Экономические науки /13.Региональная экономика

Бекешева Дана Айтбаевна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, Қазақстан

Жанымбекова Жания

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлкеттік университетінің «Экономика» мамандығының магистранты

Елімізде көлік инфрақұрылымының даму жағдайы

 

Көлік ел экономикасының инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі болып табылады. Нақты әрі үздіксіз жұмыс істейтін көліктік кешен болмайынша мемлекеттің экономикасы ойдағыдай дами алмайды. Бұл ең алдымен, теміржол көлігіне қатысты, сол арқылы халықаралық және аймақаралық жүктер мен жолаушылар тасымалының негізгі бөлігі жүзеге асырылады. Соңғы жылдары Қазақстанда инновациялық жобаларды жүргізу мәселелеріне барынша көп назар аударылуда.

Қазіргі күні теміржол көлігі жаңа технологиялық өнімдер мен жаңа технологиялық ерекшеліктерге көшу қажеттігін сезініп отыр.  Өндірісті үздіксіз жаңа енгізілімдермен қамтамасыз ету, оларды қолданысқа енгізу - көліктегі басқарудың басты қызметі.  Жұмыс барысында үздіксіз тұрақты пайда табу үшін ғылыми-техникалық үдерістің жаңалықтары мен жетістіктерін дер кезінде айқындап, меңгеріп, іс жүзінде қолдануға қол жеткізу қажет. Ал, бұл ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстар орталығының қарқынды дамыған салаларынсыз, ғылыми жұмыстарсыз, жоғары білікті мамандарсыз, теміржол көлігіндегі мақсатқа бағытталған инновациялық саясатсыз жүзеге асуы мүмкін емес [1.159-163c.].

Кәсіпорындағы инновацияны басқарудың кешендік жүйесін қалыптастыру көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты болады. Оларға: өндірістің бұған дейін қалыптасқан даму деңгейі, басқару механизмі мен жүйесінің жағдайы, объектінің инновациялық әлуетінің даму деңгейі, басқаруды ұйымдастыру құрылымының түрі мен бағдары, шаруашылық және инновациялық саясаттың беталысы, өзгерістің қажеттілігін түсіну мен оған қызметкерлердің дайындығы жатады. Атап көрсетілген қажеттіліктер тобы өзара тығыз байланысты. Оларды анықтау мен бағалау факторлар жиынтығын талдау негізінде жүргізіледі: инвестициялық факторлар, уақыт факторы, кәсіпорынның инновациялық іс-әрекеті факторы, тәуекелдік факторы.

Кәсіпорынның инновациялық қызметінің бағытын анықтауда сыртқы ортаға талдау жасау маңызды роль  атқарады. Компания орналасқан аймақтың, сонымен қатар, компания байланыс орнатқан өндірістік аймақтардың мамандандырылған саласы, қаржы салушыларының қызығушылығы, аймақтың географиялық және климаттық ерекшеліктері, экологиялық мүмкіндіктері, аймаққа жаңа енгізілімдерді енгізу қажеттілігі, аймақ дамуының инновациялық түрі (негізінде, жаңалық көзі ҒЗТҚЖ-дың нәтижесі болып табылатындықтан, аймақ өз территориясында орналасқан кәсіпорынның инновациялық қызметін жандандыруға қызығушылық танытуы тиіс) факторлар кәсіпорынның инновациялық қызмет бағытын таңдап алуына әсер етеді [2. 288c.].

Инновациялық стратегияны жасауға дейін инновациялық деңгейді өлшеу мен талдау, сондай-ақ, инновациялық даму бағытына ғылыми-техникалық болжау жасалады. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің бағыттары жаңа енгізілімдерге қажеттіліктерді бағалау, жаңа өнімдерді жасауға қажет ресурстық база мен қаржы мүмкіндіктерін бағалау арқылы анықталады. Жаңа енгізілімдерге қажеттілікті сыртқы орта қажеттілігі, ішкі орта қажеттілігі және инновациялық үдерістің өз қажеттілігі деп бөліп қарастыруға болады.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Стратегическое управление  рисками на железнодорожном транспорте // Финансово-кредитные аспекты стабилизации и укрепления экономики / Международная научно-практическая конференция. – Алматы: АБД Казахстанский университет «Алатау»,  5-6 марта, 2010.  – Б.159-163.

2.  Клейнер Г.Б.,Тамбовцев В.Л., Качалов Р.М.  Предприятие в нестабильной экономической среде: риски, стратегии, безопасность. / Под  ред. С.А. Панова. – М.: Экономика, 2005. – 288 с.