«НАРХОЗ Университеті» АҚ

                                                        «Менеджмент» кафедрасының

аға оқутышысы Шахманова Г.Т.

 

Ақпараттың басқарушылық шешімдерді қабылдау және әзірлеудегі рөлі

 

Ақпаратпен қамтамасыз ету динамикада үрдіс ретінде «коммуникация» ұғымына кіреді. Ақпаратпен алмасу менеджменттің кез келген функциясын (жоспарлау, бақылау, уәждеме, ұйымдастыру) жүзеге асыру барысында қажет. Компанияның имиджін қалыптастырған кезде тұлғааралық қатынастарда маңызды рөл атқарады.

Ұйым ішіндегі комммуникация - ол кәсіпорынды да, оның сыртқы ортасын да қамтып тұратын көп деңгейлі, күрделі жүйе. Коммуникация байланыстырушы үдеріс болып табылады.Тиімді жұмыс істейтін басшылар -коммуникацияда да тиімді, олардың жазбаша жәнеауызша қарым-қатынасы жақсы дамыған, сондай-ақ олар ортаның ақпаратпен алмасуға қалай қарайтынын біледі. Ақпарат ұйым ішінде деңгейден деңгейге сатыласкоммуникациялар аясында ауысып отырады.

Ұлғаймалы бойынша коммуникациялар, яғни, төменнен жоғары, төменгі деңгейлерде не болып жатқаны жайлы жоғары деңгейлерге айтады. Осындай жолмен басшылық жасау ағымдағы мәселелер жайлы біліп отыруға мүмкіндік береді. Бұл жерде ақпаратпен алмасу әдетте есеп, түсініктеме хат ретінде жүргізіледі.

Экономикалық, техникалық және әлеуметтік саланың дамуы ақпараттық үдерістерді, сәйкесінше басқаруды компьютерлендіруді жылдамдатудың  қажеттігін тудырып отыр. Ол қызметкерлерді басқарудың заманауи техникалық құралдармен жабдықтаумен және дербес компьютерлер мен заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде ақпараттарды өңдеумен сипатталады.

Шешім қабылдау - бұл басқару нысанының жұмыс жасау жағдайы туралы бастапқы ақпаратты осы нысанмен болашақта жақсы нәтижелерге қол жеткізудің оңтайлы жолдары туралы ақпаратқа мақсатты түрде өзгерту үдерісі. Бұл жерде шешімдерді қабылдаудың негізін құрайтын ақпараттық аспектіні көрсете кету қажет.  Оны алатын адам үшін жаңашыл элементтерді қамтитын және басқарушылық шешімдерді қабылдау барысында қолданылатын мәліметтер, хабарламалар «ақпарат» ретінде түсініледі. Қабылданған шешімнің тиімділігі көбіне әр түрлі ақпараттардың сапасымен анықталады. Шешім қабылдаған кезде пайдаланылатын ақпараттардың барлық түрін шартты түрде келесілерге бөлуге болады:

- нысан бойынша– тауарсапасының көрсеткіштері, оның ресурсты қажетсінуі, нарық инфрақұрылымының параметрлері, өндірістің  ұйымдық-теникалық деңгейі, ұжымның әлеуметтік дамуы, қоршаған ортаны қорғау және т.б.;

- менеджмент жүйесінің қосалқы жүйесінетиесілігі бойынша - белгілі бір мақсатқа арналған қосалқы жүйе, жүйені ғылыми негіздеу, менеджмент экономикасы, қосалқы жүйенің функционалдық және қамтамасыз етушілігі, жүйенің сыртқы ортасы, қосалқы жүйенің басқарушысы бойынша ақпарат;

- жіберу формасы бойынша- ауызша және таңбалы ақпарат;

- уақыттың өзгеруіне байланысты - шартты-тұрақты  және шартты-өзгермелі (қысқа мерзімді);

- жіберу тәсілі бойынша - спутниктік, электронды, телефон арқылы, жазбаша;

- жіберу режимі бойынша - белгіленетін мерзімде, белгілі бір мерзімде сұрау салу және мәжбүрлеу бойынша;

- қолданысы бойынша - экономикалық, техникалық, әлеуметтік, ұйымдық және т.б.;

- тауардың өмірлік кезеңінің сатысы бойынша - стратегиялық маркетинг, ҒЗТКЖ, өндірістің  ұйымдық-технологиялық дайындығы және тауарды есептен шығарудың басқа да сатылары;

- басқару нысанының субъектіге қатынасы бойынша - фирма мен сыртқы орта арасында, фирма ішіндегі сатылас және деңгейлес бөлімшелер арасында, басшылар мен орындаушылар арасында, ресми емес коммуникациялар.

Ақпарат келесі аспектілердеберілуі мүмкін: семантикалық (яғни, оның мағынасы мен мәні);аксиологиялық (яғни, оның құндылығы); симеотикалық (яғни, оның таңбалылығы); коммуникативтік (яғни, жүйедегі ақпараттық байланыстар); теориялық-көрсеткіштік (яғни, ақпаратты көрсету тәсілі (БАҚ)); гносеологиялық (яғни, танымдық); себепті (яғни, ақпаратты берудегі себеп-салдарлық қатынас); сандық (яғни, оның өлшемі); физикалық (яғни, оның формасы (кітаптар, дискеталар және т.б.); ақпараттың сапасына келесідей талаптар қойылады: өзектілік; сенімділік; толықтық; деректілік; кешенділік; тұрақтылық; құқықтық дұрыстық; пайдаланудың дүркіндігі; жинаудың, өңдеудің және жіберудің жоғары жылдамдығы; кодтау мүмкіндігі.

Ақпараттық ауқым - басқарушылық әсерлерді зерттеу үшін басқару органдары пайдаланатын барлық ақпарат түрлерінің белгілі бір нышандар бойынша реттелген жиынтығы.Ақпарат ауқым құру мақсаты –ақпаратты оңтайлы жүйелендіру, шешелітен міндеттердің ерекшелігіне сәйкес оның басқару деңгейлері бойынша дұрыс бөлу есебінен басқару тиімділігін  арттыру.Ақпараттық ауқым қамтамасыз етуі тиіс:  тұтынушылардың сақталып жатқан ақпараттарды тікелей алуын және оны бірнеше рет пайдалану мүмкіндігін; барлық деңгейдегі басқару органдарының ақпараттық сұраныстарын барынша толық қанағаттандыруды; жедел іздестіруді және сұрату бойынша ақпарат беруді; ақпаратты бұрмаланудан сақтауды; ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғауды.

Ақпарат ағыны дегеніміз -  ақпараттың дереккөзден тұтынушыларға қарай мақсатты түрде жылжуы. Ақпарат ағындарын оңтайландырудың ақпараттың қайталануын болдырмау, оның жүріп өтетін бағытын барынша азайту және басқару органдары арасында ақпаратпен тиімді алмасуды қамтамасыз ету сияқты мақсаты болады.

Ақпараттық ағын нақтылықпен (ақпарат көзі мен ақпаратты тұтынушының болуымен), ақпарат көзінен тұтынушыға дейін жеткізу режимімен (регламенімен) және берілген ақпараттың көлеміменсипатталады. Жіберу режимі бойынша ақпарат тұтынушыға мәжбүрлі түрде, белгіленбеген уақытта және сұрату бойынша келіп түсетін, сондай-ақ күнделікті, декадалық, айлық, тоқсандық, жылдық болып бөлінеді.

Ақпарат көлемі - ақпараттың шартты бірліктерімен (биттер, сөздер, хабарламалар, таңбалар, әріптер, парақтар және т.б.) өлшенетін сандық сипаттама. Ақпараттың көлемі басқару органдарындағы ақпараттың көптігін анықтау, басқарушылық процедураларды автоматтандыру жөнінде шешімдер қабылдау үшін қолданылады.

Алынатын ақпараттың құндылығы қойылған міндеттің нақтылығына тікелей байланысты, себебі дұрыс қойылған міндет шешім қабылдау үшін нақты ақпараттың қажеттігін анықтайды. Басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін білу керек: Басқарушылық шешім қабылдау үшін қандай бастапқы ақпарат керек екендігін? Шешім қандай ақпараттық құжаттарда ресімделеді? Бастапқы директивті ақпарат орындаушыларға, басқару нысандарына дейін қандай тәсілдер арқылы жеткізіледі? Басқару органына басқарылатын нысанның әр түрлі учаскелерінен шешімді орындау нәтижелері мен барысы туралы қандай ақпарат берілуі тиіс? Ақпаратты кім, қандай уақытта және қандай жағдайларда беруі тиіс? Ақпарат қалай ресімделеді, қандай тәсілдермен және қандай арналар арқылы беріледі? Ақпарат кімге, қандай көлемде және ассортименте арналған? Ақпарат басқару субъектісінің әр түрлі тізбегіне, түрлі деңгейдегі басшыларға беріледі; Ақпаратты дер кезінде алуды және оның сенімділігін, оның өтуін бақылауды, дұрыстығын тексеруді қамтамасыз ету жолдары мен тәсілдері; Басқару нысанынан алынатын ақпаратпен жұмыс жасауға арналған орын, әдістер, техникалық құралдар мен адамдар, ақпаратты сақтау, қайта өңдеу және пайдалану тәсілдері, ақпаратты кім пайдаланады; Алынған ақпараттардың негізінде жаңа шешімдер қабылдайтын немесе ескі шешімдерге түзету енгізетін адамдар; Директивтік немесе реттеуші ақпараттың формалары, оны жіберудің мерзімділігі, алушылар мен орындаушылар, орындаушыларға дейін жеткізу мерзімі.

Жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен ақпаратты өңдеудің технологиялық үдерісін ұйымдастыру ақпаратпен қамтамасыз етудің маңызды элементі болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологиялар өзіне қамтиды: жергілікті және бөлуші желілер негізіндегі коммуникацияның жаңа технологиялары; мамандандырылған жұмыс орындары негізінде ақпаратты өңдеудіңжаңа технологиялары; ақпаратты негізгі таратушы ретінде қағазды жоққа шығаратын технологиялар; жасанды  интеллект құралдары - білім қоры, сараптамалық жүйелер, модельдеу жүйелері және т.б. негізінде шешім қабылдаудың жаңа технологиялары.

Список использованной литературы

 

1. Бердалиев К. Б.; Стратегиялық менеджмент:оқулық. ҚР Білім және Ғылым министрлігі бекіткен. - Электрон. текстовые дан. (4,21 Мб). - Алматы, 2011. - 312 б.

2. Брусов В.И., Н.Н. Лябах, Саткалиева Т.С.,Таспенова Г.А.Теория и практика принятия управленческих решений. Москва М. : Издательство..Юрайт, 2014- 279 с. — Серия : Бакалавр и магистр. Академический курс

3. Юкаева В. С. Управленческие решения : учеб. пособие. – М. : Дашков иК°, 2007

4. Смирнов, Э. А. –М. : ИНФРА-М, 2001. – 264 с. Управленческие решения : учеб. пособие

5. Л.А. Трофимова, В.В. Трофимов. – СПб. : Изд-во СПбГУЭФ, 2011. – 190 с. Управленческие решения (методы принятия и реализации): учебное пособие.