Искакова М.С.,Ахунова Д.З.

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет, Қазақстан

                       Банк займдарының есебі

 

 

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі. Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындағы несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғары жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынтыландыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жеке көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.

Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жағдайында коммерциялық және келісім-шарт негізінде беріледі [1].

Қысқа мерзімді несиелер 3000 «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер» бөлімшесінің мына шоттарында есепке алынады.

3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар»

3020 «Уәкілетті органның және Ұлттық банктің лицензиясынсыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар»

Несиелерді есепке алу үшін 4-«Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары ұзақ мерзімді болып сыныпталатын ұйымдардың міндеттемелерін есепке алуға арналған.

4000-«Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» кіші бөлімі ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарын қамтиды:

4010 «Ұзақ мерзімді банктік қарыздар»

4020 «Уәкілетті органның және Ұлттық банктің лицензиясынсыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар»

          Кесте 1 – Несиелік операциялар бойынша шоттар корреспонденциясы

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

дебет

кредит

1

Ағымдағы банктік шотқа банк несиесі түсті

1030

3010,3020

2

Банк несиелері бойынша қарыз жойылды

3010,3020

1030

3

Сатылған облигациялардың құнын қажетсіздендіру

1030, 4010

1130

4

Вексель мен облигациялардың ұзақ мерзімді төлемі

4030

1010,

1020, 1030

5

Келісімде белгіленген төлем мерзімінің басталуына қарай қарыз беруші кәсіпорынға тиесілі сомасын аударуды бастаған

4010

1030

 

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі. Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі [1].

Кәсіпорын несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша түрінде банкке өтініш береді. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер кәсіпорынның қарызы жоқ болса және бұрындары аталмыш кәсіпорын олардың берген несиесін оқтын-оқтын пайдаланып отырған болса, онда кәсіпорынның берген өтінішінің өң шешімін табуы мүмкін.

Аталған құжаттар болған жағдайда банкке заңмен белгіленген талаптарға, санитарлық-тазалық, экологиялық және басқа да нормаларға жауап беретін кәсіпорындарының құрылысының жобасы, сондай-ақ жоғарыда аталған нормалардың, мердігерлік келісімдердің сақталатындығын растайтын сараптау мекемелерінің және смета құжаттары бар болса ғана несиелеу саясаты оң шешімін табуы мүмкін.

Несие беру келісімі шарты бекітілгенге дейін банк қарыз алушының несиені қайтару қабілеттілігін мұқият талдауға, қарыздың өтелмеуіне әсер ететін факторларын; қарыз алушының атағын, бұрын алынған ссудасын уақытында өтеуі, басқа міндеттемелерге қатынасын, қарыз алушының экономикалық және қаражаттық жағдайын, балансы бойынша төлем қабілеттілігін және несиені пайдалану тиімділігін және т.б. мүмкіндігін зерттеуге міндетті  [2].

 

Пайдаланылған   әдебиеттер  тізімі

 

1.     Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл

2.     Толпаков, Ж.С. Финансовый учет-1. Караганда 2013 г