Магистрант Бейсенбек
Ғ.Ж., PhD Оңлабекова А.Т.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Тараз қ.
ПРОЦЕСТІК ТӘСІЛ НЕГІЗІНДЕ
САПАНЫ БАСҚАРУ
Қазіргі уақытта ұйым
менеджментінің негізгі мақсатының нарықтағы
қажеттілігі ұйымның бәсекелестік
артықшылықтарын қамтамасыз ететін тұтынушылық
құндылықтардың тұрақты жақсарту болып
табылатындығына ешкім күмәнданбайды.
М.Хаммердің «ұйымның
бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын өнім емес, оны
құрастыратын процестер» туралы теориясы ұйымның
экономикалық құнының оның барлық
процестерінің қызмет етуінің нәтижесі ретінде
қалыптастыру мағынасын көрсетеді [1].
9000 сериялы ISO халықаралық
стандарттарының принцпиалдық ерекшеліктерінің бірі
ұйымның сапа менеджмент жүйесін процестік тәсіл ретінде
қолдануы. Процестік тәсіл идеясы ұлттық
стандарттың соңғы нұсқасында
мазмұндалған және бекітіліген.
ISO 9000 сериялы халықаралық
стандартына сәйкес процесс: кірістерді шығыстарға
түрлендіретін өзара байланысқан және өзара
әрекеттескен қызметтердің барлық түрлерінің
жиынтығы. Басқа сөзбен айтқанда кез-келген қызмет
немесе кірістердің шығыстарға түрлендірілуі үшін
ресурстар қолданылатын қызмет түрлерінің кешені процесс
ретінді қарастырылуы мүмкін [2].
Өнеркәсіптік кәсіпорын мен
ұйымның қызметкеріне технологиялық карталармен,
алгоритмдермен, процедуралармен және технологиялық
құжаттаманың басқа түрлерімен сипатталатын
өнімнің өндірісінде кең қолданылатын
«технологиялық процесс» термині үйреншікті және
түсінікті болатын. Бірақ сөздің кең
мағынасындағы процесс ұғымы басқару
қолданылатын барлық жерде пайдаланылуы мүмкін. Процестік
тәсілдің артықшылықтары туралы айтқанда, ең
алдымен процесті басқару жеткілікті түрде жақсы
өңделген және көптеген қателіктерді жоюға
мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдерді пайдалану туралы
айтылады. Басқаруға жүйелі көзқарас
кәсіпорынды өзара байланысқан процестер жүйесін
басқару ретінде қарастыруды болжайды [3, 4].
Анықтама бойынша, процесс кірісінде ресурстар,
ал шығысында – нәтиже болады. Ресурстарға әлбетте
материалдық және қаржылық ресурстар, сонымен
қатар ақпарат жатады.
Шығыста алынған өнім оның
өзі үшін құндылығын анықтайтын нақты
тұтынушылар үшін арналған. Тұтынушы – процестің
маңызды буыны және оның талаптары процестің кірісінде
де, сонымен бірге барлық жұмыстарды орындағанда ескерілуі
қажет. Стандарт бойынша тұтынушалар
(кәсіпорын өнімі үшін) ішкі, сонымен қатар
сыртқы (аралық процестердің нәтижелері үшін) да
болуы мүмкін.
Барлық процестерді ұйымның
мақсатымен, қолданылу саласымен және күрделілігімен,
ұйымның қосылған құндылықтарын
құру үшін арналған қабілеттерімен байланыстыру қажет.
Сонымен қатар, халықаралық
стандарт ұйымдағы бизнес-процестердің орындалуын
регламенттейтін құжаттандырылған процедураларды
әзірленуді қарастырады. ҚР СТ ИСО 9000 сәйкес «процедура – бұл іс-әрекетті
немесе процесті жүзеге асырудың белгіленген тәсілі».
Халықаралық стандартта процестің
қалай орындалатындығы туралы толық сипаттама бар. Орындалатын
процедураны оқып шыққан әр орындаушы қандай
әрекетті және оны қалай орындау керектігін анықтауы
керек. Ол процестің барлық қатысушыларында туындайтын
сұрақтарға жауап бергені дұрыс.
Осылайша, сапа менеджмент жүйесі –
жоғары сапа мен басқа мақсаттарға қол жеткізуге,
кәсіпорынды басқару деңгейін жоғарылатуға
мүмкіндік беретін құрал деген қорытынды жасауға
болады. Нысанды жүйелі және ашық түрде басқару
керек. Жүйені енгізу және оны белсенді күйде ұстап
тұру іскерлік әріптестердің қажеттіліктерін ескере
отырып қызметті жүргізуге, олардың сеніміне кіруге,
жақсы қарым – қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Сапа менеджмент жүйесі сапаға қойылатын талаптардың
орындалатындығына сенімділік тудырады [6].
9000 сериялы ISO стандарттары сапа менеджмент
жүйесінің мақсаты ұйымның жұмысын жақсарту
болып табылатын құжаттандырылған жүйе ретінде
анықтайды. Құжаттар бизнес-процестердің ауытқу
себептерін анықтауға және тиімділіктерін
жоғарылатуға көмектесуі керек. Құжаттардың
көлемін сапа менеджмент жүйесі енгізілетін кәсіпорын
басқарушысы оның өлшемдеріне, қызмет түріне,
процестердің күрделілігіне байланысты анықтайды.
Процестік тәсілдің мақсаты
ресурстарды ұтымды қолдану, сапа саласында мақсатқа
және саясатқа қол жеткізу, қызметкерді марапаттау,
ынталандыру және оның сапа менеджмент жүйесінің жауапкершілігі
мен құзыреттілігін түсіндіру есебінен нәтижелілікті
және тиімділікті жоғарылату болып табылады.
Процестік тәсілді пайдалану
өзінің қызметін жетілдіретін кәсіпорын үшін
объективті түрде өте қажет болып табылады.
Процестік модель әрқайсысы басқа
процестердің және тұтастай жүйенің қызмет
етуіне әсер ететін өзара әрекеттесетін процестердің
жүйесі (желісі) болып табылады.
Сапа менеджмент
жүйесін құрғанда немесе жақсартқанда
процесті тәсілді тиімді жүзеге асыру үшін ұйымда
әрекет ететін процестердің жиынтығы туралы түсінікті,
олардың тағайындалуын және рөлін нақты білу
қажет [7].
Бүгінгі күні процестік тәсіл –
бұл TQM ең күшті құралдарының бірі деп
айтуға болады.
Нақты ұйым үшін процестер
оның өндірісінің ерекшелігіне, шығарылатын өнім күрделілігіне,
оның қауіпсіздігіне қойылатын заңнамалық
және міндетті талаптарға, экологиялығына тәуелді
болатындығына қарамастан, сапа менеджменті жүйесінің
аясында қызмет ететін келесі процестерді көрсетуге болады:
Ұйым
менеджментінің процестері. Стратегиялық жоспарлаумен, саясатты
әзірлеумен, мақсатты орнатумен, ақпаратпен алмасуды
қамтамасыз етумен, ұйымның сапа саласында
мақсатқа қол жеткізу үшін және күтілетін
нәтижелерді алу үшін қажетті ресурстардың қол
жетімділігін қамтамасыз етумен, сонымен бірге басшылық тарапынан
талдау жүргізумен байланысты процестерден тұрады.
Ресурс
менеджментінің процестері. Ұйымның сапа саласында мақсаттарына
қол жеткізу үшін және күтілетін нәтижелерді алу
үшін қажетті ресурстарды қамтамасыз ету үшін талап
етілетін барлық процестерден тұрады.
Өнімді
жасау процестері. Ұйымның күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді
қамтамасыз ететін барлық процестерден тұрады.
Өлшеу,
талдау және жақсарту процестері.Өнімділікті талдау
және нәтижелелік пен тиімділікті жақсарту бойынша
мәліметтерді жинау және өлшеу үшін қажетті
процестерден тұрады. Бұл процестер орындалатын іс-әрекеттерді
өлшеу, мониторинг, аудит,талдау жүргізуден және процестерді жақсартудан
(мысалы түзетуші және алдын алатын әрекеттерден)
құралады.
Процестік және жүйелік тәсілді
қолдану процестердің арасындағы басқаруды
жақсартады және бөлімшелер мен сапа саласындағы
лауазымды тұлғалардың арасындағы бөгеттерді
жояды, ол талаптар негізінде көлденең менеджментті енгізумен
қамтамасыз етіледі [2].
Жоғарыда айтылған сапа менеджменті
жүйелерінің процестерінің өзара байланысы мен
өзара әрекеттесуінен талаптар негізінде сапа менеджменті
жүйелерінің процестік тәсілін жүзеге асыру бойынша
ұйым қызметкерлерінің әрекеттерінің ретін
құрастыруға болады .
Процестік тәсілді жүзеге асыру келесі
тәртіппен жүргізілуі мүмкін:
1. Негізгі, қосымша процестерді және
менеджменттің процестерін анықтау.
2. Процестерді жақсарту бойынша
ұсыныстарды жоспарлау, талдау және әзірлеу үшін
жауаптыларды (процес иелерін) анықтау, олардың қажетті
міндеттері мен құзыреттіліктерін белгілеу.
3. Ұйым мақсаттарына байланысты
процестердің мақсаттарын анықтау.
4. Процестердің шектерін, олардың
кірістері мен шығыстарын орнату.
5. Процестердің құжаттамаларын
(процедуралар, регламенттер, карталар, сызбалар және т.б.) әзірлеу.
6. Процестерге мониторинг және өлшеулер
жүргізуді басқару жүйесін әзірлеу.
7. Процестерді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, процестерді
бастау.
8. Мониторинг және өлшеу жүргізу
арқылы процестерді бақылауды жүзеге асыру.
9. Деминг – Шухарт циклінің негізінде процестерді
жоспарлау және жақсартуды жүзеге асыру.
Менеджментке және жалпы сапа менеджментіне
процестік тәсілді қолдану қажеттілігі әлемдік
экономиканың даму шартына негізделген. Процестік тәсіл ұйым
тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді, себебі олар:
• ұйым бөлімшелерінің арасында
қызмет аралық тосқауылдарды жоюға;
• өндірістік кезеңнің
уақытын қысқарту, өнім сапасын жоғарылату, «кіріс
– шығыс» қатынасын, яғни ұйымның барлық
процестерінің «ресурстар – нәтижелер» қатынасын
тұрақты бағалау есебінен ұйымның бәсекеге
қабілеттілігін жоғарылатуға;
• еңбек өнімділігін
жоғарылатуға, топтық жұмыстың көмегімен
шығындарды төмендетуге, құндылықтарды
қоспайтын процестің қажетсіз элементтерін жоюға;
• ұйымның функционалдық
құрылымымен байланысты емес сапа менеджметі жүйесінің
икемділігін арттыруға, өзгеретін сыртқы
жағдайларға бейімделу қабілетін арттыруға;
• процестердің өлшенуі негізінде
тұрақты жетілдіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Процестерді жақсарту бойынша
әрекеттерді келесі ретпен орындау керек:
1. Ұйымның барлық процестерін
анықтау.
2. Олардың ішінен ұйымның
стратегиялық мақсатына қол жеткізу тұрғысынан
негізгілерін бөліп көрсету.
3. Негізгі процестердің жағдайына
бағалау жүргізу және жақсартуды талап ететіндерін
таңдау немесе барлық процестер үшін жақсарту
міндеттерін орнату.
4. Процесті жақсарту үшін
таңдалған әр процес үшін стратегиясы мен
жетілдірудің әдістерін ұсыну, жақсарту бойынша жобаны
әзірлеу (орындаушыларды, ресурстарды, мерзімді, нәтижелерді бағалау
тәсілдерін көрсету) және оны жүзеге асыру.
5. Жақсарту тиімділігін бағалау,
нәтижелерді бекіту, жақсарту тәжірибесін ұйымның
барлық процестеріне тарату мақсатында процестер менеджментін
ұйымдастыру.
Процестік тәсілдің маңызды
белгісі менеджменттің негізгі назарының әр түрлі
бөлімшелер мен лауазымды тұлғалар ұйымның
қызметінің соңғы нәтижелеріне
бағытталған ортақ ағындарға орындайтын жеке
қызметтерін біріктіретін процестерге шоғырланатындығы болып
табылады .
Процестік тәсілдің бірден бір
артықшылығы бөлімшелер мен лауазымды
тұлғалардың қызметтерінің тоғысқан
жерлерінде басқару болады.
Тағы бір маңызды жағдай процесс
әрқайсысы өз кезегінді процесс (функция) болып табылатын
жұмыстардың жиынтығы болып табылады. Жеке жұмыстарды
оңтайландыру – барлық процеспен байланыстырмайтын функция
қандай да бір белгілі нәтижеге алып келмейді. Процестерді
функциялар жиынтығы ретінде қарастыру функциялардың
кейбіреулері соңғы нәтижені алу үшін қажет емес
екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Ірі шығындар,
әсіресе ірі кәсіпорындарда әдетте бөлімшелердің
әрекеттердің келісілмегендігінен туындайды. Бірқатар
жағдайда тапсырыс келген уақыттың 80% дейін; өнімге
тапсырыстар оны тұтынушыға жеткізгенге дейін өндірістік емес
операцияларға кетеді.
Процестік тәсіл ИСО 9001 бойынша сапа
менеджмент жүйесін жетілдіру мен құруда жоғары
ұйымдастырушылық–әдістемелік потенциалға ие. Процестік
тәсілді толыққанды енгізу кез-келген кәсіпорын
үшін үлкен мүмкіндіктер мен артықшылықтарға
жол ашады.
Әдебиет
1.
Панкина Г.В., Савицкая А.О.
Конкурентоспособность как обеспечение баланса интересов производителя и потребителя - М.: АСМС, 2011.-36 с.
2.
ҚР СТ ИСО 9000:2007 Сапа
менеджмент жүйесі. Негізгі жағдайлары және сөздік [ Мәтін ].
3.
Одиноков С.А., Родионов B.C., Калинин
А.А., Васильев В.А. Управление
качеством технологических процессов. М.: «МАТИ» - РГТУ, 2001.
4.
Серов М.Е. Процессный подход для
улучшения качества. Карманный справочник. Приоритет.2004г. — 62 с.
5.
Заика
И.Т., Гительсон Н.И. Документирование системы менеджмента качества [Текст]: учебное пособие. М.: КНОРУС, 2010. 192 с.
6.
Тебекин
А.В. Управление качеством [Текст]: учебник для бакалавров вузов по направлению
«Менеджмент». М.: Юрайт, 2011. 371 с.
7.
Репин В.В. Два понимания процессного
подхода к управлению предприятием // Методы менеджмента качества, 2003, №4.