Сейділдахан Бағила Диханқызы, Демеубаева Ақмарал Оспановна

 

Ауыл шаруашылық саласының экономикасы аспектілері

 

        Қазақстандағы аграрлық реформа тоқсаныншы жылдардың ортасында басталған болатын, дегенмен мемлекеттің негізгі назары Үкімет агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың салааралық «Агробизнес-2020»  бағдарламасында» бөлді.

       Аграрлық реформа мақсаты - ауыл шаруашылығы тұрақты өсімін қамтамасыз ету, оның экономикалық нәтижелігін жоғарлату, сапалы тамақ өнімдеріне қоғам мұқтаждығын қанағаттандыру және ауылдық жерлердегі әлеуметтік жағдайларды жақсарту. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін шаруалардың әлеуметтік белсенділігін жоғарлату, шаруашылық дербестікті кеңейту негізінде олардың ынтасы мен ұмтылушылығын дамыту, жерді басқа өндіріс құралдарын, өндірілген өнім мен түскен ақшалай қаржыларды өзі билеуіне құқық беру қажет болды.

       Аграрлық реформаның негізгі қағидалары келесідей:

·       Жекеменшік пен шаруашылық формасын таңдау еркіндігі. Әрбір адам өз қызығушылығы мен мүмкіндіктерін көлемді шаруашылық пен жекеменшік формасын таңдай алады.

·       Қайта құруды жүргізудегі еріктілік. Аграрлық реформа жоғарыдан келген қысым арқылы емес, жүргізуші қайта құруға еңбек ұжымының мүдделігі негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

·       Қайта құруды жүргізудегі жүйелік. Колхоздар мен совхоздарды қайта құру шаруашылықтың ұйымдастырушылық – құқықтық формаларын ауыстыруды өзгеше емес, басқару құрылымын, шаруашылық өндірістік – экономикалық қатынастарды өзгертуді де шамалайды.

·       Шаруаны оған жер бөлістіру мен мүліктік пайданы бөлу арқылы шаруашылықтың кез келген түрі кезінде шынайы меншік иесіне айналдыру. Меншік иесінің жер үлесі мен мүлікті пайданы пайдалануды қалыптасқан экономикалық жағдайлар мен біздің еліміздегі ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктерін ескере отырып шаруашылықтың  барынша қолайлы формасын құруға бағытталған болуы тиіс.

·       Аграрлық қайта құрудың ашықтығы агроөнеркәсіптік кешенде жүргізілетін іс – шараларды кең насихаттауды қамтамасыз ету.

       Жерде шаруашылықтың әр алуан формаларын дамыту және оны тиімді пайдалану үшін тепе-тең мүмкіндіктерді құру мақсатында жер қатынастарын реформалау болып табылады. Жер мемлекеттік, ұжымдық және жекек ментіктен табылады. Жер реформасы біріншіден жерге мемлекеттік монополизмді болуы; әрбір жер тейтінде нақты меншік иесі пайда болады, ол жеке немесе заңды тұлға болады, екіншіден ақылы жер пайдалану енгізіледі. Жер нарығы қалыптасады.

       Аграрлық реформаның негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы көпсалалы экономикасына өту болып табылады. Мұнда жеке меншік пен шаруашылықтың әр алуан формаларын тиімді үйлестіруге негізделген экономиканы түсіну қажет.

       Аграрлық реформаның шешуші бағыттарының бірі – инвестициялық құнулық несиелік және салықтық саясат арқылы ауылдық тауар өндірушілермен мемлекеттің өзара қарым-қатынастарын реттестіретін тұрақты экоомикалық механизм құру.

       Көпсалалы экономиканың қалыптастыру үшін ауылдарды меншікті жекешелендіру мен мемлекет тарапынан бейтараптану жер мен басқа да өндіріс құралдарын иеленуші, білім жүргізу мен пайдаланудан өз құқығынан мемлекеттің бас тартуы.

       Мемлекет тарапынан бейтараптану дегеніміз мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттің иелігінен табылмайтын ұжымдық кәсіпорынға қайта құру ұғытылады. Жекешелендіру – бұл мемлекет меншігін жеке тұлғаларға беру.

       Мемлекет тарапынан бейтараптану бұл экоомикадағы мемлекеттің айрықша басым ролін жоюға бағытталған мемлекеттік жеке меншікті ынтығы. Бұл мемлекеттен басқару қызметтерінің көпшілігін алуды сәйкес  өкілеттіктерді кәсіпорын деңгейіне беруді, вертикалды шаруашылық байланыстарды горизанталды байланыспен білдіреді.

       Мемлекет тарапынан бейтараптану әр алуан бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін:

-           Жеке меншікті тағайындау үрдісін мемлекетсіздендіру, әрбір жұмыскер мен ұжымын иеленудің тең құқылы қатысушы ретінде мойындау денонополизациялау;

-           Шаруашылықтың көпүлгілі формаларын құру, кәсіпорынның барлық формаларына заң шеңберіндегі шаруашылық іс-әрекет еркіндігіне тең құқық беру;

-                     Жаңа ұйымдастырушылық құрылым қалыптастыру, горизонталды байланыстар жетекші рол ойнайтын кәсіпкерлік іс-әрекеттің жаңа формаларын құру.

       Осылайша мемлекетсіздендіру монополизмді игеруге, бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Бұл нарықтың экономикаға өтудің орталық проблемасы.

       Жекешелендіру мен мемлекет тарапынан бейтараптану бір-бірімен тығыз байланысты болып табылады.

       Мемлекеттік және муниципалығы кәсіпорынды жекешелендіру Қазақстанда азаматтар мен акционерлік қоғамдық мемлекет пен жергілікті органдардан төмендегілерді жекеменшікке иеленуді білдіреді.

-          Кәсіпорындар мен дербес кәсіпорындарға бөлінетін олардың бөліктері;

-          Кәсіпорынның материалдық жәе материалдық емес активтері;

-          Мемлекет пен биліктің жергілікті органдарының акционерлік қоғамдар капиталындағы үлесі;

-          Басқа кәсіпорындар капиталдағы жекешелендірілген кәсіпорынға тиісті үлесі.

       Жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру меншікті ақысыз беру, кәсіпорынды жеңілдік жағдайларында саты алу, акцияларды сату, кәсіпорынды жалға беру, ұсақ кәсіпорынды аукционнан байқау бойынша және онсыз сату негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

       Кәсіпорынды қайта ұйымдастырудың барынша кеңінен таралған формасы қайта құру және бөлістіру болып табылады.

       Қайта құру еңбек ұжымы жаңа кәсіпорын бөлістіріп немесе бөлістірмені шаруашылықтың ұйымдастырушылықтың құқықтық формасын ерікті түрде өзгертуді қалаған жағдайда, сондай-ақ жарғылар мен басқа да мекемесін құжаттарды әрекет етуші заңнамалармен сай тетікке келтірулерінде пайдаланылады.

       Бөлістіру көптеген жағдайларда жаңа кәсіпорынның барынша ірілері ауылшаруашылығы егістіктерінің 90 % - дан астамын, яғни заңнаманың статусты өзгерту кезінде бұрынғы өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымын сақтайды.

 

 

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі.

1.     2013-2020 жылдарға арналған агро­өнеркәсіп кешенін дамытудың сала­аралық «Агробизнес-2020» бағдарла­масы. А. 2013.

2.     Оспанова Г.С. Экология.А., А. 2002.

3.     Туляева Р.Х. Прогнозирование состояния окружающей среды при  размещении  твердых отходов. Шымкент.,1998.- М.О.Әуезов атындағы ОҚГУ.