Кәсіпорында өндірістік шығындарды есептеудің ерекшеліктері

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, э.ғ.к. Бекешева Д.А.

 

Калькуляция дегеніміз өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің бір өлшемге есептелінген өзіндік құны болып табылады. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға  және өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады.

  Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістегі шығыстарды есепке алудың  және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше әдістері қолданылады. Халық шаруашылығының түрлі салаларындағы кәсіпорындарында қандай да бір әдісті қолдану өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау жөніндегі негізгі ережелеріне сәйкес белгіленеді.

  Шығындарды есептеудің үш негізгі әдісін қарастырады. Олар: тапсырыстық әдіс,бөлістік әдіс және нормативтік әдіс. Одан басқа іс жүзінде жай (процесстік) әдіс те қолданылуы мүмкін.  

  Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті өнім шығаратын кәсіпорындарда пайдаланылады. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейін өндірістің натуралы көлеміне немесе шартты - натуралды көрсеткішіне жай бөлу арқылы табылады.

Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі аз сериялы және жеке-дара өндірісі бар кәісіпорындарда, жөндеу және эксперименттік жұмыстарда пайдаланылады [1. 23 б.].

Барлық тікелей шығындар әрбір тапсырыс бойынша белгіленген номенклатура баптарының кескінінде есепке алынады. Тапсырыс кәсіпорынның өндірістік бөлімшесінде арнайы бланкілерде ашылады, содан соң ол орындаушы – цехқа және бухгалтерияға түседі. әрбір тапсырысқа өзіндік код беріледі, онда жұмысшыға есептелінген жалақы, барлық құжаттардағы материалдардың шығысы, өндіріске кеткенг шығын есебін жүргізетін карточкаға көшіріліп жазылады. Тапсырыстың өзіндік құны оларды әзірлеумен байланысты шығындар сомасынан тұрады.

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісін негізінен жаппай өндіріспен шұғылданатын кәсіпорындар пайдаланады. Дегенмен де,  оны кіші сериялық және жекелеген кәісіпорындарда пайдалануға болады.

Дайын өнім – негізгі және қосалқы цехтардың сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шоттарға сәйкестігі, техникалық бақылау қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары – міндетті түрде актімен рәсімделеді.

Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезкңде өнім тұрақты түрде  қозғалыста (шығару, босату, жөнелту,  сату) дайын өнімнің өткен айдағы өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін.

Тауарды бағалау есептік бағаны таңдау болып табылады, яғни бағаның көмегімен тауар кірістеледі және есептен шығарылады. Бұл ретте сату бағасы да, сатып алу бағасы да пайдаланылуы мүмкін. Есептік бағаны таңдау шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатына тіркеледі, ол шаруашылық жүргізуші субъектінің бірыңғай тауарларына қатысты үйлестірілуі керек [2. 59б.].

Сатып алынған құны өзіне: сатып алу құнын, баж салығын, комиссиондық марапаттауын; жабдықтаушыларға, делдал ұйымдарға төлейтін төлемдерін, транспорттық – дайындау және басқа да шығыстарын, яғни алынған запастармен тікелей байланысты шығыстарын енгізеді. Сауда жеңілдіктерін артық төленген сомаларын және басқа да осы тәріздес түзетулерін,  әкелінген шығындарды анықтау кезінде шегеріледі. Көтерме сауда кәсіпорныдарында тауардың сатып алынған құны әдетте, есептік баға ретінде бола алады. Сату бағасы – бұл тауардың сол бойынша ең соңғы тұтынушыға сатылатын бағасы. Сату бағасының құрамына мыналар кіреді:

- сатып алынған құны – бұл құжаттармен қуатталған (шоты, тауарлы транспорттық накладнойы, кедендік декларациясы) тауардың жабдықтаушылардан сатып алынған құны;

  Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын жасағанда сату бойынша жұмсалған шығындарды тек сатылған өнімнің толық өзіндік құнын және өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты нәтижелерін (табысты немесе зиянды) есептеп шығарған кезде ғана оған жедел түрде назар аударылады. Өнімді сатуға жұмсалған шығындардың баптары бойынша талдау есебі өнімді сатуға жұмсалған шығындар есебінің тізімдемесінде, яғни кәсіпорын бекіткен баптарының номенклатурасы бойынша жүргізіледі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.           Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Алматы, 2003ж.

2.           Кривогузова Н.А. Экономикалық талдау:  Қарағанды, 2004