мүмкін (барлық қатысушылармен бірге, бір
уақытта орындалады немесе бір қатысушыға орындалып,
басқалары бақылап отырады, яғни көрермен ретінде).
Жұппен орындалатын.
Бір немесе бірнеше жұппен қатар орындауға болады. Келесі бір
жаттығуларға ауысар алдында жұптармен ауысқаны
жөн, сол кезде олар әлеуметтік тәжірибе жинақтай алады.
Микрогруппамен орындалатын.Бір
уақытта бірнеше подгруппа қатарымен орындай алады. Егер де бір
группа шеңбер құрып, жаттығуды орындаса,
қалғандары шеңбердің сыртынан отырып,
бақылауларына болады. Ол жаттығу «аквариум» деп аталады.
Жалпы группамен орындалатын. Көптеген
жаттығулар бірнеше микрогруппада орындалуымен қатар, жалпы группада
да орындала береді. Көбінесе группамен орындалатын жаттығуғ
емес, адамдар санына мән беріледі.
Жоғарыда атап
өтілген топтарға қатысты жаттығулар максималды адамдар
санын шектей алады. Ол жаттығуды орындап отырған группа немесе жеке
адам орындауына байланысты емес, яғни ол жаттығудың мазмұнына
байланысты. Осыны бірнеше үлкен группаға тренингті қатар
өткізгенде ескеру керек. Кейбір жаттығулар адам санының
аздығына да шектеу қояды. Егер де группада 6-7 адамнан кем болса,
орындалатын техника саны қысқарады.
Қандай да бір
жаттығу орындалса, жеке немесе топтық, соңында оны
талқылау болады. Егер де тренинг микрогруппада орындалса, онда
талқылау жалпы микрогруппамен өтеді (жеке-жеке емес).
Ұтымды
әдістердің бірі-өткізілген тренингті микрогруппамен талдап,
кейін ең қызығын, әсерлі сәттерін группамен
талдау. Келесі жаттығуларды орындаған кезде жұптар мен
микрогруппаның қатысушыларын өзгерткен жөн, себебі, осы
кезде ғана олар бір-бірімен сөз алмасып, бір-бірін жақын тани
бастайды.
Әрбір жаттығудың басым ерекшелігі
болады және олар келесідей:
Вербальды емес қарым-қатынас (жест, мимика)
арқылы араласу. Осы артықшылық
группаның коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға
әсерін тигізеді.
Дене активтілігін көрсету.
Бұл дене қимылдарымен байлаеысты жаттығулар.
Сурет салу. Бұл
арт-терапиялық жаттығудың бірі болып табылады.
Жазу. Кері байланыс жасау үшін жазу кеңінен
қолданылады. «Өзіне –өзі хат жазу», «Қоштасу хаты»
сияқты жаттығулар бар.
Мәтіндермен жұмыс жасау. Жаңа ақпаратпен танысу үшін қолданылады.
Жас шамасына
байланысты жаттығулар. Жасқа байланысты қойылған
шектеулер жаттығулармен тікелей байланыстырылады. Яғни,
адамның жасын ескеріп тренингті жүргізу керек. Мысалы: біз мектеп
жастағы балаларға «жұмысқа қалай орналасу»
тренингін өткізе алмаймыз, т.с.с
Жаттығуларды
қолдануға болатын тренингтің стадиялары:
1.
Тренингті бастауға арналған
жаттығу: танысу техникасы, ережелермен танысу, оңай
жаттығулар, группамен жұмыс жасаудағы қызығушылықты арттыру.
2.
Тренингтің бірінші жартысында
өткізілетінын жаттығулар. Қиын емес, бірге жұмыс
жасауына және «біз» сезімін қалыптастыруға
әрекеттеседі. Осы техниканы жасөспірімдерге жүргізген кезде
өте абай болу керек, себебі ол группаның шашырауына әкелуі
мүмкін.
3.
Тренингтің ортасы мен
яқталуына жақын жаттығулар. Осы жаттығулар
группаның бірлігін, бір-біріне деген сенімін арттыруға
бағытталған.
4.
Аяқтаушы жаттығулар. Кері
байланыс құру мен тренингтік жұмыстарды аяқтауға
бағытталған.
Жаттығуларды
қолдануға болатын бөлек тренингтік стадиялар.
1.
Сергіту сәті жаттығулары.
Тренингтің басы мен жүргізу барысында қолланылады. Сергіту
сәтіне келесі критерийлерге сай жаттығуларды таңдаған
дұрыс:
1) Жаттығу қысқа мерзімді әрі жеңіл болу тиіс;
2) Қатысушыларды қызықтырып,
көңіл-күйлерін көтеріп отыру керек;
3) Барлық адамдарды қатыстыру керек (не болмаса максималды
көп адамдар санын қатыстыру).
4) Жаттығу бір уақытта аудиалды, визуалды және кинестетикалық
жолдар арқылы ақпарат қабылдаса тіптен жақсы.
2.
Тренингтің басты уақытында
қолданылатын жаттығулар.
Олар тренингтің басты п шешуге бағытталған.
3.
Аяқтаушы жаттығулар.
Өткізілген тренинг бойынша кері баййланыс құру.
Психологиялық
немесе психотерапиялық бағыт бойынша. Өткізілетін
тренингтің көбінде гештальттерапия, арт-терапия, психодраммалар,
ойын психотерапиялары қолданылады. Және де тренингтік
технологиялардың көбісі бихевиоризмге негізделіп келеді.
Тренингтік жаттығулардың
басымшылығын психологияның белгілі бір бағытына жатқызу
мүмкін емес.
Берілетін
тапсырмалары бойынша олар келесідей болум мүмкін:
-
Қатысушылармен танысу;
-
Қатысушыларды жаттығуға
неғұрлым көп араластыру, белсенділігін арттыру;
-
Группаның бірлігін арттыру;
-
Бірге әрекет ететін дағдыларды дамыту;
-
Вербальды және вербальды емес
қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
-
Дау-дамайлардан, жанжалдардан шығуды үйрету.
Осылар тек басты
мақсаттардың бірі ғана. Жаттығуларды
таңдағанда келесіні ескеру керек:-
-
Группадағы адамдар саны, жасы, жынысы,т.б.;
-
Тренингтің мақсаты, мәселесі;
-
Қатысушылардың тренинке дайындығы,
тренингке деген ниеттері;
-
Жаттығуды өткізетін ортаның
ыңғайлылығы.
Тренингтегі кері байланыс
Кері
байланыс - психологиялық
тренингтердің маңызыды бөлігінің бірі болып табылады.
Кері
байланыс – бұл адамдарды өзін-өзі танудың
басты құралы. Ол тренингтің әсерлілігін арттыратын
басты механизмдердің бірі.
Кері
байланыс қарапайым күнделікті сөәлесуімізден
көрінеді, бірақ ол нақтылы емес. Оның мақсаты-тек
қана адамға ақпаратты жеткізу, бірақ қандай
әсер алғаны оған маңызды емес. Оған мысал
ретінде: адамға өзі туралы айтқаны «сырттан» айтып
жүргенмен бірдей емес (өзіңіз туралы жақында естіген өсекті
еске алыңыз). Ал тренингте болса, кері байланыс дерексіз ақпарат
пайда болмастай жасалынады.
Кері
байланыс дұрыс құрылу үшін келесі жағдайлар
керек:
1)
Адам туралы ақпараттың түсуі;
2)
Осы адамның ақпаратты алуға дайындығы.
Психологтардың айтуынша кері
байланысты саты(стадия) бойынша қарастыру керек:
1 сатысы. Қатысушылардың группадан оқшауланып жүретін
қатысушыларына деген реакциялары, оларға деген
көзқарастары, қандай сезімде болғандары. Кері
байланыстың осы сатыдағы негізгі
мақсаты-қатысушылардың нақты әрекеті.
2 сатысы.
Арнайы әдістер мен әдістемелер арқылы
қатысушылардың бір-біріне сенімділігі мен өздеріне деген
көзқарастыратын анықтай алады. Осы сатыла кері
байланыстың пәні ретінде әр түрлі жағдайларда
көрінуі мүмкін жеке ерекшеліктер алынады.
3 сатысы. Тренингтің соңында өтілген жаттығуды
қорытындылау техникасы.
4 сатысы.
Жаттықтырушыға қатысушылардың ақпаратты
қалай қабылдайтыны жайлы мәлімет алау техникасы. Ол сауалнама
арқылы да алынады.
Кері
байланыс конструктивті болу үшін келесі талаптарға сай болуы шарт:
-
«Қазір және осында» заңына жауап беруі;
-
Сипаттамалы болуы;
-
Спецификалық болуы, яғни жалпы топқа
емес, нақты кімге бағытталғандығы;
-
Мүмкіндінгінше жинақталған болу керек,
әсіресе адам сезімі туралы айтылса;
-
Белгілі бір адамға бағытталуы;
-
Бірнеше адамдардың атынан емес, бір адамның
атынан (немесе микрогруппадан) айтылы
тиіс.
Ақпаратты кері
байланыс – өте жақсы, әрі мықты
құралдардың бірі, ол адамға өзінің
мінез-құлқы мен жүріс-тұрысына сыни көзбен
қарауға көмектеседі және стоп-кадрды қолдануға болады.
Жасөспірімдермен жұмыс істеген кезінде маңызды
белгілерінің бірі, ол-ақпаратты кері байланыс объективті
түрде қабылданатындығында. Түсірілген бейнелер жеке
түскен тұлғаға емес, бүкіл группаға
көрсетіледі. Оны қараған кезде белсенді талқылау
жүреді және 2 есе артық уақыт кетеді. Ал қарап
болғаннан кейін топтық дискуссия жүреді, ол да
бейнебаянның уақытындай уақыт алады.
Тренингте фото мен бейнебаян кең
көлемде қолданылса, оператор ретінде тренингке қатыспайтын
адам болғаны шарт.
Жаттықтырушы, әрі оператор болу өте қиын, әрі тек
тәжірибесі мол адам атқара алады. Ал егер де оператордың
рөлін қатысушылардың біреуіне тапсырылса, ол зейінін
толығымен тренингке бағыттай алмайды.
Қорыта айтқанда, кері
байланыс - басты механизмдердің бірі, ол психологиялық
тренингтің нәтижелілігімен арттырады (әсіресе тренинг
жасөспірімдер мен жастарға жүргізілсе). Жоғары
нәтиже алу үшін кері байланыс талаптарға сай болуы тиіс.
Әдебиеттер тізімі
1.
Анн Л.Ф Психологические тренинги
с подростками. - СПб, 1998.
2.
Баркли Р., Кейпл Д. Теория и
практика тренинга. - СПб,.2002.
3.
Березников А:А Яничева
Т.Г. Тренинг
расширения ролевого репертуара подростка// 18 программ тренингов: руководство
для профессионалов. -СПб,.2007
4. Вачков И.В Основы технологии группового тренинга.
Психотехники: Учебные пособие. - М.,2000.