Тлебалдина
Н.Т.
Қазақ
инновациялық гуманитарлық-заң университетінің
оқытушысы, п.ғ.к.,доцент,
Қазақстан
Республикасы
Елюбаева
А.Е.
Қазақ
инновациялық гуманитарлық-заң университетінің
І курс
магистранты, Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ТАРИХИ
БЕЙНЕЛЕРДІҢ СОМДАЛУЫ
Аннотация
Мақалада қазақ әдебиетінде
тарихи бейнелердің сомдалуын қарастырады. Әдебиет пен
тарихтың байланысын зерттейді.
Тірек сөздер: тарихи
тұлға, жыр, хан, дәуір, бейне.
Аннотация
В
статье рассматривается описание исторических образов. Исследует связь между
литературой и историей.
Ключевые слова: историческое лицо,
поэзия, эпоха, король, образ.
Resume
The article describes the
description of historical images. Explores the relationship between literature
and history.
Keywords: Historical face, poetry, epoch, king, image
Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін
қазақ тарихи жырлары жекелей алынып, оның ішінде тарихи
жырлардағы хан бейнелері арнайы зерттеу нысанасына айналмауының
объективті және субъективті себептері бар екендігі мәлім.
Қазақ халық ауыз әдебиеті
салалары ішіндегі біз қарастырып отырған қазақ
хандығы, ондағы ел билеу тәртібі, ел билеуші ханның
бейнелік тұлғасына біртіндеп, ең әуелі ертегілер мен
мақал-мәтелдерде жалпылай айтылып, содан кейін батырлар жырында
айқындала түсіп, ал аңыз әңгімелер мен шешендік
сөздерде нақты атап айтылып барып сатылай келе ең тақап
жақын келетін жанр – тарихи жырлар. Қазақ хандығы
кезіндегі шым-шытырық тарихи-әлеуметтік жағдайды бұл
эпикалық туындылардағы хан бейнесінің сомдалуына
толығырақ тоқталмастан бұрын, алдымен осы тарихи
жырлардың жеке жанр ретінде даму жолын, оның кезеңдерін
және зерттелуін қысқаша шолып өткен дұрыс болар.
Тарихи жыр жөнінде білгендерін көпшілікке ұсынудың бір
де бір мүмкіндігін қапы жібермей ерлік деп бағалауға
болатын ыждағаттылық танытқан ғалымдардың
ынта-жігеріне цензура қойған тосқауылдың бір
көрінісі осындай.
Алдымен жыр атағын иеленген Есім хан туралы
кейбір мәліметтерге көңіл аударайық. Халық
арасында аңызға айналған есім хан жөніндегі тарихи
деректер, мәліметтер, зерттеулер бойынша тарихта ондай атпен үш хан
болғанын айта кету керек. ХҮІІ ғасырдың аяғында
қазақ жерінен тыс жерде – Қашғарияда хан
көтерілген, ата тегі туралы әзірге нақты дерек жоқ
қазақтан шыққан Есім сұлтан болған. Ал Есім
хан туралы жұртшылықа онша көп таныс емес «Еңсегей
бойлы Ер Есім» атты көлемді (7 мың жол) тарихи жыр бар. Ғылым
Академиясының қолжазба қорынан алынып, 1991 жылы басылып
шыққан тарихи дастандарының авторы ақын
Қазанғап Байболов делінген. Дегенмен, оны Қазанғап жырлаған
нұсқа деп алған дұрыс. Жыр тарихи аңыз-деректерге
негізделіп, сол кездің тарихи оқиғаларын мол
қамтыған. «Еңсегей бойлы Ер Есім» атты тарихи жырды кезінде
М.Әуезов жоғары бағалаған болатын.
Ә.Марғұлан оны «ең ғажайып әңгіме –
Қазанғап ақын жеткізген «Еңсегей» деген тарихи жыр», -
деп таныстырған.
Тәуке хан билеген кезеңді «қос
үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманға
ұқсатып жырлау «Шақшақұлы Ер Жәнібек»
жырында анық байқалады. Ол кезде елдің ынтымағы
жарасып, «бір жеңнен қол, бір ауыздан сөз» айтылған заман
болатын. Талай ел шетіне сұғынған менменсіген шүршітке,
қалмаққа қалың қол жиналып, тойтарыс беріп
отырған. Қысы жұмсақ, майдай шуақ Сырдың
бойында, әсем табиғат аясында осы елдің «Түркістандай
ордасында туы көтеріліп», бірнеше жыл әрі жас, әрі текті
Тәуке хандық қып тұрады. Бұл жырда да
Тәукенің халық сүйген әділетті хан болғаны
айтылады. Бірақ мәңгілік ештеңе жоқ, мезгілі
жетіп, «ажалдан шәрбәт ішіп», Тәуке де абқилық
болады.
«Төле бидің тарихы» атты жырда
қазақ хандығының Тәуке тұсындағы
«Үш би, бір хан атанып, Күні туып оңынан, Айы туып
соңынан, Кемеріне толған» заманы туралы айта келіп, ондай алтын
заманның орнауы елді қалай билеуге байланысты екенін баса
көрсетеді. Тәукенің парасатпен ел билеудегі сүйенген
үш негізін атайды. Олар: бірінші, «бір жерге жылына бір жиын
құрып, көп жағдай кетуші еді дәуір тынып»;
екінші, «және жылда сұраушы еді, Бір жағы елдің
қамын ойлай жүріп»; үшінші, «ынсаппен, әділетпен істі
шешіп, Бұрмайды параны жеп көңіл бұзып» Тәукеден
кейінгі бастары қосылмай жеке хандықтарға бөлініп кетуі
жөнінде бұл жырда да сөз болады. Жырда сонымен қатар
Тәуке ханның қазақ мемлекеттілігінің
құқықтық заң жүйесін
дамытудағы, «Жеті жарғы» заңын дайындаудағы ролі
көрсетіледі.
Жәңгір хан бейнесі тарихи жырлардың
ішінде негізінде «Исатай – Махамбет» жырында мол кездеседі. Бұл ретте біз
ХІХ ғасыр ақындары Сегіз сері Шақшақов пен
Ығылман Шөрековтің шығармаларын қарастыруды
жоспарлағанбыз. Бұл ақындардың шаруалар көтерілісінің
басшыларына арналған тарихи жыр-дастандарында Бөкей Ордасының
соңғы ханы мен оның билігі туралы онша көп айтыла
бермейді, бейнеленген тұстарында да хан билігіне ерекше бірбеткей
таптық тұрғыдағы қатынасы сезіледі. Дей
тұрғанмен, бұндай туындылар да ханға, хан билігіне
белгілі бір көзқарас ретінде назардан тыс қалмауы керек сияқты.
Біз әзірге тек ығылман ақын туындысымен таныстырғанды
жөн санадық. Оған себеп, біріншіден, оның
шығармалары көпшілікке таныс, жинақталып басылған,
екіншіден, Сегіз серінің өмірі мен шығармашылығы туралы
зерттеушілердің біразы оның өмірде болғаны, поэзиясы
кең таралғаны туралы айтып-жазып жатса, қайсыбірі оны
халық қиялының жемісі қылып шығарады.
Біздің пайымдауымызша, алғашқылардың пікірінде
қисын молырақ. Дегенмен, пікірталас әлі жүріп жатыр.
Оның үстіне Сегіз серінің поэзиясы әзірге зерттеушілер
еңбектеріндегі үзінділер түрінде ғана жеткен.
«Исатай –
Махамбет» тарихи дастанының авторы Ығылман Шөреков өзі
де хат танымағанмен, өлең-жырларын жазып отырмаған,
әрі көзі тірісінде хатқа да түспеген. Суырып
салма-төкпе ақынның бұл дастаны 1924 жылы Ташкентте
шығатын «Сәуле» журналында, 1925 жылы «Исатай – Махамбет», 1926
жылы «Аламан» жинақтарына жарияланды.
Тарихи жыр атынан байқалып тұрғандай
«Ел қамын жеген ерлердің» яғни Исатай мен Махамбеттің
өмірін, ел ішіндегі ахуалды, қара халық пен билік
басындағылар арасындағы шиеленіскен жағдайды, қос
батырдың халық наразылығын басқарған
іс-ірекеттерін көрсетуге арналуға тиіс болатын. Зерттеуші
К.Сейдехановтың пікірінше, бұл мақсат жартылай
орындалғанға ұқсайды. Дастанның үштен бірі
Исатайдың ру таласын бітімге келтіру жолындағы бейбіт
қызметіне арналған. Екі бөлімнен тұратын жырдың
мың жолдан артық екінші бөлігінде Махамбеттің есімі
кездеспейді, автор: «...дастанның сюжет желісін бір ғана Исатайдың
басынан кешкен елеулі оқиғаларға
құрғандықтан Махамбет образының басты
қаһарманның бірі ретінде даралануы жеткіліксіз болып
қалған», - деп, дастанның сюжеттік дамуындағы,
құрылысындағы кемшіліктерді дұрыс көрсетеді.
«Абылай хан»
жыры – Абылай ханға байланысты тарихи дастандардың ең
көлемдісі (1638 жол). Авторы белгісіз дастанның соңында
«Шерияздан Сұлтанбайұлы» берген нұсқа бойынша
реттелді», - делінген. Алғаш 1985 жылы «Қазақ
қиссалары» атты кітапта Қытайда «Ұлттар» баспасынан
жарық көрген. Абылай өмірінің ең драмалық
кезіне әдейі арналған «Қалдан Серен абылайды
тұтқынға алғаны» жырының хан бейнесінің
сомдалуына едәуір үлес қосатынын айта келіп, ондағы,
біздің пікірімізше, кейбір стилистикалық, мағыналық,
мүмкін, тіпті жазып алушылардан, көшірушілерден кеткен
техникалық олқылықтардың осы қарастырылып
отырған жырда біршама толықтырылатынын айтқан болатынбыз.
Оған мысал ретінде екі хан айтысының қисынды логикалық
қорытындысының осы жырда жасалатынын айтқанбыз. Осы
сияқты Абылай бейнесін айқындауға ықпал ететін реалды
өмірге жақын суреттелген эпизодтардың бірі – Абылайдың
Қалдан зынданынан шыққан кезіндегі кескін-келбетінен
қажыр-қайратының, бейнелік түр-сипатының танылуы.
Алдыңғы жырда «жеті күн ор түбіне хан салынса»
бұнда тарихи деректерге (оларда жылға жуық) бір табан
жақын «күн көрмей жер астында (зынданда) үш ай жатып»,
азаптан «Сарғыштап кесек дене солғындаған», «Көзі ішіне
кіріп, жүдеу тартқан, Жаралы қол-аяғы кісен
қаққан» азапты күй кешеді. Сонда да Абылайдың
«Сымбатты сұлу дене, ірі сүйек, Тұлғасы жұмыр
біткен бейне діңгек» деп өте шебер бейнеленген сыртқы
тұрпатына хан ордасындағы «Көп
қалмақ...қайран қалған». Қазақ ханы
көз тартар сыртқы келбетін ғана сақтап қоймай,
бастысы қалмақ «ханы қаймыққандай арыстандай
айбатын», қиыншылыққа «сағы сынбай», «от шашқан»
жанарын, намысын сақтап қала алғандығы байқалады.
Дастанның кейінгі жағында Абылай ханның ұлы ханға
лайық келісті портреті де беріледі: «Жан еді жазық маңдай,
дөңгелек көз, Ат жақты, қыр мұрынды,
алкүрең жүз. Ат тісті, қара қасты, қою сақал,
Қайраттың белгісінен бетінде із»
Жәнібек батыр туралы «Ер Жәнібек» деп
аталатын екінші тарихи жыр (677 жол) Ыбырай Ботайұлынан жазылып
алынған. Алғаш рет Шыңжаңдағы «Мұра»
журналында жарияланған. 1995 жылы «Жұлдыз» журналында балысым көрді.
Жырдағы Абылайдың балғын жауынгер Жәнібекпен кездесу
сәттері хан жүрегінің сезімталдылығын,
жұмсақтығын, жас батырға деген әкелік мейірімі,
қамқорлығы анық сезіледі. Абылай өзі
бастаған бір зор шайқасқа қатысқан, тек
қатысып қоймай, жастығына қарамай өлімге бас тігіп,
ерлік жасаған Жәнібекке сүйсінеді. Ұрыс кезінде
Абылайдың астындағы Ақтаңгерге оқ тиіп, хан жаяу
қалғанда, Жәнібек жәрдемге келіп, ханды
құтқарып алады. Риза болған Абылайдың
жарлығы бойынша басқа батырлардай Жәнібекке де ту
көтеріп, сарбаз ұстап, таңба алуға рұқсат
беріледі. Хан оған ерекше құрмет көрсетіп, оң
тізеден орын береді, мөр беріп, қолбасыға бекітеді.
Жырдың келесі бір сәтінде Абылай «берекелі қормал
(қорушы)» ретінде ел ішіндегі кикілжіңге жол бермей басып тастап
отырады. Абылайдың жырда көрініс беретін үшінші бір
тұсында да хан – сезім адамы, қарамағындағы
батырларға қамқоршы, тілеуін тілеуші.
Жоңғарлармен шешуші бір шайқаста қалмақ батыры
жекпе-жекте қазақтарды шыдатпай, ешкім шықпай қалады,
«қысылып Абылайды тер басады» /9.200/.Сол кезде Абылай ханның да,
қазақ елінің де намысына сызат түсірмей ортаға
шыққан Жәнібек батырдың тілеуін тілеп, астындағы
атын «Бата қып сол майданда айтып сойды» (Сонда). Бұл, бір жағынан,
атырға деген зор ризашылық белгісі болса, екінші жағынан,
өте жауапты, ел тағдыры шешілетін шайқаста ханның
халқы үшін оң істерін жебеп жүретін киелі
құдірет-күшке (бұрынғы жырлардан белгілі)
жалбарынған ырым-тілегі болатын. Ханның ақ батасы қабыл
болып, ауыр шайқаста Жәнібек жаудың басын алады.
«Төле бидің тарихы» жыры – Қазанғап
Байболұлының Әз Тәуке, Абылай хан заманының
атақты биі, шешені, қоғам қайраткері Төле
бидің өмірін, ел билеуші хандармен ынтымақтаса отырып,
қазақ қоғамын біріктіру жолындағы қызметін
ел ішіндегі аңыздардың желісімен өзінше жырлаған
дастан. Бұл ауыз әдебиеті үлгісіне жататын көлемді
тарихи шығарма (6174 жол) М.Қалдыбаевтың әзірлеуімен
соңғы кезде ғана, 1991 жылы, «НБ-пресс» баспасында
жарық көрді.
Қазіргі заманымыздың беделді
ақындарымыздың бірі, қоғам қайраткері
Н.Орасағамыз «Көркем әдебиеттегі Кенесары» атты көлемді
мақаласында бұл мәселе бойынша Кеңес дәуірінде
жазылған әдеби туындыларды егжей-тегжекй талдайды. Ол
жоғарыда айтылған «Қаһар» («Хан Кене») романының
авторы Ілияс Есенберлинді Кенесарының керемет образын жасаушы деп орынды
бағалайды. Сондай-ақ, «Қаһар» романындағы
Кенесары образына талдау жасайды. Автордың ойынша І.Есенберлин: «Батыл да
батыр, айлалы да тапқыр Кене ханды әр қырынан
көрсетеді». Кенесары мен Наурызбайдың бірге аталып жүруі
жайында Н.Ораз ағамыз былай түсіндіреді: «Кенесары қазақ
халқының ұлт-азаттық көтерілісінің
көсемі, елін бір орталыққа бағындырған хан
ретінде көрінсе, Наурызбай оның оң қолы, әскер
басы. Жауынгер батыры болып, ардақты аға бейнесін толықтырып
көрінеді. Сондықтан да халық олардың есемін
қосарландыра айтады»
«Наурызбай –
Ханшайым» тарихи жыры әуелі халық арасына ауызша кең
тараған дастан, ХХ ғасырдың басында хатқа
түсіріліп, 1912 және 1915 жылдары Қазан қаласында
«Қисса Наурызбай төре Қасымханұлы Абылайханов» деген
атпен жеке кітап болып басылып шықты.
Жырдың Орталық Ғылыми кітапханада
бұдан басқа да бірнеше қолжазба нұсқалары бар.
Бұлардың ішіндегі көңіл аударатыны –
Ж.Сұлтановтың нұсқасы. Оның айтуында «Наурызбай –
Ханшайымның» Ж.Шайхысламұлының нұсқасынан
көп айырмасы жоқ, әрі Ж.Сұлтанов жырдың біраз
жерін ұмытып, өзгеріске ұшыратқан.
Кеңес тұсында «Наурызбай – Ханшайым» тек
1939 жылы С.Мұқанов пен Қ.Бекхожиннің «Әдебиет
хрестоматиясына» енеді. Дастан 1950 жылдарға шейін қазақ
халқының ғашықтық жырлары қатарында
зерттеліп, жарияланып, ықшамдалған нұсқасы оқулықтар
мен хрестоматиялардан біршама орын алды. 1948 жылы Алматыда «Ғылым»
баспасынан жарық көрген «Қазақ әдебиеті тарихы»
атты көлемді зерттеуде «Наурызбай – Ханшайым» жыры белгілі
әдебиетші-ғалым Әуелбек Қоңыратбаев тарапынан
біршама талданған. Ал 50-ші жылдары әдеби мұраларды
бағалау мен танудағы ағат қаулы-қарардың
нақақ құрбаны тізіміне іліккен «Наурызбай – Ханшайым»
жыры ұзақ уақыт құлыптаулы күй кешіп келді.
Тарихи жырлардағы хандар тұлғасын
бейнелеудің фольклордың басқа жанрларындағы хандар
бейнесін кейіптеумен, әсіресе аңыз әңгімелермен
дәстүр жалғастығы айқын көрініс береді.
Бұл, әсіресе Абылай хан, Кенесары, кіші жүз ханы
Жәңгірге қатысты жыр-дастандардан сезіледі. Ал Кенесары
туралы жырлардың Абылайға байланысты жырлардан кейбір
айырмашылықтары барын айта кету керек. Біріншіден, Абылайдың ел
билеуші – хан қасиетінің біртіндеп қалыптасуын, эволюциясын
толық көрсете алатын өмір белестері кезеңіндегі
оқиғалар суреттелетін жырларда көптеп кездеседі. Ал
Кенесарының ғұмырнамалық өмір белестеріне
арналған мұндай жырлар жоқ деуге болады. Екіншіден, Абылай
жырларында ұшырасатын кейбір мифтік суреттеулердің,
әсірелеулердің Кенесары жырларында элементтері ғана бар.
Үшіншіден, Кенесары туралы жырларда реалдық өмір
шындығы басымдау, оқиғалардың көпшілігінің
тарихи негізі айқын. Тарихи жырларда жеке хандардың, әсіресе,
Абылай мен Кенесарының, жыржан жырға бейнелерінің сомдалуында
даму үрдісін байқауға болады. Хандар бейнесінің ондай
эволюциялық өзгерісін нақты бір хан бейнесінің сол хан
туралы жырлар тізбегінен жинастырып барып, сомдалған образы арқылы
көрсетуге болады.
Тарихи жырлардағы Жәңгір хан бейнесі
Абылай мен Кенесары хандар бейнесіндей арнайы тарихи жыр кейіпкері
болмаған. Ол негізінен Исатай мен Махамбетке арналған жырларда
ғана жанай көрініс береді және таптық
көзқарастың шырмауында мықтап маталып, біржақты
теріс көзқараста жырланған. Сондықтан
Жәңгір хан бейнесі тарихи жырларда стереотипті түрде беріліп,
солғын шыққан.
Жоғарыдағы жұмысымызда Абылай
ханға байланысты жыр-дастандардағы көркем бейнесін жасауға
тырыстық, осы ретте әдебиет пен тарихтың
байланыс-бірлігінің мықты екенін бір дәлелдеуге
тырыстық.
Кенесары ханға байланысты туған тарихи
жырлардың дан Кенесары ұрыс-шайқастарға қатыспай
бейбіт уақытта, ағайын ортасында, жауынгерлерінің арасында
жақсы көңіл-күйде суреттеледі. Соған байланысты
басқа жырлардағыдай бейнесін беруде қас батырлық,
ерлік, қолбасшылық, кейде қатыгездік
қасиеттерінің орнын ел басқарудағы, залықпен,
туыстарымен қарым-қатынастағы қарапайым адами
іс-қылықтары (сезімталдылығы, елгезектігі,
қамқоршылдығы, қарапайымдылығы, адамгершілігі
және т.б.) арқылы кескінделген кейпі көрініп, сол
қылықтары жиынтығынан халық сыйлайтын ел көсемі
тұлғасының бейнесі сомдалатынына куә боламыз.
Сайып келгенде айтпағымыз, тарихи жырларда хан
бейнесінің сомдалуының өзіндік ерекшеліктері бар. Хан –
тарихи тұлға, сондықтан әдебиеттегі оның бейнесін
беруде тарихи шындық пен көркемдік шындық біте
қайнасып, астасып жатады. Бірақ, десек те көркем
шығармадағы тұлға – тікелей тарихтың
көшірмесі деп айту да ағаттық. Сонда жыр тудырушы тарих пен
көркемдіктің қайнарынан көркем образ жасайды, міне осы
көркем образ өн бойына тарихтық тағылым мен
көркемдік бояуды сіңіріп тұрады.
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі
1. Әуезов М. Әдебиет
туралы. – Алматы: Санат, 1997. – 304 бет.
2. Жұмалиев Қ.
XYIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. –Алматы,
1967.-33 б.
3. Байболұлы Қ.
Төле би. Есім хан. Дастандар. – Алматы: НБ-пресс, 1991. – 320 б.
4. Әбілғазы.
Түрік шежіресі. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 208 б.
5. Хан Кене: Тарихи
толғамдар мен пьеса, дастандар. – Алматы: Жалын, 1993. – 448 бет.