Тасболатова Акжаркын Абаевна

экономика магистрі

 

Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тартудың жолдары мен бағыттары

 

Елiмiз Тәуелсiздiк алған алғашқы 4-5 жылда шетелдік инвесторлар Қазақстанға келiп, жұмыс iстeyi жүректерi дауаламады. Оның себебi де түcініктi, өйткенi Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн жүргiзiлген жекешелендiру реформалары өте күрделi кезеңге дөп келдi. Саудада да дүкен сөрелерi бос қалып, инфляция қаулай бастады. Yкімет мемлекет иелiгiндегi кәсiпорындарды жеке басқаруға бере бастаған шақты ipi кәсiпорындардың көбi одан ары қарай жылжуға дәрменi жетпей тоқтап қалды, өте аз. Бұны жандандыруға ipi шаңырақ көтерген жас мемлекеттiң экономикалық қуаты жетпедi. Осыны көрiп, бiлiп отырған шетелдiк инвесторлар Қазақстанға қаржы салып, жұмыс iстeyre батылдық ете алмады.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Әлемдiк тәжiрибелерге сүйене отырып, меншiктiң ұланғайыр реформасын қысқа мерзiмде жүзеге асыруға мүмкiндiк бердi. Сол орындағы күрделi жағдай түзетiлгенге дейiнгi барлық уақытта Президент бұл салаға жете назар аударып отырды. Қазақстанға келiп жұмыс iстеудi ниет еткен инвесторларға мемлекеттiк қолдау мақсатында 1994 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесiне «Шетелдiк инвестициялар туралы» заңын, алғаш 1997 жылы 28 ақпанда «Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы» заңын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қабылдатады.

Қазақстан Республикасының Президенті тұжырымдауынша халқының жан басына шаққандағы тікелей шетел инвестицияларын тарту деңгейі бойынша Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің, сондай-ақ  ТМД -ның алғашқы бестігіне сенімді түрде кіреді.

Шетел инвестицияларын тартудың басқа нысандары шетел компанияларына республика кәсіпорындарының акцияларын сату; шетел мемлекеттері жеке компаниялар беретін инвестициялык қарыздар мен несиелер бола алады.

Ең бірінші кезекте, шетел инвестицияларының иегізгі бағыттары капитал сыйымдылығы жоғары салалар мен өзгерістер, ең бастысы мемлекеттік сектор арқылы экспортқа бейімделген ірі кәсіпорындар болып табылады. Республика экономикасына шетелдік капитал салымдарының негізгі бағыттарының бірі шағын мен орта кәсіпкерлік сферасы болып табылады. Мұнда салалар инвестициялар басымдылықты объектілерге өндірістер мен аймақтарға бағытталынуы тиіс. Бұл басымдықтар республикада ресми түрде белгіленген.

Шетелдік тікелей инвестицияның Қазақстан экономикасына салыну
көлемі бойынша алдыңғы топқа Жапония -25,4%, АҚШ -21,5%, Ұлыбритания -17% кіреді. Саяси, әлеуметтік және экономикалық факторлардың инвестициялық салымының тиімділігіне әсерін бағалау үшін әр түрлі әдістср қолданылады: Анкета жүргізу жолымен алыңған деректерді талдау; Балдық сараптау негізіндегі есептік жүйе. Бүлардың ішінде барлық бағалау әдісі ксң тараған. Елдің инвестициялық тартымдық дәрежесі тәуелсіз халықаралық несиелік -рейтингтік агенттік беретін несиелер -рейтинг түрінде белгіленеді. ТМД және Балтық жағалауы елдері ішінде халықаралық несиелік рейтинг берілген Ресейден кейінгі екінші ел Қазақстан болып отыр. Шындығында рейтингтік  көрсеткіштер Қазақстан қарызының қайтымдылығын
куәландырады және үлттық нарыққа шетел инвестициясының келуіне жағдай туғызады. Мысалы, 2002-2010 жылдары Қазақстанға тартылған тікелей шетел инвестициясының үлесі Орта Азияға салынған тікелей инвестицияның жалпы көлемінің 80,4 пайызын және бұрынғы социалистік лагерь елдерінің 7,1 пайызын қүрады.

 Тікелей     инвестицияның    көлемі    жөнінен   қатысу салыстырмалы инвестициясының  мынадай кұрылымдарын қарастырайық:

1)     Жеке   елдер мен   аймақтардьщ тікелей   шетел жалпы    сомасында    абсолютті    және мөлшері;

2)     Жыл сайынғы өзгерісінің серпіні;

3)     Өзгеру себептері және үрдістері.

Әлемнің және әрбір елдер тобының орны екі көрсеткішпен сипатталады: Импортшы және экспортшы ретінде. Тікелей инвестицияның халықаралық қозғалысының көлемі жөнінде келесі мәліметтер сипаттайды.

Инвестициялардың негізгі бөлігі және оны іске асырушы Трансрыттық корпорация «үштікте» ( АҚШ, Еуропа және Жапония) шоғырланған. 10 ірі қабылдаушы елдер үлесіне 2/3 инвестиция ағыны, 100 кіші елдерге - 1% тиеді. Дамыған елдер тобы ішінде инвестицияның жедел өсуін фирмааралық бірігу үдерісімен және әріптестер акциясын сатып алумен байланыстыруға болады.

Шетелдік тікелей инвестицияның өсу себептері және күтілетін үрдістері     туралы мыналарды айтуға болады. Халықаралық капитал жылжуының негізгі қатысушылары жеңілдікті инвестициялы режимммен ерекшеленетін елдерге емес, нарықтық үрдістері белсенді дамыған елдерге жатады. Бұл себептерге келесілер жатады. Бәсекенің қысымы, жаңа технологиялар, жекешелендіру,  үкіметтің қолдауы. Сонымен қатар инвестициялардың келуіне белсенді әсер ететін аймақтық елдер тобын айтуға болады: Еуропалық Одақ, НАФТА, АСЕАН, АТЭС. Себебі олар бизнестің ғаламдануына, барлық деңгейде салыстырмалы инвестициялық режим әзірлеу және қолдануға жағдай   жасайды.

Аса ірі инвесторлардың жоспарларын талдағанда мынадый мәселелерді талдаймыз. Барлығы да шетелдік белсенді операцияларды жоспарлайды. Бірақ, оның кейбір «геофизикалық» ерекшеліктері бар: американдық фирмалар батыс еуропа нарығына инвестициясын бағыттайды. Еуропалық Трансұлттық корпорациялар өздерінің негізгі жұмсалымдарын американ нарығына салуға мүдделі.

Жапон Трансұлттық корпорациялары басылымдылықты Азия елдеріне береді. Дамушы елдердің жаңа жұмсалымдары дамушы елдерге бағытталады. Шетел инвестициясын алып келу және оны пайдалану Республика экономикасының өндірістік қуатын көтеруге ықпал етеді. Бірақ жалпы қағида бойынша көптеген елдер мұны үлкен мөлшерде алынған сыртқы қарызды өтеуге бағыттайды.

Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция салудан сөзсіз донор елге жататындар: Жапония (28,7%), Оңтүстік Корея (27,5%), Ұлыбритания (15,7%), АҚШ (11,1%), Германия, Түркия және Италия (3,0% ). 80-жылдардың басында тікелей инвестициялардың жалпы көлемінің 25,8-ы дамушы елдерге, 18,2%-ы АҚШ-қа, 99% - Ұлыбританияға, 9,5% - әлемнің басқа да елдеріне салынды.

Негізгі қорларға қаржы жұмасу босалқы қорларға, резервтерге, сондай -ақ пайда, дивидент және басқа да табыс табу мақсатымен кұнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлу инвестиция бөліп саналады.

Өндірістегі жалпы инвестиция өнім инвестициясы болып табылады. Ол -негізгі капиталдың артуын қолдауға бағытталады. Екіншісі таза инвестиция бұл капиталдың қаржы жұмсау негізін арттыруды қарастырады. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егер де кэсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін өнімнің сапасын арттыратын, шығындарды азайтып, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасы мен нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі - инвестициялық қызметтерді үлғайту, ең алдымен еліміздің резервтерін жұмылдыру және көбірек пайдалану болып табылады.

Инвестицияның материалдық-заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық-заттык инвестиция - ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар. Ал инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол - ақшалай капиталдың материалдық-заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа жарамдылығы. Бұл екеуінің бірікенін талдау кәсіпорынның стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.

Елдегi инвестициялық процесстi талдап, келесi негiзгi даму тенденциясын
көрсетеді:

1.        инвестициялық климатты үнемі жетiлдiруде;

2.        инвестициялық iс-әрекеттің заңды қамтамасыз етiлуiнiң жетiлдiрiлуi;

3.        мемлекеттiң және ұлттық инвесторлардың белсендiлiгi;

4.        институттардың ролiнiң ұлғаюы дамуға әcep eтyi керек; (Қазақстан Даму Банкi, инвестициялық қор, инновациялық қор және т.б.).

Қазақстанның даму тенденциясы тек бұлармен шекетелiп қалмайды. Бүгінде еліміз эканомикасында тұрақты даму орын алды. Қазақстан Республикасының ашық рыноктық эканомикасы жүзеге асуға бағытталған саяси және эканомикалық бір жүйелілікпен бет алуда.

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.       Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

2.     «Инвестиционное процессы в развитии экономики» Университет Улагат.

3.       Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2008-2015 жылдарға арналған стратегиясы, 2009г.

4.       С.Сагандыкова «Инвестиции и сотрудничество». Казахстан: экономика и жизнь, №1, 2009г.

5.       Постановление Правительства РК от 31.12.1998г. №1389 «Правила по разработке и реализации Программы государственных инвестиций»