Гульназ Нурекешова
Ағылшын
тіліне оқытуда қатемен жұмыс жасау технологиясы
Бастауыш мектепте
қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге оқу, жазу, санау,
шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамытатындай оқу
әрекетін ұйымдастыру, жеке тұлға болып
қалыптасуына мүмкіндігін ашу, білім-білігін қалыптастыру
көзделген. Қазіргі таңда мұғалім
оқушыға алдын-ала бәрін өзі дайындап бермей оқушы
өзі ізденіп табатындай мүмкіндіктер туғызу керек. Ал
мұғалім оқушының оқуын, ақыл-ой дамуын
ұйымдастыруы, оған басшылық жасауы қажет. Әрбір
мұғалімнен оқу үрдісін қайта қарауды
бұрыннан қалыптасқан әдістер мен технологияларды
жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлерімен
ұтымды қажет етеді. Жаңа тәсіл – балаға жазба тіл
дағдысына үйрету болып табылады. Бұл әрекеттің
мәні мен жаңалығы: бала психологиясының мектепке
дейінгі табиғи даму динамикасын үздіксіз бірізді жалғастырып
алып кету арқылы алдағы уақытта баланың жазба тілін
дамытып, шығармашылығын арттыруда интеграция арқылы негіз
салу және әрі қарай дамыту. Тілі дамымаған
баланың басқа да психикалық қызметтері дамымайды.
Әсіресе, жазба тілді дамыту маңызды, әрі күрделі
мәселе. Жазба сөз ауыз сөзге қарағанда
өзгеше психологиялық негізі бар, айырықша тіл функциясы. Ол
өте қиын саналы, әдейі бір мақсатпен жұмсалатын
тіл формасы.
Сауат ашу - аса жауапты да күрделі жұмыс.
Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен
таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге
каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Бала
сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді дұрыс
түсініп, күнделікті өмірде қолдана алатын
дәрежеге жетуі тиіс. Әдетте, мұғалім жалпы жазу
жұмысын, оның ішінде сауатты жазуды бастаудан бұрын сыныппен
біршама дайындық жұмысын жүргізуі тиіс. Ондай даярлық
жұмыстары жаза білу икемділіктерін меңгеруге керекті
дәстүрлі ережелерді қамтиды. Жазуды жазылуы оңай
әріптермен бастап, жазылуы қиын әріптерді жазуға
біртіндеп көшкен дұрыс. Оқушының әрбір жазба
жұмысын бағалауда, оның сауаттылығын арттыру керек.
Сауат ашу арқылы баланың танымдық белсенділігі,
қоршаған ортамен қарым-қатынасы дамып интеллекті
баийды. Сондықтан жұмысты дұрыс, сауатты атқаруға
бірден үйрету керек. Мұндай жағдайдағы сауаттылық
– ол бәрінен бұрын міндеттерді шешеудің шығармашылық
жұмысқа үйрету барысында оқытудың жалпы
мақсаты мен міндеттерін жоспарлап есепке алу керек.
Сауаттылыққа үйретуде қатемен жұмыс жасау
технологиясының төмендегідей ережелеріне сүйенгені
дұрыс:
1. Оқушы, әсіресе, бастауыш сынып
оқушысы нақтылы бір зат жасай алмайды. Демек,
шығармашылық тапсырманы оқу барысында игерген біліміне
сәйкес және оны сол тапсырманы орындауға мүмкіндігінше
толық қолдана алатындай етіп беру керек.
2. Тапсырылған шығармашылық
жұмыстар сауатты түрде орындалатын болуы шарт. Ережені білу
топтастыру оны практикада іскерлікпен пайдалана алу шеберлікке әкеп
тірейді. Нақтылы бір істі атқаруда шығармашылық
қиялды үстірт пайдалануға жол беруге болмайды.
3. Бастауыш сынып
оқушылары көп жағдайда шығармашылық жұмысты
сауатты атқара алады. Сондықтан мұғалім тапсырманы
біртіндеп күрделендіре отырып, негізгі үлгіге байланып қалмай
мөлшерлете орындатып отыруы шарт.
Ағылшын тілі сабағында алған
білімдерін жазбаша сауатты көрсете білуде жазба жұмысының
алатын орны ерекше. Ол сабақ құрылымының 3 түрлі
мақсатына сәйкес грамматикалық сауаттылығын тексеріп
қана қоймай, есте сақтауын, көркем жазуын,
ұқыптылығы мен өз-өзіне деген сенімін
нығайтады. Ағылшын тілі сабағында бақылау диктантында
қатемен жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Диктанттың негізгі мақсаты - оқушылардың
теориялық білімін сынау, бағалау, оларды сауатты жазуға
үйрету болса, қатемен жұмыс жүргізудің
мақсаты - жіберілген қатемен сауатты жұмыс жасау болып
табылады. Диктантты дұрыс, сауатты жазу үшін грамматиканы
үйреніп, талдай білу жеткіліксіз, сонымен қатар көркем
әдебиетті көп оқу керек. Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жалпы
орта білім департаментінің нұсқауы бойынша диктант нормаларын
пән мұғалімі білуі тиіс. Диктант келесі сабаққа
тексеріліп әкелінуі керек. Жазба жұмысының соңында
орфографиялық, пунктуациялық қате саны көрсетіліп,
келесі жолдың оң жағына диктант бағасы қойылады.
Ағылшын тілі пәнінен алынған жазба
жұмыстардағы жіберілген қате бойынша саралау кестесі
әрбір жазба жұмысынан кейін сараптамалық талдау негізінде
жасалып, оқушымен деңгейлік тапсырмалар негізінде тікелей
жұмыс жасауға ықпал етеді. Сондай-ақ жазба
жұмыстарын бір-бірімен салыстыруға да мүмкіндік береді.
Қатемен жұмыс жүргізу жолдары:
- тексерілген жұмыспен оқушы танысып,
қызыл сиямен көрсетілген сөзді жол басына ең
әуелі қате түрін, содан кейін сызықша қою
арқылы жол аяғына дейін қатесіз жазу керек;
- қате жазылған немесе оқушыға
таныс емес сөздерге ағылшын тілінің түсіндірме
сөздігін пайдалана отырып, мағлұмат беру;
- жіберілген қате туралы өтілген
тақырып бойынша ережені еске түсіру, мысалдар келтірту;
- қате жазылған сөзге фонетикалық,
лексикалық, морфологиялық талдау жасату;
- оқушылардың тасымал, тыныс белгі туралы
білімдерін нақтылау, бағдар беру;
- диктант мәтініндегі тірек сөздерді
тапқызып, сөйлем құрату.
- сабақты шығармашылықпен
ұштастыра отырып, қате жіберілген сөздерге назар аударту
және нәтижелі болу үшін жатқа айтқызуға
болады.
Күнделікті сабақта оқушының жазу
сауаттылығына үнемі мән берілсе, онда іс нәтижелі
болады. Сауатты әрі каллиграфиялық дұрыс жазуда
көрнекіліктің алатын орны ерекше. Сондықтан әрбір
сабақтың тақырыбына сай әріп, сөз, сөйлем
жазылған таблица, суретті карточка, сюжетті суреттер, дидактикалық
материалдарды пайдалануға көңіл бөлінеді. Кейбір
оқушылар әріптің негізгі формасын сақтамай және
оларды бір-біріне өте жақын немесе өте алшақ жазуынан
қате жібереді. Сөйлем аяқтағанда тыныс белгілерін
қоймай, келесі сөйлемді бас әріптен бастамай, жалқы
есімдерді кіші әріппен жазып қояды. Қатенің бір
түрі сөз мағынасына дұрыс түсінбей жазудан
болады. Мысалы: «small» сөзін «smal» ,«little» сөзін «littl», «love»
сөзін «lov» деп жазуы мүмкін сөздерді жазғанда
әріпті тастап кету, бірдей екі әріптің біреуін қалдырып
кету жиі кездеседі. Басқа тілден енген термин сөздерді жазудан жиі
қателеседі. Сауатты жазу үшін төмендегідей жұмыс
түрлерін жүргізіп отыру қажет:
- оқушыларды қатесіз жазуға
дағдыландыру үшін көшіріп жазуға көп
көңіл бөлу;
- сөйлемде қалдырып кеткен сөздерді
дұрыс тауып, оны орнына қойып, үйлестіріп жазу;
- берілген сөздерден сөйлем
құрап жазу, сұрақтарға толық жауап жазу
сауатылыққа көмегін тигізіп отырады.
Қатемен жұмыс жүргізгенде ерекше
талдау жүргізіледі. Қате жіберген сөйлемдерді қайтадан
жазғызып, астын сыздыру нәтижесін береді. Оқушыларды қатесіз, сауатты жазуға үйрету
тәсілдері алуан түрлі. Өйткені әр баланың
ерекшелігіне байланысты қатесіз жазуға үйрету әдісі
әр сабақта өзінше орын алады.
Оқушы
мұғалімнің жетекшілігімен өздерінің
қателерін жою үшін өз беттерінше жұмыс жүргізеді.
Бақылау жұмысынан кейін мұғалім оқушылардың
жіберген қателіктерінен толық талдау жасайды. Әр
оқушыға тән қателер теріп жазылады, осының
нәтижесінде әр оқушының және бүкіл
сыныптың үлгерімі анықталады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Шетел тілін оқыту әдістемесі №3/17, 2007ж
,21 бет.
2. Т.В.Рогова,
Т.Е.Сахарова «Методика обучения иностранного
языка в средней школе» Москва, 1998г,
с.162.
3. Шетел тілін оқыту әдістемесі №4, 2008ж, 27
бет.
4. Мектептегі шет тілі №3, 2006ж, 44 бет.
5. «Ізденіс»
журналы №1,
2005ж,
125 бет.