Секция  “Педагогические  науки”

Магистр психологии, ст.преп. Куанали М.А.

Казахский национальный педагогический университет им. Абая,

Республика Казахстан, г. Алматы

 

КОУЧИНГ – ТРЕНИНГ  ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ  ПСИХОТЕХНИКАЛЫҚ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

 

Студенттердің білімді меңгеруінде жетік меңгеруіне арналған нағыз қажетті әдіс, жаңа ғылымдарды меңгеруде студенттерге қолданатын тиімді әрекеттердің бірі болып саналады.     

Тренинг термині «қабылдау, үйрену, дайындық» ағылшын психофизиологы Р.Д.Кобсон жүйкелік-психикалық шешу үшін қолданылады деген мағынаны білдіреді. Топтық психологиялық тренингтер осы тұрғыда қолданылып, кең мағынада даму мақсатында, психикалық түзету және үйрену саласында қолданылады [1].

С.И.Макшановтың психологиялық тренингте даму үрдісіне сүйенетін болсақ, ол айқын өзгеріске түседі. Ал білімге байланысты кейбір авторлар тәжірибе ретінде қарастырады. Кьелл Рудестам тренингтік форманы «оқыту тәжірибесінің ядросы; ал кей жағдайларда студенттің дәріс алу кезінде  және оқуындағы өзгерістердің сәтті өзгерісі» деп қарастырады. Сонымен бірге тренинг үрдісі кезінде әртүрлі ғылымдарды қолдануына және сол жинағанын өмірде қолдануына болады. «Өмірлік тәжірибе» түсінігін ең кең мағынада қарастыруға болады. Біздің әрқайсысымыз өз тәжірибемізді жинаймыз.Студенттің білім алуда  өзгелерге деген қатынасы, көзқарасы, қылған әрекеті өмірлік тәжірибесіне байланысты болады. К.Левин мен  Бетел студенттермен жүргізілген топта қарым-қатынаста компетенттілікті арттыру мақсатында қолданылған тренингтік жаттығулар Т-Топ атағына ие болады. Сабақ барысында көптеген студенттер тек сабаққа қатысушы ретінде деп өзін бағаласа, олардың айтқан ақпараттарын өзгелер қаншалықты қабылдайды және олардың орны қандай болатынын байқау қажет. К.Левин адам бойындағы өзгерістер көбінесе эффективті өзгерістер топтық қарым - қатынастар барысында жүретіндігін анықтаған,  яғни әр адам өзін оны өзгелер көретіндей етіп қарастыруы қажет деп қарастырған [1;2;3].

     1960 жылдары  гуманисттік психология саласы бойынша К.Роджерс  тренингтік ағымына тоқталушылар оны әлеуметтік тренингтер  және  өмірлік тәжірибеге  сәйкес болашақ мамандарды даярлауда үнемді қолданған. Бірінші  жүйе  жеті өмірлік категорияға негізделеді:  мәселені шешу, қарым - қатынас, тұрақтылық, өзіне деген сенімділік ойлаудағы талқылаушылық, «Мен»–тұжырымдамасындағы өзін-өзі басқару  қабілеттілігі.

         Тренингті жүргізудің келесі нұсқаулары:

Өзіндік даму топтары.

Студенттер топтағы өзге студенттердің пікірін тыңдап, өздері келешекке жоспар құруға кіріседі .

Іс-әрекет арқылы оқыту.

Топтың әрбір мүшесі өзінің жеке басының мәселесін шешеді. Бірақ  шешу барысында өзге қатысушылардан кеңес сұрап, ақыл бөліседі.

Арнайы дағдылар.

·                    Индивидумның жалпы дамуы;

·                    Өзара тұлға аралық қатынастың зерттелуі және құрылуы;

·                    Ұжым әрекетінің оптимизация жолымен еңбек қатынастарының жақсаруы.

Тренингтік топ қатысушылардың ойлағандай өзгерістері мен тәсілдері болып табылады.

      Әдебиеттер:

1. Әлімов Асхат. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. Алматы, 2009.

2. Архангельский С.И. Учебный процесс в высшей школе, его закономерные основы и методы –М., 1980.

3. Архангельский С.И. Лекции по теории обучения в высшей школе. –М., 1976.