УДК: 633.18:631.671.1
Сельское хозяйство/
Қалу
Е. - 3 курс студенті
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда
қаласы, Қазақстан Республикасы
Күріш атызындағы судың жылу режимі
Күгіш
дақылдың жоғары өнімділігін қамтмасыз ету
үшін оның ылғал, қоректік, ауа және жылулық
режимдерін тиімді түрде қалыптасуы қажет.
Қазақстанда күріш дақылы оңтүстік
аймақтарда өндірілуіне байланысты мұнда табиғат берген
жылу қоры жоғары. Сондықтан да болар осы уақытқа
дейін күріш атыздарындағы жылу режимінің өзгеруі
жөнінде мәліметтер (М.Жаппасбаевтың зерттеулерін
ескермегенде) оншалықты мол деп айтуға болмайды.
Күріш
өсімдігінің қалыпты өсуі мен дамуы үшін
атыздағы судың температуралық режимінің мәні зор.
Зерттеліп отырған аймақтың климаттық жағдайы
күрт континенталдығымен сипатталады. Жаз айлары жоғары жылулығымен,
жауын-шашынның негізінен болмауымен және ауаның жоғары
құрғақшылығымен ерекшеленеді. Бірақ, кей
кездері салқын ауа райы да кездесіп тұрады. Осыған байланысты
суару мен ауа райы жағдайына байланысты күріш атызының
температуралық режимін егжей-тегжейлі зерттеу маңызды. Осыған
орай біз 2013-2014 жылдары Қарауылтөбе тәжірибе
шарауашылығы күріш суармалы алқабында жылу режимінің өзгерісін
зерттеген болатынбыз.
Күріштіктегі
судың жылулық режимі аймақтың ауа райылық
ерекшеліктеріне, өсімдіктердің даму кезеңдеріне,
дақылдың суару тәртібіне және т.б. байланысты.
Күріштің дамуының ең жауапты кезеңі дақылдың
гүлдеу және жетілу уақыты.
* Ғылыми жетекшісі – профессор, т.ғ.д.
С.И.Қошқаров
Сонымен
қатар, бұл уақытта ауаның температуралық
жағдайы да күрделі. Бұл кезеңде (шілденің
аяғы – тамыздың ортасы) аймақ ең жоғарғы
ауа температурасымен (35-40 0С) және ең төменгі
салыстырмалы ауа ылғалдылығымен сипатталады. Осыған
байланысты көптеген зерттеулер дақыл дамуының осы жауапты
кезеңінде атыздағы судың жылулығын 24-26 0С
шамасында ұстауды ұсынады.
Жоғарыдағы айтқандарды қорытындылай келе
дақылдың жақсы өсіп-өнуін қамтамасыз ету
үшін күріш атызындағы судың жылулығы 26-28
˚С аспауы тиіс. Бұл талап Сыр өңірінде өсетін
күрішке өте күрделі болса керек, өйткені
мұндағы ауа райылық жағдай өзінің аса
ыстықтығымен ерекшеленеді.
Аймақта
күрішті өсірудің агроклиматтық жағдайын
М.Жапбасбаев [1] зерттеген. Ол су температурасының тәуліктік
өзгеруі ауа жылулығының жүрісін қайталайтынын
анықтады. Атыздағы су бетінің температурасы мен
тереңдік бойынша оның таралуы топырақ пен судың
жылу-физикалық қасиеттерімен бірге өсімдіктердің
өсу және даму сипаттамаларымен анықталады. Су үлкен
жылу сыйымдылығының арқасында өзінің бетінен
көктен өткен жылуды толығымен сіңіреді және жылу
өткізгіштігінің аздығына байланысты топырақты
күндіз қызудан, түнде салқындаудан
қорғайды.
2013
жылының 26 шілдесінде тәжірибе учаске аумағының ауа
температурасы 41,4°С-қа көтерілді (1-кесте).
1-кесте - Күріш атыздары
мен суармалау каналындағы су жылулығының өзгеруі
(Қарауылтөбе тәжірибе шарауашылығы, 26.07.2013ж.,
ауаның температурасы – 41,4 °С)
|
Атыздағы су тереңдігі, см |
Судың температурасы, °С |
||||||
|
Бақылау уақыты, сағат |
|||||||
|
8-10 |
10-12 |
12-14 |
14-16 |
16-17 |
17-19 |
17-19 |
|
|
12-15 |
23,2 |
25,0 |
26,5 |
29,2 |
31,0 |
32,3 |
29,5 |
|
17-22 |
23,1 |
24,0 |
25,6 |
27,1 |
28,5 |
28,4 |
27,8 |
|
27-32 |
22,5 |
23,2 |
26,8 |
26,9 |
27,5 |
27,4 |
26,7 |
|
Суармалау каналы |
21,5 |
24,3 |
24,3 |
24,3 |
26,3 |
26,0 |
24,2 |
Атыздардағы
судың жылулығы 14-19 сағаттар аралығында жоғары
мәндеріне көтерілді. Бұл кездегі атыздағы судың
температурасы 12-15см тереңдікте 32,3°С, 17-22 см су тереңдігінде –
28,5°С, ал 27-32 см тереңдікте – 26,3°С болды. Сонымен, судың
ең аз тереңдігінде судың жылулығы қолайлы деп
саналатын деңгейден (26-28°С)
едәуір асып түскені байқалды [2].
Ауаның
салқындығымен атыздағы судың жылулығы
арасындағы тікелей байланысын 2013 жылының 7-ші тамызында
орындалған бақылаулар негізінде көруге болады. Бұл
күні ауаның температурасы – 27,2 °С-қа ғана
көтерілді. Аталған күні ауа райының орташа
термикалық белсенділікте болуына байланысты, атыздардағы
судың қызуы да орташа болды. Мысалы, күннің белсінді
фазасында атыздағы су шамамен 1,5-1,80С-қа қызды.
Нәтижесінде түнімен сақталған су температурасы
маңызды роль атқарады, ол таңертеңгі сағат
8-10-да байқалды. Сағат 16-17 аралықтарында атыздағы
ең төменгі тереңдіктегі су температурасы 22,00С,
17-22 см тереңдікте – 24,40С және 27-32 см су
қабатында – 26,20С болды. Түнде орын алған
температура айырмашылығы күндіз күні бойы сақталады.
Бұл күні ең қолайлы жылу режимі 17-22 см және
27-32 см су тереңдіктерінде қамтамасыз етілді. Аз су
тереңдігіндегі ең жоғарғы температура небәрі 22,20С
болды, ол оптималды аралықтан аз [3].
Сонымен,
танаптағы су температурасының режимі су тереңдігімен тікелей
байланысты. Ең жоғарғы температуралық режим ең
кіші тереңдікке тән. Мысалы, 12-15 см қабатта
күннің термикалық белсенді фазасында су 32,3 0С-қа
дейін қызады. Судың тереңдігін 17-22 см-ге көбейту
температураның 2,5-3,8 0С-қа азаюына әкеліп
соқтырады. Ауа райы салқын күндері судың қолайлы
жылу режимі 17-22 және 27-32 см тереңдіктерде қамтамасыз
етеді.
Осы
кезеңге дейін күріш атыздарында дақыл түптеу
дәуірінен өткеннен кейін су қабаты 12-15 см тереңдікте
ұсталып келген болатын. Демек, күріштіктің су деңгейі өңірдің
ауа-райылық ерекшеліктеріне толығынан үйлесімді болды деп айту қиын. Сондықтан,
күріш атызындағы жылу режимі өсімдіктің
өсіп-өнуіне тиімді болуы мақсатында су қабаты 17-22 см
мөлшерінде тұрақтануы тиіс.
Әдебиеттер
1. Жапбасбаев М.
Агроклиматические условия произрастания риса в континентальном климате (в
Казахстане) // Под редакцией д-ра географ. наук И.А.Гольцберг. -
Гидрометеорологическое издательство Ленинград, 1969. – С. 159.
2. Қошқаров
С.И., Бұланбаева П.О. Күріш ауыспалы егісін
суару. – Алматы: «Білім», 2014. – 167 б.
3. Қошқаров С.И., Өмірзақов С.Ы., Шаянбекова Б.Р.,
Бұланбаева П.О. Түптену мен балауызданып пісу
аралығындағы күріштің тиімді суару тәртібі
жөнінде ұсынымдар. - Қызылорда, 2014. – 40 бет.