МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

Айтжанова Р.М., Смагулова Ж.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Бүгінгі өркениетті қоғамда білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру.

 Бұл туралы Президентіміз «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарымен кездесуінде сөйлеген сөзінде «Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілуі тиіс»- деп үлкен сеніммен айтты [48]. Сапалы білімді азаматтар тәрбиелеу ұстаздар үлесінде. Сондықтан да ұстаз білігі, беделі қоғамның назарында. Сапалы білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, оқытудың жаңа әдістерін тиімді қолдану, жаңа технологияны қазіргі заманға бейімдеу, оқытуды жетілдіре түсу, білім мен тәрбиені қатар өрістету, жеке тұлғаны қалыптастыру, олардың білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу біздің міндетіміз.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Оқушылардың сапалы білім алуға, функционалдық сауаттылыққа, ал мұғалімдердің біліктілігі мен құзыреттілігін  ұдайы арттыруға деген уәждемелерін арттыру» - деп атап көрсетілген [1].

«Мұғалім мамандығы жасандылыққа, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді. Жаңа адамды тек жаңа адам тәрбиелеуі тиіс. Біздің қоғамдағы мұғалім балаларды болашақ туралы арманмен жігерлендіру үшін, оларды алдағы мұраттарға қазірден үйрететін болашақтың адамы. Мұғалімнің өзі тұлға болуы тиіс немесе өнегелі адамды тек өнегелі адам ғана тәрбиелейді; оның өзі биік парасатты тек ізгі жан дүниесімен ғана балаға дарытуға болады. Мұғалім патриот болуы керек немесе Отанға деген сүйіспеншілікті өз Отанын сүйетін адам ғана оята алады. Мұғалім жан-жақты сауатты және шығармашылықтың адамы болуы тиіс».

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігі – білім сапасын көтерудің алғы шарты екенін мақсат еткен біздің ғылыми еңбегіміз үшін, осы мұғалімнің құзыреттілігінің қалыптасуына әсер ететін педагогикалық шарттар жүйесін құру біздің басты мақсатымыз. Өйткені педагогикалық шарттар арқылы, мұғалім мәртебесін көтеру, олардың жұмыс істеуіне, шығармашылығына, демалуына жағдай жасау, үздік мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтап, тарату, оларды ынталандырып, қолдау көрсету арқылы білім сапасы көтеріледі, ұстаз беделі, ұстаздық келбет қалыптасады.

Мұғалімнің берген сабағы скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз болу кімнің де болса арманы. Ал бұл мұғалімнің құзыреттілігінің қалыптасуына әсер ететін педагогикалылық шарттар жүйесіне байланысты.

Мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық шарттарын анықтап алу тақырыбымыздың негізгі проблемасы болғандықтан алдымен шарт сөзіне талдау жасап көрелік:

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде – шарт өзара келісім, міндет борыш, керектілік, қажеттілік – деп көрсетілген.

Шарт, жағдай ұғымдардың көптеген анықтамаларын талдау оларды былай жіктеуге мүмкіндік береді: біріншіден, бұл – белгілі заттың, дененің, өзін қоршаған ортаға, құбылыстарға қатынасын білдіретін философиялық категория [2] яғни, дене зат жағдайға (шартқа) тәуелді, ал жағдай – ол денеге, затқа сырттай ықпал жасайтын, объективті әлемнің алуан түрлі құбылыстары белгілі құбылысты немесе үрдісті дүниеге әкелетін себепші күштен шарттың немесе жағдайдың айырмашылығы, ол – пайда болған құбылысқа, нәрсеге, затқа – өмір сүретін және әрі қарай дамуға мүмкіндік беретін орта болуында; екіншіден, бұл өзіне бір нәрселердің тәуелді жағдайы; үшіншіден, бұл – өмірдің қоғамның қажеттілігіне орай қалыптасқан ережелер, ұстанымдар; төртіншіден, басшылыққа алынатын талаптар.

Мектеп мұғалімдерінің құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін жағдайлар (шарттар) жүйесі төмендегдей:

- қажетті және кәсіби даярлығы жоғары деңгейдегі мамандармен қамтамасыз ету;

- құқықтық-нормативтік шарттар [3];

- мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық  технологияларды пайдалану [4];

- мұғалімнің біліктілігін жетілдіріп отыру.

Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталыр өтелік:

-  қажетті және кәсіби даярлығы жоғары деңгейдегі мамандармен қамтамасыз ету;

 Қай пәннің оқытушысы болмасын, оған қажетті білімнің тағы бір саласы-этностық  және әлемдік мәдениет, халықтық рухани және жалпымемлекеттік құндылықтар мен ұлттық ерекшеліктер туралы   материалдар. ХХІ ғасырда өмір сүретін ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың нәтижелігін арттыру, туған елдің ерікті ертеңін қамтамасыз етудегі жаңа үрдістер мен педагогикалық жаңалықтар керуені дәл осы бағытпен өтеді.

Жоғарыдағы айтылған мәселелерді түйіндей келе құзыретті – ол көшбасшы-ұстаз – қазіргі заманғы қоғамдық этикалық тәрбиелі көшбасшы. Ол әріптестерінің жағдайын, өзінің адамгершілік тұрақтылығын және әлемді танудағы айқындылығын қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Астана: Ақорда.

2. Философиялық сөздік / ред. ұжым: Р.Н.Нұрғалиев, Г.Г.Ақмамбетов, Ж.Ж.Әбділдин. Алматы: Дәуір, 1995. – 525 б.

3. Қазақстан Республикасы «Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы».  - Алматы, 1994. – 31 б.

4. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін, мектептердің тұжырымдамасы. -  Алматы: РБК, 1994. - 32 б.