Б.Қуантқан, А.Талғарқызы,
Е.Сағындықұлы
Семей қаласының Шәкәрім
атындағы мемлекеттік университеті, Қазақстан
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Шағын және
орта кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық даму механизмін
және кәсіпкерлік құрылымдарын іске қосудың
қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсаты бір жағынан, тұтастай экономиканы
көтеру үшін республика мен аймақтарда
кәсіпкерлер тарапынан ынталылық, жаңалық енгізу,
және екінші жағынан, жекелей
кәсіпкерліктің аясында белсенділік жағдайларын
арттыруға бейімделуі тиіс.
Бірақ, әр
түрлі елдегі қолданылып жүрген кәсіпкерлікті
дамытудың экономикалық механизмдері
әр қилы. Бұл өндіргіш күштерді дамытудың әркелкі кезеңдерімен, тарихи сипаттау, ұлттық
және мәдени салт-дәстүрлердің,
табиғи-климаттық өзгешеліктің факторларымен,
сыртқы саяси және ішкі экономикалық
жағдайлардың кайталанбайтындығымен қамтамасыз етіледі. Жекелеген елде механизмдердің
өзгешелігі-көпқырлылығы
және түрленуімен айшықталатын шаруашылықты
жүргізудің неғүрлым жақын
элементтеріне, шаруашылықты жүргізудің ағымдық нысандары және тәсілдерінің басымдылығына
қатысты.
Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық қызметтері:
бәсекелестік ортаны қалыптастыру,
аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуын теңестіру, жаңалық енгізу арқылы дамыту және
өсуіне жағдай жасау, жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу, нарықты әр түрлі тауарлармен толтыру болып
табылады [1].
Қазақстан
Республикасының Статистика бойынша агенттіктің 2014 жылдың 1
қаңтары бойынша шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің тіркелген саны 1535983 бірлік, оның ішінде
шағын және орта кәсіпорын
- 260335 (16,9%), жеке кәсіпкерлер – 1086460 (70,7%), шаруа
(фермер) қожалықтары – 189168 (12,4%) [2].
2009 жылдан
бастап ШОК белсенді субъектілер саны жалпы өсу беталысын көреміз.
2009 жылы ШОК белсенді субъектілер саны 663374 бірлік болса, 2013 жылы
бұл көрсеткіш 888233 бірлікті құрап, яғни 224859
бірлікке өскен (Сурет 1).

Сурет
1. ШОК белсенді субъектілер саны
Ең
көп ШОК белсенді субъектілер саны Оңтүстік
Қазақстан облысында – 125682 (жалпы ШОК белсенді субъектілер
санының 14,1%), Алматы облысы – 119462 (13,4%), Алматы қаласы –
95863 (10,8%) және Шығыс Қазақстан облысында – 77951
(8,8%) орналасқан.
Ең аз
ШОК белсенді субъектілер саны Солтүстік Қазақстан облысында –
25775 (2,9%) және Қызылорда облысында – 27269 (3,1%) бар.
ШОК
жұмыспен қамтылғандар саны 2009 жылы 2296600 адамнан 2013
жылы 2576899 адамға дейін, яғни 12,2%-ға өскені
байқалады. Соның ішінде шағын кәсіпкерлікте 2009 жылы
551308 адамнан 2013 жылы 527519 адамға дейін азайса, орта
кәсіпкерлік кәсіпорындарында 2009 жылы 405094 адамнан 2013 жылы
711788 адамға дейін өскен. Дара кәсіпкерлер саны 2009 жылы
874356 адамнан 2013 жылы 990677 адамға өссе, шаруа (фермер)
қожалық саны 2009 жылы 465842 адамнан 2013 жылы 346915 адамға
дейін азайған. Осындай құрылымдық
өзгерістердің болуы әлемдегі орын алған
қаржылық дағдарыстың салдары деп айтуға болады.
2014
жылдың 1 қаңтар айы бойынша ШОК субъектілерінің
өнім шығарылымы 9165412 млн. теңгенің өнімін
құраған. Республикадағы ШОК белсенді субъектілер
санында орта кәсіпкерлік 0,9% құраса, бұлардың
шығаратын өнім көлемі 60%-тен асады. Жекелей
тоқталсақ, шағын кәсіпкерлік субъектілері 1871067 млн.
теңге немесе 20,4%, орта кәсіпкерлік субъектілері 5610130 млн.
теңге (61%), дара кәсіпкерлік 949816 млн. теңге (10,4%),
шаруа (фермер) қожалық 734399 млн. теңгенің (8%)
өнімі шығарылған.
Жалпы Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық
саясатқа бағдар алуына байланысты, күнделiктi
өмiрiмiзде орын алған шағын және орта бизнес
секторының ел экономикасын көтерудегi басты орын алатындығы
анық.
Қазіргі
кездегі әлемдік қаржы дағдарыстарына байланысты несиелік
ресурсқа деген сұраныс артып отыр. Бұл шағын және
орта бизнес субъектілері тарапынан болып отырған қаржылық
сұранысты банктердің қанағаттандыруы мүмкін емес.
Сондықтан, үкімет тарапынан коммерциялық банктерге қаржылық
көмектер көрсетілмесе көптеген шағын және орта
бизнес субъектілері өз қызметтерін тоқтатуы мүмкін.
Сондықтан, несие алу мүмкіндігін
кеңейту және несие беру уақытын ұзарту мен
пайыздық мөлшерін азайту, шағын және орта бизнесті
қолдау, қоргау жөніндегі заңдық базаны жетілдіру,
бұл саладағы білікті кадрлардың жетіспеу мәселелерін
шешу бүгінгі уақыт талабы.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.
Қуантқан Б. Аграрлық саладағы
кәсіпкерліктің қалыптасуының ерекшеліктері //
«Қазақстан Республикасының АӨК жаһандану
шартындағы тұрақты дамуы: тәжірибе және
алғышарттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференция материалдары, - Семей, 2007.
2.
«Қазақстан Республикасындағы шағын және орта
кәсіпкерлік» / Статистикалық жинақ / қазақ
және орыс тілдерінде. 2014. - 94 бет.