Экономика/Маркетинг и менеджмент

Оспанбек Т.К.,

аға оқытушы

Жарылқасынова Р.

3 курс студенті

ҚазМемҚызПУ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

 

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің алдындағы ғаламдық қатерлерді нақтылап, дамудың негізгі бағыттары мен басымдықтарын айқындап берді.

Үкіметке, бизнес пен қоғамға елімізді жалпыға бірдей тұрақты даму жолына түсіру мақсатындағы тапсырмаларды орындау жүктелді. «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы көшбасшылыққа жетелейтін қазақстандық жол – үдемелі индустрияландыру мен инфрақұрылымды дамыту арқылы тұрақты экономикалық жетістікке жету нәтижесінде орындалмақ .

Қазақстан  Республикасы экономикасының инновациялық дамуы еліміздің дамуы үшін үлкен маңызға ие. Мемлекет басшысы да бұл бағытқа ерекше мән беріп отыр. Соңғы уақытта өткен бірқатар ірі іс-шаралардағы Елбасының сөйлеген сөздері инновациялық даму мәселесіне арналды. Президенттің осынау қолдауы бізге бүкіл инновациялық жүйені қайта құрылымдауға мүмкіндік беріп отыр. Алғашқы жетістіктер де жоқ емес.

Қазақстанның дамуының басты бағыттары ең жақсы өмір сүру стандартын ұстанатын адамдардың өзіндік таланттары мен қабілеттерін жүзеге асыра алуға мүмкіндік беретін қоғам құру. Яғни инновациялық типті экономика құру. Ең алдымен инновация деген терминге тоқталып кететін болсақ, бұл жаңа немесе жетілдірілген, технологиялар түрінде іске асырылған, практикалық қызметте сапалық артықшылқтарға ие әрі экономикалық және қоғамдық пайдасы бар ғылыми техникалық нәтиже. Қазақстанда инновацияны қалай дамытамыз? Ол үшін жаңа технологияларды ойлап тауып, еңгізу қажет. Кейіннен венчурлық капитал түріндегі қаржылық қорлар кластерін тұрғызу керек. Сонымен қатар, технопарктер мен бизнес инкубаторлар түріндегі инновациялық қызмет субъектілерін құру және инновациялық кәсіпкерлікті дамыту қажет.

Қазіргі таңда Қазақстанда технопарктерді құрып, ары қарай дамыту бәсекеге қабілетті өңдеуші секторды жасақтайды, ғылым мен өндіріс байланысын қатайтып, заманауи технологияларды енгізеді, өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін өсіріп, жоғарғы технологиялы және бәсекеге қабілетті өнім өндіру мәселелерін шешеді. Кез келген экономиканы дамытуға ірі инвестициялар тартылатыны мәлім. Негізінен инновацияны дамытудың басты қайнар көзі  инвестиция тарту болып табылады. Басқаша елестеу де мүмкін емес. Ал қажетті инвестицияларды тарту үшін мемлкет ғылыми техникалық, өндірістік  және қаржылық іс шараларды біріктіре алатын басқару жүйесін сәйкестендіру керек. Қазақстанда инновациялық жағдайды дамыту  мақсатында  бірнеше экономикалық аймақтарға бөлінген. Әр бір аймақ белгілі бір салаға маманданып өнім шығарады. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстары жоғары инвестиция деңгейімен, өңдеуші және ауылшарушылық секторларының нашар дамуымен сипатталады. Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл обылыстары, аграрлы индустриялды елдерге жатады. Бұл облыстарда бүкіл Қазақстан халықының 27,4% тұрады. Алматы облысы және Солтүстік Қазақстан  мен Ақмола облыстары негізінен ауылшарушылығымее айналысады. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары өндірістік облыстарды сипаттайды. Бұл облыстар қара және түсті метталлургия  ресуртарына бай. Қазақстанды бүгінгі таңда инновацияны дамытуға бөлінген қаржылар жаңа инновациялық жобаларды жүзеге асыру жұмсалмақшы. Осындай жобалардың біріне келесек, Орал қаласында орналақан электронды автоматты жүйелерге  байланыс құрылғыларын, аспаптпрға дәлдік механизмді тетіктерді жасауға маманданған Омега  прибор зауытының төртінші цехында жаңа инновациялық ИНФ аспабын, яғни инфрадыбыспен емдеу құрылғысын ойлап шығаратын зауыт ашылмақшы. Бүгінде медициналық қондырғылардың барлығы елімізге шетел ден әкелінеді. Бұл жоба жүзеге асса, өнімді әлемді нарыққа шығаруға жол ашық. Сонымен қатар 2011  жылдың қаңтар айында жұмыс істей бастаған 3G желісі де Қазақстанның инновациялық сферасының жетістігі болып талыады. Еліміздің  агроөнеркәсіптік кешенінде де айтарлықтай өзгерістер енгізетін жаңа инновациялық жоба ойлап табылуда. Бұл бидай өсіруге қатысты. Жалпы қазіргі уақытта Қазақстанда  дүние жүзінде экспортталатын бидайдың бар болғаны 2,7% ын шығарады. Негізінен БҰҰ-ның ауылшарушылық ұйымның деректеріне қарасақ 70-80% бидай Қазақстанның ірі бидай шаруашылықтарында өсіріледі, олардың кейбіреулеріне 400 000га жері бар екен. Бір сөзбен айтқанда, бидай шарушалығына жаңа  технологиялар енгізу Қазақстанда басқа елдермен  салыстырғанда, оңай нәтиже береді. Міне жоғары айтқандай, Қазақстанда  инновацияны дамытуға  көптеген шаралар жүргізіліп жатқанмен, әлі де болса мұнда көптеген отандық кәсіпкерліктерде ғылымның әлеуеті төмен деңгейде қалып отыр. Себебі инновациялық қызметті дамыту үшін оған жан жақтан қолдау көрсетіліп, ары қарай дамуына жағдай жасалуы керек. Ал Қазақстан үшін инновациялық бағыт басты нәрсе инновацияның өзі емес, оны нақтылы экономикалық және бизнес кездерінде оны қалай қабылдап алатыны және енгізу маңызды.

Алдағы келе жатқан ЭКСПО-2017 инновациялық дамуға тың серпін берері сөзсіз. Елімізге жаңа заманға сай инновациялық технологиялар  алып келінбек. Бірақ бұл жаңа техникаларды өзге елден тасымай, өз елімізде жүзеге асыруды қолға алу керек. Білімді, дарынды жастардың қоғам өміріне пайдалы инновациялық  технологияларын жарыққа шығаруға қолдау көрсету керек. Міне, сонда ғана елімізде инновациялық жаңғыру болмақ.

Қазақ­стан­ның негізгі артықшылықтары – дамыған іргелі ғылым, білім берудің, әсіресе, матема­ти­калық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімнің жоғары деңгейі. Мамандардың кең ой-өрісі, ғылыми және технологиялық мәселелерді шешудегі тәсілдердің тривиалсыздығы іргелі тиімділікке негізделген қағидатты түрдегі жаңа, озық технологияларды жа­сау үшін қолданылуы мүмкін. Осы артықшылықтар біздің еліміздің инно­вациялық экономикаға көшуінің алғы­шарттары болып табылады.

Қорытындылай келе, әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуды инновациялық даму арқылы жүзеге асыру ел игілігі үшін аса маңызды мәселе. Ел экономикасының қай саласы болмасын инновациялық жаңғырту, яғни заман талабына сай жаңа технологияларды ойлап тауып, игеру, жарыққа шығару аса қажет екені мәлім болды. Қазақстанда жаңа инновациялық жобалардың жүзеге асып, экономикасының дамуына бәріміз үлесімді қосайық.

        Әдебиеттер тізімі:

1.   "Егемен Қазақстан" газеті, 01.08.2013.

2.   "Алаш айнасы" газеті, 9 қыркүйек 2009 жыл.

3.   G-global сайтынан.

4.   Нұрымов А.А., Керімбек Ғ.Е  Инновациялық жаңғыру-ел экономикасы дамуының басты кілті