УДК 633.18:556.114.5

Сельское хозяйство/

Бекетов Ж.З. - 3 курс студенті

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы

 

Күріш атызындағы топырақтың тұз режимі

 

Қызылорда суармалы алқабында күріш егісі топырағындағы тұздар мөлшері дақыл өнімділігіне кері әсер беруі байқалады. Осы құбылысты  зерттеу мақсатында 2012-2013 жылдары Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығы күріш ауыспалы егісінде арнайы бақылаулар орындалды. Зерттеулер ауыспалы егістің үшінші күріштік тақтада жалпы ауданы 16,4 га алты күріш атыздарында жүргізілді. Зерттеулер «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасы оқытушылыры мен қызметкерлері басқаруымен орындалды.

         Күріш түптегеннен кейін атыздағы су қабаты 6-10; 11-15; 16-20; 21-25; 26-30; 31-35см тереңдікте болған нүктелерде дақылдың өсуіне және топырақтағы тұздар құрамының өзгеруіне бақылаулар жасалып отырды. Біздің зерттеулеріміз атыздағы су қабатының тереңдігі топырақтың тұздар мөлшеріне елеулі әсер беретінін көрсетті. Бұл негізінен су қабатының оның күріш атызының топырағына сіңу жылдамдығына ықпал беретіндігінен болуы тиіс.

1-кестеде топырақтағы тұздар мөлшерінің өзгеруі көрсетілген. Жалпы бір метр топырақ қабатындағы тұздар мөлшері вегетациялық кезеңнің басында 0,380-0,548% аралығында болды. Сортаңдану түрі негізінен - хлорлы-сульфатты. Су қабатының 6-10см тереңдігінде жаз бойы тұздардың тығыз қалдықтар бойынша шайылуы 0,044% болды. Бұл көрсеткіш 11-15 және 16-20 см тереңдіктерде 0,075 және 0,111%. Су тереңдігін 26-30см-ге дейін көбейту тұз құрамын 0,106%-ға дейін едәуір азайтты. Су қабаттары 21-25 және 31-35см болғанда, тұздың шайылу  мөлшері  0,079 және 0,087% құрады [1].

 

 

* Ғылыми жетекшісі – профессор, т.ғ.д. С.И.Қошқаров

1-кесте – Топырақтың метрлік қабатындағы суға ерігіш тұздар құрамының өзгеруі (алымында – вегетация басындағы тұздар құрамы, бөлімінде – вегетация аяғындағы, 2012ж.)

 

Атыздардағы су тереңдігі, см

Тұздар құрамы, %

 

Тығыз қалдық бойынша тұздардың шайылуы, %

Жаз бойы алғашқы мөлшерімен салыстырғандағы тұздың азаюы, %

Тығыз қалдық

Хлоридтер

Сульфаттар

6-10

0,548

0,034

0,361

0,044

8,1

0,504

0,024

0,375

11-15

 

0,481

0,048

0,294

0,075

15,6

0,406

0,026

0,274

16-20

0,513

0,061

0,368

0,111

21,6

0,402

0,038

0,286

21-25

0,380

0,039

0,211

0,079

20,8

0,301

0,019

0,174

26-30

0,491

0,046

0,285

0,106

21,6

0,385

0,022

0,244

31-35

0,441

0,063

0,245

0,087

19,7

0,354

0,035

0,216

 

Су қабаты 16 см-ден жоғары болғанда жаз бойы алғашқы мөлшерімен салыстырғандағы тұздың азаюы 19,7-21,6 % көлемінде болған. Демек, судың тереңдігін 15-20 см-ден жоғары өсіру тұздар мөлшерінің жаз бойы азаюына анау айтқандай күрделі әсерін берген жоқ.

Күріштің толық пісу кезеңінде белгіленген нүктелер жанынан ауданы бір шаршы метр көлемінде күріш өнімділігі анықталды. Әрбір шаршы метр ауданнан алынған күріш дәнінің салмағын анықтау техникалық таразы арқылы анықталды. Нәтижелері 2-кестеде келтірілген. 

         Мәліметтер танаптағы су тереңдігі бойынша топтастырылған. Өнімділікті есепке алу нүктелерінің саны 18-31. Есептеулер көрсеткендей,  орташа салыстырмалы қателік немесе «тәжірибе дәлдігі» 8,2-12,6% шамасында. Зерттеулер жүргізілген күріштік тақталардың елеулі ауданын, учаскенің кейбір топырақ көрсеткіштерінің шашыраңқылығын ескере отыра, зерттеу дәлдігінің  қанағаттанарлық екендігін айтуға болады [2]. Ең аз өнімділік күріштің суға бастыруының таяз (6-10см) жерлеріне тән. Бұл су және онымен байланысты тұз, жылулық режимдердің кемшіліктерімен байланысты. Су тереңдігі 11-15 см болғанда өнім 151 г, өнімнің өсуі 27,7% болған. Мұндай елеулі өнімділік ылғал және жылулық режимдердің жақсаруымен дәлелденеді.

 

2-кесте. Атыздағы су қабатының тереңдігіне байланысты күріш өнімділігі (2012ж.)

 

Атыздағы су тереңдігі, см

Бір шаршы метр көлемдегі күріштің  орташа өнімділігі, г/м2

Өнімнің өсуі

г/м2

%

6-10

394

-

-

11-15

545

151

27,7

16-20

586

192

32,8

21-25

614

220

35,8

26-30

548

154

28,1

31-35

483

86

18,4

           

         Су қабатын онан әрі 16-20 см дейін арттыру өнімділікті 192 г-ға ұлғайтты. Ең жоғарғы өнімділік 21-25 см тереңдікте байқалған. Ең жоғарғы тереңдіктегі бір шаршы метр көлемнің өнімділігі 483 г болды. Мұнда өнімділік су қабаты ең аз шамасы сақталған нұсқамен салыстырғанда небәрі 86г жоғарылаған. Су тереңдігін 25 см-ден жоғары көтеру, су деңгейін 16-20 см тереңдікпен  салыстырғанда күріш өнімділігін едәуір азайтады [3].

         Сондықтан, күріш атызындағы топырақтың тұз режимін қолайлы болуын қамтамасыз ету үшін су қабаты 15-20 см аралығында болуы тиіс. Бұл сонымен қатар дақыл өнімін де өсіреді.

                  

Әдебиеттер

1.   Қошқаров С.И., Бұланбаева П.О. Күріш ауыспалы егісін суару. – Алматы: «Білім», 2014. – 167 б.

2.   Доспехов  Б.А. Методика полевого опыта. – М.: Колос, 1979. – С. 409.

3.   Қошқаров С.И., Өмірзақов С.Ы., Шаянбекова Б.Р., Бұланбаева П.О. Түптену мен балауызданып пісу аралығындағы күріштің тиімді суару тәртібі жөнінде ұсынымдар. - Қызылорда, 2014. – 40 бет.