Банк
қызметін стратегиялық жоспарлау және рейтингтік бағалау
жүйесін енгізу
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің оқытушысы, э.ғ.к. Бекешева Д.А.
Банктің
табысты түрдегі дамуы үшін маңызды фактор ретінде
банктің әрбір құрылымдық бөлімшесінің
күш-жігерін бағыттау, әртүрлі жергілікті
маңыздағы мақсаттарды бір стратегиялық
мақсатқа біріктіру қажеттілігі табылады. Мақсаттар
менеджер табысқа жету үшін маңызды деп тапқан
әрбір негізгі нәтиже үшін қажет.
Банктің ұзақ мерзімді, сонымен
қатар қысқа мерзімді мақсаттар қажет.
Ұзақ мерзімді мақсаттар келесіге арналады: олардың
болуы қаржы менеджерін ұзақ мерзімді келешектің
есебімен шешімдер қабылдауға ынталандырады. Қысқа
мерзімді мақсаттар өз кезегінде жақын арада белгілі
тізбектілікпен қандай нәтижелерге қол жеткізу керектігін,
сонымен қатар осыған қажетті іс-әрекеттер
деңгейін көрсетеді. Банктің мақсаттары өлшемдес
болуы тиіс. Әрбір басты нәтижеге арнап мақсат қоятын
және қойып жүрген, ал артынша мақсаттарға қол
жеткізу бойынша белсенді түрде
іс-әрекет ететін банктің әдетте табысты болып табылады.
Күтумен болатын банктің қауіп-қатерлерге
ұшырағыш келеді. Стратегиялық ойды қалыптастыру
үшін басқарудың барлық деңгейлерінде
мақсаттардың тізбегін кешенді түрде белгілеген маңызды
[1. 56 б.]. Бұл барлық менеджерлер үшін тек
міндеттердің айқындылығын ғана емес, сонымен қатар оларға
іс-жүзінде қол жеткізудің
мүмкіндігін суреттейді, бұған орта және кіші
деңгейдегі менеджерлерді қатыстырумен қол жеткізуге болады.
Кейбір өзекті мәселелерді шешу ісі бүкіл банктің
келешегін болжауға мүмкіндік береді, мысалы өзге банктің
бірігу, банк активтерін өз бетінше басқару, салымшыларды тарту
жөніндегі стратегияны өзгерту құқын
қайта өзгерту және соған ие болу және т.б.
Стратегиялық мақсат стратегиялық
менеджменттің негізіне жатқызылады, ол төмендегілерден
құралуы тиіс:
-
негізгі
мақсатты белгілеу және жинақтаушы банктің оған
қол жеткізуіне арналған міндеттерді белгілеу;
-
қоршаған
ортаның талдауын жүргізу;
-
ішкі ортаның
талдауын жүргізу;
-
ұйымдық
құрылымын, қызметтерінің үлестірілуін белгілеу;
-
қоршаған
ортамен өзара әрекеттесу деңгейін таңдап алу;
-
бақылау
жүйесін құру;
-
өзін өзі
ұстаудың егжей-тегжейлі нормаларын, банктің саясатын
(инвестициялық, технологиялық, маркетингтік, аймақтық
және т.б.) белгілеу;
-
бюджеттеу (негізгі
параметрлерді жоспарлау) жүйесін орнату;
-
нәтижелер мен
банктің таңдап алған өзін өзі ұстау
стратегиясының кері байланысын
қамтамасыз ету;
-
банктің
басқару стратегиясын, құрылымын жетілдіру.
Банктің қазіргі кезде орын алған
қаржылық жағдайында өздерінің
қаржылық дамуын жетілдіру мақсатында қаржылық
реттеу құралдарын, әдістерін нақтылы қайта
қарастыру қажеттілігі туындады, бұл әдістерді
іс-жүзінде орын алған жағдайға бейімдеу қажет.
Соңғы жылдарда шетелдік қаржы менеджментінің
құралдарын, атап айтқанда, банктің қызметін
бюджеттеудің жеткілікті түрдегі күрделі технологиясын
ендірудің талпынысы қарастырылуда. Кейбір зерттеушілердің
айтуынша жоспарлық және есептік деректерді нақтылауға
қатысты бюджеттеу жүйесіне қойылатын талаптардың
аздаған өзгерістері не болмаса ұйымдық өзгерістер
ендіру жұмысын қайтадан бастаудың қажеттігіне
әкеледі. Жоспар келешекке арнап құрастырылатынына
қарамастан, олардың орындалуының қатал түрдегі
бақылауын, ауытқуларды талдау ісін жүзеге асыру шартымен
оларға әрдайым түзетулер енгізіліп отыруы тиіс. Әдетте
банктің табысы, баптары бойынша бөлінген шығындар,
салықтар, дивиденділер сияқты негізгі параметрлерді ғана
жоспарлайды. Алайда келесі параметрлерді жоспарлау қажет:
кредиторлық, дебиторлық қарыз сомалары, меншікті
капиталдың мөлшері, алдағы кезеңге арнап балансты
құрастыру, сондай-ақ банк активтерінің түсуін,
күтілетін төлемдердің, аударымдардың, таза банк
активтерінің өлшемін, салымшылардың санын және т.б.
болжау. Неғұрлым көбірек параметрлер пайдаланылған болса,
болжам да соғұрлым
дәлірек болады. Бюджетті қалыптастыру ісі қаржы
менеджерінің жұмысының
құралы болып табылады, ол қабылданатын
шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бюджеттеуді
банктің мақсаттарына қол жеткізуге бағыттау
жұмысты мақсаттардың барынша нақты және
іс-жүзінде қол жетерліктей болатынындай етіп өзгертуге
мүмкіндік береді. Осылайша, бюджеттеу стратегиялық және жедел
басқаруды өзара байланыстырушы буын болып табылады,
қауіп-қатерлердің төмендеуіне әсерін тигізеді
және қаржы менеджментінің дамуын нығайтады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1 М.А.
Бездудный. Управление рисками и совершенствование банковского надзора. //
Финансовая политика. 2004.
2
Ә.Д.Шелекбай, Н.А.Әлмереков. «Банк ісіндегі
тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практика,
Қазақстан тәжірибесі» // Оқу құралы.
Алматы: «Экономика», 2007