АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Нурманалиева Н.А.,Калымбетова С.Д.
М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Аймақ экономикасын стратегиялық басқару тиімділігін қамтамасыз ету - атқтардың
әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік нарықтык реттеу бойынша
сәйкес механизмдерді қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенін
қабылдауды талап ететін шешілуі күрделі проблемалардың бірі болып табылады.
Аймақтық проблемалардың ерекшелігі - оларды шешу ушін әр түрлі -деңгейдегі мемлекеттік билік
органдарының да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың да, сондай-ақ
жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының да қатысуы талап етіледі.
Аймақ экономикасын стратегиялық басқару механизмін бүлай шектеу, әрине, өзін-өзі
ақтайды. Өйткені аймақ экономикасын басқару механизмінің негізінде
барлық аумақтарға өмір сүру мен еңбек етудің тең
жағдайларына жету үшін тең мүмкіндіктер беру және
әрі қарай олардың
әлеуметгік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру жатса, ал
аймақтық менеджмент пен жергілікті өзін- басқару механизмі
тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз мен бүкіл халықтың
тұрмыс жағдайын көтеру үшін аймақтың ішкі әлеуетін және тартылған сыртқы ресурстардыпайдалануға бағытталады.
Нарықтық реформалардың
жүргізілуі мен аймақтар арасындағы сараланудың
күшеюі олардың біразы ғана өзінше экономикалық өсу мен
дамуға қабілетті екендігін көрсетгі, соған орай аймақты басқару
механизмі мемлекетгің, аймактардың, әр түрлі меншік субъектілері мен барлық
халықтың мүдделерін ұштастыра отырып, барлық аймақтардың проблемаларын
шешуге бағытталуы
тиіс.
Сонымен, аймак дамуын басқару
механизмінің әрекет етуінің негізгі міндетіне кіретіндер:
- Қазақстан Республикасынын, экономикалық,
әлеуметтік,
шаруашылық-құкықгык
кеңістігініңт ұтастығын сақтау;
- аймақтардың әлеуметтік-экономикалық
теңсіздігін кысқарту және
біртіндеп жою;
- аймақтардың
әлеуметгік-экономикалық дамуын ғылыми-техникалық прогрестін, қазіргі талаптарына сәйкестендіру;
- барлық аймақтарда табиғатты
ұтымды пайдалану мен
адамдардың
өмір сүру ортасын сақтауды қамтамасыз ету;
- мемлекеттің унитарлық
кұрылымымен анықтапған өкілеттіліктер шегінде аймақтардың дербестігін қамтамасыз
ету.
Түптеп келгенде, аймақты
басқарудың бүкіл механизмі барлық аймақтардың
күшін бірктіре отырып, елдің тұрақты экономикалық дамуы негізінде
республика халқының әл-ауқатын көтеруге
бағытталғаны жөн. Демек, бұл механизм тұратын аумағына байланыссыз өмір
сүрудің белгілі бір сапасына кепілдік беретін теңдестірілген
аймақтық дамуды қамтамасыз етуі тиіс, ягни, халық табысындағы,
жұмыссыздық деңгейіндегі, әлеуметтік инфрақұрьілымдағы,
көлік желісіндегі, қоршаған ортаның
жағдайындағы және т.б. аймақаралық
айырмашылықтарды теңестіруді
көздеуі қажет.
Бір
жағынан, бюджеттік қарым-қатынастарды әрбір аймақ бойынша сараланған
салықтың негізгі түрлері бойынша аударымдардың орта мерзімді
тұрақты норма-тивтер
қағидасына көшіруге, екінші жағынан, бюджеттік
жоспарлаудын, мерзімін ұзарта отырып, жетілдіруге бағытталған
орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктерін шектеу
саясатын жалғастыру;
Аймақтың жалпы республикалық еңбек белінісіндегі
орнын ескеру,
орталықттандырылған қаржы-қаражатты жергілікті халыктың
жұмысбастылығын және аймактық өнімнің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру мақсатында аймақ шаруашылықтарын
қайта құруға бағыттау сияқгы негізгі
қағидаларға сүйене отырьш, аймақтарға
экономикалық көмек көрсету;
Әлеуметгік
бағдарламалардың белгілі бір бөлігін орталық атқарушы органдардан
жергілікті басқару органдарына беруде
қаржыландырудын, бұрынғы көлемін сақтау;
Қазақстан Республикасында аймақгық дамуды
басқарудық қаржылық әдістері көбірек
қолданысқа түседі, атап айтқанда, бюджетке
демеуқаржы (дотациялар), жаңа жұмыс орындарын
кұруға субсидиялар, жеке компаниялардың дамыған немесе
дағдарысты аймактарға инвестиция салуын ынталандыру үшін
салықтық жеңілдіктер беру. Сонымен бірге қаржылық әдістерді
қолдану жеткілікті негіздеусіз жүргізілш, бірқатар аймақтар
тарапынан «масылдық пиғылдың» тууына жэне олардың
дамуын тежеуге алып келеді, сондай-ақ, донор-аймакгардан алынатын
қаржьь ның шамадан артуы, олардың өсуге деген ынтасын
төмендетеді және тиімсіз жағдайға қояды, халықтың
өмір сүру денгейін арттыру мүмкіндікгерін қысқартады.
Аймақтық стратегиялық дамуды
орталықтан басқарудын басқа нысандары, атап айтсақ, нарықтық
инфрақұрылымның түрлі элементтерін ұсыну; ақпараттық
желілердің, консалтингілік қызметгің дамуына, белгілі бір
аймақтың аумағында бизнесті жүргізу:
- мемлекет пен оның жекелеген
аймақтарының мүдделерін үйлестіру арқылы
біртүтас ұлттық экономиканың қызмет
етуін қамтамасыз етуге бейімді әрекетті әлеуметтік- экономикалық механизмді
құру;
- меншіктің тұрлі нысандарын тең
негізде дамыта отырып, көпукладты экономиканы, әлеуметгік және
нарықтық инфрақұрылымды
қалыптастыру.
Осыған орай аймақтар дамуын басқару
жүйесі қалыптастыру «жинағынан», ресурстар «жинағынан», жүзеге асыру
«жинағынан» және бақылау
«жинағынан» кұралуы қажет. Оны аймақтық
басқарудың сызба үлгісі арқылы бейнелеп көрсетейік.
Мұңдай элементтер қатарына,
ең алдымен, Қазақстан Республикасының Конституциясы,
билік деңгейлері мен тармақтары арасында өкілеттіліктерді
бөлуді анықтайтын Заңдар, азаматтардың әлеуметтік
кұқықтары мен соған сәйкес нормативтер
(мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері), бюджеттік үрдіс пен
салық жүйесі, меншік қатынастары мен олардың аймақ деңгейлері бойынша
бөлінуі және т.б. жатады. Осыларға байланысты бұл «жинақтың» маңызды
элементі мемлекет пен оның жекелеген аймақтарының мүдделерін
үйлестіру болып табылады.
Ресурстармен қамтамасыз етудің басқа да бірнеше
шарттары бар болғандығына қарамастан аймақтық дамуды
мемлекеттікреттеудің
маңызды шарты болып табылады.
Мемлекетгің аймақтық саясаты
аймакаралық ерекшеліктерді жоюды, экономикалық қызметгі
тең жағдайлармен қамтамасыз етуді, аймақтағы экономикалық
өсуді ынталандыруды қамтиды. Нарықтык механизмдер аймақтық саясат
тиімділігін, халықтың өмір сүру деңгейлеріндегі
аймақтық ерекшеліктерді көбіне
ескере бермейді. Осы кезге дейін қолданылған каржылық реттеу механизмдері мен әдістемелері
аймақтық сараланудың азаюына жол бермей қойған жоқ, керісінше оның
күшеюіне әсер етті.
Ағымдағы жедел мәселелерді шешуде трансфертгер бөлуді қолдану өз кезегінде,
экономикалык өсудің стратегиялык жоспарларын жүзеге асыру мен жергілікті
бюджеттердін тапшылығын төмендетуге маңызды әсер
етпеді. Соның өзінде стратегиялық мәселелерді дотация жэне
мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру механизмдері арқылы шешуге талпыныс жасалынды.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Г.С.
Смағұлова. Аймақтық экономиканы басқару
мәселелері. Алматы : «Қазақ университеті», 2008- 110 б.
2. Е.С.
Мұхтар. Жергілікті басқару және өзін-өзі
басқару. // ҚазҰУ Хабаршысы,
экономика сериясы. №3 – 18-22 б.б
3. Н. К.
Мамыров., Ж. Ихданов. Государственное
регулирование экономики в условиях Казахстана. – Алматы: «Мектеп», 2001- C 206.
Қ.Р.
Нұрғалиев. Қазақстан экономикасы. -Алматы:
«Қазақ университеті»,
4. министрлігінің
2009-2011 жылға арналған стратегиялық жоспары [Teкст] //
Егемен Қазақстан. – 2009. - №81 – 83 б. – 7 – 12 б.