Нуржанова Айна Мардановна т.ғ.к., доцент
Көлеңкелі экономика
Қазақстан экономикасы аясында ғана емес, сондай-ақ
әлемнің басқа елдерінде қалыптасқан
жағдайды да көрсетеді. Сонымен қатар, көлеңкелі
сектордың деңгейі дамыған
және дамып келе жатқан елдерде маңызды түрде
ерекшеленеді .
Дамыған елдер
нарықтық қатынастардың жоғары деңгейіне
қол жеткізді, мұндағы заңдылық мынадай: орташа
жан басына шаққандағы табыс қаншалықты көп
болса, көлеңкелі экономиканың ауқымдары да
соғұрлым көп болады. Бұл көрсеткіш жылына 30
мың. АҚШ долларынан асып түсетін елдердің
әлеуметтік құрылымында халықтың 60-70%-ын
қамтитын орта қабаттар басым рөл атқарады. Олар
көбіне заңға құлақ асатын және
салық төлеуге жауапкершілікпен қарайтын азаматтар болып келеді.
Дамыған елдердегі
көлеңкелі белсенділікке деген мотивация салық жүктемесінің
шамадан тыс көп болуымен түсіндіріледі. Бірқатар елдерде,
мысалы АҚШ-та, көлеңкелі экономика әлемдік
шаруашылықтың алыс бөлшегіндегі елдерден
иммигранттардың қарқанды түрде ағылып келуімен
байланысты.
Атап өтерлік жайт,
нарықтық экономикасы едәуір дамыған елдерде
көлеңкелі экономикаға нәтижелі институционалдық
әсер етудің орталық буыны
мемлекет болып табылады. Бір ерекшелігі, осы елдердегі салық
қылмыстары ауыр қылмыстарға жатады, оған
әкімшілік қана емес, сондай-ақ қылмыстық жаза да
қолданылады. Мемлекеттік қызметшілердің жоғары беделі
мен әлеуметтік кепілдіктер пакеті сыбайлас жемқорлықтың
таралуына жол бермей, ұстап тұр. Сондай-ақ әлеуметтік
қоғам институттары да
көлеңкелі экономикаға қарсылық
көрсетуде маңызды рөл атқарады.
Кәсіпкерлердің кәсіби бірлестіктерінің іскер
қоғамды өз бетінше ұйымдастыру мен өз бетінше
реттеудегі маңызды міндеті
бизнестің этикалық негіздерін қалыптастыру мен
нығайтудан көрінеді.
Яғни, әлемдік
тәжірибе көрсеткендей,
көлеңкелі белсенділік пен оның
ауқымының өсу
мемлекеттің экономикалық даму дәрежесіне байланысты болады.
Ұлттық экономикада көлеңкелі экономиканың
қатысу ауқымы – мемлекеттік
әлеуметтік-экономикалық саясаттың, таңдап алынған
реформа бағытының нәтижелілігіне байланысты. Сонымен,
экономикалық даму деңгейі, мемлекеттің демократиялану
дәрежесі, оның мөлдірлігі неғұрлым жоғары
болса, көлеңкелену
дәрежесі соғұрлым төмен болады. Бүгінгі
күнде тәжірибесі озық болып табылатын индустриаланудан кейінгі даму деңгейіне
ие елдер - бұл кешегі дамыған және дамушы елдер. Алайда,
талдау көрсеткендей, олардың көлеңкелі экономикамен
қалыптасу кезеңінде күрес тәжірибесі (10-20 жыл бұрын) қазіргі
жағдайда қолдануға толық шамада келе бермейді,
оған негізінен әлемдік
интеграция дәрежесі, техникалық және технологиялық прогресс,
саяси жағдай ықпалын тигізеді.
Көлеңкелі
экономиканың көріністері мен әлемдік күрес
тәжірибесі, негізінен оның пайда болу себептер мен
көлеңкелі экономиканың негізгі институттарын жоюға, заңды
бұзғандығы үшін жазалауды күшейтуге
бағытталып отыр .
Мысалы, АҚШ-та ХХ
ғасырдың 30-40 жылдарында экономикалық қылмыс
үшін жазалау күшейтілді. Бұл кезеңде АҚШ-та
барлық әрекеттер үшін қылмыстық санкциялар
қарастырылған бірқатар заңдар қабылданды. АҚШ-тың қазіргі
заңдар жинағында салық төлеуден жалтарған немесе
құтылғысы келген адамдардың жауапкершілігі заңда
100 мың АҚШ долларына
дейінгі айып пұлмен немесе
5жылға дейін бас бостандығынан айырумен көрсетілген, кейде тіпті екеуі де
қолданылуы мүмкін. Осы құжатқа сәйкес,
салықты есептеу мен жинауға жауапты адамдар әдейі дұрыс
емес деректер көрсететін болса, 10 мың АҚШ долларына дейінгі айып пұл
мен немесе 5 жылға дейін бас
бостандығынан айырумен жазаланады. Салыққа байланысты
бопсалаумен айналысатын немесе мемелекетке зиян келтіру мақсатында
жалған қол қоятын, я болмаса есеп жазбаларында жалған
жазба жүргізетін адамдармен ымыраласатын салық
қызметінің жұмыскерлері 10 мың АҚШ долларына дейінгі айып пұл
мен немесе 1 жылға дейін бас
бостандығынан айырумен жазаланады.
Бюджет кірісіне тікелей әсер ететін
көлеңкелі экономиканың негізгі формасы салықтан жалтару
болып табылады. Атап өтерлік жайт,
нарықтық экономикасы
дамыған елдерде салық қылмыстары үшін
белгіленген қылмыстық санкциялар қылмыстық кодекстер
арқылы емес, салық заңнамасына кіретін нормалармен
анықталған. Мәселен, АҚШ-та федералдық деңгейде салық
қылмыстары үшін жауапкершілік Ішкі мемлекеттік кірістер кодексімен , Францияда – Салық туралы жалпы кодекпен, Германияда –
Салық туралы ережемен,
Англия мен Италияда – салық туралы жеке заң актілерімен белгіленген. Салық
қылмыстарын анықтау мен тергеу әрекеттерінің
күрделілігіне қарай, көптеген елдерде салық қылмыстары туралы істі тергеу мен сотта қараудың жалпы
қабылданған стандарттарынан ерекше тәртібі жүргізіледі.
Кестенің
деректері көлеңкелі экономиканың ауқымдары мен сыбайлас
жемқорлық деңгейінің байланысты екендігін
көрсетеді. Салық мөлшерлемесіне келсек, мұндай
тәуелділік барлық кезде байқала бермейді. Мұны көпшілік
экономистердің экономиканың көлеңкеленуі салық
мөлшерлемесінің жоғары болуына тікелей байланысты емес деген
пікірлері растайды.
АҚШ-та салық
қалдықтары сипаттамасының негізгі 3 түрі бар:
- 70%-дан аса салық
қалдықтарын жеке табыс салығы құрайды, ол федералдық кірістің ең
үлкен қайнар көзі болып саналады.
- салық
қалдықтарының 80 %-дан астамын салықтан жалтару
құрайды(табысын жасыру, несиелері мен ақша бөлінісін
көбейтіп көрсету),
- салық
қалдықтарының 18%-ы кем төленген салықтарға
немесе салық декларациясын
берген кездегі қателіктерге
байланысты.
Осыған байланысты
АҚШ-тың Қазынашылық
Департаменті салық қалдықтарын азайту бойынша жаңа
жан-жақты стратегия дайындады, ол салық
қалдықтарының көлемдерін қысқарту бойынша
егжей-тегжей саясат әзірлеуге негіз болып табылады.
Стратегия бірқатар салық төлеуден жалтару
сияқты жалпы шараларды қарастырады, оған мыналар енеді.
1.
Салық төлеуден жалтару мүмкіндігін азайту: заңнаманы
жетілдіру шараларынан құралады
(айып пұлдар салық төлеуден жалтаруды азайтуы
мүмкін,бірақ дұрыс айып пұл салынбауы да мүмкін.
Кейбір айып пұлдар салық төлеушілердің әрекетін
жөнге салу үшін өте аз болып келеді. Ал басқалары
төлеу үшін тым жоғары болады).
2. Ұзақ мерзімді зерттеу жүргізу: Ұлттық
зерттеу компаниясы деректерді жан-жақта талдаудың
маңыздылығын атап өтеді.
Есептік ақпараты тәуелсіз түрде расталуы мүмкін
емес кірістер тексерілді. NRP
баяндамаларының деректері жеке табыс салықтарындағы
салық қалдықтарын есептеу және салық
төлеуден жалтару көздерін анықтау үшін пайдаланылады.
3. Ақпараттық
технологияларды жетілдіру:
1) есептік ақпаратты кеңейту. Заңнама есеп беруге
қойылатын талапты күшейтуі тиіс;
2) қиянатшыл салық төлеушілерді анықтау
бағдарламасын жетілдіру;
3) таңдап алынған
салаларда тексеруді ұлғайту;
4. Салық қызметін
кеңейту: IRS жыл бойы
миллиондаған салық төлеушілерді түрлі көздер арқылы
көмекпен қамтамасыз етеді (білім бағдарламалары, салық
формалары мен жарияланымдар, ережелер, колл-орталықтар, интернет,
көмекші орталықтар және еріктілер көмегі),
олардың салық декларациясын толтыру бойынша сұрақтарына
жауап береді. Олар егде адамдарға, ағылшын тілі екінші тіл болып
табылатын адамдарға
көмектеседі.
Әдебиеттер
1. Экономика и право. Теневая эконмика: учеб. Пособие для студентов вузов / (Н.Д. Эриашвили и др.); под ред. Н.Д. Эриашвили, Н.В. Артемьева. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007. – 448 с.
2. Экономическая теория / Под ред. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича: Учебник для вузов. – СПб: Изд. СПбГУЭФ, Изд. «Питер Паблишинг», 1997. – 480 с.
3. Всемирная прачечная: Террор, преступления и грязные деньги в оффшорном мире / Джеффри Робинсон; Пер. с англ. – М.: АльпинаБизнес Букс, 2004. – 540 с.
4. Саханова А.Н., Сейтмагамбетова М.С., Есенжигитова Р.Г. Сборник кейсов по курсу «Государственное регулирование экономики»: учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2003. – 276 с.
5. С.А. Туржанов. Малый и средний бизнес: проблемы развития, поиск решений. – Алматы, 2004. – 244с.;