Байболова Д.О.
Қазақ инновациялық
гуманитарлық-заң университетінің ІІ курс магистранты,
Қазақстан Республикасы
Тлебалдина Н.Т.
Қазақ инновациялық
гуманитарлық-заң университетінің оқытушысы,
п.ғ.к.,доцент,
Қазақстан Республикасы
М.МАҒАУИН
ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ХАРАКТЕР
Аннотация
Аталмыш мақалада отандық әдебиеттану ғылымы
аса назар аудармай
келе жатқан көркем
өнердегі жүйелі характерлер
жүйесі сөз болады.
М.Мағауиннің «Бір
атаның балалары» хикаятындағы Ахмет бейнесінде кездесетін
ұлттық танымды сипаттай
отырып, жалпы жазушы
шығармашылығындағы
тақырып атаулары мен
қаламгер шеберлігі суреттеледі.
Тірек сөздер:
характер, таным, ұлттық,
көркем шығарма
Аннотация
В данной статье говорится, что
отечественная литературоведческая наука не обращает особого внимания на систему
характеров в художественном искусстве. Изображая в образе Ахмета национальные
черты характера , в произведении М.Магауина «Дети одного отца» можно увидеть
мастерство писателя.
Ключевые слова: характер, познание, национальный, художественные литературы
Resume
Summary of this
article states that the patriotic literary science doesn’t pay special
attention to the characters in art.Portraying
national traits in the image of Ahmetin M. Magauin’s «Children of the same father», you can see the
masterpiece of the writer.
Keywords: character, cognition, national, art literature.
Академик Зәки
Ахметовтың басшылығымен жарық көрген «Әдебиеттану.
Терминдер сөздігінде»: «Ұлттық характер – шығармадағы
кейіпкердің ұлттық сипатымен ерекшеленген мінез-бітімі,
оның белгілі бір халықтың өкілі екендігін танытатын
психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі» деп
анықтама береді [2,36]. Қазіргі таңда орыс әдебиеттану
ғылымында бұл мәселеге ерекше назар аударылып, көптеген
зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Мәселен,
өзінің диссертациялық жұмысында ғалым Ирина
Владимировна Попова бұл мәселені өткір қойып,
жақсы нәтижелерге жеткен. Тұшымды деген, мына бір пікіріне
назар аударайық: «Одним из наиболее дискуссионных на пороге ХХ–ХХІ столетий
стал вопрос национальный. ...Споры о национальном имеют непосредственное
отношение к науке о литературе. Отечественные литературоведы все больше
склоняются к тому, что в настоящее время одной из важнейщих задач русской
литературы является ее национальная реабилитация. Иными словами, изучение
произведений писателей, прежде всего ХХ века, необходимо проводить в контексте
национальной проблематики, национальной психологии, в соотносении с
оснопологающими принципами и традициями русской классики [3,18]. Көркем
әдебиеттегі ұлттық мәселесі міндетті түрде
ұлттық характермен (мінезбен) тікелей байланысты екені белгілі.
Бұл бағдарда
ғалым-жазушы Мұхтар Мағауиннің
шығармашылығын ерекше атап айта аламыз. Дара
тұлғаның жалпы шығармашылығы ұлттық
бояуының қанықтығымен ерекшеленетінін зерттеушілер де,
оқырмандар да талай мәрте атап көрсеткен. Біз осы жазбамызда
суреткердің «Бір атаның балалары» хикаятындағы Ахмет
бейнесінің аясында ұлттық характер мәселесіне
тоқталмақпыз. Жалпы ұлттық таным оның
көркем шығармаларының барлығының стиліне
тән ерекшелік. Осы пікірімізге бір ғана мысал. Жазушының
хикаяттарын алатын болсақ, олардың атауы алдымен ғылыми
ақпарат берері сөзсіз. Мәселен, «Тазының өлімі»,
«Жүйрік», «Жыланды жаз», «Қара қыз», «Бір атаның
балалары», «Шипалы арасан», «Қисық ағаш»,
«Оңғақ» атауларының ұлттық бояуы
соншалықты қанық, мінезді атаулар. Тұрақты
тіркеске айналған мәңгілік атаулар. «Милленум», «Космос»,
сияқты халықаралық, бірақта ұлттық
бет-әлпеті, мінезі жоқ атаулар емес. Көркемдік жүйеде
ұсақ нәрсе болмайтынын суреткер шығарма атаулары
арқылы-ақ байқатқан. Ұлттық характер
әдебиеттану ғылымында аса маңызды әрі зерттелмеген
мәселе. А.Лаушкина деген орыс ғалымы бұл
мәселенің өзекті екенін қырық жыл бұрын
айтып кеткен. Тек біздің назар аудармағанымыз болмаса: «Проблема
национального характера – вопрос важный, и малоизученный в современном
литературоведении» [4,59]. Кезінде ең
интернационалдық деп танылған «Бір атаның балалары» хикаятта
суреткер ұлттық мінездің
үлгісін көрсете білді. Ондағы кейіпкерлердің
іс-қимылы, харакеті осыны байқатады. Хикаяттағы
басқарманың сөзіне назар аударайық: «– Ал,
ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал, -
деді басқарма. Өздерің білесіңдер, мен жұмысшы
әкелем деп кеттім. Ақыры былай болды. Үкімет біздің
Бұлғыртау ауданының тоғыз калхозына елу төрт бала
жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен барғанша ересектерін
бөлісіп әкетіпті. Соның өзі жақсы болды. Жетісіп
отырған ешкім жоқ, түгел кем-кетікпіз. Төрт-бес жұмысшы
қосылғаннан азаматтың орны толмас деп, ең ұсағынан
таңдап алдым. ...– Сабыр, ағайын, сабыр, - деді басқарама
қолын көтеріп. – Менің әкелгенім алты-ақ бала.
Бәріңе жетпейді. Және, қазір баурыма салдым деп алып,
ертең өгейсітіп жүрсек тағы
қазақшылыққа жатпайды»[5, 471].
Дәл осы сәтте тысы
тозған сеңсең тымағын құлағын
қайырып бір жақ шекесіне қисайтып киіп, жұрттың
бәрінің басынан аса қарап, ат үстінде
тұрған Ахмет шал қарына қыстырған
құрығын лақтырып тастап, жерге ырғып
түседі. Қимылы ширақ.Оған басқарма «таңдаған
балаңызды алыңыз» дейді. Осылай деуі арқылы, Ахмет
ақсақалдың ел алдындағы беделін байқатса,
қимыл-қозғалысы арқылы суреткер оның мінезінен
хабар беріп кетеді.Соғыстан кейінгі ауыр жылдары қанша жетімді
қазақ халқы бауырына басты. Өгейсіту
«қазақшылық» емес. Осы басқарма бейнесі арқылы
қазақ халқының дархан ұлттық мінезін
көрсете білген. Қазақтың дархан көңілінде
оның тазалығы, қайсыбірде оның
аңғалдығы да көрініс береді. Осы хикаяттағы
Дәуренбек бейнесі арқылы суреткер аса сәтті бере білген: «Ең
соңындағы – жаңа алдымен шыққан қасқа,
жетіде. Сіздерден жасыратын не бар, тегі жаман – неміс. Бұл баланың
орны детдом емес еді, әке-шешеден бірдей айрылып, панасыз
қалған соң алынған екен. Өкіметтің
кеңшілігі көп. Енді осы араға келіп тұрған жайы
бар» [4, 472].
Кейіннен осы баланы Ахмет ақсақал
бауырына басады. Барлық келген баланы маңдайынан сипаған
қария неміс баласының қолынан ұстап «Мен осы
мықтының өзің қаладым» деуінде үлкен
мән бар еді. Кейіннен «нағыз жетім осы деуінде» қазақ
қартына тән ойшылдық бар. «Обалынан қорықтым...»
деуінде ұлттық характердің қасиеті көрініс
тапқан. Көне дәуірден «обал-сауап» қазақта ерекше
орын алған. Дәуренбекпен алғашқы тартыста-ақ, оны
тарпып тастайды: – «Жауды аяған жарлы» дегенді білмеуші ме едіңіз, –
деді Дәуренбек ызбармен. – Әй, не шатып тұрсың, мен
сенен ақыл сұрадым ба! –
деді Ахаң да морт кетіп. – Сақалыңыздың
ағында жаңсақ іске аяқ бастыңыз, – деді Дәуренбек.
Ақсақалға емес, әлдеқайда, алыстағы егін
жайға қарайды.
–
Құйысқанға қыстырылмай, қой шырағым, –
деді Ахмет. – Әкең атшабар Бәкібайды да көргем, ол да
маған қоқаңдай алмаған. – Екі бүктеп,
білеулеп ұстаған қамшысының сабымен тымағын
түзеп киді. – Еміске сен үш саусағыңды берсең,
мен үш ұлымды бергем. Мына жұртты бөгемей
баламның атын айт [5, 474]. Ахмет
ақсақал неміс
баласының тілін кәлимаға келтіруге молданы шақырады. Сыйға
лақ сұраған молдекеңді Ахаң шарт етіп ашуланып,
ішіп отырған шайының да аяғын күтпестен, үйден
қуып шығады. Және: «Хазіреті Ғали мың сан
кәпірді дінге кіргізгенде кімнен лақ алып еді, азған
атаңның аузы деп боқтап, алды-артына қаратпай атына
мінгізіпті де, ауылдың шетінен асырып, айдап тастапты» [5,476].
Социалистік реализмнің көркейіп тұрған кезеңінде
шығарма кейіпкеріне бұндай пікір айтқызу шеберлік қана
емес, ерлік, ұлттық мінездің көрінісі.
Балалар да түсініп, оны
өз ортасына алады. Кейіннен, сіңіп кетіп
қарадомалақтың өзі болады. Шығармада
Дәуренбек татымсыз қылық жасап, кейіннен онысына кешірім
сұрағанда да Ахаң өз
мінезінде қалады. Жалпы, ұлттық мінез бен даралық мінез
қатысы да арнайы қарастыратын аса өзекті мәселе. Тіпті,
кейіннен неміс баласына бұл ауылда тұруға болмайды деген
шешім қабылданғандағы Ахметтің шешімталдығы
оның тұлға ретінде даралық мінезін көрсетеді: «Көп
ұзамай, қараша үйімен, барлық мал-жайымен Ахаң
төменгі колхозға кетті» [5,490]. Жалпы, ұлттық характер
категориясы көркемдік макрокатегориясынан бөлекше дамитын
эстетикалық құндылық емес. Бірлікте дамып,
суреткердің стилін айқындайтын фактор. Шығармадағы
кейіпкер характері, оның мінез табиғаты арқылы оның
өмірге қатынасы айқындалады. «Бір атаның балалары»
хикаятында Ахметтің кейіпкер ретіндегі бейнесін, ұлттық
характерін суреткер басқа кейіпкерлермен қарым-қатынасы
арқылы көрсетеді. Суреткер кейіпкердің даралық мінезін
ұлттық характер контексінде шебер суреттей білген.
Ұлттық ерекшелік, оның ішінде ұлттық характер
көркем шығармада ұлттық әдебиеттің
өзіндік ерекшелігін айқындайтын фактор ретінде қарастырылады.
Сөз соңында, ойымызды қорытындыласақ, Мұхтар
Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты
шығармасының көркемдік қуатының бір қыры,
оның кейіпкерлерінің ұлттық характермен ерекшеленуі дер
едік. Бұл, жазушының көркемдік-эстетикалық
шеберлігінің айқын көрінісі. Ахмет ақсақал
ұлттық болмысы биік, мінез табиғаты таза кейіпкер.
Шығарманың негізгі тірек бейнесі деп танимыз. Жалпы, Мұхтар
Мағауин хикаяттарындағы кейіпкерлер ұлттық
қасиет, ұлттық мінезбен ерекшеленіп тұрады.
Пайдаланылған әдебиетер
1. Лессинг Г.Э., Гамбургская
драматургия, М. –Л., – 250 стр.
2. БекниязовТ.
Ұлттық характер., – 92 бет.//Кітапта: Әдебиеттану. Терминдер
сөздігі./Құрастр.З.Ахметов./ – Семей-Новосибирск,
«Талер-Пресс», 2006, -398 бет.
3. Попова И.В.
Национально-поэтически контекст прозы В.Распутина 1980–1990-х годов. Дисс. На
соискание учен. степени кандидата филолог. Наук., Тамбов, 2003.,-189 стр.
4. Мағауин М.
Шығармалар жинағы: Он үш томдық. 1960 – 2002ж..
–Алматы: Қағанат – ҒМО баспасы, 2002 – Бірінші том.
Әуелгі әңгімелер. Тазының өлімі. Қара
қыз. Көк мұнар. Бір атаның балалары. 1960 – 1973. – 549
–бет.