Алкалоиды
бар өсімдіктерге сапалы анализ
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті
Арынова К.Ш., Оспанова А.
Өсімдіктерде, демек шикізаттарда
алкалоид бар – жоғын тексеру үшін, алдымен оларды бөліп алып, бірнеше реакциялар
жүргізу қажет. Әдетте шикізаттардан алкалоидтарды бөліп
алу үшін 1% сірке қышқылымен 1:10 арақатынаста
әсер етіп, 5 минут қайнатады. Содан соң ерітіндіні
сүзгіден өткізіп, фильтратқа сапалы реакциялар жүргізеді.
Бұл жерде реакциялардың 3 типі қолданылуы мүмкін.
1.
Жалпы тұнбаға түсіру реакциялары
Бұл реакциялар алкалоидтар аз
мөлшердің өзінде бар екендігін анықтауға
мүмкіндік береді.
Алкалоидтар кейбір заттармен
әрекеттесіп, суда ерімейтін қосылыстар түзілуіне негізделген.
Көбінесе ауыр металл
тұздары, комплексті йодидтер, комплексті қышқылдар және
қышқылдық қасиеті бар кейбір органикалық қосылыстар
түзіледі.
Жалпы тұнбаға
түсіру реакциялары
|
Реактив атауы |
Реактив құрамы |
Реакция эфектісі |
|
Майер |
Сынып дихлорид ерітіндісі мен калий йодиді ерітіндісі |
Ақ немесе сарғыш тұнба |
|
Вагнер -Бушарда |
Калий йодидіндегі йод ерітіндісі |
Сұр тұнба |
|
Драгендорф |
Негізді висмут нитраты ерітіндісі
және калий иодиді сірке қышқылынмен |
Қызғыш немесе
қызыл кірпіш тұнба |
|
Марме |
Кадмий иодиді ерітіндісі калий
иодиді ерітіндісімен |
Ақ немесе сарғыш тұнба, реактивтің артық
мөлшерінде еритін |
|
Кремневольфрам
қышқылының ерітіндісі |
Ақшыл тұнба |
|
|
Фосформолибден
қышқылының
ерітіндісі |
Сарғыш тұнба, уақыт өте келе көк түске
немесе жасыл түске ауысады |
|
|
Фосфорвольфрам қышықлы
ерітіндісі |
Ақшыл тұнба |
|
|
Пикрин
қышқылының ерітіндісі |
Сары тұнба |
|
Бұл
реакциялардың барлығы аз сезімтал, тек алкалоидтартың бар екндігіне көз жеткізеді.
1. Топтық реакциялар
2. Өзіне тән реакциялар
Соңғы екі реакция белгілі бер алкалоид немесе алкалоидтар
тобын өсімдіктерден анықтауда
қолданылады.
Өзіне тән
реакцияларды жеке алкалоидтарға немесе тазартылған алкалоидтар
қосындысына жүргізеді.
Алкалоидтарға тән реакциялар жүргізуде концентрленген күкірт және азот
қышқылдарын, сонымен бірге құрамында формалині бар
концентрленген күкірт
қышқылын (Марки реактиві),
аммоний молибдаты бар концентрленген күкірт қышқылы (Фреде
реактиві) және
микрокристаллоскопиялық реакциялар жүргізуде пикрин,
пикролон, стифнин қышқылдары, металдардың роданидті
және иодидті кешендері қолданылады.
Соңғы
уақытта алкалоидтарды ашып, анықтауды хроматографиялық анализ
әдістері, УФ-, ИК-, ЯМР – спектрлері қолданылуда.
Салмақтық анықтау
Өсімдік шикізатынан алкалоидтардың салмақтық мөлшерін
анықтау үдерісін негізгі
үш кезеңге бөлуге болады:
1. Шикізаттан алкалоидтарды бөлу
2.Алынған
алкалоидтардан қосымша қоспаларды бөліп алу: шайырдан, пигменттерден, майлардан, пектинді
заттардан және т.б.
3.Бөлінген және тазартылған
алкалоидтардың мөлшерін анықтау
Алкалоидтарды бөліп, тазартуда
алкалоидтардың
барлығы дерлік суда ерімеуіне, бірақ органикалық
еріткіштерді еруіне негізделген. Ал алкалоидтардың тұздары
органикалық еріткіштерді ерімейді, бірақ суда ерімтал келеді.
Өсімдіктерден
алкалоидтарды тұз түрінде және негіз түрінде
бөлуге болады. Көбінесе шикізаттан алкалоидты негіз түрінде
бөліп алу жиі қолданылады. Алкалоидтарды тұз түрінде
бөліп алу (Стасс-Отто тәсілі) сот химиясында қолданылады.
Белгісіз
алкалоидтардың мөлшерін сандық анықтау
салмақтық өлшеу арқылы жүргізіледі. Егер
де алкалоидтар белгілі болса, көлемдік анализ әдістері (тікелей және кері титрлеу),
колориметриялық, хромотографиялық, спектрофотометриялық анализ әдістері де қолданылады.
Әр өсімдік
шикізатынан алкалоидтарды анықтау үшін арнайы жеке әдістер
жасалған және олар арнайы нормативті құжаттарда
көрсетілген.
Шикізатты дайындау, кептіру және
сақтау.
Шикізатты дайындау алкалоидтар мөлшерінің көп
жиналған кезеңінде жүргізіледі: әдетте шөптер мен
жапырақтарды – гүлдеу
кезеңінде, жер асты мүшелерін – ерте көктемде немесе
күзде жинайды.
Алкалоиды бар
өсімдіктер улы болғандықтан, олармен жұмыс кезінде
сақтық шараларын сақтау керек. Шикізатты
қолғаппен жинап, арнайы маскалар киіп, кір қолмен бетті, көзді ұстауға болмайды.
Шикізатты ауада (көлеңкеде, күн
көзінде), сонымен қатар жылу
арқылы да кептіруге болады. Кептіру температурасы мен оның
сипаты алкалоид құрылысына байланысты болады. Әдетте
кептіруді 50-600 температурада жүргізеді.
Тропанды алкалоидтарды тез әрі 40-450 С температурады
кептіреді; пирролизидинді алкалоиды бар өсімдіктерді 500 С
температурадан асырмай кептіреді.
Сақтау.
Барлық алкалоидты шикізаттар күшті әсер ететін улы
заттарға жатады, сондықтан оларды Б тізімі бойынша сақтайды. Семя чилибухи, клубнелуковицы безвременника, корневища
скополии А
тізімі бойынша сақтайды. Көбінесе таза алкалоидтарды да А тізімі,
кешенді препараттарды Б тізімі бойынша сақтайды. Шикізаттарды құрғақ жерде
сақтайды.
Өсімдіктер тіршілігіндегі
алкалоидтардың маңызы толық зерттелмеген. Көптеген
ғалымдардың пікірінше өсімдіктердегі алкалоидтар түрлі қызметтер атқарады.
Көп жағдайда олар қорғаныштық қызмет
атқарып, биохимиялық үдерістерді реттейді. Сонымен
қатар алкалоидтардың тотығу-тотықсыздану реакцияларына
қатысатыны жөнінде де мәліметтер бар.
Алкалоидтарды бөлу
және тазарту
сызбанұсқасы
|
|
Өсімдік
шикізатындағы алкалоид – тұз
түрінде
|
|
|
|
|
|
|
Алкалоид
– негіз ерітіндісі органикалық ерітіште |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
қышқылдармен |
|
|
|
Органикалық
еріткіштерді айдау |
|
Алкалоид
– негіз ерітіндісі органикалық еріткіште
|
||
|
|
||
|
Алкалоид
– негіздер қосындысының
тұнбасы |
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Орехов А.П. Химия алкалоидов. - М.:Издательство Академии Наук СССР,
1955.
2. Турова А.Д. Лекарственные растения СССР и их применение. – М.: Медицина,
1974. – 424 с.
3. Гребинский С.О. Биохимия растений. - Львов: Вища школа, 1975. 280 с.
4. Растительные ресурсы России и сопредельных государств: Цветковые
растения их химический состав, использование; Семейства Butomaceae-Typhaceae. -
СПб.: Наука, 1994.-271 с.