Бесжанова Г.З.

№ 31 Абай атындағы орта мектебінің «Айгөлек» шағын орталығы, тәрбиеші, Қазақстан

Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен эмоционалды таныстырудағы экологиялық ертегілердің маңызы

 

Балалардың жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиенің табиғаттың   қатысында, табиғат арқылы берілуіне байланысты екендігін   бүгінде    ғылыми   педагогикалық зерттеулер   дәлелдеп   отыр. Табиғатпен    қарым – қатынас, балалардың ойлау,  есте   сақтау, бақылағыштық   қасиеттеріне,  сана   сезімдерінің   жылдам   өсіп   жетілуне, түйсігіне   тағы   басқа   оңды  әсер ету  мүмкіндігі   шексіз. Себебі, адам   табиғи   тірі   ағзалардың   бірі. Адам   өзінің   болмысымен игерген   білім жүйесі   нәтежиесінде   өзін   кейінгі   өмір  кезеңдерінде көрсете   алады.

Технологиялар мен жылдамдықтар ғасырында туған табиғатынды бақылауға уақыт тапшы болып жатады. Балалардың табиғатпен қарым-қатынасының аздығынан барлық тіршілікке деген сыйластық пен адамгершіліктің жетіспеушілігі байқалады.

Адамзаттың болашағы мен адамдардың жоғары деңгейдегі адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына біз педагогтар үлкен маңызды рөлді атқарамыз. Халық даналығы осы жөнінде «не ексең, соны орасың» деп айтып кеткен. Көптеген жылдар бойына балаларға табиғаттың әр бір құбылысы адамзаттың мүддесіне арналған делінген. Балалар балабақшадан бастап орман - ол отынның көзі деп біліп, адамдар оларды құрылыста, қағаз жасауда қолданатынын, орманнан адамдар саңырауқұлақ, жеміс-жидектер, жаңғақтар сияқты тағамдарды ала алатының білді. Құстар да өте пайдалы олар құрт - шіркейлердің көзін жояды. Жерді баптап күту қажет сонда ғана өте жақсы өнім ала аламыз. Осылайша барлық табиғаттан жақсы, нәтижелі өнім ала аламыз.

Балаларды табиғатты саналы қорғауға тәрбиелеу, балалар бойында экомәдениеттілікті қалыптастыру ерте жастан тәрбиелеу қажет. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау мектепке дейінгі жаста қалыптаса бастайды.

Мектепке дейінгілер тез есінде сақтайды және тез меңгереді, мысалы, қар ұшқындары адам қолында тез ериді және суға айналады, қар ұшқындары әдемі, әр түрлі өрнектермен безендірілген, оларды балалар бақылай алады.  Балаларға табиғат жайлы білімді беріп қоймай, табиғаттың құбылыстарын (қардың жаууы, күннің шығуы, шөптің көктеуі, құстардың ән салуы, тамшылардың сыңғыры, желдің шуылы) тамашалай алуға баулу қажет. Осы дағдылар баланың ішкі әлемін жандандырады, қоршаған ортаны терең тануға, интеллектісі мен мәдениетін арттыруға септігін тигізеді. Сондықтан балалармен жұмыс жүргізуде экологиялық ертегілердің алатын орны ерекше.

Экологиялық ертегілер – табиғат құбылыстары, жануарлар, өсімдіктер, қоршаған әлем туралы білімді жеткізудің ең қолжетімді тәсілі. Ойын формасындағы ертегілер мектеп жасына дейінгі балаларға қажетті білімді мәжбүрлемей-ақ береді. Қысқалылығы, сюжеттің қарапайымдылығы, нақтылығы және ертегі соңындағы қорытынды, ал кейде кішкентай бүлдіршіндермен диалогты қолдау үшін сұрақтар экологиялық ертегінің құрылымының сызбасы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалармен жабайы жануарларды бақылау немесе саяхатқа шығуға мүмкіндік туа бермейді. Ал экологиялық ертегі балалардың қиялын дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ертегілер арқылы табиғатқа деген сүйіспешілікті оятып қана қоймай, оларды сақтау қажеттілігін сезінуге тәрбиелейді. Сондықтанда бұл бағыттағы менің мектеп жасына дейінгі балалармен жұмысымның мақсаты келесідей болды:

- мектеп жасына балалардың табиғатқа деген жауапты және жанашырлық қатынасты қалыптастыру;

- тірі ағзаға аландау.

Осы мақсатқа орай мен алдыма төмендегідей міндеттерді қойдым:

·                   Адамгершілікке тәрбиелеу, тұтастай алғанда қоршаған ортаға қамқор қатынасқа тәрбиелеу;

·                   Табиғат әлеміне танымдық кзқарасын дамыту;

·                   Табиғат нысаналарына эмпатия сезімін дамыту;

·                   Экологтялық ертегілер арқылы балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру;

·                   Қарапайым тілмен балаларға экологиялық ғылыми білімнің элементтер жүйесін қалыптастыру.

·                     Табиғат пен баланың өзі үшін қауіпсіз және экологиялық сауатты алғашқы іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

·                     Қоршаған табиғи әлемді эмоционалды қабылдау;

·                     Табиғаттағы мінез-құлықтың экологиялық норманы игеру.

Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғат нысаналарына деген зейінің және қызығушылығын аудару үшін мен экологиялық ертегілердің тізімін жасадым. Ол ертегілер неғұрлым әсерлі және әртүрлі болғаны жөн, себебі мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек. Бұл жас кезеңінде балаларға қызықты, әсерлі болса ғана естерінде қалады.

Тізімді жасамас бұрын мен оларды іріктедім.  Жыл бойында балаларға экологиялық ертегілер айтылып, талдау жасалынды: “Ерте заманда бір өзен өмір сүріпті”, “Адамдар өзенді қалай ренжітті”, “бір тоғанның тарихы”, “бір тамшы айнала айналып жүріпті”, “Міне мұржа, оның астыңда түтін”, «Ули ұлудың таңғажайып оқиғалары», «Ергежейлілер» және т.б.

Қорыта айтқанда қазіргі экологиялық тәрбие беру-адыңғы кезектегі мәселе барып отыр. Экологиялық тәрбие отбасынан, балабақшадан, бастауыш сынып жасынан басталады. Себебі, олардың бойында айналадағы өзін қоршаған, ортаға табиғатқа деген сүйіспеншілігі, бүлдіршін жасынан қалыптасады. Сондықтан туған табиғатты, туған ел мен жерді құрметтеуге жастарды бүлдіршін жастан баулыған дұрыс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Что должны знать о живой и неживой природе дети разных возрастных  групп детского сада. 1998 год «Рауан