ҚАhАРМАНДЫҚ
РУХ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ
АЛҒЫШАРТТАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ РЕАЛИЗМНІҢ ОРНЫ
Т.Жүргенов
атындағы
қазақ
Ұлттық өнер академиясының
оқытушысы
Даубай Ұлан
Жалпы
бейнелеу өнері сонау қола заманнан басталып, кәсіби
деңгелікке жеткенше қаншама стильдер мен бағыттарн пайда
болды. Дәлірек айтқанда, байырғы тас беттеріне қашалып
салынған суреттер (петроглиф), содан кейін өз ерекшелігімен стильге
бөлінген, яғни романдық,готикалық, ренессанстық
бағыттар және классикалық, реалистік стильдер, сонымен
қатар 21 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас
кезінде модернизм (импресионисттік, постимпрессионисттік, экспрессионистік, фовистік,футуристік
т.б.) бағыты. Бұл бағыттар әлемде бүгінгі
күнге дейін жалғасын тауып келеді. Бірақ кеңес
үкіметі кезінде Қазақстан
жерінде, сондай – ақ одақтас
болған 15 республикасының аймағында20 ғасырдың 60
жылдары бейнелеу өнерінің
ұлттық деңгейде және ұлттық мектепті
таныту идеясы пайда болғанын, С.Айтбаев, А.Сыдыханов, Ш.Сариев т.б
суретшілердің ізденіспен қалам тартқанын атап айтамыз. Ал,
бүгінгі күнде бейнелеу өнерінің, соның ішінде
кескіндеме өнерінің, соның ішінде кескіндеме
өнерінің ақуалы қалай және өсу, өрбу
деңгейі қаншалықты деген сұрақтар туындайды.
Әлбетте
қазір кескіндемешілердің саны айтарлықтай өз есебінде өскен.
Солардың ішінде ұлт
тәуелсіздігі руханият әлеміне кең жол, жаңа өріс
ашушы жаңа буын кескіндемешілерді атап айтсақ Ағымсалы
Дүзелханов, Жұмақын Қайрамбаев, Бақытхан
Мырзахметов, Николай Аштема, Досбол Қасымов, Қазбек Әжібек,
Өмірбек Жұбаниязов, Дәулет Аймағамбетов, Талғат
Тілеужан, Жамхан Айдар т.б.
Қазақстан
бейнелеу өнері тарихында кескіндеменің алатын орны айрықша. Республикамыздың
бүгінгі кемел сурет өнерінің бастауы болған акварель,
майлы бояу біздің қылқалам шеберлерінің реалистік
шыншыл кескіндеменің дәстүрін игеруіне теңдесі
жоқ үлес қосты.Еліміздегі дәстүрлік
ерекшеліктерді көздеп, негізге салушы суретшілердің саны
күннен күнге көбейіп келеді. Солардың арасындағы
саналы да мазмұнды еңбектерімен
қазақ халқының дәстүрін,
әдет-ғұрпын, реалистік санада көрсетушілер негізгі орын
алады.
«Өнер
– мәдениеттің айнасы» деп бекер айтылмаған. Ол
мәдениеттің жаны, оның өзіндік тамының
түрі. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені
игеру барысында әдеби мәтіндерге, мүсінге, сәулет
туындыларына, суреттерге, әуенге, биге және тағы сол
сияқтыларға негізделген өнер түрлері қалыптасады.
Өнер
деп адамның рухани болмысына, сезіміне, эмоциясына әсер етіп, оны
толғандыратын, суреткер қолынан шыққан
шығармашылық үлгісін айтамыз.
Өнер
адами ақиқат, адамдандырылған «екінші әлем».
Өнер, көркем бейне және жасампаздық тікелей
әлеуметтік адам тұлғасымен байланысты категориялар.
Өнерде
үйлесімділік ретінде танылған кемелділік бейнесі жасалады.
Өнер арқылы адамның әмбебаптылығы ашылады.
Өнер адамның шексіз болмыстық сұрақтарына жауап
табуға талпыныс барысында гуманистік ұстындарды
қалыптастырады. Осының нәтижесінде, өнер тек белгілі
бір қоғамның даму нәтижелерін көрнекілеп
қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік-рухани
қмірдің күйіне әсер ететіндігін білдіреді.
Қазақстан
өнерін оның жоғарғы жетістігінде, сонымен қатар
өнерінің жетекші құбылыстары мен басқа
елдердің көптеген ірі көркемдік жаулауларын, әлем мен
демократия үшін күресті іске асыратын, реализм өнері деп
айтамыз.
Бұл
түсінік отандық көркемдік мәдениетінде терең
тамырланды. Ол біздің өнеріміздің ең негізгі
мәнін жақсы және дәл көрсетеді, оның
құндылықтары мен жетістіктерін құрудың долы
мен әдісін анықтайды, сондықтан онсыз кеңестік өнердің ғылыми тарихы да,
не көркемдік сынның құндылығы да болуы
мүмкін емес. Онымен қоса, ол ұлттық эстетиканың
өзегі, орталық түсінігі болып табылады.
Бұл
түсінік нені білдіреді? Мұндай сұрақ кейде жас
өнер тудырушыларда туындайды,және ол жөнінде отандық
суретшілеріне өнер маман қайраткерлері жиі жүгінеді.
Бұл сұрақ тек қана терминнің тарихи
жаңалағымен емес, сонымен бірге реализм жөнінде кейбір
жалған көрсетулердің таралуымен келтірілген, кейде апатты
пайда болатын, соның салдарынан істің мәнін
түсінбеушілік, ал кейде отандық өнерінің
дұшпандарының саналы түрде дәлел келтіруі арқылы
шақырылатын. Тарихи реализмді кейде кері жақтары мен
әлеуметтік дамудың шыңындарымен байланысты шегін білдіру арқылы, біздің
жолымызда болған қателіктер
мен жетіспеушіліктер арқылы, архаикалық, догматикалық, бос
емес, шығармашылықсыз өнер түрінде көргілері келеді. Бұның
бәрі терең қателік, өнер табиғатынан бөтен
тарихи реализм түсінігінде жұмбақ ештене жоқ. Керісінше
ол осы табиғатты білдіреді, оған сәйкес келеді және
біздің уақыттағы әлемдік классикалық
өнердегі дәстірлердің шығармашылық дамуы болып табылады.
Әрине,
қортындылайтын болсақ
қазіргі заманғы біздің өнердің алтындай
қордың сандық өсуі, көркемдік
қызметтің кеңінен дамуы, мемлекеттің барлық
аймақтарына және қоғамның әрбір
мүшесіне таралуы мен ықпал етуі – бұл да біздің
көркемдік мәдениетіміздің бүкіл халықтығын
айтатын, әлеуметтік құбылыс. Және бұл процесстер,
даусыз, бұдан кейін де бола береді. Бірақ бір бұл
жеткіліксіз. Демек, бастысы бүгінде көркем өнер
шығармасының көркемдік сапасы бірінші орында тұруы
керек, оның тиімділігі биіктікке шарт коюы керек болатын, яғни
өнердің эмоциялық жаулап алу қабілетін
қамтамассыз ететін, жаннын асыл шектерін қозғайтын,
ақыл мен жүректің өмірін асқақтату, адамды
рухани молайту мен жарылқау көрерменге әсер етуінің
тереңдігімен күші, оның әсемдігі мен жоғары жетілгендігі
көркемөнер
шығармасының көркем сапасы. Сонымен қоса,
қоңыр, дарынсыз, мейрірімсіз немесе жалған, жасанды идеялы
шығармалар: олар пайдасынан көрі зиянын алып келеді.
Өмірдің
барлық салаларын қайта құру догматизмнен бас тартуы,
ойлаудың шаршаған схемаларымен стереотиптерінен бас тартуды
білдіреді. Ол бірақ сонымен қоса біздің табыстарымыз бен
әдістемелік қағидаларымыздың тереңдеу,әбден
жетілуі және дамуы болып табылады. Қайта құруды тарихи
реализмді жаулап алу үшін шабуыл ретінде пайдалану талпыныстарының
өз орны бар, бірақ олар іске асыру емес, қайта
құру идеясын бұрмалау
болып табылады. Ұлттық реализмның ту астына бүгінде
қазіргі әлемнің әлеуметтік және
ұлттық босауына күресуші алдынғы күштері
жиналады. Бұл ерекше жауапкершілік ұлттық көркем өнер
қайраткерлеріне де тиесілі міндет.