Бимурзаева
З.Е., Есенкелді Е., Мейрханулы А.
М.Х
Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті
РАДИАЦИЯНЫҢ
АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ
ЖӘНЕ РАДИОНУК- ЛИДТЕРДІ АҒЗАДАН ШЫҒАРУ ӘДІСТЕРІ.
Адамдар да Жердегі өсімдік мен
жануарлар дүниесі сияқты ылғи да жерден және
ғарыштан бөлінетін иондаушы сәулеге ұшырап отырды.
Жер қойнауында және
гидросферада тұрақты атомдармен қатар аз мөлшерде болса
да табиғи радиоактивті элементтер (уран, радий, торий, полоний, калий
және т.б.), ал Дүниенің түкпірінен, алыс
орналасқан жұлдыздардан, Күн мен жұлдызаралық
кеңістіктен Жер бетіне ғарыштық сәулелер ағыны
бөлінуде. Олар иондаушы қасиетке ие жоғары
энергетикалық зарядталған электр және де электромагниттік
толқындар.
Атмосферада ғарыштан келетін
иондаушы сәулелер тез арада әлсізденеді. Олардың аз
ғана мөлшері Жер бетіне жетеді. Ал көп мөлшері ауаны
иондауға атап айтқанда радионуклидтер түзілуге
жұмсалады. Бұл біз сезінбейтін және де онша өзгеріске
ұшырамайтын жерге тартылыс күші сияқты табиғи
радиациялық фон.
Адам
Жер бетінде өзінен бұрын пайда болған
радиациялық фонға үйреніп кеткен. Мұндай фон тірі
ағзаға зиян болғанына қарамай олардың өмір
сүруі мен дамуының ажырамас шарты болып табылады.
Ғалымдар көзге
көрінбейтін сәулелердің мөлдір емес заттар арқылы
өтіп фотопленкалардың қараюын ашқанға дейін
бұл түсінік қалыпты деп саналды. Ең алғаш рет
бұл құбылысты Вюцбург университетінің ректоры, неміс
физигі 1895 жылдың 8 қарашасында Вильгельи Конрад Рентген ашты.
Бұл жаңалық бір жылдан кейін , яғни 1896 жылдың 6 қаңтарында Лондон телеграфы
арқылы бүкіл дүние жүзіне жарияланды.
Сол уақытта 1896 жылы Рентгенмен
қатар француз ғалымы Анри Беккерель де қара
қағазға оралған уран тұздарының (алдын ала
сәулелемесе де) фотопленканы қарайтатын сәуле шығаратындығын
дәлелдеді. Осылайша табиғи
радиоактивтілік ашылды. Сол кездегі кқптеген ізденушілер жасырын
сәулеленудің құпиясын ашуға кірісті.
1896 жылдың 29 қаңтарында ең
алғаш рет сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын ауруды
емдеудің бірінші сеансын жүргізді.
Міне содан бастап қатерлі ісік
ауруларына медецинада рентгенотерапия жүргізіле бастады.
Осы жағдайға байланысты
әлемді қызықтыратын екінші жаңалық, атом
энергиясын тәжірибеде пайдалану болып табылды. 1942 жылдың 2 желтоқсанында Чикагода (АҚШ) ұлы
ғалым, физик Энрико Ферми ұсынған, басқаруға
келетін тізбекті реакция алынып алғашқы рет ядролық реактор
жұмыс істей бастады.
Сол кезде ешкім атом
энергетикасын пайдалану, жойып талқандаушы қасиетке ие болатынын
білмеген еді.
Атом энергиясының көмегімен
химиялық әдістермен ала алмайтын жаңа заттар мен материалдар
алу мүмкіндігі туындады. Радиоактивті заттар мен иондаушы сәуле
көздері өндіріс орындарында, ауыл шаруашылығында, медецинада
үлкен қолданысқа ие бола бастады. Ең алпауыт та
қатерлі зақымдаушы факторы радиация болып табылады.
Кіші және үлкен
мөлшердегі радиация тағам, су немесе ауа арқылы
ағзаға еніп клеткаларды, тканьдерді . органдер мен гендерді
зақымдайды.
Бірінші дүние жүзілік
соғысының басынан 1930 жылдың бастапқы айларына дейін
радий сағаттардың циферблаттары мен самолеттердің приборларын
қараңғыда жарық шығару үшін бояу ретінде
пайдаланды.
Өндіріс орындарының кейбір
аймақтарында (мысалы, теледидар
мен дисплейлердің экраны жарқырап тұру үшін) радиоактивті
заттар осы күнге дейін пайдалануда.
Қысқа толқынды
және төмен толқынды сәулелер барлық жерде бізді
қоршап тұрады: ол теледидарлар, спутниктер, милициялық
хабарламалар, электронды ойыншықтар. Бұл сәулелер
олардың қабаттарынан электондарды шығарып тастамайы,
бірақ белгілі бір мөлшерде біздің денсаулығымызға
кері әсерін тигізуде.
1964 жылы темекі құрамында
полоний - 210 бар екендігі
анықталды. 80-ші жылдары темекінің құрамында
радиоактивті заттар барлығы анықталып, күніне бір жарым қорап темекі шегетін адамдардың
өкпесі бір жылда кеуде қуысын 300 рет рентгенге түскен
иондаушы радиация мөлшерін алатындығымен тең
екендігі анықталды.
Міне сондықтан осындай қауіп
– қатерден ағзамызды мүмкіндігінше сақтау үшін
мына принциптерді ұстануымыз керек.
Біріншіден, ағзаны радиоактивті
элементтердің жинақталуының алдын алу мақсатында
клеткаларды үнемі пайдалы заттармен толықтырып отыру керек.
Екінші принцип денсаулықты
әлсірететін және радиацияны сіңіруге қабілетті
қпуіпті азық – түліктерді пайдаланудан аулақ болу
керек.
Ағзаның радиацияға
тұрақтылығын құрамында микроэлементтер мен
витаминдерге бай және де ағзадағы стронций мөлшерін
төмендетуге қабілетті теңіз өнімдерін (кальмарлар,
теңіз қырыққабаты) пайдалану. Теңіз өнімдері
қалқанша бездің жұмысын арттыратын иодқа да бай.
Бұл элемент зат алмасу үрдісіне оң ықпал етіп
инфекцияңа тұрақтылықты арттырады. Иод жетіспеушілігі
әлсіздікке, метаболдық үрдістің өзгерісіне жәнесалмақтың артуын туындатады. Ал
салмақтың артықшылығы қазіргі заманның ең үлкен проблемаларының
бірі екендігі барлығымызға
аян.
Сүзбе, сүт өнімдері,
ет, балық және жұмыртқа өнімдерінің
құрамында метонин бар. Мұндай өнімдерді пайдалану
ағзадағы радиацияны шығарады. Қызылсары овощтар (курага, өрік,
қызылша, апельсин, мандарин, құрма,
жаңғақтарда) калий элементіне бай. Сүт және
сүт өнімдері, жұмыртқа сүйек ұлпаларында
стронций – 90-ның жинақталуын кемітетінін кальцийге бай
азықтар. Біз пайдаланатын тағам иммунитетті белсендіретін,
ағзаның радиацияға төзімділігін арттыратын витаминдерге
бай болуы керек.
Витаминдердің ішіндегі ең
қажеттісі С – витамині итмұрында,шегңргүлде, қара
қарақатта, цитрустерде, ақжелкенде, қызыл бұрышта
кездеседі. Ағзаның ішкі мүшелерін қорғайтын
және нығайтататын өнімдерге астық
тұқымдастар, жаңа піскен овощтар, пісте,
жаңғақтар жатады.
Адамды радиациядан қорғайтын
өнім ол жасұнық (клетчатка). Ол ағзаға пайдалы
заттардың сіңуіне, ішектерде пайдалы бактериялардың
өсуіне (В – топты витаминдерінің синтезделуіне) зиянды
микроорганизмдердің көбеюуіне жол бермей токсиндермен
канцорогендердің түзілуіне кедергі жасайды.Жасұнық,
пісте, овощ және жеміс – жидектер қабығында болады.
Жаңғақтар мен
дәндерде минералдар мен витаминдер өте көп. Атап
айтқанда В, Е витаминдер ошағы, және де кальций, магний,
натрий, темір, мырыш элементтеріне бай. Жаңғақтар мен
діндердегі ақуыз еттің
құрамындағы ақуызбен бара – бар.
Жаңғақтар мен
дәндер радиоактивті заттарды ағзадан шығарып,
радиациялық қорғаныш қасиетке ие. Олардың ішіндегі
ең көп пайдалысы: бадам, орман жаңғағы, фисташка
және грек жаңғағы.
Асқабақ және
күнбағыс дәндері пектинге бай өнімдер.
Асқабақ жұмсағы витаминдерге өте бай
болғандықтан ағзаның радиацияға
тұрақтылығын арттырып, радионуклидтердің
шығарылуына ықпал етеді.
Сондықтан, денсаулықты арттыру
мақсатында өңделмеген табиғи таза өнімдерді
пайдаланған тиімді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Рыскулов
С. Т. Экология и радиация.- Алматы: Ғылым, 2000
2.Сыдықов Е. Тажалды
тұншықтырған тұлға. //Егемен Қазақстан.-2010.-23
сәуір.-3
бет.
3.Закон Республики Казахстан. О
радиоционной безопастности населения. - Алматы: “Данекер”, 2000
4.Мархоцкий Я.Л. Основы радиационной
безопасности населения.-Минск. «Вышайшая
школа», 2011