ТАЙМ МЕНЕДЖМЕНТ НАРХОЗ Университеті Алматы қаласы, Қазақстан РеспубликасыТасжарғанов С.И., менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Кілттік сөздер: тайм менеджмент, менеджер, дағдылар, дамыту
Аңдатпа. Бұл мақалада тайм менеджменттің менеджер қызметіндегі рөлі жайында және оларға уақытты басқару бойынша кейбір ұсыныстар берілген.
Кез келген кәсіпорының болашағы оның жетекшісіне байланысты болады. Менеджерлер жоғары оқу орындарында дайындалады. Бірақ белгілі себептерге байланысты кешегі түлектер, бүгінгі студенттер менеджер қызметіне дайын емес. Оның басты себептері білімнің жетіспеуі не болмаса жеке тұлғалық сапасының кем болуы. Олар тек басты оқу бағдарламаларымен айналысып, болашақ менеджерге қажетті сапаларды жинақтамай жатады. Оған мысал ретінде жанжақты дамытуды, коммуникативті сапаны дамытуды, стратегиялық және сыни ойлау қабілет дағдысын, кейстерді шешуді, өздерінің болашақта жұмыс істейтін мамандығы бойынша уақытылы білім мен тәжірибе алмауында. Көбінесе осы факторлар HR менеджерлерінің басшылық қызметке мамандарды тандауда басты рөл атқарады. Дағдылар студенттік өмірде және өзін-өзі дамытуда пайда болады. Мұндай дағдылар жоғары оқу орындарында ғана емес, кәсіби әдебиеттерде, танымал спикерлердің дәрістерінде, тренингтерде, бизнес ойындарда алынады. Бірақ қазіргі бағдаламалармен оқу барысында оған көп уақыт жұмсалып, өзін-өзі дамытуға аз уақыт қалады. Бұған қалайша уақытты үнемдеп дамытуға уақыт табуға болады? Ол үшін «күні бойы немен айналысатыны туралы тапсырмаларды жинап, жазып және сосын жасау қажет» [1].
Болашақ басшыға ең бастысы уақытты жоғалтпау керек. Уақытты тиімді жұмсай және мақсаттарына жету үшін өз уақытын дұрыс пайдалана алмауы, бұл оның кәсіби беделіне үлкен дақ келтіреді. Ал адам өзін ұйымдастыра алмаса ол басқаларды қалай ұйымдастырады? Сондықтан, өз уақытын дұрыс билiк ете білмейтін адам, ешқашан көшбасшы бола алмайды! Алайда мұндай мәселемен кездескенде қол түсіруге болмайды. Онымен арпаласып, жеңу керек. Басшы болмас бұрын өз уақытымызды басқарып, уақыттың бізге жұмыс жасауын қарастыру аса маңызды. Уақыт - орны толмас ресурс, ол көптеген адамдар саналы немесе санасыз қарауда. Егер де көптеген адамдар уақытын дұрыс және тиімді жұмсаса, онда жабық есіктерді аша алар еді. Адам өзінің біраз уақытын жоғалтқанын түсінген жағдайда, оған көпке танымал «тайм менеджмент» термині келеді [2].
«Тайм-менеджмент» - дербес тиімділігін арттыру жүйесі. Соңғы бірнеше жыл ішінде біздің өмірімізде орын алды [3]. Күнделікті өмірде тайм менеджмент методикасын қолдана отырып, әр нәрсені орындауға уақыт бар екеніне көз жеткізуге болады. Ол үшін төрт қадам жасау керек [4]:
1. Тайм-менеджмент қажеттігін танып білу. 2. Уақыты басқарудың ең қолайлы әдістерін зерттеу және таңдау. 3. Басымды тапсырмаларды жоспарлау.4. Күн сайын оларды орындауды ұстану, тәжірибеде алған білімдерін қолдану.
Бірінші қадам - әрқашан
ең қиын және ең маңызды. Тайм менеджмент инструментін
сирек және дербес
қолданады. Оған әдейі қажеттілік тумындамайды.
Бірақ тайм менеджментті қолдану керек сезімі туындағанда, сіз өз уақытыңызды қалай қолдану керектігін
және болашақта қандай қайтарым болатындығын
түсіне аласыз. Адам өзіне
уақытының керек екендігін түсінбегенше, ол
белсенді түрде оқып және тиімді пайдаланбайды. Тек, сіз тайм менеджмент
сөзі заманауи әдемі сөз еместігін ұғынып, ол жетекші, бизнесмендердің күнделікті өмір сүру
стилі екенін
түсінген жағдайда, сіз уақытыңызды бос кетірмей, оны пайдалы және орынды
жұмсайсыз. Сіз өзініздің
әрбір сағат, әрбір минутыңызды бағалап, дұрыс бағытта
жұмсай бастайсыз. Себебі, тайм менеджмент біздің шектеулі ресурсымыз, яғни уақытты ең тиімді жолмен дұрыс
жұмсауға мүмкіндік береді [5]. Бұл келесі
қадамға көшудің сигналы болады.
Уақытты қалай жұмсау жолын білмегенше, уақытты басқаруды қалау жеткіліксіз. Сондықтан қазірден бастап, бос уақытыңызды қолданып оны кітап оқып, арнайы тренингтерге барып, өз-өзіңізді жетілдіруге болады. Бірақ
тайм менеджментті қалаушы негізгі ережелерді де ұмытпаған
жөн.
Екінші қадам. Біріншіден
уақытқа абстрактілі түрде қарамау, оны тайм менеджмент
туралы көптеген кітаптардың бірінші тарауында үйретеді.
Олардың бірінші беттерінен бастап уақытқа ақша ретінде
түсініп қарастырады. Себебі біз ақшаны жақсы
көреміз, үнемдейміз, сақтаймыз және көбейтеміз.
Сол сияқты уақытқада қарау керек. Уақытпен
ақша арасында тек бір айырмашылық бар, ақшаның орнын
толтырып қайта табуға болады, ал өткен уақытты
артқа қайтаруға болмайды. Екіншіден,
тайм менеджмент мамандарының кеңесі бойынша «бақамен» достасып,
ал «пілдерді» бөліп алыңыз. Әр адамда өзінің
кішігірім мақсаттары бар, оларға біз мән бермей,
көңіл аудармаймыз. Алдымен осы мақсаттарға
көңіл бөліп оларды уақытылы орындауымыз қажет.
Осындай кішігірім мақсаттарды біз бақа деп қарастырамыз.
Бақа мақсаттарын орындау туралы ойланбай, сол сәтте
орындағанымыз жөн. Егер біз қысқа мерзімді
мақсаттарға қол жеткізгеннен бастап, бойымызға руx
жинаймыз, және келесі мақсаттарға жетуге күшіміз
көбейеді. Қысқа мерзімді мақсатқа жеткенде
ұзақ мерзімді мақсаттарғада жетуге біздің ынтамыз
пайда болады. Сонда «піл» дегеніміз не? Піл дегеніміз, ауқымды
ұзақ мерзімді мақсаттар. Олар бізге өте қиын
болып көрінеді және қай басынан бастау керек екендігін білмей
қаламыз. Сол себепті, ұзақ мерзімді мақсаттарды
біз бірнеше қысқа мерзімді мақсаттарға бөліп,
оларды жай бөлмей логикалық байланыспен, ең азынан
көбіне қарай орындауымыз керек. Сонда біз пілді бірнеше
бақаға бөлеміз. Және біз бірінен кейін бірін орында
мақсатқа жетер жолда уақытымызды үнемдейміз. Сонымен
қатар біз Паретоның әйгілі принципін есте сақтауымыз
керек. Ол 20% күш 80% нәтиже береді. Сондықтан біз
барлық күшімізді бір мақсатқа жұмсамай, оны
бірнеше мақсаттарға бөлгеніміз дұрыс [5].
Үшінші қадам. Мақсаттарымызды
жүйелендіріп олардың басымдылығы бойынша қарастыру.
Қай істерді істегенде мақсатқа жетуге болады, яғни
аяқталуға қалған істерді бітіру,
маңыздылығы бойынша бөліп қарастыру, сонымен
қатар бос уақытта қандай істерге көңіл
бөлуді айтамыз. Өзімізге ереже бекітіп демалыс
күніміздің 10-20 минутын келесі аптаның жоспарын бекіту
керек. Маңызды істерді белгілеп оларға керекті уақытты
бөлу керек. Маңызды істерге белгілеп қатаң
уақытты алып сол уақытта орындау. Мұндай істерге кездесулер,
келісімшарттар және үй тапсырмалары жатады. Маңызды
істердің арасында уақыт аралығын қалдыруымыз керек. Әдетте
60% маңызды істерді орындауға, ал 30-40% уақытты резерв
ретінде қалдыруымыз қажет. Себебі кездесулер созылуы, кейбір
шаруалар кедергі келтіруі мүмкін. Бұл принцип қарапайым
бірақ тәжірибеде аз қолданылады. [5].
Сіз кешігесіз, уайымдайсыз, графигіңіз бұзылады, бір күндік
істерініз шатысып кетеді. Ондайға жол бермеу керек. Сондықтан тайм
менеджмент мамандары екі тізімді қарастырады. Біріншісі,
қатаң маңызы жоғары істер, екіншісі икемді аса
маңызды емес істер. Икемді істерді күн аралығында
орындауға болады. Мысалы, метрода кетіп бара жатқанда кітап
оқып, жаңа ақпараттармен танысып, не болмаса автобуста
аудиокітаптарды тындап өз-өзіңізді жетілдіруге болады.
Осындай айла тәсілдердің арқасында сіз уақытынызды
үнемдейсіз, және сол үнемдеген уақытынызда таза ауада
демалуға, жанұяңызбен уақыт өткізуге болады.
Тағыда қол тимей жүрген істерді бітіруге болады.
Төртінші қадам. Тайм
менеджменттің барлық принципін оқып, өзіңізге
лайықтысын таңдап алу керек. Тек қана таңдап
қоймай, оны практикада қолдану керек, яғни бүгіннен
бастап, себебі теориялық білімнен гөрі тәжірибе сізге
нәтиже береді. Күніңізді жоспарлаудан бастаңыз,
оған сізге қалам мен парақ қажет. Істерді
маңыздылығы бойынша жіктеңіз, әр істің
қасына маңыздылық дәрежесін қойып шығыныз.
Келесі күні сол жоспарды орындауға тырысыныз, жоспар бойынша
қай істі бастау керектігін білетін боласыз [7].
Уақытты
басқару ол үздіксіз циклдік үрдіс, өзіндік жүйе,
және ол күнделікті өмірге ену керек.
Ең басты
қорытынды, уақытты басқару - ол барлығын үлгеру
емес, ең маңызды шаруаларды үлгеру!
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.Карри М. Режим гения. Распорядок дня
великих людей. М.: «Альпина Паблишер», 2013.
2.Кови С.Р. 7 навыков
высокоэффективных людей. Мощные инструменты
развития личности. М.: «Альпина
Паблишер», 2012.
3.Аллен
Д. Как привести дела в порядок.
Искусство продуктивности без стресса. М.:
«Манн, Иванов и Фербер», 2013.
4.Кеннели
Д. Жесткий менеджмент. Заставьте людей
работать на результат. М.: «Альпина
Паблишер», 2012.
5. Лидс
Р. Полный порядок. Понедельный план борьбы
с хаосом на работе, дома и в
голове. М.: «Альпина Бизнес
Букс», 2012.
6.Архангельский
Г. Тайм-драйв. Как успевать жить и
работать. М.: «Манн, Иванов и Фербер», 2011.
7.Милюков
Е.С. Тайм-менеджмент как инструмент управления
производительностью. //Экономические науки. —
2011. — № 4. — с. 100—105.
ТАЙМ МЕНЕДЖМЕНТ Университет НАРХОЗГ.Алматы, Республика КазахстанТасжарганов С.И., Страший преподаватель кафедры Менеджмент Ключевые слова: тайм менеджмент, менеджер, навыки, саморазвитие.
Аннотация. В данной статье расматривается роль тайм менеджмента в деятельности менеджмера и даются некоторые рекомендации по планированию времени.