Жагипарова Майра Мусаевна,
«Тұран» университетінің аға оқытушысы
пед.ғыл.магистрі
Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі
Түйінді сөздер: коммуникативтік
технология, сөйлесім әрекеті, топтық оқыту, оқу,
жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету.
Коммуникативтік
технология деп оқуға
қатысушылардың барлығын және мүмкін болған
құрал-жабдықтар мен ақпараттарды қатыстыра отырып
өзара белсенді тілдік қатынас әрекетіне ену негізінде
оқу үрдісін құруды айтады. Оның жетекші
әдісі – тілдік өзара
қарым-қатынас. Қолданылатын жұмыс түрлері:
ынтымақтастықта оқу, жұптық оқыту,
топтық құрамда жұмыс істеу, диалог (өзара пікір
алысу). Коммуникативтік технологияда
тілдік қарым-қатынас алдыңғы орынға
шығарылады да басқа жұмыстар осы бағдарға
бағытталады.
Коммуникативті технологияны пайдалана отырып
сабақ жүргізгенде жұптық, топтық
жұмыстардың, ойынның, жобалау жұмысының
маңызы зор.
Коммуникативтік
әдіске жұптық, топтық, ұжымдық
жұмыстар жатады.
Коммуникативтік
әдіс тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра
келіп,тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс
жүзінде асыратын әдістің түрі.
Коммуникативтік әдіс тілді оқытуда
оқу тәрбие үрдісінің барлық
мақсат-міндеттерін қамтиды.
Орыс аудиториясының өзге ұлт
өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік
бағытта оқыту студенттің өз ойын жеткізуде
қажетті құрал болып табылады.
Коммуникативтік оқыту: тыңдау, сөйлеу,
жазу, оқу – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара
қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды.
Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің
көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге
бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар:
тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу[3].
Пәннің мазмұны, дидактикалық элементтерінің
жүйесі құрамында сөйлеу, оны тыңдау, сөйлем
құрастыру, аудару, оқу, жазу болу керек. Тыңдау,
сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру
студенттің тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне
тікелей әсер етеді.
Сөйлеу әрекеттері түрлерін
(сөйлесім – (диалогтық, монологтық), жазылым, оқылым,
тыңдалым) қатар меңгеру барысында танымның барлық
түрі (көру, есту, сөйлеу, сезіну, түйсік т.б)
әрекетке түсіп, әрбір сөйлеу әрекеті
оқытудың мақсаты ғана емес, құралының
да рөлін атқара алады[4].
Коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің
барлық төрт түрінде де қажеттілікпен қатысып
тұрғаны дұрыс. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да
қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы
мен түсінігін қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің
барлық түрінде қалыптасады - тыңдауда да,
сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас
жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін
қамтамасыз етеді.
Жаттығуларда жағдаяттық ұстаным болуы қажет.
Шартты сөйлеу (оқуда) және сөйлеу жағдаяттары деп
екіге бөлінеді. Оқу түрі тіл үйренудің
алғашқы кезеңінде көбірек, ал сөйлеу түрі
жалғастырушы кезеңдерде көбірек беріледі. Сөйлеу
жағдаяттары тілдік қарым-қатынастың мазмұнын
ғана емес, оның құрылымын, тілдік және
сөйлеу құралдарын анықтап, қарым-қатынаста
маңызды рөл атқарады[5]. Жағдаят
сөйлеуге қажетті тілдік құралдарды таңдай білуге
үйретіп, қарым-қатынасқа ынталандырып, оған
қажеттілік туғызады. Жағдаятқа
құрылған сөйлеу тіл үйренушілерді арнайы
сөйлеу әрекеттерін (сұрау, көндіру, хабарлау, бас
тарту, т.б.) жасауға итермелейді. Атап айтқанда, тіл
үйренудің алғашқы қарапайым деңгейде
дүкенде, кассада, поштада, ақша айырбастау пунктінде, мейрамханада,
дәмханада, кафеде, асханада, кітапханада, сабақта, қала көшелерінде,
көлікте, емханада, дәрігерде, дәріханада сияқты
қарапайым жағдаяттарда өзінің коммуникативтік ниеттерін
жүзеге асыра алуы тиіс. Мәселен,
«Дәрігерде» тақырыбына қарым-қатынасқа түсу
үшін бірінші сөздікпен жұмыс жасалынады.
Сөздік:
Ауыру – болеть
Бас – голова
Тамақ – горло
Аздап – немного
Жөтелу – кашлять
Емхана – поликлиника
Байқамай – случайно, не заметив
Баспа – ангина
Қымыз – кумыс
Тексеру – проверять
Шешіну – раздеваться
Өкпе – легкие
Жүрек – сердце
Қызу – температура
Төсек – постель
Емделу – лечиться
Балмен – с медом
Жазылу – выздороветь
Түшкіру – чихать
Тұмау – насморк, грипп
Денсаулық – здоровье
Зор байдық – огромное богатство
Студент
өзінің жағадан үйренген сөздерін ауызекі
сөйлеу тілінде орынды қолдана білсе, оның ақыл ойын
дамытуға әсер етеді. Бұл жөнінде Л.Н.Толстой:
«Балаға үйренген сөзін қолдана білуіне жағдай
жасау керек, үйренген сөзін сөйлеу тілін өзінің
ауызекі сөйлеуінде бір рет қолданса, ол өзінің жеке
меншігіне айналады» – деп айтқан еді. Демек, сөзді орынды
қолданып, оның мағынасын жетік білетін студент өз
бетімен сөйлем құрап, оның мағынасын
түсініп, сөйлеу тілінде қолдана алатыны сөзсіз.
Сөздікпен жұмыстан кейін,
тақырыпқа қатысты келесі диалогты орыс тіліне аударуға
беру арқылы қарым-қатынас тілін үйретуге болады.
Ата: Кіруге бола ма?
Дәрігер: Кіріңіз, ата,
отырыңыз.
Қай жеріңіз ауырады?
Ата: Басым және тамағым
ауырады. Аздап жөтелемін, түшкіремін, тұмауым да бар. Кеше
байқамай салқын қымыз ішіп қойыппын.
Дәрігер: Тамағыңызды
көрсетіңіз, тексерейін. Тамағыңыз қызарып
тұр екен. Шешініңіз, өкпеңізді және
жүрегіңізді тыңдаймын, қызуыңды өлшеймін...
Ата: Тұмау емес пе?
Дәрігер: Жоқ. Баспа ауруы.
Қазір Сізге рецепт жазып беремін. Дәріні дәріханадан алып,
күнінен үш рет ішесіз. Төсекте жатып емделіңіз, бал
қосқан сүт ішіңіз. Енді емханаға жұма
күні келіңіз. Жазылыңыз. Денсаулық – зор байлық [6].
Ал
тіл меңгерудің базалық деңгейінде жоғарыда
аталған қарым-қатынас жағдаяттары анағұрлым
күрделеніп, оған қоса әкімшілік қызмет:
деканатта, әкімшілікте, кеңседе, туристік фирмада, әуежайда, телефонмен
сөйлесу сияқты күрделі тілдік құрылымдар
таңдап алынады.
Сөйлеуге
үйрету үшін топтық жұмыс жасауға болады. Топтық
жұмысқа «Әуежайда» тақырыбы беріледі. Берілген
тақырыпқа төменде орыс тілінде берілген сөйлемдерді
диалогқа айналдыру тапсырылады. Одан кейін орыс тілінде дайындалған
диалогты қазақ тіліне аудару тапсырылады.
Можно забронировать билет до Астаны?
Мне надо два билета до Астаны на 18.00.
Рейс задерживается.
Ориентировочное время вылета 19.00
Звоните, уточняйте.
Где я могу взять тележку для багажа?
Где можно упаковать багаж?
Перевес багажа. Сколько надо оплатить?
Мне надо заполнять декларацию?
Вот мой паспорт.
Объявили регистрацию.
Где мой посадочный талон?
Когда начнется посадка?
Надо идти на посадку.
Счастливого пути!
Берілген тапсырманы орындау барысында
студенттер диалогқа түсіп, ойын, пікірін қазақ тілінде
жеткізу арқылы сөйлеуді үйренеді. Қазақ тілін оқытуда коммуникативтік
мақсатқа жетуде ауызша сөйлеудің маңызы зор.
Сөйлеуге үйрету үшін оқыту әдісі ситуативті болуы
керек, себебі: ситуативтілік сөйлеу әрекетінің табиғи
қасиеті болып табылады.
Сөйлеу
дағдысын қалыптастыру үшін студент өз бетінше ізденіп,
пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму біліктілігін жетілдіріп отыруы
қажет.
Топтық
жұмыс кезінде: студенттер өзара пікір алысып, сөйлеу
қабілеті артады, топ мүшелері арасында қарым-қатынас
күшейіп ұжым құруға септігін тигізеді,
өзгенің де, өзінің де ісін обьективті бағалауды
үйренеді, студенттердің іскерлік қабілеті артады.
Коммуникативтік оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға негізделген әдістеме.
Пікірлесе алу үшін тілдің сөйлем түрін
қолданғанда ғана адамдар бірін-бірі түсінісе алады. Коммуникативті
оқыту технологиясын енгізе отырып студенттердің сөйлеу
дағдысын қалыптастыруға болады.
Коммуникативтік технологияның элементтері студенттердің тілдік
белсенділігін арттырудың негізі болады, аудиторияда өздерін еркін ұстауға
көмектеседі. Осы технология элементтерін пайдалану арқылы жұптық, топтық, ұжымдық
жұмыс істеу арқылы жетістіктерге жетуге болады.
Коммуникативтік
оқыту арқылы студенттердің танымдылық
қабілеттері, танымдық үрдістері дамып, сөздік
қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады.
Бұның бәрі
дамығаннан кейін студенттің ойлауы, қабылдауы, зейіні дамып
қалыптасады. Ал сөздік қорының дамуы мәтінмен
жұмыс істегенде, белгілі бір мәселені шешкенде дамиды. Осы
технологияны қазақ тілі сабақтарында қолдану
көптеген жетістіктерге әкеледі.
Бүгінгі күнде біздің қоғамымызға
адамдармен еркін сөйлесіп, тіл табыса алатын коммуникативті жастар керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауы, Астана.
2007 жылғы 28 ақпан
2.ҚР тілдерді
дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы туралы. -Астана: «Егемен Қазақстан»,
2011 ж.
3.
Б.А.Әрінова. Озық технологияларды қолданудың
коммуникативтік компетенция қалыптастырудағы орны.
«Қазақ тілі Қазақстан мектебінде», 2008, №1.
4.Миролюбов А.А. Сознательно-сопоставительный метод обучения
иностранным языкам. М., 1998.
5. М.З.Мырзахметова, Г.А.Токтамысова, Т.А.Налибаева.
Коммуникативті оқыту әдісінің шетел тілі сабағында
алатын орны // Молодой ученый. – 2015, №8.
6. Ш.К.Бектұров,
А.Ш.Бектұрова. «Қазақ тілінің қалталық
оқулығы», «Аль-Фараби». Алматы, 1997 ж.