Право/9.Гражданское право.
Л.С. Шошаева ҚҚЭУ аға оқытушысы
Г. Алинова ҚҚЭУ 3 курс студенті
Қазтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық университеті, Қазақстан
ДАУЛАРДЫ ПАРТИСИПАТИВТІК РӘСІМ
ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕУ
2015
жылдың 31 қазанында қабылданған ҚР
азаматтық проецестік кодекстің жаңашылдықтарының
бірі – дауды бітімгершілікпен шешудің бір тәсілі ретінде
партисипативтік тәсілдің енгізілуі.
Партисипативтік
тәсіл жаңадан енген норма болғандықтан, осы
сөздің өзін қарапайым жұртшылықтың
түсіне бермейтіні заңдылық. Себебі, бұл сөз
біздің қолданысымызда болған жоқ. Ол «Participative»
термині француз тілінен аударғанда «қатысушы, қатыса алатын»
деген мағынаны білдіреді [1].
Партисипативтік рәсімдер - бұл
рәсім екі тараптың адвокаттарының дауды реттеуге
жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу
арқылы судьяның қатуынсыз өткізіледі. Кодекстің
181-бабына сәйкес тараптар осы заңның 179-бабында
көзделген қағидалар бойынша сот кеңесу бөлмесіне
кеткенге дейін партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы
өтінішхаты мәлімдеуге құқылы. Алайда
партисипативтік рәсімді өткізудің татуласу
рәсімдерінің басқа түрлеріне қарағанда
нақты процестік сатысы көрсетілмеген. Тараптардың бітімге
келуін ынталандыру үшін талапкерге бюджеттен төленген мемлекеттік
баж қайтарылуы қарастырылады.
Азаматтық
процеске партисипативтік рәсімді енгізудің мақсаты, екі
тарапты да қанағаттандыратын тәсілмен дауды шешу болып
табылады. Сондай-ақ бұл тараптардың дауласу
деңгейінің төмендеуіне, дау тудыратын жағдайларды шешу
арқылы тараптар арасында тұрақты қарым-қатынас
қалыптастыруға әкеледі.
ҚР АПК
181- бабына сәйкес, партисипативтік рәсім екі тараптың да
адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдеседі және тараптар
арасында келіссөздер жүргізеді. Қазіргі кездің
бұл жаңалығы дауды шешіп ғана қоймай,
құқықбұзушылық алдын алады. Сонымен
қатар, қоғам арасында заң мен сотқа деген
құрмет артуына себепші болмақ [2].
Партисипативтік
рәсімнің басты мақсаты:
-толықтай
тараптарды қанағаттандыру;
-жедел дауды
шешу (10 жұмыс күннен артық емес);
-тараптардың
арасындағы қайшылықтарды төмендету;
-дауды шешу
кезінде тараптардың арасында қайшылықтардың
туңындауын болдыртпау;
-құқықтық
мәдениетті қалыптастыру;
-соттың
жүктемесін азайту.
Партисипативтік
рәсім 3 кезеңнен тұрады:
1.Бірінші
кезең - бұл тараптардың талап арызды ұсынуы, бұл
ретте ұсыныстар жеке тарап арқылы немесе топтық
талқылау бойынша жүзеге асады.
2.Екінші
кезең - туындаған оқиғадан шығудың баламалы
тәсілі, бұл кезде дамытудың қозғалысқа
келтіруден айырмашылығы әрбір нұсқаның
нақты бөлшегінде әрбір жақтың артықшылықтары
мен кемшіліктерін қоса отырып, осы және басқа да
шарттардың орындалуы, яғни шындықтың өзіндік
тексерісі.
3.Үшінші
кезең - бұл тараптардың берілген нұсқалар ішінен
баламалы таңдау жасауы.
Бұл
қағидалардың белсенділігі және
көпнұсқалығы баламалы тәсілі негізде болып отыр.
Партисипативтік рәсімнің қолдану аясы кең, ол
азаматтық-құқықтық қатынастардан
туындайтын даулар, еңбек, отбасылық және өзге де
құқық қатынастарын да реттейді.Ал, аталған
істерде сотқа күніне қаншама талап арыз түседі.
Солардың кемі бір-екеуі осы рәсіммен аяқталып отырса,онда
заң талабының ақталғаны.
Татуласу рәсімдерін қолдана
отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, жария
–құқықтық қатынастардан туындайтын істерден
басқа талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша
берілуі мүмкін деп көрсетілген.
Партисипативтік рәсім арқылы
дауды реттеу туралы өтінішхат берген кезде іс бойынша іс жүргізуді
тоқтату мерзімі - Азаматтық Процестік Кодексінің 179-бабы
2.3- тармақтарына сәйкес, 10 күн немесе 1 ай [3].
Тараптардың
құқықтары:
1.ерікті
түрде адвокатты таңдау;
2.адвокаттан бас
тартуға;
3.кез-келген
уақытта партисипативтік рәсімнің келіссөздерінен бас
тартуға;
4.партисипативтік
рәсімге өзі немесе өкілінің қатысуына.
Келісім жазбаша
нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері
оларда сенімхатта арнайы көзделген татуласу келісімін жасауға
өкілеттіктері болған кезде қол қояды. Партисипативтік
рәсім тараптардың келісімі негізінде жүргізіледі. Тараптар
рәсімнің өтетін орынын және уақыты туралы
өзара шеше алады.
Азаматтық Процестік Кодекстің
178-бабына сәйкес татуласу келісімін оны жасасақан
тұлғалар осы келісімде көзделген тәртіппен және
мерзімдерде ерікті түрде орындайды. Ерікті түрде орындалмаған
келісім жасасқан тұлғаның өтінішхаты бойынша сот
берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп
орындатуға жататындығы айтылған.
Партисипативтік рәсім өткізу
бойынша шығыстар:
1.Адвокаттың
қаламақысы (гонорар);
2.Партисипативтік
рәсім өткізу бойынша адвокаттың жолақысы,
тамағына және жататын орнына кеткен шығындар;
3.Ақпаратты
жинау кезінде сарапшыларға,мамандарға кеткен шығындар;
Адвокаттық қызмет туралы
заңның 5-бабына сәйкес: Адвокаттар көрсететін заң
көмегіне ақы төлеу мөлшері және
қорғау мен партисипативтік рәсімдерін жүргізуге
байланысты шығыстар өтеу көмек сұрап келген адаммен
жазбаша шартта белгіленеді [4].
Заңда көрсетілгендей,
партисипативтік рәсімде екі тарап адвокаттарына үлкен жауапкершілік
жүктеледі. Өйткені, оларға өз
қорғаушыларының дауды келісіммен, яғни, партисипативтік
рәсіммен бітірулері үшін тараптар арасында келіссөздер
жүргізуге заңмен құқық беріледі. Ал,
даудың ушықпай, келісіммен бітуі, ең алдымен
тараптардың өздеріне тиімді. Себебі, олар бітімге келу
арқылы, ең бастысы, уақыттарын үнемдейді.
Денсаулықтарын сақтайды. Осы құзыреттерін тиімді
пайдалану арқылы адвокаттар даудың ушықпауына ықпал
етеді.Қорғаушалары арасында туындаған дауды келісіммен
бітіруде екі жақпен, яғни, өз клиенттерімен теңдей
келіссөздер жүргізеді. Партисипативтік рәсімді жүргізу
барысында кәсіби адвокат салалық заңнамада көзделген
өкілеттілік шегінде әрекет етуі қажет [3].
Партисипативтік рәсім
қолданылмайды, егер даулар үшінші тұлағаның
мүдделеріне қайшы келсе, сондай-ақ сотпен әрекетке
қабілетсіз не әрекет қабілеттілігі шектелген
тұлғалар болатын жағдайда. Бұл рәсімнің
қолдану шарты басқалары сияқты заңға қайшы
келмеу, басқа адамдардың құқықтарына
және бостандықтарына зиян келтірмеу.
2010-2011
жылдары Францияда ең ірі реформа болды. Осыған сәйкес
дауларды реттеудің баламалы тәсілі Францияның
құқықтық жүйесінде заңнамамен
айқындалып көрсетілді. Осылайша, Францияда дауларды реттеудің
баламалы тәсілі реттелді және тәжірибелендірілді.
Оларға:мыналар жатады:келіссөздер, медиация, төрелік
және партисипативтік рәсім т.б [5].
Францияда партисипативтік
рәсімнің негізінің қалануына Солтүстік Америка
және Канадағы партисипативтік әділет себепші болды.
Алғаш рет дауларды реттеудің осындай тәсілі Сержа
Гиншарананың 2008 жылдың 30 маусымында жасалған баяндамасы
түрткі болды. Барлық істерді сот шешу мүмкін емес. Осыны шетел
мемлекеттері әлдеқайда бұрын түсінген[6]. Оларда соттан
тыс институттар жұмыс істейді. Сондай институттар АҚШ-та 97
пайызын, Батыс Еуропада-90 пайыз, Қытайда-30 пайызы, Словенияда-40 пайызы
шешіледі.
Алғаш рет
Ақш-та қоғамдық мекемелердің белсенді
қатысуымен «баламалы дауларды
шешу» термині пайда болды. Бұл термин сот талқылауында баламалы
дауларды шешу кезінде қолданылады. Ол толықтай қиын әрі
қымбат әдеттегі сот өндірісін алмастырды. Осы рәсімдер
сотқа келіп түсетін істердің санын төмендетуге
және дауды тараптардың бітімгершілікпен аяқтауға
негізделеді. АҚШ-тың Ажырасу туралы заңының 404- бабына
сәйкес:егер отбасын сақтап қалуға болатын
жағдайда сот татуласу рәсімдерін тағайындауға
құқылы. Бұнда шешім шығарылуы мүмкін
ерлі-зайыпты жұбайлардың келісімінсізде жүзеге асырыла
береді.
Испания еуропалық мемлекеттердің
ішіндегі дауларды соттан тыс нормативтік реттеуі жоқ мемлекеттердің
бірі. Ол елдің дәстүрлі өмірімен астасқан,
күшті әсері бар, әдеттегі құқықты
пайдаланады.Тарихи қалыптасқан әлеуметтік инстуттар
қолданылады.
Үндістанда ең ауқатты
әрі беделді адамдар бірлесіп дауларды шешеді. Олар дауды шешуде діни
және адамгершілік қағидаларының негізінде шешім
қабылдайды.
Сонымен қатар Қырғызстанда
2002 жылы «Сот ақсақалдары» туралы заң қабылданды. Олар
әдет-ғұрып және дәстүр аясында дауды
шешіп,білікті заң көмегіне жүгіне алмайтын ауыл
тұрғындарының тұрмыстық дауларын
құқық шеңберінен шықпай қарастырады [6].
Дауды бітімгершілікпен шешпеу ел
экономикасына кері әсері мол.
Мысалы: бес жыл ішінде азаматтық істердің өсімі -40%. 2013
жылдың өзінде -380мың, 2015 жылдың өзінде -600
мың. Қазір талап арыздар саны-700 мың астам. Әрбір істе
кем дегенде екі тарап бар. Осы дауларды кем дегенде 1,5 млн. азамат
қатысып жүр. Бұлар-қарттар мен балалар ғана емес,
халықтың экономикалық белсенді бөлігі. Олардың
көпшілігінің бизнесі, жұмысы, отбасы бар. Бірақ алтын уақыттарын олар
айтыс-тартысқа жұмсайды. Осындай даулар санының жыл
өткен сайын артуы қоғамның
көңіл-күйіне әсер етеді және еліміздің
қаржылық жағдайын кері ықпал етеді. Елімізде
мұндай жағдайлар өте тым көп.
Біз сотқа деген құрметтті
қайтарып беруді көздейміз. Зверева Н.С айтқандай
францияның құқығына қатысты партисипативтік
рәсім-қазақстандық құқық
үшін жаңашылдықтық бастауы.Тараптардың бітімге
келуі міндетті түрде адвокаттардың қатысуымен
өткізіліп, сот тараптардың татуласу келісімін бекітуі, дауды
партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді
жасап,дауды өзара талаптардың толық көлемінде, не бір
бөлігінде реттей алуы[5].
Қазіргі уақытта дауды шешуге арналған
рәсімдер құқық жүйесінің бір
бөлігі ретінде екендігін көптеген алдыңғы қатарлы
елдер мойындаған. Шет мемлекеттердің практикасына сүйене
отырып, Азаматтық Процестік Кодексте енгізілген партисипативтік
рәсім өзінің бүгінгі қоғамға ең
қажет және қоғамда жүйелі түрде
қолданылатындығы сөзсіз. Біздің пікірімізше, кез-келген
дауларды шешудің ең дұрыс қарастырылған жолы —
тараптарды бітімгерлікке келтіру болып табылады. Соттар жүктемені
азайту мақсатында дауларды шешу ауыртпалығын тараптардың
өздеріне жүктеуге тырысады деген қате пікір.
Кәсіби судьяға дауды сот шешімін қабылдау жолымен шешу
жеңілірек. Алайда, сотпен шешім дауласқан тараптың
біреуінің пайдасына шығарылады және әдетте екінші тарап
бұған қанағаттанбайды, бұның салдары сот шешімін
қаншалықты ол заңды және негізді болатындығына
қарамастан, әрі қарай жоғары тұрған
сатыларға шағымдану болып табылады. Тараптарды
татуластыру барынша күрделі және судьяның көп
уақытын алады. Бірақ, нәтижесі барынша тиімді, даулы
мәселе түпкілікті шешіледі. Азаматтық сот
өндірісі аясында тараптар өзара талаптарын бітімгерлік келісім
бекітумен, медиация тәртібінде дауларды реттеу туралы келісім немесе
партисипативтік рәсім тәртібінде дауларды реттеу туралы келісім
толық ауқымда болмаса ішінара реттей алады.
Процестік Кодекс
бұзылған құқықтарды қалпына
келтірудің, қоғамдағы әділеттілікті
сақтаудың тиісті құралы ретінде ұзақ жылдар
бойы мемлекет пен қоғам, ең бастысы жеке адамдар игілігіне
қызмет атқарады деп сенеміз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. http://advokatura.kz/partisipativnye-protsedury/.
2. ҚР
Азаматтық Процестік Кодекс 2015 ж 31қазан №377.//Әділет.kz
3. Заң
журналы// №4 2016
4.ҚР
Адвокаттық қызмет туралы заң 1997ж
5желтоқсанындағы №195.// Әділет.kz
5.
Партисипативная процедура еще один альтернативный метод урегулирования
споров.http://otyrar.kz/2015/10/partisipativnaya-procedura-eshhe-odin-alternativnyj-metod-uregulirovaniya-sporov/.
6. Что такое
партисипативная процедура.Департамент юстиции Костанайской
области.http://www.kst.adilet.gov.kz/ru/articles-inner/chto-takoe-partisipativnaya-procedura