Бимурзаева З.Е., Есенкелді Е.,Кенжебекова А.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

БЫЛҒАРЫ ӨНДІРІСІНІҢ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.

                 Былғары өндірісіндегі қалыптасқан экологиялық жағдай. Былғары өндірісімен айналысатындарды  қызықтыратын әрі  мазалайтын былғары өндірісінің негізгі өнімі хромның  экологияға қауіп төндіретін және қоршаған ортаға таралатын хром қосылыстары мен қалдықтары /1/.

                 Адамдар мен жануарларға барлық хроматтар мен бихроматтар қауіпті және уытты /2/. Олардың үлкен мөлшерінің аздаған уақытта әсер етуі ағзаның қатты улануына, ал аз мөлшерінің ұзақ уақыт бойы әсер етуі ондаған жылдардан кейін сыр беруі мүмкін/1/.

                Хром адам  ағзасына жұтатын ауамен енеді, ауыру негізінен хромның мына табиғи қосылыстардан (миллионға шаққанда): тау жыныстары-100; көмірде-0,25; теңіз суында-0,0001; өсімдіктерде-0,3-0,4; жануарларда-0,02-1,0 /3/.

              Қан айналу және иммундық жүйелерде хром мен оның  қосылыстары мөлшерінің шамадан тыс болуы сенсибилизация,базофилия, аллергиялық реакция туындатады. Алты валентті хром мен қосылыстарының теріге әсер етуінен дерматит, экзема, жаралар, ал үш валентті хромның әсерінен «аяқ киім дерматиті» пайда болуы мүмкін /1/.

              Хром қышқылы, хроматтар мен бихроматтар сілемейлі қабықтар мен теріні жарақаттап, тітіркендіріп күйдіреді. Осы заттардың аэрозольдерімен тыныс алу мұрын қуысының шеміршекті бөлігінің созылмалы жарақатына әкеліп соқтырады/4/.  Хром қосылыстарының осындай әрекеттерінің соңы бронхиалдық қатерлі ісік ауруларының дамуының себепшісі болады /3/.

              Хром қосылыстарының онша үлкен емес концентрацияларында мұрын қуысының сілемейлі қабықшалары тітіркенеді, түшкіру, тұмау пайда болып аздап қан ағады. Ал үлкен концентрациясында ауырсынусыз өтетін осы құбылыстармен қатар мұрын қуысының сілемейлі қабықшаларының кейбір бөліктері жансызданады, соның  нәтижесінде мұрын қуысының шеміршекті бөлігі өзгеріске ұшырайды.

              Хроматтардың бүлінген теріге әсер етуі алғашқы кезде ауырсындырмайтын жарақаттың пайда болуына әкеліп соқтырады да уақыт өте ол үлкен жарақатқа айналуы мүмкін.Жарақаттар сүйекке дейін жетіп буындар мен сіңірлерді де зақымдайды. Мұндай жарақаттар жанға батып қатты ауырады және де ұзақ емдеуді қажет етеді. Көбінесе мұндай жарақаттар саусақтарға, саусақтар арасына, қолға, иыққа, тізеге және бетке шығады.

              Жарақаттардан басқа әр түрлі созылмалы немесе қатты ауыртпалы түрде өтетін күлдірек, іріңді және түйінді дерматиттер мен экземалар пайда болады /4/.

              Хромның қоршаған ортаға әсер етуі де оның табиғи жағдайының біраз өзгерісіне әкеліп соқтырады. Хромның (VI) 0,5- тен 5мг/л аралығындағы концентрациясы әсер еткенде су өсімдіктерінің көпшілігінің өсуі тоқтайды.

              Хром (III) 3-50 мг/дм3 ал хром (VI) -0,1-20 мг/дм3  концентрациясы омыртқасыздардың жеті түрінің 50% -ның өліміне әкеліп соқтырады.

              Тұщы суда мекен ететін балықтардың өліміне хром (III) және хром (VI) бірнеше жоғары шектегі концентрациясы, атап айқанда 3,5-тен 118 мг/л /5/ тиесілі болып табылады.

              Хромның ерітіндідегі (III) концентрациясына шекті рұқсат етілген мөлшер 0,5мг/л , ал алты валентті хромға – 0,1мг/л, бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хромның жалпы шекті рұқсат етілген мөлшерін 0,05 мг/л етуді ұсынып отыр/6/.

               Қазіргі уақытта былғары өндірісі химия өндірісі қолданатын жалпы хромның (жылына 40000 мың тонна) 1/3 бөлігін пайдаланады. Оның шамамен 1/3-і шайынды ерітіндімен, ал 1/6-сы былғары қалдықтарымен қоршаған ортаға лақтырылады /7/.

              Хромды регенерациясыз тұндыру хром қосылыстарының шығынын азайтпайды және экологиялық проблеианы шешпейді. Хромның илегіш қосылыстарын регенерациялау әдісі  қымбат/8/, сондықтан  экологиялық жаңа технология ойластыру қажет.

             Былғары өндірісінің экологиялық жағдайды жақсартудың бірден бір жолы, композициялық илегіштерді пайдалану. Осы бағытта жасалған жұмыстар хром илегіштер шығынының 25-30%, ал илеу прцесінен кейінгі ерітіндідегі хром (III)-тің ,1,0 – 1,2 г/дм3 дейін азаятындығын дәлелдеді/8/.

             Илеу процесін жетілдірудің жаңа әдісі заттардың тұрақтандыруына ықпал ететін көп компанентті илегіш заттарды , яғни органикалық қышқылдардың бүркегіш қосылыстарын пайдалану, аниондары илегіш комплекстердің ішкі сферасына еніп, олардыңқұрамын және илегіш қасиеттерін өзгертеді. Бүркегіш қосылыстардың мөлшерін тиімді қолданғанда олар илегіш комплекстердің ақуызға енуін және байланысын нығайтады. Бүркегіш қосылыстарды пайдалану бағытыдта жасалған  ізденіс жұмыстары технологиялық үрдістің жоғары пайдалылығын, экономикалық және экологиялық тиімділігін дәлелдеді/9/.

               Гетероплиядролы комплексті қосылыстарды илегіш зат ретінде қолдану былғары өндірісіндегі экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай ағызынды суларды хром қосылыстарынан тазартудың шығынын азайтады (1м3 ағызынды суды тазалауға 24 доллар шығынданады), хроммен иленгеннен, жуудан,  сығудан кейінгі ағызынды судың шығыны барлық былғары өндірісінің технологиялық шығынының 20% құрайды /10/.

 

               Пайдаланыған әдебиеттер

         1.Воздействие на организм человека опасных и вредных экологических факторов. Метеорологические аспекты (Под ред. Исаева Л.К.) –М.-1997г. –Т.1. -510с.

2.Хомченко Г.П., Цитович И.К. Неорганическая химия –М.: Высшая школа. -2000г.-464с.

               3.Экология и безопасность.Ч.1 (Под ред. Рыбальского Н.Г.) –М.: ВНИИПИ. -2001г.- 300с.

             4.Вредные вещества в промышленности. Ч.2. –Л.: 1999г.-560с.

             5.Чесунов С.В., Санкин Л.Б. Экологические прблемы использования соединений хрома в дублении. // Кожевенная промышленность.-М.: 1989г. 380с.

             6.Мазур И.И., Молдаванов О.И., Шишов В.Н. Инженерная экология.Т.2. –М.: Высшая школа.-1996.-665с

             7.Смирнов В.И. Альтернатива производству полуфабриката хромового дубления. // Кожевенно – обувная промышленность.-1997г. -№3. –С.39

             8.Макаров – Землянский Я.Я. Разработка новых и совершенствование существующих технологий кожевенного пройзводства. // Кожевенно – обувная промышленность. – 1995г. –С.24-26.

            9.Бейсеуов К.Б. Новое в миенральном дублении кож. –М.: Легпромиздат. -1993г. –С.128.

           10.Съмеховски К. Проблемы сточных вод кожевенной промышленности Польши. // Кожевенно – обувная промышленность. -1996. -№3. –С.30-31.