Э.ғ.к Джрауова К.С

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

            Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады.

         Осыған орай салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерді қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.

         Егер Кодексте өзгеше көзделмесе, онда салық төлеуші салық міндеттемесін орындауды дербес жүзеге асырады. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:

         а) салық органына тіркеу есебіне тұрады;

         б) салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің есебін жүргізеді;

         в) салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді салық базалары мен салық ставкаларын негізге ала отырып, бюджетке төленуге тиісті салық және басқа да міндетті төлемдер сомасын есептейді;

         г) салық заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептеп шығарылған және есептелген сомаларын, сондай-ақ салық міндеттемесі орындалмаған жағдайларда, салық өсімпұлдары мен айыппұлдарын төлейді.

         Салық төлеуші салық міндеттемесін Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауы тиіс. Салық төлеуші салық міндеттемесін мерзімнен бұрын орындауға құқылы.

         Салық міндеттемесін орындау кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу ерекшеліктері:

         - төлем көзінен ұсталатын салық сомаларын есептеуді салық агенті жүзеге асырады;

         - кодекстің ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерінің сомасын есептеу жөніндегі міндет салық органына және уәкілетті органдарға жүктелуі мүмкін.

         Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

-         есепке жазылған өсімпұлдар;

-         берешек сомасы;

-         айыппұлдар сомасы.

Жеке тұлғаның салық міндеттемесі:

-         қайтыс болғанда;

-          күшіне енген сот шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялағанда тоқтатылады.

Жеке кәсіпкердің салық міндеттемесі жеке кәсіпкер ҚР-ның заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметін тоқтатқаннан кейін тоқтатылады.

Заңды тұлғаның салық міндеттемесі:

-         таратылғаннан кейін;

-         қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бірігу және бөліну жолымен қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.

Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу- бұл салық төлеуші туралы мәліметтерді ҚР салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу.

Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасы- салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.

Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру салық төлеушіні:

-         жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат ретінде;

-         қосылған құн салығы бойынша;

-         электрондық салық төлеуші ретінде;

-         қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырушы салық төлеуші ретінде;

-         салық салу объектісін және салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне алу болып табылады.

          Салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді айқындау Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен алынған ақпараттың негізінде жүргізіледі.

          Кіріс есептеу үшін салық төлеушінің банктік шоттарына, төлем карточкаларына, сондай-ақ банк шотынан көшірмемен расталатын өзге де төлем және есеп-қисап құжаттарынан ақшалардың түсуі туралы ақпаратты және салық төлеушінің ақша алу фактісін растайтын басқа да құжаттарын пайдаланады.

          Салық Кодексінде айқындалған ұйымдар немесе жеке тұлғалар тексерілетін салық төлеушіде алынған басқа табысы бар екендігіне қатысты ақпарат берген кезде аталған табыстардың сомасы жалпы табыс сомасына (салық салынатын айналымға) енгізілуге жатады.

        

Әдебиеттер тізімі:

1.  Галеева Н, Корякина А, Глубокова Н. Налоговый менеджмент: учебное пособие- Издатель:Евразийский открытый институт, 2011

2.  Селезнева Н.Н Налоговый менеджмент: администрирование, планирование, учет: учебное пособие- Издатель: Юнити-Дана, 2015