Абдыбаева Г.М., Каипов Ш.
М..Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАРЫСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ
ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Адамның
құқықтық мәдениеті – күрделі
психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс
қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды
жағын бейнелейді. Тұлғаң осы сапалары болашақ
еңбек қоғамы азаматының
құқықтық мәдениетінің мәнін
құрайды. Жоғары дамыған
құқықтық мәдениет болмай қоғам
алдындағы міндеттерді орынды шешу мүмкін емес.
Құқытық мәдениет екі тұрғыдан
қаралады. Құқықтық мәдениеттің
тұлғалық мәнінде – бұл тұлғаның
күрделі, кешенді қасиеттері. Негізінен тұлғаның
құқықтық мазмұны бар әрекеттер мен
қылықтарының орынды бағытын анықтайды.
Адамның құқықтық мәдениеті –
күрделі. Қоғамда
өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның
іс-әрекеті, межелер, мәдени дәстүрлерінің
құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл
оның еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның
өмір талаптарынан қоғамның еш жерінде жасырынып қалуға
болмайды [9.]. Жас ұрпаққа ұлтық тәрбие
берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің
тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
“Қазақстан - 2030” халыққа Жолдауының
“Қазақстан мұраты” бөлімінде былай баяндалған:
“Ол ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның
саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына
қамқорлық жасайды… Олар бабаларының игі
дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы
нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр
болады. Олар… күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз
елінің патриоттары болады” [1].
Ал Қазақстан Республиканың “Білім туралы”
заңында “Білім беру жүйесінің міндеттері: азаматтық пен
елжандылықты, өз Отаны – Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,
халық дәстүрлерін қастерлеуге әлемдік және
отандық мәдениеттің жетістік түріне барлау,
қазақ халқы мен республиканың басқа
халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен
дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін
меңгеру”, - деп айрықша атап көрсетілген [2,10].
Нақты пайымдауға келмейтін
құбылыстарды ұғыну үшін біз салыстыруды көп
пайдаланамыз. «Барлығы да салыстыру арқылы танылады» деген
ханылқ даналығы тегін емес. Ұлы орыс педагогі К.Д.Ушинский
кез-келген түсіну мен кез-келген ойлаудың негізі салыстыру деген
болатын.
Тұлғаның
құқықтық мәдениетінің негізі
тәртіп пен мінез-құлық көзқарастары,
сенімдер. Бұлар арнайы құқықтық біліммен
байытылуы қажет, одан тұлғаның
құқықтық қатынасы қалыптасып,
түрлі құқықтық жағдайларда тәртібі
мен іс-әрекеті реттеледі.
Әрбір
азамат өз мемлекетінің заңына жауапкершілікпен қарап,
оны орындауды өз міндеті деп есептейді. Өйткені, жас мемлекетіміздің
заңдары еліміздің мұң-мүддесін, тыныштығы
мен саяси тұрақтылығын нығайту жолында қызмет
етеді. Конститутциямыз қоғамымыздың тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді
демократиялық жолмен шешіп, елдің
экономикалық-әлеуметтік дамуына ықпал жасайды. Оның
1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін
құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазнасы –
адам және адамның өмірі; құқықтары
мен бостандықтары», - деп көрсетілген. Сондай-ақ Ата
заңымызда адам құқын қорғау, теңдік,
адам факторын жетілдіру, оның қоғамдық
имандылығын көтеру, құқына сәйкес міндеттер
атқару, әр адамның қадыр-қасиетіне, ар-ождан
бостандығына қол сұқпау т.б. Адамдық,
азаматтық құқықтары заңмен реттелген [6.]
Конституцияның 12-ші бабына сәйкес адам
құқықытары мен бостандықтары танылады және
оларға кепілдік беріледі. Республиа азаматтарының
құқықытары мен бостандықтары
Қазақстан мемлекеті мойындайтын әрі кепілдік беретін өз
азаматтарының белгілі мінез – құлқының
заңдық мүмкіндіктерін білдіреді. Осының
нәтижесінде өркениеті мемлекеттердегі адам мен азаматтардың
негізгі құқықытары мен бостандықтары толық
көлемде Республика Конституциясында бекітілген. Конституция бойынша
оларды жеке, саяси, экономикалық және әлеуметтік
топтарға бөлуге болады.
Жеке
құқықтар мен бостандықтар жайлы
түсінік беріп өтейік.
Өмір
сүру құқығы.
Өмір сүру құқығы – ол ешкімнің
қандай жағдайда болсын айыруына болмайтын адамның басқа
барлық құқығының ең негізгісі 1948
жылғы «Адам мен азамат құқығының
жалпыға бірдей Декларациясында жеке адамның адами
құндылығын мен әр адамның өмір сүру
құқығы жарияланған.
Өмір
сүру құқығы тек Конституциямен ғана емес,
сондай-ақ салалық заңдармен қорғалады. Мысалы:
Өмір сүру құқығы адам өлгенге дейін
өз мәнін сақтайды. «Қазақстан Республикасында
халықтың денсаулығын сақтау туралы» Заңның
52 бабы өмірді қолдаушы аппаратура тек өлім растаған
жағдайда ғана қызметін тоқтатуы мүмкін екендігі
айтылған.
Ешкімнің,
өз бетінше, адам өмірін қиюға хақысы жоқ.
Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін, ең
ауыр жаза ретінде заңмен беогіленгенді, ондай жазаға кесілген
адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы
беріледі.
Әркімнің
өзінің жеке басының құқығы бар
және адамның қадір-қасиетіне қол
сұғылмайды. Адамның жеке басының бостандығы -
өзінің болмысынан туындайтын оның бөлінбейтін
және абсолютті құқығы. Мысалы, заңда
көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе
прокурордың санкциясымен тұтқындауға және
қамауда ұстауға болады, тұтқындалған
адамға сотқа шағымдану құқығы
беріледі. Прокурордың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын
мерзімге ғана ұстауға болады.
Олармен
қатар ұсталған, тұтқындалған, қылмыс
жасады деп айып тағылған
әрбір адам сол ұсталған,
тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап
адвокаттың көмегін пайдалануға құқылы.
Адамның
қадір-қасиеті мемлекетпен қорғалатын
құндылықтарды құрайды, өйткені ол
өзін және өзінің жеке тұлғалық
жағдайын нақ құқықтық мемлекеттегідей
сезінетін кез-келген жеке адамға тән. Қадір-қасиет –
саналы түрде сезіеген, айналып келгенде, оның жеке ішкі және
сыртқы қасиеттеріне айналған «қанына сіңген» жеке
тұлға ретінде сипаттайтын, адамның дамушы ізгі
мінез-әрекеттерінің сырттай бейнеленген көрініс терінде
түсініледі. Адамның қадір-қасиеті оның
қоғамдағы орнына, атағына, тұрмыс қалпына,
кәсіпқойлығына және
басқа жағдайларға байланысты.
Әрбір
адам сый-құрмет пен мойындауға және дербес ой мен
әрекет құқығына лайық. Заң әрекеттерін қолдану кезінде (мысалы:
куәландыру, корреспонденция алу, ұстау, тұтқындау
секілді басқа түрлі тергеу жұмыстарын жүргізу
барысында) адамның қадір-қасиетіне қол
сұғылмауы жөніндегі міндет конституцияда қатаң
көрсетілген.
Қинауға,
күш қолдануға, басқа да қатал не адамның
қадір-қасиетін қорлайтын қатынас пен жазаға тиым салынады. Заң
адамның қадір-қасиетін, ар-ожданын қорғау
мүмкіндіктерін белгілейді. Мысалы,
Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 347-1 бабын сәйкестергеушінің, анықтауды
жүргізуші адамның немесе өзге лауазымды адамның
мәліметтер алу немесе мойындату, не оны жасаған немесе жасады деп
күдік келтірілген іс-әрекет үшін жазалау, сондай-ақ оны
немесе үшінші адамды кез келген сипаттағы кемсітуге негізделген кез
келген себеп бойынша қорыту немесе мәжбүр ету
мақсатымен әдейі тән немесе психикалық зардап
шектіруіне жол берілмейді. Егер
сол әрекет жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян
келтірсе немесе абайсызда адам өліміне апарып соқса, онда оны
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе
белгілі бір қызметтерді атқару құқығынан
айыра отырып, бес жылдан он жылғы мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
Ұлттық және діни
саладағы құқықтар мен бостандықтар
және олардың кепілдіктері:
«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан
халқы» деген конституциялық тұжырыммен
айшықталған – көп ұлтты, саяси алуан пікірлі және
көп конфессияланған қазақстандық
қоғамдағы адам жағдайын бейнелейді. Ұлттық,
партиялық немесе діни болмысты анықтау – ол адамның
өзін-өзіне іштей ұқсастыруының нәтижесі.
Мысалы, төлқұжат жеке басты куәландыратын және
Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын басты
құжат болып табылады. Төлқұжатта азаматтың
ұлты оның иесінің еркі бойынша көрсетіледі. Әркім
өзінің қай ұлттқа, қай партияға
және қай дінге жататынын өзі анықтауға және
оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. Әркімнің ана тілі
мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас,
тәрбие және шығармашылық тілін еркін таңып
алуға құқығы бар.
Дегенмен,
ұлттық белгіні жеке адамның заңи мәртебесінен алу
ұлтаралық қатынас сияқты аса маңызды
саладағыоның рөлін төмендету емес.Тіл мен діннің
қызмет етуі, өз мәдениетін толыққанды пайдалану,
ұлттық және рулық болмысындағы белгілері бойынша
кемістушілікпен күрес мәселелері мемлекетте қолданылатын
заңдар мен егжей – тегжейлі реттелген, ұлттық – мәдени
орталықтары және Республика Президенті жаңындағы
Қазақстан халықтары Ассамблеясы, сондайақ
әртүрлі қоғамдық бірлестіктерді қоса
алғанда мемлекеттік органдардың назарында.
Әр бір Қазақстан
азаматының қасиетті парызы – мемлекетіміздің заңдарын,
басқа адамдардың құқықтарын,
бостандықтарын сақтауға, абыройы мен
қадыр-қасиетін, мемлекеттік нысандарын құрметтеуге
міндетті... Осылар ситяқты т.б. көптеген заңды міндеттерді
жүзеге асыруда, құқықтық тәрбиені
жолға қоюдың маңызы зор.
Оқушылар бойында
құқықтық тәрбиені қалыптастыру
үшін ең алдымен оның міндеттерінің мәнін ашып
өтейік.
Құқықтық
тәрбиенің міндеттері:
1.
Оқушыларға мемлекет пен құқық жайлы
білімдерді меңгерту. Құқықтық
білімнің алғашқы негіздері мектеп Уставында, төменгі,
орта, жоғарғы сынып оқушыларының мінез-құлық
ережелерінде, яғни олардың құқықтары мен
міндеттері туралы құқықтық нормалары бар. Міне,
осы құқық нормалар төменгі сыныптан бастап
оқу-тәрбие үрдісінде түсіндіруден, оқытудан
басталады.
2.Мемлекет
пен заңдарға зор құрмен пен қарау сезімдерін
қалыптастыру. Мұндағы маңызды мәселе,
бүгінгі таңда, еліміздің қайта құрылу
кезеңінде заңдардың демократияны дамытып, әділеттілікті
баянды етудегі атқаратын қызметі мен ерекшелігіне көңіл
бөлу.
3.Жеткіншектердің
мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң
талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікті
әдет-дағдыға тәрбиелеу. Демек,
құқықтық тәрбие арқылы оқушылар
күнделікті жүріс-тұрысына басшылық жасауын дайындауы
тиіс. Еліміздің өндіріс құралдары мен қорын
қоғамдық меншік ретінде көздің
қарашығындай сақтап, Отанымыздың қуатын арттырып,
халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарта
түсуге талпынатын талапкер тәрбиелеу.
4.Біздің
қоғамымыз гуманист, ол халық үшін қызмет жасайтын
болуы керек. Олай болса, құқықтық
тәрбиенің міндеті – оқушылардың азаматтық
белсенділігін қалыптастыру, заңды бұзушылыққа
қарсы күресу. Әр
түрлі
әлеуметтік-құқықтық маңызы бар
жұмыстарға
қатысу
Әдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасының баланы қорғау туралы
Заңы. Алматы. 2003 жыл, 2-бет.
2.
Қоянбаев Ж. Қоянбаев Б.
Педагогика . Астана. 1998 жыл, 181-бет.
3. Еламанов
С. Күктілеуова А. Жастарға арналған праволық білім беру
негіздері. Алматы. 1985 жыл. 84-бет.
4. «Білім беру туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы, Алматы, 1992 жыл,
18-қаңтар.
5. Бабаев С.Б, Оңалбек
Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы. 2005. 163,164-беттер.
6.
Қойбаев Ж. Жастар және праволық тәрбие. Алматы. 1988
жыл, 201-бет.
7.
Әбенбаев С.Ш, Құдиярова А.М, Әбиев Ж.Ә.
Педагогика. Алматы. 2003 жыл, 78-бет.
8.
Ауғанбаева Ұл. Жеткіншек және
құқықтық саналылық. Қазақстан
мектебі. 2001 жыл, №7, 18-бет.
9.
Қоянбаев Ж.Б, Қоянбаев Р.М. педагогика. Астана. 1998 жыл, 186,
187-беттер.
10. Әбенова С.Ш. Сынып
жетекшісі. Алматы. «Дарын». 2004 жыл. 15, 22-беттер.