Экономические науки /13.Региональная экономика
Бекешева Дана
Айтбаевна
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға
оқытушысы, Қазақстан
Тулеуова Жанар Ертугановна
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлкеттік университетінің «Экономика»
мамандығының магистранты
Шағын бизнесті дамытудағы
несиелендірудің рөлі
Қазақстанда меншікті құралдар
шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың негізгі
көзі болып табылады. Бірақ олар қаржыландырудың барлық
қажеттіліктерін жаба алмайды. Бұл жағдайда
қаржыландырудың альтернативті көзі болып банк несиелері
және мемлекеттің және халықаралық
ұйымдардың арнайы жүргізілетін
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде келісім бойынша
кепіл заты болуы қажет. Кепілхаты мыналар болуы мүмкін: есеп
құжаттарының материалдық бағалылығы;
бағалы қағаздар; валюталық
құндылықтар;. Сондай-ақ, кепіл зат ретінде тек қана
өндіріске тез араласып кететін бағалы құндылықтар
болады. Кепіл түрлері болып, мүлік және
құқық кепілдері табылады. Клиенттің мүлік
кепілі, бұл тауарлы - материалды құндылықтар келілі;
дебиторлық шоттар кепілі; бағалы қағаздар кепілі;
вексельдер кепілі; депозиттер келілі (сол бөлікте болып саналатын);
ипотека; аралас кепіл. Құқықтық кепіл, бұл
несие алушының өзінің мүлігіне құқы
бар кепіл. Мұнда несие алушы кепіл туралы келісім және несие беруші
банк арасындағы байланыс көрсетіледі.
Көптеген
шағын кәсіпорындар қаржылық
тұрақсыздық және
құрал-жабдықтардың жетіспеушілігінен өзінің
даму жолында қиыншылықтарға кездеседі, олардың алдын -
алу барысында жаңа технологиялар енгізіп, өнім мен
қызметтің сапасын жоғарылатып, ұзақ мерзімді
инвестициялар тартып, сондай-ақ, жаңа нарық жасау жолдарын
енгізу сияқты бағыттарды ұстанады. Кәсіпкерліктің
сәтті жүргізілуі үшін белгі бір активтер санын басқаруы
керек. Олар тез пайдаға түспейді, яғни белгілі бір
уақыт арасында ретке келіп отырады. Осы активтерге кеткен жиынтық
шығындар капиталдағы кумулятивті қажеттілікпен
анықталады.
Шағын
кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар үшін ең
өзекті мәселе болып меншік құралдары мен
капиталдың ұзақ мерзімді көздер есебінен туындайтын
қаржылық стратегия табылады. Ғылыми зерттеулер
көрсеткіштері тек қана 5% шетел кәсіпорындары
инвестициялық қорлар есебінен қаржыландырылады. Көбінесе,
шағын кәсіпкерлік меншік жинақтарынан, туыстарының,
достарының жинақтарынан, сондай - ақ коммерциялық
банктердің несиелерімен қаржыланады.
Қазіргі
таңда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті
дамытуда көптеген шаралар жүргізілуде. Экономикасы дамыған
елдердің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерлік
экономиканың дамуына көп әсерін тигізетін факторлардың
бірі. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық өсіміне
әсер ететін қажетті шарттардың бірі ол қаржылық -
несиелік қамтамасыз ету болып саналады. Шағын кәсіпкерліктің
жақсы дәрежеде дамуы, мемлекет тарапынан жүргізілетін
несиелік - қаржылық көмексіз өркендей алмайды.
Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйену
Қазақстан кәсіпкерлері үшін қажетті бағыт
болып есептеледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Е.Темиханов, М. Иванов
Фондовый рынок: Проблемы и перспективы развития// Каспий. — 2000. /с.74/
2.
Б.И. Лисак «Основные методы оценки и управления
риском ликвидности в банках» //Банки Казахстана, 2006. – №11. – 7 с.