Педагогические науки/5. Современные методы преподавания.
Ахмедов
Бахытжан Асылбекұлы
Қожа
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік
университеті «Дене тәрбиесі»
кафедрасының оқытушысы
Адамгершілік-рухани білімнің
негізі
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық
нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың
іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан
көрінеді, моральдық өзара қарым-қатыныстарды
басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам
игілігі үшін адам еңбек
ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға
тән адамгершіліктің өзге
де формалары, бұл – санының, сезімдердің,
мінез-құлық пен өзара
қарым-қатынастың бөлінбес элементтерді,олардың
негізінде қоғамымыздың
,қоғамдық-экономикалық
құндылықтары жатады.
Ұлы ғалым философ Әбу Насыр әль-Фараби
«Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие керек,тәрбиесіз
берілген білім – адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне қауіп
әкеледі»-деген. Баланың өмірге белсенді қөзқарасының
бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді.
Тәрбие-кешіктірілсе кешірмейтін,дұрыс бағыт алмаса
қайта қалпына келмейтін нәзік те күрделі,кәделі
де сауапты, игілікті де ізгілікті іс. Адам баласына дене тәрбиесі,
ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм
құлық тәрбиесі бойына терең дарыған болса,
онда оның тәрбиесі түгел болғаны. Адамгершілікке
еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде,
үлкендердің қолдан келетін жұмысты
ұйымдастыру үрдісінде, ойын
және оқу ісінде жоспарлы
түрде іске асады.
Мұндай
мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс
еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм
бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен
жасай алуды және жасалған дүниені қуана дамытуға,
үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға,
тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Әрбір бала
қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше
жағдайлар жасайды.
Мәселен,
ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар,
адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек
сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу,
сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімі
сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы
мағлұматтар және басқалары да қалыптастырады.
Тәрбиенің
негізгі мақсаты- дені сау,
ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі
биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданымол, еңбекқор, іскер,
бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан
ұрпақ тәрбиелеу. Мәселен, ертегінің рухани,
тәрбиелік мәні өте зор. Ол балаға рухани ләззат
беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың
рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол
қоры бар рухани азық деп атап көрсеткен.
Рухани-адамгершілік
тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі
ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас
мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады.
Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның
мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды.
«Екі жақсы қосылса қыл өтпейді
арадан, екі жаман бас қосса қол кетпейді жағадан».
«Жақсымен
жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас
болсаң – қаларсың ұятқа»... «Жаман дос жолдасын
қалдырар жауға»– деген
қазақ мақалынана көруге болады.
Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер
адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау
адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар
бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар,
ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Адамгершілік-
адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік
бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып
табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі,адами тәрбие
болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық,
бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым-қатынастарында
қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың
ең басты белгілерінің бірі болғандықтан,
адамдардың
мінез-құлқы, іс-әрекеті,
қарым-қатынасы көзқарасымен сипатталады. Жақсы
адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында
қалыптасатыны белгілі.
Адамгершілік
қасиеттер ізгілікпен ұштасады, әсіресе еңбекке деген
тұрақтыықыласы бар және еңбектене білуде
өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке
тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
Өз
халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю
арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне,
салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз
мәдениетті азамат қалыптасады.
Қазақ
халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау
ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында,
қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін
бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.
Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына
үңілсек, ол адамгершілікті, қайырымдылықты,
мейірбандылықты дәріптейді.
Ата-бабаларымыздың
баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған- үлкенді
сыйла, сәлем бер, жолын кесіп өтпе деген секілді
ұлағатты сөздерінің мәні өте зор.
Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иман жүзді ,
жарқын,биязы,өзі парасатты болады. Ондай адамды халық - Иман
жүзді кісі деп
құрметтеп сыйлаған.
Қазіргі таңда отбасында тәрбиеленіп отырған
баланың психологиясыда әртүрлі, олар бір-бірімен түрлі
қарым-қатынаста болуы мүмкін, сол себепті, ата-аналар
психолог-мамандардан кеңес алуға құқылы. Осы
мәселеге байланысты отбасына кәсіптік
әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетудің негізін
– психиаторлар мен психотерапевтер құрды. Отбасына кеңес
берудің психологиялық моделі психоанализ негізінде пайда болды.
Отбасына кеңес беру технологиясының теориялық негізін
қалаушылардың көзқарасы бойынша бірнеше топқа
бөлінеді: 1) психодинамикалық; 2) гуманистік; 3) психологиялық
кеңес берудің моделі; 4) құрылымдық моделі; 5) кеңес
беру моделінің стратегиясы.
Мәселен, психодинамикалық
көзқарасқа М.Боуеннің отбасына психологиялық
кеңес беру тұжырымдамасы мен М.Ульрихтің отбасына
тиянақты психологиялық көмек көрсету
тұжырымдамасы енсе, бихевиористік көзқарас шеңберіндегі
нәтижелі кеңес берудің анықтаушы шарты себептерге емес,
«қашан», «қайда», «не» деген қамқорлық
көрсетумен шектелуді Д.Тиболт, Г.Кенлей қарастырған. Сонымен
қатар, отбасына көмек көрсетудің психотерапевтік
моделін К.Роджерс ұсынса, С.Минухин отбасына кеңес берудің
құрылымдық моделі бойынша отбасылық жүйе
құру мен қайта құру туралы эксперимент
түрінде түсіндірген. Демек, отбасылық кеңес беру
үрдісін шартты түрде бес фазаға бөлуге болады. Олар; 1)
байланыс орнату; 2) проблемаларды анықтау; 3) іс-әрекет фазасы; 4) кері
байланыс фазасы; 5) шешім қабылдау фазасы;
Әрбір жеке
тұлғаны жан-жақты дамыған,тәрбиелі
тұлға ретінде қалыптастыру тек ата-ананың ғана
міндеті емес. Оған балабақшадағы, мектептегі
әлеуметтік-психологиялық бағыттағы
құрылған бағдарламалар, кеңестер әрбір
баланы тұлға ретінде қалыптастыруды көздеуі
қажет. Барлық отбасына берілетін ақыл-кеңестер өз
отбасы ішіндегі келеңсіз мәселелерді шешуге негізделеді. Отбасында
тәрбиеленіп отырған жеке тұлғаның өзіндік
дамуы,оның ақыл-ойының кемелденуі қайталанбайтын
тұлғалық құндылығының
қарым-қатынас барысындағы маңыздылығына
ықпал етеді. Кеңес беруі технологиясын дұрыс жүргізе
білу психолог – маманның құзырлығына жатады.
Кеңес беру барысында кеңес алушыға ықпал етудің
басты құралы -
әңгімелесу болып табылады.
Оның көмегімен тұлғалар арасындағы
қатынастарда орын алған неше түрлі қиындықтар мен
психологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жұмыс
жүргізіледі. Кеңес беру кезінде кеңес берудің
принциптерін,ережелерін дұрыс ұстану керек [1].
Осы орайда, мынадай
білім беру ұйымдарындағы кеңес беруді (ата-аналарға,
оқушыларға, педагогикалық ұжымға)
жүргізудің жалпы ережелері берілген. Кәсіби талаптың жалпы принциптері; 1) гуманитарлық;
2) субьектілік (берілген кеңеске әсер етуі); 3) реалистік; 4) психологиялық
қауіпсіздік; 5) анонимділік (құпиялылық), бұл
қағида бойынша кеңес алушының психологқа
айтқан кез-келген ақпаратты және психодиагностикалық
зерттеу нәтижелері оның келісімінсіз ешқандай жеке
тұлғаларға, қоғамдық немесе мемлекеттік
ұйымдарға, туысқандарына, достарына айтылмайтындығына
психолог кепіл береді.
Дегенмен, кей
кездері психологиялық зерттеу барысында кеңес алушының берген
ақпаратында оның біреудің өміріне қастандық
жасап, қауіп туғызып тұрғаны туралы нақты
мәлімет алынған жағдайда, бұл құпияны
психолог қажетті мекеме өкілдеріне жеткізуі қажет.
Отбасына
психологиялық кеңес берудің шарттары тиімді және
тиімсіз болып екіге бөлінеді.
Тиімді отбасылық кеңес берудің
шарттары:
-психолог клиентпен
белгіленген уақытта кездесіп,оның проблемалары және
кеңес берудің жүруі бойынша пікір алмасады.
-психолог
кеңес алушының құқығын
құрметтейді, кәсіби қарым-қатынас жасау шараларын
шамасы келетіндермен шектейді. Психолог клиенттің өзінің
мәселелері бойынша шешім қабылдауға қабілетті екеніне
сенеді.
- психолог клиентке
үлкен сенім артатынын сөзбен немесе басқа да бір әдіспен
жеткізеді, оны эмоционалды түрде қолдайды және
өзінің тілектестік сенімін білдіру арқылы оған
өзінің қиындықтарын айтқызады.
- психолог
кеңес алушының жағдайын қызығушылықпен
тыңдап,оның проблемаларын обьективті анықтау үшін
кеңес алушының «ізімен жүріп», терең және
жан-жақты түсініп алады.
- психолог клиент
алдында тұрған проблемалар туралы қорытынды мен ұсыныс
беруге асықпайды,ол кеңес алушыға ыңғайлы
жағдай туғызуға ғана асығады.
- психолог
клиенттің әр қадамына ырзашылығын білдіріп,оны
өзімен бірге қосылып проблеманы шешу жолында қызмет
жасауға шақырады.
-психолог клиентке
барлық мәселені жан-жақты талдап, оның себептерін
толық түсінуге және проблемаларды бірлесіп шешуге
ұмтылады.
Тиімсіз отбасылық кеңес берудің
көрсеткіштері:
- психолог пен
клиент кездесулері уақытында өтпейді.
- психолог клиентпен
айтарлықатай байланыс орнатпайды.
- психолог
кеңес алушыны «көрмейді», «естімейді» және «сезбейді». Ол
өзінің айтқандарына ғана көңіл аударады.
Кейде клиенттің «аузын ашқызбайды» тек өзі сөйлейді.
Кеңес алушыға шағымдары бойынша қатал ескертулер
жасап,оның қылықтарын жамандыққа жориды.
Кеңес алушыны әшкерлеуге тырысады немесе моралдық
талаптарға жүгіндіреді.
- кеңес
алушыға өзінің шешімін зорлап міндеттеп береді, асығыс
кеңестер мен ұсыныстар береді.
- кеңес
алушымен дауласумен аяқталған кездесу болашақта клиентті
шындықты жасыруға немесе психологиялық көмектен бас
тартуға мәжбүр етеді.
- бастапқы
гипотезаны қатаң қатаң ұстанады. Диагнозды
нақты қояды және емдеудің нақты жолдарын
ұсынады [2].
Қорыта
келгенде, отбасына психологиялық кеңес беру жұмысы оны
жүргізуді негіздейтін түрлі теориялық
көзқарастарға сүйенеді. Отбасылық кеңес
берудің мазмұны мен оның түрлері отбасы
мүшелерінің жас шамаларына және психологиялық
даярлығына қарай бағдарланады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Нұрмұхамбетова Т.Р.
Тәжрибелік психология.\2-том. Шымкент, 2007ж.
2.Пахальян В.Э. Психологическое консультирование.\СПб.: Лидер, 2006ж.