Жаңылдырмас жаңылтпаш

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы Ауесбаева Г.Ж. auesbaeva.gulnaz@mail.ru

Жаңылдырмас жаңылтпаш деп аталатын бұл мақаламда, сіздерге жаңылтпаштарды оқу арқылы тілді қажетті мөлшерінде тазалап, оны тұрақта қалыптастыруға қолайлы деп санағандақтан осы жұмысты ұсынып отырмын. Жаңылтпаштар өздеріңіз білетіндей күрделі, ұйқасы ұқсаз сөздерден құралады. Күрделі сөздер, айтылуы қиын, жаңылдыратын шытырман сөйлемдер жинағы сөзсіз тіл тазалығын үстартуға бірдін-бір таптырмайтын бағдарлама. Сөздің, әріптің анық айтылуы, тіл тазалығына, ауыз қуысының құрылымына байланысты. Демек, оқушы өз ауыз қуысының құрлымын тілдің ұзын-қысқа,жіңішке-жуан болуын, тістердің орналасуларын білу керек. Физикалық қандайда бір кемшіліктер болса оларды емдеп жазу кажет, себебі ауыз қуысының орналасуы дыбыс шығаруда аса маңызыды.  Ендігі кезекте, ауз қуысының мүшелеріне арналған жаттығуларды саналы түрде зейін қойып меңгергені абзал. Әр жаттығуды жүйелі түрде уақытылы орындап, ерінбей жаттықсаңыз үш-төрт ай ішінде қажетті тіл тазалығына қол жеткізе аласыз. Жаттығуларды жасау барысында дененін физиологиялық және психологиялық еркіндікте болуы маңызды. Денедегі ширығулардан құтылып, бастағы артық ойлар мен қысымға әкелетін ойлау процессінен арылу керек. Тек содан кейін ғана жаттығуларға кіріскен жөн.

Жалпы «тіл тазалығына» тікелей қатысы бар техникалық үрдісті менгеруге қажетті бөлімдер: «дем», «дауыс» бөлімдері. Бұл бөлімдер бір-бірімен тығыс байланысты, себебі дем алу мен дауыс шығару маңыздылығын үйреніп білмей, тіл тазалығын толықтай қажетінше меңгере алмайсыз. Тағы аса маңызды бөлім, ол «мәтінмен жұмыс жасау» бөлімі. Мәтінмен жұмыс жасау бөлімі аса қүрделі де, ең маңыздысы. Осы бөлімде дем, тіл тазалығы, дауыс байынша алған білімдеріңіздің денгейін, мәтіндерді оқу арқылы көрсете аласыз. Жаңылтпаш –жаңылту дегеннен шыққан,ол қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаштар қара сөз немесе өлең түрінде болады. Мағна жағынан адамгершілікке, бірлікке, достыққа шақырып, көбінде әзілге құралған. Жаңылтпаш қазақ әдебиетімен қатар, әлемдегі кез келген елде кең тараған жанр. Дәстүрлі ойын сауық кештерде, жастар мен балалар арасында жаңылтпаш айтып айтысу жарысы кеңінен тараған. Жаңылтпаш та жұмбақ жасыру, ертегі, өлең оқу, айтысу тәрізді тіл ұстартуға өз ықпалын тигізген. Қазіргі уақыта айтылатын «актерлық шеберлік», кезінде қазақ өнерінде ойнақы, билеп, еркін сөйлеуге, жүректен жүрекке жетіп, әсерлі болу деп аталатын. Сол шеберліктерді ерікті және еріксіз қолдана білген қазақтың дала өнершілері тіл тазалығына, тіл ұстартып шешен болуларына еш жүйелерсіз қол жеткізген. Ал, қазіргі уақытта сол көне дәстүрді біз оқушылардың тілін сахнаға лайықты ету мақсатында, сол үрдісті, жаңылтпаштармен жұмыс жасауды бағдарламада қолданамыз. Жаңылтпаштардың сөз құрамы қызықты, қисынды логикалық ұйқасы бар, ол сөзсіз эмоциялық, көркемдік, күрделі мәтін. Жаңылтпашты айтқызу арқылы студенттің тілін ұстартып, әр түрлі сөздерден құралған сөйлемді айтқызу арқылы тілдегі кемшіліктерді жоюға талпынамыз. Эмоциалық сезінулер туғызып, ой туып, озіндік орындалу мақсаты мен қатар оқиға легі мен ішкі ойлар табылып, сөз әрекеті жүйесіне түсеміз. Демек жаңылтпашпен жұмыс жасау тек тіл тазалығы ғана емес сондай-ақ сөз әрекетінің алғашқы элементтерінің тууы мен орындалуы, ал ол орындалса демек біртіндеп сөз әрекеті үрдісі дұрыс қалыптасады деген сөз.

         Жаңылтпаштар арқылы тіл тазалығын жаттықтыру. Жаңылтпашпен жұмыс жасау тәсілі, бір төбе. Бірінші кезекте жаңылтпаштарды асықпай айтып тіл бұрамдарын жаттықтырамыз; Екіншіден жаңылтпаштарды үш жылдамдықпен айтып жаттығамыз, олардың түрлері - баяу, сәл жылдам, және өте жылдам деп бөлінеді. Шатастырма сөздерден құрылған  жаңылтпаштарды айтып қана қоймай, айтылған ойын да тауып түсініп айтуға тырысамыз. Үшіншіден ауыз қуысына жаңғақтар салып жаңылтпаштарды кедергілерге қарамастан анық айтуға талпынып тіл тазалығын жаттықтырамыз. Оған қоса таяқ, қалам, қарындашты тіс аралығында тістеп тұрып, ерінді тілді кедергіге қарамастан қозғап, әріптердің, сөз-сөйлемдердің таза айтылуын жаттықтырамыз. Мысалы: жаңылтпашты қатар-қатар өте баяу, баяу, шапшаң жылдамдықтарда айтып, жаңылтпаштардың сөздерінің қиындығына қарамстан жаңылдырылмай айтуға қол жеткізуге талпынамыз:      Аппақ қақпақ аппақ па?

                                              Сатпақ қақпақ аппақ па?

                                              Сатпақ қақпақ сатпақ та,

                                             Аппақ қақпақ аппақ та. – бұл жаңылтпашты кезекпен үш жылдымдықта айту керек, артынша жылдамдықтар ара жігін ажыратпай, жылдамдық түрлерін бұзбай, мағнасын жоғалтпай орындайсыз. Есіңізде сақтаңыз – жаттығудың бірінші мақсаты тіл тазалығы, демек әріптер де, сөз де, сөйлемде таза, анық, түсінікті болу керек. Екінші мысал ретінде келтірілетін жаңылтпаш пен жаттығу, тура біріншідегідей үш жылдамдықта орындалады, тек көлемі сәл үлкендеу, және толығымен бір деммен айтып шығу қажет, бар қиындығы осыда:     Аппақ, аппақ, бәрі аппақ

                                                                Ақ қар аппақ, бор аппақ,

                                                                Ақ бұлт, қырау,мақта аппақ

                                                                Ақ қыс, қағаз, аққу ақ,

                                                                Ақ тіс, ақ бу, ақ бұлақ...

                                                                Аппақ дейін, ақ дейін

                                                                Ақ емес бірақ ақ тиын. – үш жылдымдықта айтып жаттығып, белгілі тіл кемшіліктерін жойған соң, біртіндеп келесі жаттығуды орнындауға көшеміз:                    Жеке өсіп тұр жеке,

                                   Жеке өсіп тұр жөке

                                   Осы жеке өскен жөкемекен?

                                   Осы жеке өскен жөкені өсірген

                                   Жекен бекен, Жөкен бекен? – бұл жаңылтпашты орындамас бұрын аузға екі ұртқа екі жаңғақ салып, немесе үш жаңғақ салып айтып жаттыққан жақсы. Келесі мысалға келтірілетін жаттығу, жаңылтпашты айтуда, ауызға таяқ немесе қалам, қарындашты тіспен ұстап тұрып айтып жаттықан жақсы нәтиже береді:

                                 Қап-қара түнгі қараңғы қораның

                                 Қараңғылығы қарарақ па?

                                 Қап-қара түсті арамы қарғаның

                                 Арамдылығы қарарақ па?

                                 Қап-қара түнгі қараңғы қораның

                                 Қараңғылығы да қап-қара,

                                 Қап-қара түсті арамы қарғаның

                                 Армадылығы да қап-қара. Жаңғақ пен таяқ салып жаттықан соң, кедергілерді алып тастап сөйлеп көріңізші, өзіңізді қалай сезінесіз? Едәуір жақсы сезінуіңіз сөзсіз, яки ауыз құрылымының мүшелері керіліп созыла еркін қозғалысқа ие болады, қысым жоқ жерде әрине дыбыс та еркін шығады. Келесі назарларыңызға ұсынылатын жаттығу, дене қозғалысын қажет етеді. Мысалы секірмемен секіріп жаңылтпаш айту, немесе әр түрлі қимыл-қозғалыстар жасап жаңылтпаш айту. Қимылдар биден, спорттық жаттығулар қимылын құрайды. Оларды, әр түрлі жаңылтпаштардан құралған шағын әнгіме айтып жаттығып көріңіз, мысалы:

       Анам апалақ-сапалақ(отырып тұру), алаңғасар балаға қатал ақ (алдыға қарай домалау). Ақиық қарады ақиып (секіріп тұру), аңғал тұра қалды аңқиып(артқа домалау). Аңғал аңғармай ма, аңғарсада аңғармай ма(калесо жасау)? Аңдысын аңдамай қонай(отыру), алдамназға иланып(созылып жату), аңыранып қалды оңай(денені тік ұстап, екі аяқты тік көтеру). Аяңкес аңғалдау Асан (артқа домалап отыру) аңғалдықтан арылады қашан(тұру)! – осы мысалға келтірілгендей әр түрлі жаңылтпаштар әнгіме құрап, қимыл қосып жаттығу, тек тіл тазалығын ғана емес, сонымен қатар демді жаттықтырады, ойлану, зейін қою, есту жолдарын шыңдайды. Ендігі кезекте ұсынылатын жұмыс, айтылуы қиын сөздерден сөйлем құрып жаттығып, тіл мүмкіндіктерін арттыра беріңіз, бұл шағын құралған мәтіндерді, біріншіден ауызға кедергілер салып айтып жаттығу керек. Екіншіден, қимыл-қозғалыстар қосып айтып жаттығу жасау қажет. Айтылу жылдамдығына назар аудару керек және мазмұны мен ойын нақты ашып, мақсат қойып, өз қиялыңыздан туған қызықты оқиға болу керек:

1. Халықаралық ғылыми практикалық конференцияға, халықаралық ғылыми дәрежелері жоғары профессорлар мен мемлекеттік емес ұйымдардың зерттеушілері, ғылым мен білім саласының ғалымдары, мемлекет сыйлықтарының иегерлері, нобелл сыйлығының иегерлері, атом мен нанотехнология, жасыл энергия жобаларының авторлары, элеуметтік желілердің белсенді блогерлері, саяси топтардың белсенділері, партиялардың басшылары мен көмекшілері, ел басшыларымен премьерлері, министір мен депутаттары, белсенді жастар ұйымдары мен қауымдастықтары қатысып бас қосты.

2. Халықаралық патенттелмеген, және халықаралық патенттелген белсенді заттарға - кальций пантотенаты, кальций карбонаты, магний тотығы, темір фумараты, мыс тотығы, мырыш тотығы, марганец сульфаты, хром хлориді, молибден молибдаты, фосфор кальций гидрофосфаты, калий йодиді, ретинол ацетаты, холекальциферол, альфа токоферол ацетаты, аскорбин қышқылы, рибофлавин, пиридоксин гидрохлориді, никотинамид, фитоменадион, биотині - халықаралық патенттерге, патенттелінбеген паттентологиясымен паттентелді. Назарларыңызға ұсынылған жұмыс, жаңылтпаштармен жұмыс жасаудағы тек шағын үлгісі ғана. Жаңылтпашты алғашында айтуда, екі топ арасындағы сайыс ретінде, серіктесімен, обручпен, доппен айтып та, оқиға құрып шағын қойлым қойып та орындауға болады. Жаңылтпаштармен жұмыс жасауда тек тіл ұстартып қана қоймай, сонымен қатар зейін қою, ойлау, есте сақтау қаблеттерді арттыруға болады. Барлық жұмыстардың мақсаты - тіл тазалығын ұстарту, оқушының бойында сөзге деген құрметпен қатар, тіл тазалығы мен сөз шеберлігіне жетудегі бір жолын көрсету. Бұл үрдіс басқа елдерде де кеңінен тараған, өзінің тиімділігін дәлелдеген. Оқушының тіл тазалығын, ойлау қаблетін кеңінен арттыратын, сөз сөйлеуде жақсы нәтиже беретін бірдін-бір жол.

 

Summary: Tongue twisters. As a key aspect of the to work on diction.

Резюме:  Скороговорки как один из основных аспектов в работе над дикцией, и достижении четкости произношения.

Key words: Tongue twisters. The importance of exercise.

Ключевые слова: Скороговорки. Упражнения.