Орманов Ж.Ә.
оқытушы,энергетика ардагері,
Ұлықбаш А.Ж.
ЭС-12ж тобының 2курс оқушысы
Қызылорда
көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі,
Қазақстан
Өндіріспен әріптестік
мамандықтың біліктілік деңгейін биікке көтермек
2013/2014 оқу жылында біздің колледжде рухты
көтерер екі қуанышты хабар орын алды. Қаланың
іргесіндегі жылу-электр қуат көзі-"Жылу электр
орталығы" МК мекемесімен қызу
басталған әлеуметтік әріптестік негізінде шарт
жасалып, кең ауқымды ғылыми іс шаралар түзілдіру
арқасында колледж "институциялды дамытылу жоспарымен"
конкрусқа түсіп, 21.11.2013жылғы №92 "Под-грант жайлы
келісімге" сай грантты ұтып алды. Нәтижесінде колледждің
басшылығының, арнайы мамандық пәндерінің
оқытушыларының, өндірістік оқыту жетекшілерінің
біліктілігін өз Республикамыздағы озық оқу орындарынан да
басқа Германия,Беларусия сияқты шетелдерде көтеру курстарынан
тәжірибелік тәлімгерліктен өткізу мақсатында 15 миллион
қаржы игерілуі көзделуде, сондай-ақ оқу ісінің
материалды-техникалық базасын нығайту қарастырылуда.
Екінші бір қуаныш жылу-электр
орталығының жаңа директоры Асқар Бекпағанбетов
көп жылдардан бері айтылғанымен іске аспай, тоқырап
қалатын орта арнайы маман даярлайтын техникалық оқу орындарында қуат
көзілік станцияшылар мамандығын ашу жайлы ұсынысының
өлке басшылығы тарапынан қолдау тапқаны. 0902001,
0902002 Тағыда сол әлеуметтік әріптестік негізінде
ЖЭО-ның басшылығының біздің колледжді қалап
отырғаны, біздегі тынымсыз оқу ұстанымын бір
қабырғадан колледждің
"Ақмешіт"
институтының төменгі сатылығы екенін елеп, орта буын
мамандарын бакалавр деңгейіне үзіліссіз көтере алатын
мүмкіндігі барлығы қызықтыратындығы болса керек.
Жаңа басшы кадр тапшылығын көре сала жаңаша
индустриалды даму жобаларында ЖЭО-ның қуатының екі есе
артатыны мен қоса жоғары сапалы ыссы сумен қамтамасыздандырудың
ашық жүйелі, ауыз сулы жасалатыны көзделіп отыруына
қарай, кадр даярлау жоспарын да қарастырып отырғанын
баян-қағазымен ұсынған еді (23.12.2014 жылғы
№2677-8). Осы мақсатта колледждің кіре берісіндегі
ғимаратының бір қабатын ақысыз игеруге ұсынып
отыр. Демек, өндіріс өзіне мұқтаж мамандарын дуалды
тәсілмен даярлатуға мүдделі екендігін келелі
ұйғарымдарымен бетбұрыстық басты қадамын жасап
отыр.
"Ақмешіт" институтымен тығыз байланысты колледждің
"Электрмен қамтамасыздандыру" мамандығынан көп
жылдық тәжірибесі бар, электр станция мамандығымен үндестігінен, еш
қиындықсыз игеріп кететіндігіне күмән келтіріп болмайды. Осы уақытқа
дейінге барлық мамандықтар қуат көзі- электр
станциясынан өндірілетін қуатты таратып, тұтынушыларға
жеткізіп беруді үйретеді,оқытады, ал электр станцияларында осы
құрал-жабдықтардың барлығы дерлік,
нығыздалына –түйінделіне бір станция орнының аясында орнатулы
тұрады, яғни станцияшы мамандығын алғанда тіректер кең
ауқымды энергетика саласының әрбір" қуысы мен
бұрышына" именбестен сіңіп кете береді.
Артықшылығы күштік жылу қондырғылары мен
технологиясына қанығып шығады.
Осы тұста, электр станциясының
ұстанымдық сұлбалығына тоқталмай өте алмайтын
сияқтанамыз.
1сурет. ЖЭО-ның ең қарапайым
сұлбалығы
Белгіленулері: 1-Бу өндіргіш; 2-Бу
қыздырғыш; 3-Бу турбина; 4-Электр өндіргіш; 5-Бу
салқындатқыш; 6-Деаэратор; 7-Қоректік су
сорабы; 8-Су қыздырғыш; 9-Желілік су жылытқыш;
10-Желілік су сорабы; 11-Ауа; 12-Отын; 13-Салқындатқыш айналма су; 14-Бу
суының сорабы; 15-Химиялық тазартылған су; 16-Қоректік су
Қызылорда «Электр Жылу орталығы»
МҚК мекемесі қаланың 2/3 бөлігін жылумен және
электр қуатымен қамтамасыздандыруға арналып, өткен
ғасырдың 60-шы жылдарында "Ленинград жобалау институты
«Буммонтаж» мекемесінің жобалауымен ЦКК комбинатының қуат цехы ретінде жоспарланып, I кезеңі 1964 жылы пайдалануға
берілген " кейіннен Қазақстан қуат министрлігіне"
өткізілген.
Алғашқысында «К» нысаны
ретінде Байқоңыр ғарыш айлағын электр қуатымен
қоректеп тұрған. Бастапқы үш кезеңдігінде Подольск
зауытының ПК 100/120-540 қазандықтары мен Калуганың ПТ
-25/90-535 түрлі бу турбиналарынан құрастырылған.
Кейінгі кезеңдіктерінде Барнауылдың БКЗ 100/220-540 бу
өндіргіштері ПТ-50/90-535 қозғалтқыштарымен
құралған.
Қазіргі кезде станцияның кеңею жақ
түптігінде үш газ турбина қондырғысынан тұратын
және жылу алмастырғыш үш газды қайтара қолданатын
қазандықтар құрамында "Қогенерациялы Жылу Электр стансасы " (ҚОГТС)
тіркелді, жалпы электр қуаты 147МВт-қа, жылу қуаты
350Гкал/сағ-қа дейін молайтылады. Жылу желісінің
ұзақтығы 160км созылды. ЖЭО-ның негізгі
құрамдары болып қазан, турбина, электр цехтары саналады.

2 сурет.
Когенерациялық ЖЭС-тің сұлбасы
Белгіленулері: 1-Электр өндіргіш;
2-Ауа жылытқыш; 3-Жану қапасы; 4-Сығымдағыш; 5-Ауа айдағыш; 6-Газ сорап стансасы;
7-Газ турбинасы; 8-Газды қосалқы пайдаланыс қазандығы; 9-Пайдаланылған
газ айдағыш қазандығы; 10-Жылу алмастырғыш; 11- Желілік
су сорабы; 12-
Даңғылдық су желісі; 13-Оралма су желісі; 14-Жұмыс газы.
Электр
қуаты КОГТЭС-те әрқайсысы 15ММВт-тан 3 ГТГ-15 газтурбоөндіргіштер
арқылы өндіріледі,қайтадан жетілдірілген ОРУ-220кВ тарату
құрылғысы арқылы таратылады. ГТГ-15 құрамы:
-ДЖ-59ЛЗ газтурбиналық қозғағыштар газбен істейді; Электрлі
Т-20-2 УЗД турбоөндіргіш айнымалы тоқтың кернеуі 6,3 кВ, жиілігі
50Гц, жоғары электр қуаты 20МВт; -Оларда жұмыс жасап
өткен ыстық газды қолданатын 3 ыссы сулық
қайтарылма қазандықтардың өндірімділігі
30Гкал/сағ., газды 3мың м3/сағ қайтара жағу арқылы
ЖЭО-ның жылу жүктемелік сызбалығын толығымен
өтейді.
Жылу желісі сағатына 200 ден 400
текше м. Су жоғалысына төтеп бере алады. Алайда техникалық
шектемелік бойынша су жоғалысы табиғи жоғалыстан аспауы тиіс,
60÷80т.м. Асыра жоғалыс су дайындауға қажет тазарту,
құны жоғары, қоспалар шығынын көтеріп
қана қоймайды су режимін ауырлатып,күштік
қондырғылар мен тарату желілерін нашарлатады. Өжірелердегі
сарылдар, жиналған ақпа суларды сорып
алып,қанал-тастамдарға аударып, қол қусырып отыру тұрғын үй
шаруашылығының әріптестігін емес зиянкестігін
көрсетеді, әрі қуат көзінің сенімді
жұмысының жемісін көрудің орнына,
тұрғындарға аязда" жиде
қақтырады". Ал
үстеме су қоректеу (энергетиктер «подпитка»
атайды) жылу желісіне қақтандыру сияқты кері әсерін
әкеледі, зор шығынға душарлайды.
ЖЭО барлық жылу-электр станциялары
сияқты биологиялық отынды пайдаланады, бастапқыда
энергетикалық қатты отынға (жұмсақ
қоңыр Ангрен көміріне)
жобаланса, мазут қосалқы тұтаныстық отын ретінде
пайдаланылған. Негізгі күштік қондырғылар ескі
ғимаратта орналасқан.
Арнайы сабақтарды
өткендегі білім алуда көрнекіліктің алар орны ерекше.
Оқушылардың берілген білім деректерін тыңғылықты
жазып отыру, аудиториялық күрделі де маңызды жұмыс
екенінде дау жоқ. Әсіресе сұлбалықтарды оқи
білу,талдап сараптай алу оқушы тіршілігінің көрсеткіші
іспеттес. Бұл бағытта колледжде дипломдық жұмыста
нақты тақырыпқа стендтер жасау тәжірибесі
көрнекілік құралдар қорын нығайта түседі.
Грантты берген мүмкіндіктер
электрондық нұсқадағы орнатылған стендтер
қатарын кеңейте беретіндігіне сенімдіміз.
Дуалды жүйеге
құлықтылық танытып отырған өндіріспен
әріптестіктің берері мол. Осы тұста ЖЭО-мен кейінгі кезде
қолданылып жүрген өндірісте өткізілетін сабақтар өте
құнды да қызықты жатады. Біз қатысқан
апатты жұмыс тәртібіне қарсы оқу жаттығуларының
рольдік ойындарында қосалқы ойыншы болып қатысып,
талқылауына араласу ұмытылмас тәлім береді. Жұмыс
озаттарымен кездесу, сұхбаттасу қала халқының
қамын жасауды мұрат тұтатын қуаткер маман-жандылықтарын
көріп, ерекше сезімде қаламыз.
Зертханаларымыздағы стендтердің берері жоғары
болса да, оқыған, танысқан құралдардың
өндірісте қалай қайда тұрғанын, қауырт еңбектегі
қимыл сәттерін жұмыс орнында көріп тұрып,
түйсіну деңгейі биік, көңілге ерекше сезім
ұялатады. Мысалы, "релелік қорғаныс және
автоматика" пәнінің идеясы, технологиясына сәйкес
сұлбалықтары мен ұғымдары да күрделенген, сол
нақты құралдарды өндіріс орнының
зертханалық баптау,жинау және жөндеу әрекеттерін
қолмен ұстап, көзбен көру не тұрады.!
Тозығы жеткен бу
қазандарының орнына когенерациялық (қосарландыра
өндірімділі) қондырғыларының электр қуатын
өндірудегі тиімділігі 45,1÷45,3% құраса, отынның
химиялық табиғи қуатын игерудегі тиімділігі 70÷80%
құрайды. Атап айтқанда электр станциясының жалпы
тиімділігіне газ турбинасынан кейінгі пайдаланылған
газды "таза" құнттау немесе қазан
қондырғысында тікелей жағу арқылы электр қуатының
қосымша өндірілуіне еш бөгеттігі жоқ, қай түрі болса да жылу қуаты электр
қуатын ілестіре жүреді.
Осының дәлелі ретінде
КОГЖЭС-тің 1-ші кезеңі 2005жылдың қысында беріліп,
қуат өндіруге "қыс көзі қырауда"
кірісіп кеткен еді. Сол
қыстағы үлесінің ықпалынан ЖЭО-дан
шығарылған электр қуаты сағатына 57833кВт-қа, ал
жылу қуаты 2млн.773мың Гигакалорияға жеткізілді,одан кейінгі
жылдары электр қуатын өндіру деңгейі
тұрақталынып, жылу қуаты 10÷11 %-ға
тұрақты түрде артып отыр.
Қуатын екі есеге арттыру
электр станциясының өңірдегі орны мен оңтүстік
қуат жүйесіндегі маңызын асырып,өлкеміздің
энергетикалық дербестігін нығайтары аян. Әрі жасыл
энергетиканың өңірдегі өрбуін ескерсек, станцияшылар
қатары төл мамандығының ашылуынан Сыр өлкесі
өңіріне ғана емес, Қазақ еліміздің
қанжығалы мамандық ошағына айналар күні бел
астында күтіп тұрғандай сезіледі.
Техникалық
мамандық көзі
қарақты, көкірегі ояу, өресі биік жандарға
икемділік білдіретін салаға жатады,негізгі пәндердің
жиынтылық шыңы іспеттес пәндердің арасында
шоқтығы биік тұратын пәннің бірі де бірегейі
ретінде «Релелік қорғаныс және автоматика» пәні бой
көтеріп тұрады. Бір өзінде жас өрен
бұрынырақта өткен
«Техникалық сызу», «Технология негіздері», «Электр техниканың іліми
негіздері», «Электрмен қамтамасыздандыру», «Электр жетектерінің
негіздері» сияқты пәндерден алған білімін дамыта отырып,
байланыстыра алатындығын паш ете алады.
Болашақ электр
қуаткері өндіріске келгеннен кейін әр алуан
сызбалықтармен күнделікті жүздесуге тура келеді. Оларды
оқи білу, қарастырылған құбылысты жүргізе
отырып, тапсырма алу немесе беру, іс аяқталғанда қабылдап
алып, сапалы сараптай білу, оқу партасы мен
тақтадағы,электронды нұсқама стендтерді игергендігі мен
күнделікті мұқият конспектілеуі және үйде
конспектісін тиянақтау арқылы келесі сабаққа дайындалу
сапасының деңгейін
көтеру машығының жемісі ретінде өзін-өзі
көрсете білудегі іс-қимылының негізі болмақ.
Жоғарыда айтылған тұжырымдардың
расталынуы ретінде «Бір фазалық жерге
қысқа тұйқталу» сабағын ғана
алайықшы. Сұлбалығы шағын ғана, ал
өзінің бір бойына негізгі-негізгі жері бірдей байланыстардың сабақтастығына сиғызып тұрғандай, емес
пе?!

3 сурет. Тарату желісінің бір фазалық жерге
тұйықталуы
Белгіленулері: а) Бір фазалық қысқа тұйықталулы
желінің бөлігі(А фазасы); б)
«0»-дік ағындылықтың алмастыру сызбасы; в) Қысқа
тұйықталу және фазалық кернеу функциялары.
Сол байланыстардың негізгілерін
атап айтсақ: 1.
Сұлбалықтың өзіндік байланысы: Қуат -көзі
өндіргіштен өндірілген қуат түрленткіште кернеуі
көтеріліп, желі арқылы тұтынушыларға
таратылатындығы(электрмен қамтамасыздандырудың үш
алыптарының, бірінсіз бір болмастығын паш етіп тұр).
2. Айнымалы тоқтың тиімділігі, электр
қондырғылардың, жабдықтарының, тарату
тізбектердің құрылысы, заттары, негіздері жайлы төмен
курстардағы пәндермен байланыстырып еске салып өтуге
қолайлы көрнекілік.
3. Электр тоғының тұйықталған ауқымда ғана
ағындайтындығын айқындаған «Электртехникалық
іліми негіздері» пәніндегі әйгілі заңдармен, алмастыру
сызбалығы арқылы есептелінетін сабақтастықты шолып
өту амалы,көзге түртіп көрініс тапқан.
4. Тәуелділік сызбалықтарды салу, үшбұрыштар
ұқсастығына негіздеп геометриялық әдіспен кернеу
өзгерісін түсіндіру тілемей-ақ тілге тиек болып тұр.
Осындай байланыстылықтар арқылы «Релелік
қорғаныстың» төл мақсаты төмендегідей
түйінделеді. «0»-дік ағынды қысқа тұйықталу
тоғының бағыты мен «К» нүктесіндегі қысқа
тұйықталу кернеуінің (Uок) мәнін
фазалық кернеу «UА»-ның түзу сызықты
функциясыда [UА=f(е)]
қысқа тұйықталу қанша аралықта (ɭ )
және тоқтың жерге сіңірілу нүктесі (К) мен
өндіргіштің кернеуі (Uө) белгілі нүктелерін қосу арқылы
түсіріледі. «К» нүктесінен трансформатордың
бейтараптығыжағына қарай кез-келген «Р» нүктесіндегі кернеудің (Uор)
мәнін табу үшін,бейтараптық (трансформатордың)
жерлетілген (Н) нүктесінен жүргізіп «К» нүктесіне
түсірілген тіктіктің қиылысында болатынын
ұғындыра аламыз. Әрі сол нүктедегі кернеудің
туындалуы өндіргіштен емес желідегі трансформатордың жерлетілген
бейтараптығы (Н)болуына ғана байланысты екендігін тұжырымдау
арқылы діттеген мүддеге жеткізіледі.
Алайда қаншама электронды
нұсқадағыны қарап тұру ( теле дидарға да
тесіле қарап жатамыз, несі емірене есте қала берері әралуан
ой салады) мен сұлбалықты қолдан сыза отырып,
түсініктемелерді жүргізе,
суретті сөйлетіп отырудың білім алудағы орны
бөлек, ал оларды өндірістік орында көзбен көріп,
қолмен ұстау өз алдына
үлкен белес. Осы жағынан қарағанда дуалды оқу тәсілінің
өміршеңдігі осында болса керек (оқу мен
өндірістің бастары бір жағаға сиып тұрмақ).
Осы тұста айта кететін бір жайт сапалы
білімнің кепілі болып оқу орнының заттай-техникалық
қорының мықтылығы, жетімділігі тұрады. Сол бағытта колледждегі соңғы
жылдары құрылыстық іргесінің кеңейгендігін,
электронды нұсқадағы
құрал-жабдықтардың алынып, іске қосылуынан,
жарақталу деңгейнің
бой түзегенінін атап өтуді
жөн көрдік. Бұған қоса қаланың
іргесіндегі белді де беделді қуаткерлік кәсіпорны «Жылу электр
орталығы» мен әлеуметтік серіктестік үрдісінің,
станцияның дамуындағы болашақ озық үлгідегі технология мен жаңа техниканы
қолданып, қуаты артатынын ескерсек дуалды әдістің мамандық даярлау ісінің берерінің
молдығы күмәнсіз. Екі
ұжымның ынтымақтастығында «Сабақты
өндірісте өткізу» әдістемелігін екі жақты ойласып,
алдын-ала жасалатын жобалардағы «Технологиялық апатқа
қарсы» жаттығу шаралаында
рольдік ойындарға негіздеп өндірістік персоналдарға,
оқушылардан дублерлік ретінде
қатыстырып, тәжірибелік машықтардың нәтижесін қортындылау,
талдауға қатысудың мәні зор. Оқушылар
өздерін сол бір шарада болашақ машинист, оператор, баптаушы, ауысым
басшысы, кезекші инженер кейпінде сезінуінің өзі не тұрады. Бас инженер мен
сенімділік бөлімі және цех
басшыларының тұжырымдамаларын тыңдау пәндік
сабақты меңгеру деңгейін көтерсе, соңғы
сабақ ретінде еңбек ардагерлері мен озаттармен кездесу,аралап
көру, оқушының осылац
өткізген бір оқу күні жүрегіне нұр түсірері анық,
өшпейтұғын із қалдырары хақ, мамандыққа
бағдар беру ісінде де олар орны ерекше. Осы мақсатта ЖЭО-ға
шақыру шарты ретінде мектептерді, мамандыққа бағдарлау шараларына станция мен
колледж болып, екі жақты білек сыбана кірісіп, маманжанды жастарды мектеп
басы мен ошақ қасынан бастаған жөн. «Нан болса ән
болады» деген ұшқынды
сөзге арқау болсын, әншіге ән салғызу
(бүгінгі талапкерден белсенді қуаткер шығару үшін деп
оқылса) үшін (жан дүниесі жастық талапкерді) сапасы
жоғары ұннан ( мектеп пен жан ұядан) колледжде иін келтіре
илеп, нанын аузына салып бергеннен соң ғана «әншіміз де»
сыбызғыдай сызылып, шырқап кетері аян!
Қолданылған
әдебиеттер
1. И.Е. Цигельман «Электроснабжение гражданских эданий и коммунальных
предприятий» Мск.,В.Ш. 1987г.
2. А.П.Церазов и др. «Электрическая часть ТЭС»,Мск., Эниздат1980г.
3. Н.В.Чернобровов «Релейная защита», МСК, «Энергия», 1984г.