Қосбергенова М.А.

№10 мектеп –интернаттың 5 - сынып  тәрбиешісі

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ РУХАНИ ДАМУЫ МЕН  АДАМГЕРШІЛІК ДЕҢГЕЙДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕРІ

 

        Жеке тұлғаны қалыптастыру процесін ұйымдастыру үшін оның үнемі мәдениетке кіруіне зер салу, бүгінгі мәдени жетістіктер дәрежесінде әлемдік мәдениетпен қарым-қатынас жасауы арқылы жеке тұлғаның әлеуметтік өмірдің мағынасына енуін қарастыру көзделеді. Олай болса, бідер жан-жақты дамыған жекетұлғаның тәрбиесінің негізіне адамзаттық мәдениеттің бүкіл дүние жүзілік қоры: ақыл-ой мәдениеті, тұлғаның кәсіби бағдары мен политехникалық және еңбек мәдениеті, адамгершілік мәдениеті, саяси және құқықтық мәдениеті, эстетикалық және денесінің даму мәдениеті, экологиялық және экономикалық мәдениеті алыну керек деп есептейміз.

         «Мәдениет экологиясы» терминін ең алғаш рет академик Д.С.Лихачев 1980 ж. ұсынды. Оның пікірінше, адамгершілік факторынан құрылған адам тіршілігінің объективті негізі – мұраларды сақтау, сондықтан мәдениет экологиясын адамгершілік экологиясы ретінде қарастырды. Мәдениет экологиясының заңдары сақтамаған жағдайда ол қоғамның адамгершілік, рухани жағынан құлдырауына әкеліп соқтыратындығын ескертті (1).

Сонымен, экологиялық тәрбие жеткіншектердің рухани дамуына, оларда қоршаған ортамен өзара іс-әрекетінің адамгершілік деңгейде қалыптасуына, оның ішінде, адамның табиғатпен қарым-қатынасының сезімдік жағына мақсатты бағытталған деп түсіндіріледі. Егер экологиялық білім беру «сана-ойлау-білім-іс-әрекет» ұғымдарымен анықталса, онда экологиялық тәрбие «құндылық-қарым-қатынас-мінез-құлық» ұғымдарымен сипатталады, бұл жағдайда «қарым-қатынас» категориясы экологиялық тәрбиені жүйеге келтіруші тетік қызметін атқарады, ал жеке тұлғаның құнды бағдары, қажеттілігі, ниет-тілегі, адамгершілік бағытын анықтайды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру тұлғаға интеллектуалдық, рухани әсер ету құралдарымен ғана жүзеге асырылмайды, нақты практикалық іс-әрекет процесінде адам экологиялық құбылыстардың мәнін ашады.

Сенімді қалыптастыру үшін теорияның нәтижесін практикалқ іс-әрекетте қолданудың маңызы зор. Оқушы табиғи ортаны қорғаудың нақты жұмысына қатыса отырып, нақты мысалдарда экологиялық заң мен ережелерді сақтау қажеттігін түсініп сезінеді, түрлі сипаттағы экологиялық маңызды жағдайлардың нәтижесін ойлайды. Ол тұлғаның эмоционалдық сферасын қозғап, санасында терең із қалдырады. Нәтижесінде оқушыда табиғатты пайдалану практикасымен байланысты фактілер мен құбылыстарға тұрақты тұлғалық қарым-қатынасқа дағдыланады, экологиялық принциптер мен ережелерді сақтау, қоршаған ортаны қорғау қажеттілігіне сенім қалыптасады.

 Ф.Я. Паленчак және Г.В. Платонов экологиялық қарым-қатынастарды… «адам мен табиғат, сонымен қатар, «табиғат -қоғам» жүйесінің оптимальды жағдайын қолдау мақсатында адамдардың өз арасында» пайда болады деп есептейді (2).

Бұдан шығатын қорытынды, адам биосферасыз өмір сүре алмайды және барлық қарым-қатынастардың жүйесі адам мен табиғат арасындағы зат алмасу процестерін қолдау үшін болады, онда қарым-қатынастардың жиынтығы, экологиялық қатынастар сияқты бір жағынан, адамды қоршаған табиғатпен байланыстырса, ал, екіші жағынан, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастардың қажетті буыны болып табылады. Олай болса, экологиялық мәдениет өзінің элементтері экологиялық сана, арқылы өзінің негізін құрайтын экологиялық қарым-қатынастың деңгейін көрсетеді.

Әдебиеттер:

1.         Лихачев Б.Т. Экология личности. // Педагогика. –1993. С. 19-23.

2.         Полинчак Ф.Я., Платонов Г.В. Экологические отношения, срзнание дятельности // Вест. Моск. Ун-та. –Серия, 7. Философия.-1987.-№4. С.74-82.