Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тұрарбек Д.Н.

№10 мектеп-интернаты, Қазақстан Республикасы. Алматы қ,

 

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ

 

        Дене тәрбиесі-адам денесінің оның қимыл қозғалысының сапасын арттыруға арналған тәрбиенің бір түрі.  Бұл қазіргі таңда метептің оқу - тәрбие жұмысындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы арқылы адамның педагогикалық, қоғамдық, табиғатты тану сияқты рухани қажеттіліктері өседі. Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі-белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Дене тәрбиесі сабақтарында оқушыларды өзара белсенді болуға үйрету,сабақты жақсы меңгеріп алуы үшін тиімді әдістердің бірі. Ол үшін мұғалім оқушылардан берілген қандай да болса тапсырманы табандылық пен орындауды, өздігінен жұмыс істей білуді, ұйымшылдық пен белсенділікті талап етеді. Сабақтан тыс кезде сайыс сабақ, «Дөңгелек үстел», «Дене тәрбиесінің тарихы» апталығы, «Көңілді старттар», «Тоғызқұмалақ –үш күндігі», «Былғары доп» сияқты іс-шараларды өздері ұйымдастырып өткізе алады. Мұғалім олардың жұмыстарын орындауын бақылаушы және кеңесші болады. Оқушылардың «Дене тәрбиесі-адамды қалыптастыратын пән» атты тақырыпта сайыс түрінде ұйымдастырған дөңгелек үстелдің жоспары төмендегідей болды:

 Сынып үш топқа бөлініп, әр топ өзіне топ басшысын тағайындайды.Топқа ат қойылып, төсбелгі жасайды.Әр топ өзінің ұраны мен бастап, топ мүшелерін таныстырады.

   Сайыс ережесі:    А.Сәлемдесу, таныстыру.   Ә.Берілген тақырыпта баяндама қорғау.    Б. «Бәйге» сұрақтары.     В.Гимнастикалық жаттығу  

Г. «Тұлғаны танып біл!» Д. «Жас төреші». Ж.Қабырға газеттері мен ұранды сөздерді бағалау. Қ.Қорытынды.

       Топтарға сайыс ережесін алдын ала беріп қояды. Баяндама дайындау керек тақырыптардың тізімі мұғаліммен бірігіп жасалынып қояды.Топтар ішінен тақырыпты таңдап алып,дайындала бастайды. Мысалы: «Қазақтың ұлттық спорт ойындары», «Қазақ даласының батыры» т.с көптеген тақырыптарды ұсынуға болады. «Бәйге» сұрақтары үш топқа түрлендіріліп қойылды. Мысалы:1. «Қазақ даласының батыры» деген құрметті атақ алған қазақтың даңқты чемпионы кім? 2. Қазақстанның дене тәрбиесінің Жоғары кеңесі қашан құрылды? 3. Ең алғаш Бүкілқазақстандық спартакиада қай қалада,қашан өткізілді? 4. Волейбол сөзінің мағынасы? 5. Қазақтың ұлттық спорт ойын түрлері қайсылар? Және т.б. «Тұлғаны танып біл»деген турда Дүниежүзілік және Қазақстандық даңқты чемпиондардың суреттерін нөмірлеп көрсетпей қояды. Бір оқушы нөмір таңдап, сол нөмірдегі суретті топ мүшелеріне алып барады. Топ болып суреттегі тұлға туралы әңгіме дайындап,бірін-бірі жалғастыра отырып баяндайды. «Жас төреші» ойынында үлестірме карталарда спорт ойындарының аттары беріледі. Мысалы: Баскетбол,волейбол, футбол, тоғызұалақ, т.б. Топ басшылары таңдап алып,қай спорт ойыны кездессе соның төрешісі қалай болатынын, есебін қалай жазатынын баяндайды.Қабырға газеттері мен ұранды сөздерді топтар тобының аты мен байланысты жасайды.  Қорытындыда әрбір кезеңде қойылған ұпайлар қосылып, жеңімпаз топ анықталады.  Оқушылар неғұрлым дене тәрбиесіне көбірек қамтылса, олардың өз бетінше жұмыс істеуге ынта жігері арта түседі. Мұның өзі оқу-сабақ үлгерімін арттыруға ықпал жасайды.     

      Әдебиеттер

1.А.Құлназаров,Ө.Жолымбетов «Қазақстан –спортшылар елі» Алматы-2009

2.Е.Төлемісов «Шынықтыру мектебі» Алматы-1974