Қазіргі жағдайдағы
үш тілді білім беру мәселері
Асанова Ж, Касымова А.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті
«Биология» мамандығы магистранттары
Бүгінгі
таңда мәдени қауымдастықтардың
қарқынды интеграциясы жағдайында білім берудің
классикалық моделі де өзінің базалық негіздерін
сақтай отырып, жаңа идеяларды жинақтай және
қабылдай отырып, біртіндеп өзгеріске ұшырауда. Білім берудегі
осындай жаңалықтардың біріне ойлау мен
мінез-құлықтың демократиялық типінің,
әлеуметтік нысандармен өзара байланыс жасауда коммуникативтік біліктер мен толеранттылықтың
дамуына мүмкіндік беретін үш тілді білім берудің
қалыптасу тенденциясын жатқызуға болады [1].
Қазақстанда
тіл саясаты өте өткір мәселе, екі немесе одан үш тілді
білу социолингвистикалық шынайылықпен негізделген. Еліміздегі үштілді
білім беру кеңістігін дамытуға деген назардың күшеюі
қазіргі қоғамдағы коммуникативтік ортаның
және қоғам өміріндегі жеке тұлғаның
маңызының артуымен байланысты [2].
Педагогикалық
инновациялардың позитивтілігі мен оларды күнделікті
практикаға ендіру көп жағдайда тек қазіргі
қоғамның социомәдени, экономикалық және
саяси құрылымының ерекшелігімен ғана емес, тарихи
мұраның болуы, сонымен бірге ғылымның
әртүрлі саласы бойынша теориялық әзірленімдердің
кірігуімен алдын ала анықталады [3]. Сондықтан үш тілді білім
беруді өзектендірудің негізі мен оған әсер етуші
факторларды және оның алдын
ала тұжырымдамасын айқындауда мына нәрселер есепке алынды:
Ø
тарихилық принципі, зерттелінетін құбылыстың
туындауының тарихи-педагогикалық алғышарттарын
анықтауда генетикалық әдісті қолданудың
қажеттілігін түсіндіреді;
Ø
жүйелілік принципі, үш тілді білім беру
тұжырымдамасының теориялық базасын құруда
жүйелік және құрылымдық-функционалдық
талдауға сүйенуді білдіреді;
Ø
кешенді тәсіл, үш тілді білім берудің
қалыптасуының әлеуметтік-педагогикалық
жағдайларын анықтауға
социолингвомәдениеттанушылық тұжырымының функционалды
және факторлық талдауын біріктіріп қолдануды
түсіндіреді.
Жоғарыда
аталған үш тілді білім берудің теориясы мен
практикасының пайда болуы, қалыптасуының
тарихи-педагогикалық алғышарттарына сүйене отырып үш тілді
білім беру:
Қазақстандық
тілдік орта үшін табиғи, өзіндік болып табылатын тарихи
қалыптасқан
орыс-қазақ билингвизмінің орыс тілін өз тілі
және өзге тіл ретінде оқытудың
ғылыми-әдістемелік базасын жасаудың жоғары
дейгейінің қалыптасуына алып келуі;
Ø
кеңестік тілдік ортада қазақ тілінің
шетқақпай қалуы оның функционалды белсенділігін
дамытудың және қазақ тілін оқыту
мәселесінде педагогикалық тәжірибенің
жетіспеушілігінің туындауы;
Ø
тарихи қалыптасқан орыс тілінің үстемдігі
жағдайында қазақ тілін өз тілі және өзге
тіл ретінде оқытудың ғылыми-әдістемесін
шұғыл түрде жасауды қажет ететін қазақ тілінің
лингводидактикалық аспектілерінің теориялық және
қолданбалы зерттеулерінің болмауы және заманауи
қоғам өміріне ағылшық тілінің белсенді
енуі;
Ø
қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы және
оның білім беру жүйесінде, оның ішінде тілдік білімнің
мазмұнында
басымдылыққа ие болуын туындатқан функционалды
қолдану деңгейінің
нақтылануы;
Ø
қазақстандық қоғамның
лингвокоммуникативтік кеңістігіне енген ағылшын тілінің
әлемдік экономикаға кірігудегі қажеттілігіне сәйкес
институционалды зерттеуді қажет етуі;
Ø
қазақстанда қазақ-орыс, ұлттық-қазақ,
ұлттық-орыс билингвизмі, орыс тілінің үстемдігі,
орыс-қазақ-ұлттық үштілдігінің қызмет
етуі нәтижесінде қалыптасқан тілдік жағдайдың білім беру мазмұнындағы
оқу пәндері ретінде тілдер балансын жасауды қажет етуі;
Ø
жаңа тілдік жағдайды педагогиканың, лингвистика мен лингводидактиканың инновациялық
саласы ретінде тануды туындатқан заманауи полилингвомәдени
қоғамдағы әлеуметтік-саяси және
экономикалық өзгерістердің болуымен байланысты деп есептеуге
болады.
Осыған
орай білім беру, тілдік және шеттілдік білім беру мазмұнының
теориясы саласындағы ғылыми зерттеулерді талдау оның негізгі
мәселелерінің жоғары дәрежеде зерттелгендігін
көрсетті:
Ø
«білім беру мазмұны» категориясының зерттелуі, оның
көптеген типтерінің педагогикалық теориямен, білім беру
мазмұнымен, мақсаттар жиынтығы мен соңғы
нәтижелер арқылы анықталуы;
Ø
тілдік білім беру теориясында кілттік категория ретіндегі тілдік
тұлға тұжырымы;
Ø
шеттілдік білім беру теориясымен түзетілетін екінші реттік тілдік
тұлға тұжырымы.
Бұл
ғылыми идеялар оларды жүйелі-тұтастық
тұрғыдан талдау мен мақсатқа сәйкес
интерпретациялаудың нәтижесі «үш тілді тұлға»
және «үш тілді білім беру» ұғымдарының
мәнін ашуға мүмкіндік беретін үш тілді білім
берудің тұжырымдамасының теориялық базасын
құрайтын педагогикалық тәсілдер мен принциптер
жиынтығының бар екеенін айғақтайды.
«Үш тілді
тұлға» дегеніміз бірнеше тілді меңгерген адам, ол: тілдік
қарым-қатынас қызметін бірмезгілде бірнеше тілде
жүргізуге мүмкіндік беретін психофизиологиялық
қабілеттердің жиынтығын меңгерген тұлға;
түрлі лингвосоциум өкілдерімен қарым-қатынас жасауда
бірнеше тілді еркін қолдана алатын және вербальды
мінез-құлық қабілеттерінің жиынтығын игерген
коммуникативті тұлға; бірнеше тілдің лексикалық
жүйесінде кіріктіре бейнеленген мінез-құлық
тәжірибесі, құндылықтық бағдарлардың,
дүниеге көзқарастың симбиозы болып табылатын
сөздік немесе этносемантикалық тұлға[5].
Үш тілді
тұлға құрылымында инвариантты компоненттерді
бөліп көрсету білім беру мазмұнының теориясына (В.С.
Леднев бойынша) негізделген, ал базалық компоненттер тілдік
тұлғаның концептіне сәйкес белгіленген: а)
құндылықтық компонент тілдік қарым-қатынас
процесінде жүзеге асатын рухани құндылықтар иерархиясы
мен әлемнің тілдік бейнесінен тұрады; б)
мәдениеттанушылық компонент үйреніп жатқан тілдің
мәдениеті фактілерімен анықталған вербальды және
вербальды емес мінез-құлық ережелерін құрайды; в)
жеке тұлғалық компонент адамның сөйлеу және
тілдік қарым-қатынас қызметін көрсететін жеке
психологиялық қасиеттер мен тұлғаның
әлеуметтік типтендірілген қасиеттерінің жиынтығын
құрайды [5].
«Үш тілді білім беру» дегеніміз
жеке адамды үш тілді
тұлға ретінде оқыту, тәрбиелеу және дамытуды
қалыптастырудың мақсатқа сай
ұйымдастыралған үштұғырлы процесс. Бұл
адамзаттың тілдік білім мен білік және тіл мен сөз
арқылы қарым-қатынасына жинақталған, сонымен
бірге тілдер мен мәдениеттерге
эмоционалды-құндылықтық
қарым-қатынасқа бағытталған әлеуметтік маңызды
тәжірибесінің «бір бөлшегі» ретінде бірнеше тілдібір мезгілде
меңгеруіне негізделген [6].
Үш тілді
тұлға ұғымымен бірге бүгінде «тілдік
тұлға» ұғымы қатар қолданылуда. Заманауи
антропоцентрлік тұлға орталығына тілдік тұлға
ұғымы, яғни тілдік қарым қатынас жасауға
қабілетті адам қойылуда. Тілдік тұлғаның
құрылымы
педагог-ғалымдар еңбектерінде барынша терең
және жүйелі қарастырылады. Ол тілдік
тұлғаны қарастырудың үш деңгейін
бөліп көрсетеді:
Вербалды ̶
семантикалық деңгей: оқушылар оқып жатқан
тілдің құрылымдық-жүйелік байланыстарын
(сөздер, мағыналар) меңгереді. Бұл тіл үйренуші
үшін тілді үйренудің қалыпты тәсілі болса,
зерттеуші үшін белгілі бір мағынаны
жеткізудің формальды құралдарын дәстүрлі сипаттау
болып табылады.
Когнитивті
(тезаурустық) деңгей. Бұл деңгейдегі стереотипке
өз мәнін шоғырланған дефинициялар мен қанатты
сөздерден алатын дескрипторлардың арасындағы стандартты
тұрақты байланыстар сәйкес келеді. Бұл
мағынаның кеңейіп, білімге өтуін білдіреді, соған
сәйкес тұлғаның интеллектуалды сферасын қамтып,
зерттеушіге сөйлеу мен түсіну процестері арқылы білімге,
сезінуге, адамның таным процесіне жол ашады.
Мотивациялық
(прагматикалық) деңгей. Тұлғаның
коммуникативті-іс әрекеттік қажеттілігінен көрінеді;
оған мақсат, ынта, қызығушылық, талап және интенциалдылық жатады. Бұл
деңгей тілдік тұлғаны талдауда тұлғаның сөздік
(тілдік) әрекетін бағалаудан оның нақты мәнін
сезінуге заңдылықты және байланыстылық өтуді
қамтамасыз етеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Жетписбаева
Б.А. Проблемы подготовки педагогических кадров // Ұлт тағылымы. – Достояние нации. – 2007. – №3 (1). –
С.96-98. (В соавторстве с Асановой Д.Н.).
2. Жетписбаева Б.А.
Концептуальные
аспекты профессионального образования в условиях полиязычия // Научно пространство
на Европа-2008: Материалы международной науч.-практ.конф. (15-30 апреля
3. Жетписбаева Б.А.
Концепция
развития полиязычного образования в Республике Казахстан. – Караганда: Изд-во
КарГУ, 2008. – 19 с. (В соавторстве с Кубеевым Е.К.,
Шкутиной Л.А., Сырымбетовой Л.С.,Жанкиной Б.Ж.).
4. Шалгымбаев С.Т., МендалиеваД.К. «Профессиональная ориентация
в обучении биологии //Научно-практическая
конференция “Проблемы развития среднего и высшего профессионального образования
в условиях рынка: региональный аспект”, г.
Алматы,
5. Развитие
исследовательских умений учащихся на
занятиях по биологии //Журнал
«Поиск», № 2(1), 2010. с. 283-288. (в соавторстве с Ахметовым
Н.К., Бадавамовой Г.Л.).
6. Жетписбаева Б.А. «Педагогические индикаторы
полиязычного образования //Сибирский педагогический журнал. – 2008. – № 13. – С.
269-273.