Право/13. Международное право

 

Әлемхаан Ж., магистрант

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан

 

ҚР КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕДЕН ҰЙЫМДАРЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

 

Контрабанда халықаралық сипаттағы қылмыстық әрекеттің түрі ретінде ертеден белгілі. Ол мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастардың дамуына және олардың мемлекеттік және экономикалық дербестігіне нұқсан келтіреді.

Мемлекеттің экономикалық негізіне зиян келтіретін болғандықтан контрабанда кедендік, құқық бұзушылықтардың ішіндегі ең бір қауіпті түрі болып табылады. Сол себепті кедендік құқық бұзушылықтың осы түрінің құқықтық талдауына жан-жақты тоқтала кеткен жөн.

Халықаралық экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуға контрабанданың келтіретін зияны - мемлекеттік мүдделерге залал жасауы. Сол себепті ол мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы бойынша ортақ нысан болып табылады.

Бірқатар халықаралық құжаттарда контрабанданың жекелеген түрлеріне, қатысты жекелеген ұғымдар бар. Мысалы, «әскери контрабанда» ұғымы 1856 жылғы 4 сәуірдегі Теңіз соғысы туралы декларацияда және 1909 жылғы 26 ақпандағы Теңіз соғысының құқығы туралы декларацияда бар.

Теңіз соғысының құқығы туралы декларацияда әскери контрабанда ұғымына бірінші рет абсолюттік және шартты әскери контрабанда ұғымдары енгізілді.

Соған сәйкес абсолютті контрабандаға қару-жарақтың барлық түрлері, снрядтар, зарядтар және оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, әскери ер-тұрман, ат әбзелдері, мініс және жүк артатын көліктер, тағы басқа әскери құрал-жабдықтар мен сайман түрлері жатқызылады.

Қазіргі халықаралық құқықтың ұғымы бойынша әскери контрабанда ұғымы кеңейді. Соған орай «бейтарап мемлекеттердің соғысушы мемлекеттерге кеме, қару-жарақ беруге құқығы жоқ. Әскери мақсатқа қызмет ететін, осы мақсат үшін кемемен тасылған бұйымдар мен материалдар әскери контрабанда болып табылады және осыған байланысты оларды соғысушы мемлекеттердің тәркілеуі мүмкін.

Жасалу әдісі мен сипаты жағынан кедендік құқық бұзушылық контрабандасының осындай басқа да кедендік құқық бұзушылықтардан айырмашылығы жоқ.

Көлемі жағынан есірткі контрабандасы өте кең көлемде етек алады. Бұл салада есірткі контрабандашыларының халықаралық қуатты синдикаттары пайда болды, олар есірткі саудасының лас бизнесіне жаңадан елдерді тарту ниеттерін жалғастыруда [1,б.55].

Мемлекеттер осы қылмыстық синдикаттардың соңғы үлгідегі техникалық құралдары мен қару-жарақтарына қарсы тұра алмауда. Сол сияқты бұл синдикаттарда товар өткізудің, дербес қауіпсіздіктің қызметі, телефон әңгімелерін тыңдаумен айналысатын қызметкерлердің тұтастай штаты бар.

Мемлекеттің экономикалық негізін бұзуға валютамен және валюталық құндылықтармен контрабанда жасау үлкен қауіп төндіреді. Қару-жарақпен, піл сүйегімен, каучукпен, ағаштың сирек түрлерімен, өнер және көне бұйымдармен контрабанда көлемі артып кетті. Мысалы, Делидің Палам әуе бекетінде Лондонға бара жатқан контрабандашының жүгінен жәдігер қолжазба табылды, ол 700 мың рупийге бағаланған.

Ерте өнер туындылары АҚШ-қа немесе Батые Европа елдеріне шығарылады. Кейде олар Цюрихтің, Келннің, Лондонның аукциондарына шығарылып, орасан зор қаржыға сатылады.

Венгрияда ГФР-нің бір азаматы ұйымдастырған, Нидерландияда, Австрияда, Венгрияда, Румыния да агентуралық жүйелері бар халықаралық контрабандашылар тобы анықталып,  жойылды. Олар шекарадан адамдар тобын заңсыз өткізумен қатар товарлар контрабандасымен және ірі көлемдегі валюта контрабандасымен ұзақ мерзім бойы айналысып келген.

Болгарияның Варна қаласында контрабандаға қарсы күрес бойынша халықараралық семинар өткізілді. Оған 37 мемлекет пен 4 халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып, контрабандаға қарсы күрестің қыр-сырларын талқылады.

1983 жылдың сәуір айында Азия-Тынық мұхит аймағы мемлекеттерінің арасында кеден тәртібін бұзушылық пен контрабандаға қарсы күрес туралы халықаралық деңгейдегі үлкен іс-шара өткізілді. Нәтижесінде халықаралық келісімдерге қол жеткізілді.

1960 жылғы, 1974 жылғы Халықаралық конвенцияларға сәйкес халықаралық рейстер бойынша жолаушылар тасымалдауды белгілі бір тәртіп бойынша жүзеге асыру, халықаралық шарттар мен заң талаптарын қатаң сақтау жөнінде уағдаластыққа қол қойылды.

БҰҰ Бас Ассамблеясы «Шетелдіктерді контрабандалықпен өткізуді ескерту» туралы 8.03.1994 ж. № 48/1.02 резолюциясында барлық әрекеттерді шетелдіктерді контрабандалықпен өткізуге тыйым салуға шақырып, контрабанданың осы түрі туралы сөз болғанда халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтың қатаң және толық сақталуын талап етті.

Қазіргі уақытта контрабандаға қарсы күрестің халықаралық ынтымақтастығының негізгі бағыттары айқындалды. Бұл қылмыстың алдын алу және оған қарсы күрестің халықаралық іс-әрекетінің тұтас бір жүйесі.

Қазақстан Республикасындағы әсіресе соңғы жылдардағы күшейе түскен контрабанда және есірткі саудасымен күресудің мәселелері Азия мен Еуропадағы болып жатқан экономикалық және әскери - саяси сипаттағы ауқымды үрдістермен, сонымен қатар түрлі мемлекеттердегі қылмыстық күштердің жеке әлеуметтік мәселелерді контрабандалық тауар мен есірткі заттардың заңсыз саудасы, діни фанатизм және экстремизм, халықарлық терроризмнің  дамуына итермелеудің негізінде шешуге ұмтылуымен байланысты. Осылардың ішінде негізгі роль ауқымды қылмыстық жоспарларды жүзеге асыру мақсатына қажетті экономикалық негізді тудыратын және есірткіні заңсыз өңдіру мен таралуы үшін басты әжэне шикізат базасы бар дамушы мемлекеттерге аймақтық және халықаралық контрабандалық және есірткі саудасына жатады. Қазақстан бұл процестерден тыс қалмай, өзінің географиялық жағдайы мен әлеуметтік және шикізаттың потенциалымен өте тиімді бола тұра контрабанда және есірткі заттардың заңсыз айналымы саласында жалпы әлемдік үрдістерге қосылды.

2000 жылдың 24 - ақпанында Венадағы Халықаралык ұйымның штаб квартирасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас Хатшысы Кубишпен кездесуінде Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев «Орта Азия мемлекеттерінің территорияларындағы халықаралық контрабанда және есірткі саудасының экспансиясы болып жатқанын айқындады. Бұл - біздің мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей зиян келтіреді. Осымен қоса нақты заңдылық бар: бұл территория арқылы Еуропаға контрабандалық және есірткі заттар транзитінің аймақтағы көбейюіне халықаралық терроризмнің белсенділігі әсер етеді.

Жағдайдың талдауы жаңа қауіптердің пайда болуын алдын алу мүмкіндігі бар контрабанда және есірткі саудасымен күресу саласындағы стратегия мен біріккен мемлекеттің саясатына негізделген, тиімді шаралармен байланысты кешенді жүзеге асыруына құрылған, мемлекеттердің мүмкіндігі мен жаңа реалияларды ескере ала отырып жаңа әдістерді жүзеге асыруды талап етеді.

Шекаралас мемлекеттермен ынтымақтасуы мен бірігіп жұмыс істеуі контрабанда және есірткі саудасы үшін жауапкершілікті реттейтін заңды гармонизациялау, контрабанда және есірткі заттардың және жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымындағы өзгерістерге бақылау жасаудың аймақтық механизмдерін қалыптастыру, тез сөз байланысу жолдарын қалыптастыруға бағытталуы жөн. Құқық қорғау және арнайы органдардың ақпаратпен, контрабанда және есірткі заттардың заңсыз айналымымен күресудің тәжірибесі және әдістерімен алмасу мақсатында кездесулер жиі өткізу көзделіп отыр [2,б.45].

Ал, Ішкі Республикалық деңгейде кеден бекеттері мен ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекаралык қызметі аясында жеке бақылау - шығару пункттерінің оңтүстік бағыттарында, Алматы және Астана халықаралық әуежайлары мен Ақтау қаласының теңіз портында, сонымен қатар контрабанда және есірткі заттар транзитін әсіресе жиі пайдаланылатын шекараның басқа аумақтары мен объектілерін жаңа техникамен, компьютерлік құрылымдармен, білімді кадрлармен қамтамасыз етуде біраз жұмыстар жасалуы керек.

Контрабанда  және Есірткі заттардың заңсыз айналымы саласындағы құқық қорғау және арнайы органдардың   қызметі жақсартылып, бақылау күшейтіледі және осы органдар қызметінің тиімділігін жоғарылату негізінде олардың заман талабына сай материалдық техникалық қамсыздандыру мен мамандардың білімін жетілдіру жұмысын ұйымдастыру көзделген.

Контрабанда және есірткі саудасына байланысты қылмыстарды ашу мен тергеу өте күрделі, сондықтан, оның арнайы механизмін қарастыру мәселесі алдымызда тұр.

Шетелдердің, соның ішінде жақын шекаралас шетелдердің құқық қорғау және арнайы органдарымен ынтымақтасу тереңделіп, кеңейтілуіне ерекше көңіл бөлу керек. Осы мақсатқа жету үшін контрабанда және есірткі саудасымен күресу, олармен операция жүргізу барысында түскен пайданы мемлекет бюджетіне түсіруді заңдастыруды, халықаралық ынтымақтасу нормаларын жетілдіру қажет. Қазақстан Республикасы үшін контрабанда және есірткі заттардың заңсыз айналымымен күресу жолында көп жақты келісімдер мен шарттардың маңызы зор. Соның ішінде, Орта Азия, ТМД елдерімен бірігіп жасаған құжаттардың алар орны бөлек жэне оған аса үлкен көңіл бөлінуде.

Жоғарыда айтып өткендей, соңғы жылдарда контрабанда қылмыстарына жаңа сипаттар тән болды. Үлкен топтармен жүзеге асырылатын ұйымдасқан контрабанда кең етек алды, контрабанданың жаңа нысандары пайда болды, контрабандаға басшылықты жеке тұлға не болмаса астыртын синдикаттар басшылық етіп отыр. Бұл топтар экономиканың дамуының осал тұстарына соққы беруге тырысады.

Бірақ, қазіргі уақытта контрабандаға қарсы күрестің халықаралық ынтымақтастығының негізгі бағыттары айқындалды. Бұл қылмыстың алдын алу және оған қарсы күрестің халықаралық іс-әрекетінің тұтас бір жүйесі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында «Қазақстанның мемлекеттілігін, ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын нығайтуды қамтамасыз ету біздің басты мақсатымыз. Біз діни экстремизмге қарсы іс-қимылға және халықаралық терроризмге, есірткі саудасы мен контрабандаға, қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған саясат жүргіземіз» деп айтқаны белгілі.

Ол саясаттың мақсаты: өңірлік қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерге қарсы іс -қимылдың тұрақты жүйесін қалыптастыру үшін жағдай жасау және дамыту. Оларды шешудің төмендегідей жолдары ұсынылды:

-Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу басқа елдердің құқық қорғау органдарымен және арнаулы қызметтерімен ынтымақтастықты нығайту және кеңейту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру есебінен қамтамасыз ету;

-Діни экстремизмге және терроризмге қарсы күрес саласындағы шарттық базаны жетілдіру;

-Өңірлік және халықаралық қауіпсіздік құрылымдары шеңберінде терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығулар мен операцияларға қатысу;

-Қару- жарақтың заңсыз айналымы мен есірткі саудасына, контрабандаға қарсы күрес саласында Орталық Азия мемлекеттерімен

Қазақстан Республикасы  Президентінің тапсырмаларына сәйкес еліміздің Үкіметі әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарларын барынша азайту, отандық экономиканы ықтимал сыртқы тәуекелдерден қорғаудың алдын алу шараларын дайындау жөніндегі шараларды қабылдауда.

Соңғы уақыттарда Қазақстан Республикасының кеден қызметі кедендік әкімшілдендіруді жетілдіру, кедендік рәсімдерді оңайлату, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (бұдан әрі - СЭҚ) және тұтас халық үшін қолайлы жағдай жасау жағынан белсенді қадам басуда.

Дамудың стратегиялық жоспарымен 2011 жылға дейін кеден ісіндегі бизнес-процестерін негізгі әкімшілдендіруді модернизациялау есебінен СЭҚ қатысушыларға қызмет көрсету уақытын қысқарту көзделуде. Аталған тармақтың атқарылуың сипаттайтын негізгі көрсеткіш кеден органдарының ақпараттық жүйелерін өндірісте іске қосуды әзірлеу және енгізу болып табылады.

Сондай-ақ  кеденшілердің заңнамалық базаларды жетілдіруде мемлекеттік масштабтағы проблемаларды шешудегі қабілеттілігінің жоғары біліктілігінің болуы, нарықтық экономиканың дамуына, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға  ықпал етеді, оларды дайындаудағы мәселелерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүрлейді.

Осыған байланысты лауазымды адамдарға ұдайы оқыту жүргізу жоспарлануда:  2008 жылы 3525 адамды, 2009 - 2011 жылдары 4 мың адамнан әр жылда.

Халықаралық банк есебіне сәйкес халықаралық сауданы енгізуі бойынша рейтингте Қазақстан әлемде 178 орында, біздің елімізде импорт бойынша мәмілені жүзеге асыру үшін 18 құжат ұсыну қажет, экспорт бойынша - 14. Бұл ретте, оларды ресімдеу ұзақтығы 60 күнге дейін ұзаруы мүмкін.

Талап етілетін 18 құжаттың тек 3-уі ғана кедендік - СЭҚ қатысушының есеп карточкасы, тауардың жеткізілуі туралы кепілдік міндеттемесі, кедендік декларация (жүк, жолаушы).

Осыған байланысты, Министрлік 2 көмекші кедендік құжаттарды алып тастауды және тек біреуі - кедендік декларацияны міндетті етіп қалдыруды жоспарлауда.

Қазіргі сәтте өзекті болып кедендік ресімдеу мерзімін қысқарту болып отыр. Ресімдеу мерзімінің ұдайы мониторингіне қарамастан, кеден органдары өзінің дискрециялық өкілдігінің күшімен құжаттамалық және жеке бақылауды бірмезгілде қабылдауды жалғастыруда.

Қазіргі уақытта кеден органдарының жұмыс істеп тұрған жүйесі жүктерді жаппай бақылауды жүзеге асырады, бұл ретте қағаз тасығыштарында декларациялау әуре-сарсаңға жол беріледі, кеден органының лауазымды тұлғасы негізінен жүктерді және құжаттарды тексеруде негізгі бағыттарды өз кезегінде лауазымды тұлғалар тарапынан субъективті сипатта әрекет ету үшін мүмкіндік жасайды.

2011 жылға тауарлар мен көлік құралдарын жеке тексеру процестерін 35 % дейін қысқарту жоспарланған қысқартулар болашақта дамудың басымдылығы болуға тиіс.

Стратегиялық жоспар міндеттерінің бірі құқық бұзушылық процесінің жоғары процентін төмендету мақсатында тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау кезінде жол берілетін құқық бұзушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету. Халықаралық тәжірибе жаза қабылдау заңның орындалуын қамтамасыз етпейтіндігін көрсетті [3,б.25].

Соған байланысты, аталған міндеттердің шеңберінде құқық бұзушылыққа мүмкіндік беретін себептер мен жағдайларды жою мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден органдарының алдында тұрған, тұтастай алғанда міндеттерді тиімді атқару үшін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жоспарлануда.

Аталған міндетте, сондай-ақ орын алып отырған бұзушылықтарды жоюда бизнеске көмек ретінде бағытталған механизмдерді кеден органдары тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін іс-шаралар тұтас кешенін ұсынады.

Қылмыстық және әкімшілік өндірістердің сапасын арттыруға қатысты, нәтижесінде жедел-іздестіру қызметінің сапасын арттыру, алдын-ала ақпараттарды жинау және істерді қалыптастыру, алдын-ала тексеріп қарау, сотпен тоқтатылған істердің санын 2011 жылға 8 % дейін қысқартылады деп жоспарланады [4].

Сыртқы сауданы ырықтандыру және тауарлар импортының көлемін арттыру салдарында оларды елдің кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу тәуекелдерін арттыру, көбінесе азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіпті, сондай-ақ мемлекетке келтірілетін экономикалық залал ғана емес орны толмас экологиялық зиян [5].

Осыған байланысты, жедел-іздестіру қызметі шеңберінде кеден органдары тек қана есірткі құралдарының контрабандалық  фактілерін жәй ғана анықтауға мүмкіндік беретін емес, жеткізушіден сатушыға дейінгі қылмыстық схеманың барлық тізбегін анықтауда «бақылаудағы жеткізу» әдісі бойынша жоспарлы операцияларды жүргізуде.

Тұтастай алғанда, стратегиялық бағыттарды іске асыру Дүниежүзілік  сауда ұйымына ену жөніндегі халықаралық стандарттарға және талаптарға кеден қызметтерінің іс-әрекеттерін сәйкес келтіруге, жиналатын баждар мен салықтардың көлемінің артуына және контрабанда мен сыбайлас жемқорлык деңгейінің төмендеуіне мүмкіндік береді.

Бұл Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы көлік құрал-жабдықтарының өткізу уақытын қысқартады, сонымен бірге тауарларды жеткізуді бақылау құжатын толтыру бойынша брокерлік қызметтерге төленетін қаржы шығындарын шығару қажеттігі болмайды.

Жүктің уақытша сақтау қоймасына келуі туралы белгі тауар-көлік, жүкқұжатында қойылатын болады [6].

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарадағы өткізу мекендерінде бақылауды 2 қызмет атқаруда: кедендік және шекаралық. Бұл қажетті үдерістердің өту уақытын қысқартады.

Көрсетілген өзгерістерді есепке ала келіп, көрсеткіштердің 6 позицияға жақсартылуы мен 98 орынға шығу болжамданып отыр.

2010 жылы жаңа Қазақстан Республикасының жаңа Кедендік кодексін қабылданды, онда кедендік үдерістерді максималды оңайлату мен кедендік ресімдеу кезіндегі берілетін құжаттар санын минимумға жеткізу қарастырылады. Сонымен бірге, кедендік ресімдеу кезіндегі құжаттық бақылауды өткізу үшін кететін уақытты елеулі қысқартады.

Қазақстан Республикасының жаңа Кедендік кодексін қабылдауымен, көрсеткіштердің 10 позицияға жақсартылуы мен 88 орынға өту жоспарланып отыр.

Дүниежүзілік банк бөлген қаражаттары есебінен 2011 жылы кедендік органдарын жаңғырту арқылы электрондық декларациялау мен Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті мен министрліктер, ведомстволар арасында мәліметтер алмасу бойынша электрондық өзара іс-әрекеттесуді енгізу қарастырылып отыр.

Негізгі кедендік ресімдеуді өткізу кезіндегі кететін уақыт кедендік-орында бақылау мен тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге екпін аудару арқылы қысқарады.

Кедендік органдарды жаңғырту арқылы көрсеткіштердің жақсаруы мен 50 орынға шығу болжамданып отыр [7,б.102].

Мемлекеттік шекаралар мен кедендік баждар бар жерде тауарлар мен заттарды, құндылыктарды контрабандалық жолмен алып өту міндетті түрде болады. Экономикалық контрабанда қылмысы бір мемлекеттің шегінен өткен кезден бастап қылмыскерлер өзге мемлекеттердің қылмыстық әлемінің өкілдерімен байланысқа түседі. Кейде, ол халықаралық қылмыстық ұйымдармен байланыс орнатуы мүмкін. Сондықтан, экономикалық контрабанда қылмысы бір ғана мемлекеттің кедендік шекарасымен шектелмейді деп анықтаймыз.

 

Пайдаланған  әдебиеттер тізімі:

1.     Президент предложил радикальную программу борьбы с преступностью. /Казахстанская правда, за 21 марта 2009 года.

2.     Алиев М.М. Экономическая контрабанда: понятие, виды, ответственность. - Астана, 2009.

3.     Саматова Г.Б. Уголовная ответственность за контрабанду в РК: Автореф. дис. канд. юрид. наук. - Алматы, 2007.

4.     Н.Ә.Назарбаев.„Қазақстанның  әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына жолдауы. 2006 жыл 1 наурыз.

5.     Ботағарин Р.Б. «Кеден органдарының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі». Материалы международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы экономической и таможенной политики в условиях глобализации и интеграции» Караганда 2005.

6.     Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу    Казахстана «Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана» от  27.01.2012// Казахстанская правда 2 февраля 2012

7.     Стратегический план развития таможенных органов на 2011-2015  годы.