ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫНА ОРТАНЫҢ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

 

Айтжанова Р.М., Казалиева К.Ж.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 

Балаға, мектеп оқушысына деген сыйластық сезім, оның жеке тұлғалық қасиеттерін бағалау позтивті бағалау стратегиясының негізінде жатыр.

Мұғалімдер, мектеп психологы және ата-аналардың балалардың іс-әрекетін бағалауда бұл схеманы дұрыс қолданулары бала бойында адекватты өзін-өзі бағалау, талдай білу және өз іс-әрекетін бақылаудың қалыптасуын жүзеге асырады. Өкінішке орай бұл мәселелер көптеген жылдар бойы қазақ мектептерінде қарастырылмады. Сыныптың табалдырығын аттаған бала бірінші күннен көзге түсіп, сабаққа белсене араласса, мектеп бітіргенше оған «өте жақсы» деген баға қойылды, ал белсене араласпай, сабаққа немқұрайлылық танытқан балаға «атымның сыры өзіме мәлім» деген ойды жалау етіп, бұдан түкте шықпайды деп «қанағаттанарлық» деген баға қойылды.

Ал қазіргі білім жүйесінде болып жатқан тың өзгерістер, бұл мәселенің басқаша болғанын қалайды және талап етеді. Сондықтан да біз, бұл мәселелердің түйткі шешімі ретінде ата-аналар мен педагогтар, психологтар  үшін берілген оқушылардың өзін-өзі позитивті бағалауының стратегиясын беріп отырмыз.

Мектеп оқушыларының өзін-өзі позитивті бағалауының негізгі стратегиялары:

·                    Оқушыға, балаға деген оң баға, оған тұлға ретінде қарау, оларға мейіріммен қарау («Мен білемін, сен шамаң келгенше орындадың»).

·                    Тапсырманы орындау барысында немесе жүріс-тұрыстың ережелерін бұзғанда баланың жіберген қателіктерін көрсету («Сен жаңа жұрыс жасамадың, Әлияны итеріп жібердің»).

·                    Жүріс-тұрыстың кемшіліктеріне, оның себептеріне талдау жасау («Саған Әлия сені әдейі итеріп жібергендей көрінді, бірақ ол әдейі жасаған жоқ»).

·                    Баламен бірге жіберген қателіктерді қалай жоюға болатындығын ойлану (мұғалімдер мен ата-аналар бірігіп істейтін әрекет).

·                    Балаға сенімділік арту (сен бәрін түзейдідеп ойлаймын).

Осылайша баламен немесе оқушымен жұмыс жасағанда ол әрқашанда кері байланыста болады. Позитивті кері байланыс балаға оның істерінің дұрыс екендігін айтып тұрады. Осы арқылы бала өзінің әрекетінің дұрыс екендігіне көзін жеткізеді.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауына ортаның тигізетін әсерін анықтау бойынша зерттеу жұмыстары Қарағанды қаласындағы облыстық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының 1«а» - сынып оқушыларымен өткізілді. Тәжірибелік зерттеу жұмысымызға қатысқан бала саны 33, оның ішінде 13 ұл бала, 20 қыз бала.

Эмпирикалық зерттеу процесінде бірінші сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауының құрылымдық компоненттері мен олардың өзін-өзі бағалауының, өзін-өзі анықтау мен осы жастағылардың алдыңғы іс-әрекеттері арасындағы қатынастың ерекшеліктерін анықтауды жүзеге асыру үшін біршама жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ:

·         жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін білу;

·         балалардың өзін-өзін бағалауын зерттеу;

·         ересектер тобындағы өзін-өзі бағалаудың көрінуінің құрылымдық компонентін оқып білу.

Осыған орай 1-сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері келесі әдістердің көмегімен зерттелді:

·         балалардың өзін-өзі бағалауына арналған В.Г.Щурдың «Саты»әдістемесі;

·         «Өзіңді сал» әдістемесі авторы А.М. Прихожан [1];

·         әлеуметтік өлшем әдісі авторы (Морено);

·         1 «а» -сынып оқушыларының ойын, оқу, серуендеу кездеріндегі жетекші іс-әрекеті бақыланды.

В.Г. Щурдың [2] өзін-өзі бағалауын оқып білуге арналған  «Саты» әдістемесі төмендегідей міндеттерді шешуге арналған:

Берілген әдістеме бойынша зерттеу жұмысының жүргізілу барысы:  1-сынып оқушыларына алдын-ала ақ қағаз таратылып оның бетіне саты салып, оны жеті бөлікке бөлу керектігі түсіндірілді. Сатыдағы бөліктерді фишкалармен белгілеп отырулары тиіс (бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын білдіреді). 

Сонымен бірге басқа ақ қағаз балаларға таратып бердік те, олардан басқа фишкалармен қоршаған ортадағы өз орындарын, құрдастарының орындарын, ата-аналарының орындарын,  мұғалімдерінің орындарын көрсетіп беруді өтіндік.

Берілген әдістеме бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Берілген әдістеме ересектер тобындағы балалардың өзін-өзі бағалауының тұрақтылығы мен қарама-қайшылығы, тұлғаның балаларға деген көзқарасының деңгейі, өзін-өзі бағалаудың деңгейлері, баланың өзі туралы ойының адекватты болуына байланысты мәселелерді зерттеуге мүмкіндік береді. 

Берілген әдістеме бойынша зерттеу жұмысының жүргізілу барысы:  бірінші сынып оқушыларына алдын-ала ақ қағаз таратылып оның бетіне саты салып, оны жеті бөлікке бөлу керектігі түсіндірілді. Сатыдағы бөліктерді фишкалармен белгілеп отырулары тиіс (фишка ересектер тобындағы балалардың өзін-өзі бағалауын білдіреді). 

Сонымен бірге басқа ақ қағаз балаларға таратып бердік те, олардан басқа фишкалармен қоршаған ортадағы өз орындарын, құрдастарының орындарын, ата-аналарының орындарын,  тәрбиешілердің орындарын көрсетіп беруді өтіндік.

Берілген әдістеме бірінші сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Берілген әдістеме оқушының өзін-өзі бағалауының тұрақтылығы мен қарама-қайшылығы, тұлғаның балаларға деген көзқарасының деңгейі, өзін-өзі бағалаудың деңгейлері, баланың өзі туралы ойының адекватты болуына байланысты мәселелерді зерттеуге мүмкіндік береді. 

В.Г. Щурдың балалардың өзін-өзі бағалауын оқып білуге арналған  «Саты» әдістемесінен кейін бірінші сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын зерттеу үшін психологтар А.М. Прихожан, З. Василяускайтенің «Өзіңді сал» әдістемесі қолданылды. Бұл әдістеме бастауыш сатыдағы оқушыларға жоба ретінде қолданылатын әдістеме.

Берілген әдістеме бойынша зерттеу жұмысының жүргізілу барысы: 

А.М. Прихожан, З. Василяускайтенің «Өзіңді сал» әдістемесі белгілі бір түрлі түсті қарындашпен үш түрлі сурет салуға негізделеді [3].

Әдістеменің бірінші бетіне – оқушының аты-жөні, тегі, жынысы, ал екінші жағына қара немесе қоңыр қарындашпен «ұнамайтын ұл» немесе «ұнамайтын қыз», үшінші бетіне көк және қызыл түспен «ұнайтын ұл» немесе «ұнайтын қыз», төртінші бетке - өзінің «Менін» барлық түстермен салу керектігі түсіндіріледі.

Бұл әдістеменің негізгі мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауы мен жалпы балалардың эмоционалды қарым-қатынасын оқып үйрену.

Одан әрі балалардың жетекші іс-әрекеттерінде көрінетін өзін-өзі бағалаудың ерекшеліктері көрініс беретін бала дамуын-психологиялық жағынан зерттеу әдісі – бақылау қолданылды.

Біз жалпы білім беретін мектептің, бірінші сынып оқушыларының өзін-өзін бағалауын зерттеу үшін, балалардың сабақ үстіндегі, серуен кезіндегі іс-әрекеттеріне, олардың сабақ үстіндегі жеке сөздеріне, сөйлемдеріне, құрбылармен қарым-қатынасына, ойын кезіндегі әрекетіне назар аудардық және бұлардың бәрін күнделікке жазып отырып талдадық, тиісті қорытынды жасадық.

Біз жүргізген бақылау жұмысы төмендегідей деңгейлерді қарастырды:

·    бос ойын кезінде оқушының іс-әрекетін бақылау;

·    ойынды бастаушыны бақылау;

·    ойын кезінде басқа оқушылардан ұсыныстың түсуін бақылау,

·    басқа оқушылардың көзқарасын ескеру;

·    басқалардан рөлдерді қабылдау немесе өздігінен рөл таңдау;

·    ең басты немесе екінші дәрежелі рөлдерде ойнау;

·    басқа оқуылардың айтқан сынын жөндеуге ұмтылуы;

·    ойын кезінде оқушының белсенді болуы.

Одан әрі біз зертеуімізде қолданған әдістеме мектептің бастауыш сынып оқушыларына арналған «Екі үй» атты әлеуметтік өлшем әдісі.

Бұл әлеуметтік өлшем әдісі бірінші сынып оқушыларының арасынан жұлдыздарды, өзіңе ұнататын адамдарды анықтауға мүмкіндік береді. Оқушыларға алдын-ала ақ қағаз таратылады. Бұл ақ қағаздың бетіне екі үйді орналастырып салыулары қажет. Үйлердің біреуінің түсі қызыл, біреуінің түсі қара. Қызыл түспен салынған үйге өздеріне жағымды балалар енсе, қара түспен салынған үйге ұнамсыз балалар кіреді. 

Жүргізілген зерттеу нәтижесінен бақылағанымыздай өзі мен досының сапаларына талдау жасай келгенде үлкенірек балалар досын өзінен жоғарырақ бағалайды, яғни өзіне сыни көзқарас танытады. Өзіне сыни көзқарастың артуы ең алдымен өзіне деген талабының артқандығын білдіреді. Өз кемшіліктерін көре білген бала өзі үшін өзгерістер бағдарламасын белгілеуі әбден мүмкін. Яғни бала өзінің несін өзгертуі керек екендігін түсінеді, бұл әрине ересектер тобындағы балаланың өзін-өзі бағалауының дұрыс дамуы үшін маңызды жағдай.

Тағыда бір маңыздысы, өзіне сыни көзқарас таныта алған оқушы өзгелерге деген көзқарасын да жақсартады: оқушылар анағұрлым қайырымдырақ бола түседі, өз достарының қателігіне кешірімділікпен қарайды.

Алайда өзіне деген сыни көзқарас көп болса онда ол өзін ашық жеккөрушілікке ұласып кетуі мүмкін. Осыдан біз сақ болуымыз керек.

Балаланың өзін-өзі бағалауында қайшылықтардың болуы – үлкендер үшін мазасындануға болатын белгі. Мұндай жағдайда бала өміріне сыпайылылықпен, білдірмей ғана араласып, тәрбиеші-педагог немесе психолог балалынң жол тауып шығуына көмектесуі керек.

Балалар топтарында пайда болатын күрделі иерархия рөлдерді бөлісу туралы мәселе қойып отарды. Бұл жерде күрделі емес нәрсе болмайды. Бұл жерде өз орынын бала қалай табуы тиіс? Баланы адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен сапалары түсіне білуге, спортта айтылатындай майыспауға үйретудің маңызы өте зор.

Өзі жайлы шынайы да айтарлықтай толық білімінің болуы ғана балалның өміріне нағыз тірек бола алады. Бұл жолдағы тәрбиешінің басты міндеттерінің бірі – баланы үнемі өзін-өзі бақылауда ұстауға үйрету.

Одан әрі балалар «Өзіңе жақсы сөздер айт» жаттығуын орындады.

Жаттығудың жүргізілу барысы төмендегідей:

Бірінші сынып оқушыларының кезегімен бізге келіп, бізбен бірге төмендегідей сөздерді қайталайды:

·    Менің өзіме ұнайтын қасиеттерім ........

·    Мен өзімді құрметтеймін, себебі мен тілалғышпын.

·    Мен бүгін мынадай жақсылық жасадым......

·    Достарымды жақсы көремін, себебі олар маған көмектеседі.

Алынған нәтиже сандық және сапалық талдауға түсіп, сонымен бірге зертеудің қорытындысына статистикалық талдау жасалды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.        Урунтаева Г.А. Практикум по дошкольной психологии: Учеб. пособ. - М., 1998.

2.        Калинин С.И. Компьютерная обработка данных для психологов. – СПб., 2002.

3.        Психология детства: практикум: тесты, методики для психологов, педагогов, родителей / под ред. А.А. Реана. – СПб., 2004.