Әулиекөл
ауданында сатылатын сары майды ветеринариялық-санитариялық
сараптамасы
Картабаева С.Е. мамандығы
5В120200
Ветеринариялық
санитария 12-700-14 тобының студенті
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Ғылыми
жетекші – Махметова С.У. ветеринариялық
санитария кафедарсының оқытушысы
Сүт және сүт
өнімдерінің тағамдық құндылығы
жоғары, себебі олардың құрамында адам ағзасына
қажетті барлық заттар, яғни оңтайлы баланстық
қатынастағы және жеңіл қорытылатын заттар бар.
Майдың құрамында адам
организмі үшін өте қажет, арақатынастары
теңгерілген және өте сіңімді заттар– (белок,
май,углевод, минералды заттар, дәрумендер, ферменттер, гормондар
т.б.) мол болады. [1]
Тәтті сары май, қышқыл сары май, вологда майы, какао,
қышқыл сары майы т.б. тәтті тағамдар
қосылған май тортасын айырған май-сары май шайқайтын өндірісте
әзірленеді. Тәтті сары майды пастерленген жаңа
қаймақтан дайындаса, қышқыл сары майды-пастерленген
қаймаққа таза сүт қышқылды бактерияларды
қосып дайындайды. Вологда сары майын 95 градус ыстықта пастерленген
тәтті қаймақтан дайындайды, сондықтан да бұл
майдан жаңғақтың иісі мен дәмі білініп
тұрады.
Еіліміздің сары май дайындайтын өндірістерінде, жұмыс
қазіргі уақытта төмендегідей тәсілмен
жүргізіледі. Сүтті тартып майлылығы 35-40% қаймақ
алады: сонан соң бұл қаймақты 85-57° пастерлейді де,
қаймақты қайтадан тартып, оның майлылығын 83%
көтереді. Осындай қаймақты май шайқағышқа
салып алады да оны өңдейді.
Бірақ, ауру малдан алынған немесе әртүрлі
ақаулары бар май адам ағзасына кері әсер етілуі мүмкін.
Май ақауларын туғызатын
факторларға: сауылатын малдың физиологиялық
күйі, сүт бездерінің немесе малдың жалпы аурлары,
оларды дұрыс азықтандырмау, малды күтіп‑бағу,
жайылым жағдайлары мен сапасыз азықтарды қолдану, сондай‑ақ
сүтте дәрілік заттардың жиналуы және т.б. [2]
Сары майда әртүрлі қоспаның болуы мүмкін. Сары
майда қоспа бар екенін анықтау үшін мыналарды білу шарт:
1) зерттелетін сары майда майлылығы;
2) зерттелетін сары
майдың тұздығы;
Сүт және сүт өнімдеріне қойылатын негізгі
талап – бұл адам денсаулығына зиян келтіретін барлық факторларды
жою болып табылады. Май
бағытындағы шаруашылықтың дамуы ветеринария
ғылымының алдына өндірілетін өнімнің
физико-химиялық және ветеринариялық-санитариялық
көрсеткіштерінің, сонымен қатар олардың
биологиялық және технологиялық сапасын жоғарлатуды міндеттейді. Сондықтан да май және
май өнімдері ветеринарлық санитариялық және
санитарлық‑эпидемиологиялық қызметкерлердің
барлық тексерулерінен өтуі тиіс.[3] Осыған орай, аталмыш
мәселе бойынша Әулиекөл
ауданы базарында сатылатын сары майдың ветеринариялық-санитариялық
сараптамасымен танысу мақсаты
қойылды. Зерттеулер Әулиекөл ауданы базары жағдайында және А.Байтурсынов атындағы
ҚМУ-нің «Ветеринариялық санитария» кафедрасында
жүргізілді.
Әулиекөл базарына әкелінетін сары май Әулиекөл ауданының (Новонеженка,
Новоселовка, Тимофеевка және Диевка) ауылдарынан аптасына 3-рет
әкелінеді.Базарға түскен сары майды құжаттары
тексерілеп, кейін сынама алынды. Тексерілуге түскенсары майды сезімдік және биохимиялық
әдістері арқылы анықталды. Май өнімдерін сатуға
тек анықтама қағазы бар, денсаулығы жақсы,
санитариялық кітапшасы бар адамдарға ғана рұқсат
беріледі. Егер алынған сынамалар сол күні тексерілмейтін болса,
онда майды салқын жерге қою керек немесе әр-түрлі
әдістермен консервілейді.Биохимиялық зерттеулер В.П. Коряжновтың «Практикум по ВСЭ
молока и молочных продуктов», Москва-1981, және С. Қырықбайұлы,
Т.М. Телеуғали, т.б. шығарған
«Ветеринариялық-санитариялық сараптау» практикумы (Алматы,2008 ж)
ережелеріне сәйкес жүргізілді.[4]
Өзіндік зерттеулер
Зерттеу
нәтижелері 1- кестеде көрсетілген.
1- кесте. түскен сары майды сезімдік және
биохимиялық әдістері арқылы анықталды.
|
№ |
Түсі |
Дәмі |
Иісі |
Ылғал-дығы |
Майлығы |
Тұздығы |
|
1.Новонеженка |
Ақ |
Өзіне
тән |
ащытқы |
12 |
50% |
1,0 |
|
2.Новоселовка |
Ақ-сарғыш |
Өзіне
тән |
Өзіне
тән |
16 |
81,5% |
1,5 |
|
3. Диевка |
Ақ-сарғыш |
Өзіне
тән |
Өзіне
тән |
14 |
80% |
1,1 |
|
4. Тимофеевка |
Ақ-сарғыш |
Өзіне
тән |
Өзіне
тән |
14 |
79,5% |
1,3 |
1. «Әулиекөл» базарына күніне
Әулиекөл облыстарының әр аудандарынан әкелінген
40 килограммдай май сатылады.
2. Сатылуға түскен сары май сезімдік көрсеткіштері
негізінен жоғары.
3.Биохимиялық көрсеткіштері төмендегідей болды: тұздығы-1,15,
ылғалдығы– 16, майлылығы-81,5%,бөгде қоспалар
жоқ. Бұл көрсеткіштер Мемлекеттік стандарт талаптарына сай.
4.Ветеринариялық – санитариялық сараптау нәтижесіне
сүйеніп бұл сары майғашектеусіз сатуға
рұқсат берілді.
5. Зерттеулер нәтижесі бойынша №1 сынамада ссары майда ащытқы иіс пен майлығы
төмен болды. Сондықтан
бұл май сатуға жіберілмеді.
Әдебиеттер:
1.
Телеуғалиев Т.М. «Сүт және сүт тағамдарының
гигиенасы», Алматы, Қайнар,1971ж.
2. Телеуғали Т.М., Қырықбайұлы С.,
«Малдәрігерлік-санитариялық сараптау және
малшаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау
негіздері», Алматы,1998 ж.
3. Под.ред. Елемесова К.Е., Шуклина Н.Ф., «ВСЭ стандартизации и
сертификация продуктов», II-томах. Алматы, 2003г.
4. Шуклин Н.Ф., Кырыкбайулы С. и др. «Экспертиза доброкачественности и
радиационной безопасности продуктов. Их стандартизация и сертификация».