ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ МАЗМҰНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕСІ ХАҚЫНДПА

Ахметова Л.С.- А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, тарих магистрі

 

 Қоғамның рухани өміріне қажетті игіліктердің бәрін түбегейлі зерттеп,зерделеп,қалың бұқара мен жас ұрпақ арасында тәлім-тәрбие жұмыстарын өрістету-қазіргі күн талаптарының бірі.

Әрине,бұл жұмыс ең алдымен жоғарғы оқу орындарындағы философия пәні мазмұның жетілдіріп,студенттердің рухани тұрғыдан кемелденуіне,әсіресе,ұлттық санасының жетілуіне бағышталуы керек. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен  бері еліміз білім жүйесін реформалауға бет бұрды.Әсіресе,қоғамдық маңызы бар пәндердің мазмұның жетілдіруге үлкен ден қойылып жүр.Өйткені,баршамызға мәлім әлеуметтік-гуманитарлық пәндер жастардың бойында адамгершілік,отансүйгіштік,ұлтжандылық сезімдерді тәрбиелеуде ерекше орынға ие.Соның ішінде,ойды тереңге бойлатып,ата-бабаларымыздың өнегесінен тағлым алуга негіз болып табылатын  пән-философия.Оған қоса, оның-студенттік жастардың дүниетанымын едауір кеңейтуге септігін тигізетіні анық.Сол себепте қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарына арналған философия пәнің оқыту бағдарламасына осы пән бойынша сағаттарды азайытпай(өкінішке,орай ондай пікірлер бар),керісінше қосып әрі мазмұның  қазақ қоғамының болашақ ұрпақты тәрбиелеу талабына лайықтап жаңалау керек.Осыған орай,философия пәнің оқытудың  жұмыс бағдарламасына ұлттық болмысымызды,тарихи өткенімізден сабақ алатын тұстары бар тақырыптарды қамтысақ дұрыс болар еді.

Соның ішінде,мысалы,қазақ халқының рухани дәстүрлерің-философиялық талдау мәселесі.Бұл дегеніміз,басқа халықтар сияқты қазақ халқының да өзіне тән мәдени мұрасы,рухани дәстүрлері бар.Сондықтан бұрыңғы рухани дәстүрлерді қазіргі сана дәрежесінің негізінде,қоғамыздың осы заманғы қалпына,тұрпына сәйкес бағалау,тұжырымдау диалектикалық ойлауды қажет етеді.

Дала дәстүрінің ерекше көрінісінің бірі-екі қазақ кездесе қалса,алдымен жеті атасын сұрасады.Бұл дәстүрлі ғұрыптың мәні тек жеті атасын білуде ғана  жатқан жоқ.Оның себеп-салдары- халықтың терең таңымдық процесінің негізінде жатыр.Жеті ата, Жеті жарғы және тағы басқа жеті санымен байланысты түсініктердің астарында халқымыздың рухани дәстүрінің танымдық тұжырымдары орын алған.Әрине,бұл рухани дәстүрдің келер ұрпаққа ұсынар тәлімі орасан зор,бірақ кері әсері де  жоқ емес.

Жалпы,көшпелі малшылықпен айналысқан халықтарда негізінен рулық сананың басымдау келетіні,ал отырықшылықпен ерте айналысқан елдерде қоғамдық сана ұлттық дәрежеде қалыптасатыны белгілі.Қазақ халқы онтүстігінде егіншілікпен айналысқан қалалық мәдениеті болса да,негізінен отырықшылыққа түбегейлі көшкеніне 20 ғасырдың бертіңгі кезеңіндегі уақыт қана жатады.Бұл-қазіргі кезеңде әлде де  көрініс беріп жүрген рулық сананың тарихи процесінің бірі.Осыған қатысты қазіргі кезеңде қазақ халқының менталитеттік ой-өрісінде «аталық»деңгейден аса алмай, «рулық»деңгейден шыға алмай жүргендер әлі де бар деген пікір қалыптасқан.Қалай дегеменде, «ұлттық»деңгейге жетіп, «әлемдік» деңгейге көтерілген өкілдерімізде жеткілікті.[1].Яғни,халық санасында сақталған сана деңгейлерін саралап,заманға қарай баға беріп,болашақ жастар буыны осыдан тәрбие алатындай,ұлттық мінезіміздегі осы кемшілікті жойю үшін  философия пәнінің бағдарламасына жеке тақырып ретінде  еңгізген дұрыс болар еді.Бұл дегеніміз ұлттық санасы биік,бірлігі бекем ұрпақты қалыптастыру мәселесінде атқарылуға  тиісті кешенді істердің бірі болып табылады.

Ендігі ерекше назарды талап ететін мәселе-ұлттық сананың идеялық негіздері.Егер де шығыс және батыс менталитетінің ерекшеліктеріне зер салып қарасақ,онда қазақтың ұлттық идеясынын қайнар көзі-«Еркіндік түбі бірлікте»деген ұстаным болу керек.Өйткені,ғасырлар бойы аңсаған азаттығымыз біздің халқымызға оңайлықпен келмегенің жастарымыздың санасына құйып өсіруіміз маңызды.Осы бір жауапты істе философия пәні де өз үлесің қосалар еді.

Тұрақты дамудың ұлттық стратегиясынын басты бағыттары-экономикалык жетістік,халықтың өзін-өзі басқаруы ,әлеуметтік әділеттілік,ана тіліміз бен тарихымызды біліп,қастерлеу, білім беру саласы мен ғылымды дамыту екендігі бәрімізге мәлім.[2]Осы орайда,еліміздің дамуының рухани бағытын қамтитын «Мәңгілік ел»ұлттық бағдарламаны жүзеге асыруға септігін тигізетің іс ретінде философия пәнің оқытқанда ұлттық идея аясындағы тақырыптарды да қамтысақ дұрыс болар еді.

Тағы бір өзекті мәселе-ұлттық тұтастықтың тұтқасы болып есептелетін-діни сенім тақырыбы.Қазақстан Республикасының жоғарғы білім беру орындарына байланысты жасаған Тұжырымдамасы -жоғарғы білім жүйесінің негізгі мақсатын анықтайтын терең білімді және білікті мамандарды дайындау ғана емес,сонымен қатар, адамзаттың рухани ізденістеріне қатынастықтағы,ең іргелі саласы дін болып табылатын әлемдік мәдениеттің жетістіктері мен адами құңдылықтарын бойына сіңіре білген жеке тұлғаны тәрбиелеу екендігі баршамызға мәлім.Әрине,жоғарғы оқу орындарында дінді әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде қарастыратын дінтану пәні бар.Бірақ,оның танымдық қызметі философиялық сияқты ауқымды емес.Өйткені,көбінде,бұл пән діндердің пайда болу тарихы,бағыттары,пайгамбарлары мен қасиетті кітаптары туралы,әртүрлі секталар жайлы мағлұмат берумен шектеледі.Дінтану өзінің анықтамасының талаптарына сай фактілерді,әлеуметтік формалар мен діни өмірдің зайырлы қоғамдағы  құрылымдық және әлеуметтік топтарымен өзара қарым-қатынасы мен байланыстарын оқып-үйренуді қатан түрде позитивті тұрғыдан шешумен айналысады.Ал қоғамдық санада жастарды толғандыратын ,өз алдына бөлек философиялық шешімге ие мәселелерде бар-Жаратушы бар ма,жоқ па?Уақыттық кеңістіктің шегі бар ма,жоқ па?Кеңістіктің болмысы шекті ме жоқ па?[3]Оған қоса, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі- қазақ ұлтының діни бірауыздығы.Бүгінде, елімізде жайлаған жат діни ағымдар қазақ халқының діни тұтастығына қауіп төңдіріп тұрғандығы белгілі.Әсіресе,олардың қатарына өтіп жатқан біздің жастарымыз.Себебі,жастар өздеріне философияның сонау адамзаттың сәби кезеңіндегі толғандырған сұрақтары-Өмір дегеніміз не?Адам дегеніміз не? Оның алдында не тұр?  деген сұрақтарды көп қояды және жауап іздеп табалмағанда,секталардың жетегінде еріп кеткендерің өздері де білмей қалады.Соның алдын-алу үшін осы тақырыпқа көбірек сағат бөлген дұрыс.

Қорыта келгенде,философия пәнің оқытқанда ұлттық болмысымызды сақтауға көмектесетін,оған философиялық анықтама бере алатын тақырыптарды қамту керек.Өйткені,ұлттық философия -қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі бөлігі және заңды жалғасы. Қазақтың ұлттық философиялық ойының ерекшелігі - оның шынайы патриотизмін, халқына сүйіспеншілігін, оның мүддесі және болашағын тәрбиелеуде болуы керек .

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Қасымжанов А.Х.Рухани тамырлар.-Алматы,1994.-90б.

2.Назарбаев Н.Ә.Қазақстан-2030.Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы.Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы/ «Үкімет жаршысы».-Алматы,2008

3.Әмірғазин С.Дін және жауапкершілік.-Астана,2002.-95 б.